Новости


Буктрейлерді қалай жасайды...

Жм, 12/06/2020 - 08:13 — Ольга А

Қазіргі уақыттағы қарама-қайшылық, «бірінші кітап, сосын кино» дәстүрлі сызбасы жұмысын керісінше бағытта бастайды.

Бүгінгі күні оқуды ілгерілетуде буктерейлер өзін бәрінен белсенді көрсетуде, бұл — кітап туралы жарнамалық қысқаметражды бейнеролик, кітапты оқып, толығырақ білгің келетін қызықты кинотарих.

Буктрейлер қандай болу керек, электронды өнімді жасау үшін қандай сервистер мен бағдарламалар қолдану керек, мұның барлығына жауапты «Буктрейлерді қалай жасайды» шеберлік сыныбынан таба аласыздар.

Буктерейлерді қалай жасайды. 1 бөлім

"Буктрейлерді қалай жасайды" шеберлік сыныбы: тәжірибелік бөлім

«Это грузовик, а это прицеп. История для самых маленьких» Анастасия Орлованың кітабы бойынша буктрейлер.



Дүниежүзілік көпшілік алдында тоқу күні

Жм, 12/06/2020 - 08:04 — Ольга А

Дүниежүзілік көпшілік алдында тоқу күнін (World Wide Knit in Public Day) маусымның екінші сенбісі атап өтеді. Оны 2005 жылы париждік Даниэль Лендес ойлап тапқан. Мереке тез арада дүниежүзілік танымалдылыққа ие болды және енді осы қолөнер түріне қызығушылар үшін ерекше флешмоб болып табылады.

Бүгінші күні, әртүрлә дереккөздердегі мәліметтер бойынша, Дүниежүзілік тоқу күнін ғаламшардың 350-ден артық қаласында атап өтеді. Қолөнер шеберлері, шығармашылық тұлғалар тіпті осы акция үшін эмблема да ойлап тапқан, Евпропаның географиялық картасының фонында айқасқан екі білтекеш.

Видео



Балаларға базарлық: «Мұрын»

Бс, 11/06/2020 - 08:53 — Ольга А

Адамның дене мүшесіне арнап, бала тіліне қызықты етіп жазған Серікбай атамыздың мына өлеңі жұмбақтың шешімімен үйлесін тапқанынын өзі бір қызық. Сол себептен бұл өлеңді өзара оқып қызыққа батыңдар дегім келеді.

Видео



Тағы да темекі шегу туралы…….

Ср, 10/06/2020 - 10:49 — Ольга А

Жыл сайын темекі шегуден әлемде 7 миллионнан астам адам қайтыс болады. Сіздердің назарларыңызға қазіргі заманның ең кең тараған тәуелділіктерінің бірі – темекі шегудің алдын алуға арналған семинар-тренингті ұсынамыз.

Семинар-тренингті № 1 Қостанай емханасының Алдын алу бөлімшесінің психологы, темекіге қарсы кабинетінің маманы Хакимова Виктория өткізеді.

Видео



Балалықты ұрлаған соғыс: Л.А.Кассиль «Федя из подплава»

Ср, 10/06/2020 - 09:18 — Ольга А

Сіздердің назарларыңызға Лев Абрамович Кассилдің соғысы туралы "Федя из подплава" әңгімесін ұсынамыз. Баланың өмірі қайғылы болды. Федя Толбеин эвакуациялау кезінде барлық туыстарынан: әпкесінен, әкесінен, анасынан айырылды, бірақ өзі тірі қалды. Осылайша бала сүңгуірлермен өмір сүруге тура келді. Күндердің бірінде жау ұшақтары әскери базаны бомбалай бастады ... Ұғымтал бала жаудан жасырынып, тоқаштардан өз атын жазып қойды. Осылайша ол ересек достарына оны табуға көмектесті. Бала теңізшілерді және белгілерді байқап, жау ұшқышының қайда жасыратынын көрсетті. Кітап орта мектеп жасына арналған.

Видео



Біздің таңдауымыз: агроном

Ср, 10/06/2020 - 09:16 — Ольга А

Ежелден бері адам жерді өңдеумен айналысты. Ол ауа райы факторларының егін сапасына тәуелділігін қадағалады. Бүгінде ауыл шаруашылығы өндірісін зерттеумен айналысатын арнайы ғылым – агрономия бар. Ал осы саланың маманы агроном деп аталады.

Видео



Ертегі толы дорба: «Қоян мен түлкі» ертегісі

Ср, 10/06/2020 - 09:14 — Ольга А

Дорба толы ертегі айдарында «Қоян мен түлкі» ертегісі. Ертегіде әділдік еш нәрсеге қарамастан жоғары болады деп үйретеді. Сондай-ақ: жеңу үшін тек қара күшке сенуге болмайды, сонымен қатар сенімділік пен тапқырлықты да көрсету керектігін айтады.

Әрине, әділдік орнату үшін ең алдымен арты жақсы болатынына сену керек және тоқтап қалмай соңына дейін берілмеу керек және ертегі қандай қиын жағдай болмасын әрекет етуге үйретеді. Сонда ғана соңында жақсылық болады. Ертегіні мұқият тыңдасаң соған көз жеткізесің.

Видео



Зырылдауық

Ср, 10/06/2020 - 09:13 — Ольга А

Бүгін біз оригами әдісімен балалардың сүйікті ойыншығы зырылдауық жасайтын боламыз. Зырылдауық - бір нүктеде көз ілеспес жылдамдықпен айналып тұратын ойыншық. Оны жасау үшін бізге түрлі түсті қағаз, қайшы және ептілік қажет. Жасалу жолы видеода берілген. Ал кеттік!!!

Видео



Сурет салу сабағы: аппликация «Балмұздақ»

Ср, 10/06/2020 - 09:12 — Ольга А

Бүгін бізбен бірге тағы да Костик пен Оксана. Костик балмұздақ аппликациясын жасайтын болады. Ал сіздер балмұздақты жақсы көресіздер ме, қалай жақсы көресіздер? Ендеше, іске кірісейік. Сабақ 2-4 жастағы балақайларға арналған, ұсақ бұлшықеттерді дамытады. Бізге қажет: А4 қағаз, Түрлі-түсті қағаз, Шарлар мен үшбұрыштардың қалыбы, Қарындаш желім, қайшы, қарындаш, фломастер, ұсақ дақыл немесе кондитерлік сеппе. Міндетті түрде көтеріңкі көңіл-күй, және де қиялымызды ұмытпайық!

Видео



Әжемнін ертегілері: Алпамыс батыр

Ср, 10/06/2020 - 09:11 — Ольга А

«Алпамыс батыр» – қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын қаһармандық эпосы. Басқа батырлар жырына қарағанда көнеболып есептеледі. Оқиғалары: Алпамыстың дүниеге келуі, зынданда жеті жыл жатуы сияқты оқиғалары көне екенін айғақтай түседі. Алпамыс батыр оқиғасы жақсылық пен жамандықтың тартысына құрылған. Соңында жақсылық пен әділдік жеңіп, Алпамыстың еліне, халқына, ата-анасына, туған-туыстарына жасаған жақсылығымен аяқталады. Эпостыңбасты идеясы елдің бірлігі.

Видео


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 312 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана