Новости


Әдеби хронограф: Антуан де Сент-Экзюпери.

Ср, 27/05/2020 - 09:01 — Ольга А

2020 жылғы 29 маусымда француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің туғанына 120 жыл толады.

Француз академиясының үлкен сыйлығының және АҚШ Ұлттық кітап сыйлығының лауреаты. Жазушының ең ірі еңбегінің бірі - «Маленький принц» философиялық ертегісі. Сіздерге Антуан де Сент-Экзюперидің өмірі мен шығармашылығына арналған «Әдеби хронограф» парақшасын тыңдауды ұсынамыз.

Видео



Сурет салу сабағы: Бақбақ гүлі

Сс, 26/05/2020 - 16:26 — Ольга А

Жаз құлпырып келеді. Бақбақ гүлдері гүлдеді, нәзік әрі үлпілдек болып тұр. Бүгін Оксана осы сұлулықты қағаз бетіне түсіруді үйрететін болады. Бүгін жаңа бояу — акварельмен салатын боламыз, қағаз да жай болмау керек. Оны өздеріңіз көріп, тыңдайсыздар!

Бізге қажет: акварель бояуы қара гуашь қарындаш акварелге арналған қағаз қылқаламдар су мақта таяқшалары!

Видео



Кітап сөрелеріндегі мерейтойлар: Антуан де Сент-Экзюпери "Маленький принц"

Сс, 26/05/2020 - 16:11 — Ольга А

"Барлық ересектер әуелі бала болған, тек бұл туралы көбісінің есінде жоқ" Антуан де Сент-Экзюпери Бұл дәйексөз ең мейірімді әрі ақылды "Маленький принц" ертегісінен алынған. 29 маусымда француз жазушысы, ақын және кәсіби ұшқыш Антуан де Сент-Экзюперидің туғанына 120 жыл толады. Ол көптеген дарын иесі болған. Өлең жазған, сурет салды, скрипкада ойнады, жалықпас қиялшыл және ойлап тапқыш болған. Оның ең асқақ арманы аспан болды. Ол алғаш рет 12 жасында аспанға көтерілген.

Экзюперидің ең танымал шығармасы - " Маленький принц" ертегілік повесті 1943 жылы басылып шықты, ол оны кішентай болғанда өзінің досы Леон Вертке арнаған. Оның барлық кітаптары көзі тірісінде-ақ аңызға айналған.



Әжемнің ертегілері: Қасқыр мен егінші

Сс, 26/05/2020 - 09:46 — Ольга А

Ертегіміз дала тағысы Қасқыр аңшылардан қашып келе жатып, Егіншіге кездеседі. Ол егіншіден көмек сұрайды. Егінші оған көмектеседі. Әрі қарай не болатынын білгілеріңіз келсе, ертегіні тыңдаңыздар.

Видео



Ойла: Балақаев Т. "Өнегелі өмір"

Сс, 26/05/2020 - 08:49 — Ольга А

Бұл кітап тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Төлтай Балақаевтың өмірі мен ғылыми шығармашылығына арналады.Жинаққа ғалымның таңдамалы еңбектері, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері енген.

Видео



Әдеби хронограф: Марк Твен

Дс, 25/05/2020 - 10:26 — Ольга А

2020 жылы атақты американдық жазушы және журналист Марк Твеннің 185 жасқа толады. "Мен 1835 жылы Галлея кометасымен бірге дүниеге келдім... Құдай, міне екі таңқаларлық түсініксіз құбылыс деп шешкен болар» - деп Марк Твен өзі туралы жаған екен. Осылайша, тек өзіне сенімді, ирониялық және күлкілі Марк Твен ғана айта алады, жазушы ол көзінің тірісінде өзінің қайталанбас сүйкімділігінің арқасында аңызға айналды. Оның шығармашылығы көптеген жанрларды қамтиды – әзіл, сатира, философиялық фантастика, публицистика және басқалар.

Сіздерге Марка Твеннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Әдеби хронограф» парақшасын тыңдауды ұсынамыз.

Видео



Қыздың сәні - шашбау

Дс, 25/05/2020 - 10:22 — Ольга А

Ертенде қыздар шаштарына шашбау тақса, қазір заманауи түрлі-түсті қыстырғыштар мен резинкалар тағады. Сондықтан біз заманауи разинка, қыстырғыш жасадық. Жасалу жолдарын бейнебаяннан тамашалыңыздар.

Видео



Балаларға базарлық: Өрмек

Дс, 25/05/2020 - 08:03 — Ольга А

Қолөнерде халықтың қажетіне пайдаланатын тамаша үлгілері өте көп. Солардың бірі қазақ халқында өрмек тоқу өнері түрі. Өрмек халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданатын өте қарапайым әдісі, яғни мұны тоқу станогы десе де болады. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту. Ал қәзіргі таңда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Бүгініміз бен келешегімізді нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың борышымыз. Сол себептен осы өнер түрі сені қызықтырса, үйрену сенің қолыңда...

Видео



Жасөспірім кітапханасы: Толымбек Әбдірайым

Жм, 22/05/2020 - 09:15 — Ольга А

Қымбатты достар, сіздерді ҚР мәдениет қайраткері, белгілі балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Дала әуені» әңгімелер, ертегілер мен мысалдар, повесть жинағымен таныстырғым келіп отыр. Есімі жас оқырмандарға жақсы таныс жазушы Т. Әбдірайымның бұл жинағына мөлтек әңгімелері, қиял қанатына ілестіретін ертегілері мен мысалдары, повесі енген.

Видео



Ғажайып балықтар

Бс, 21/05/2020 - 09:52 — Ольга А

Табиғаттағы әр жаратылыстың өзіне тән ерекшелігі, ешкімге ұқсамас даралығы бар. Балықтар осыдан 450 миллион жыл бұрын, тіпті динозаврлардан бұрын пайда болған делінеді. Ғалымдардың айтуы бойынша әлемде 250 мыңға жуық балық бар. Оның 15 мыңға таяуы әлі зерттелмеген. Сүтқоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың, суда да, құрлықта да тіршілік ететін қосмекенділердің санын қоссаңыз балықтардың санына жетпейді екен.

Видео


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 98 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана