Буллинг

Буллинг (ағылшын тілінде bully – мазақтау, қорқыту – ұжымның, әсіресе мектеп ұжымының бір мүшесін агрессивті қудалау) құбылысы бұл – әлеументтанушылар мен психологтар ойлап тапқан жаңалық емес. Бұл проблеманың өзектілігі, бүгінгі күні қазақстандық қоғамда балалар арасында қаталдықтың және ересектер тарапынан немқұрайдылық байқалуы шынайы сипат алып келеді. Буллинг әртүрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу, ақшасын не басқа заттрын тартып алу, өсек тарату, қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту. Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы, буллинг дегеніміз бегілі бір басымдықтарға физикалық, психологиялық, әкімшілік, т.б.) ие индивид немесе топ тарапынан осы жағдайда өзін қорғауға қабілетсіз индивидке қатысты ұзаққа созылатын (қайталынатын) және негізінен белгілі бір жеке мақсатта (мысалы, бірнеше адамдардың алдында бедел жинау үшін) ұйымдасқан ұжымдарда орын алатын қасақана жасалатын, өзін қорғау мақсатындағы емес физикалық немесе психикалық қысым, зорлық-зомбылық.1. Әбишева, М. Әлімжеттікті жолы болмағандар жасайды : [ата-ана бұрышы] / М. Әбишева // Ақ желкен. - 2019. - № 5. - Б. 6-8.2. Зейнуллина, Г. Ата - анамен жасөспірімдердің әнгімелесуге ұялатын тақырыптары..: жоғары сынып оқушыларына арналған / Г. Зейнуллина // Ұлан.- 2019. - 8 қаңтар (№ 2). - Б. 4.3. Қанатқызы, Д. Қолтырауынның қиындықтары: cүрет-әңгіме / Д. Қанатқызы // Ұлан.- 2018. - 16 қазан (№ 42). - Б. 3.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 68 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана