Өмірбаяндық анықтама

И. Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-сі (1 қараша) Николаев уезінің Арақарағай волосында туған. (қазір Қостанай облысының Алтынсарин ауданы). Ыбырай әкесінен ерте айрылып, өз атасында, атақты Жанбуршин Балғожа биден, тәрбиеленді.
 
1850 жылы Балғожа би Ыбырайды Оренбургтағы шекарашылық комиссиясындағы мектеп-интернатына орналастырды. 1857 жылы мектепті «өті жақсы» деген бағамен бітірді, содан соң үш жыл бойы тілмаш болып өз атасы Балғожада жұмыс істеді – Оренбург комиссиясының әскери старшинасы, кыпшақтардың Узундық руының басқарушысы.
 
Кейбір уақыт Алтынсарин Оренбургтың облыстық басқармасында аудармашы болып істейді. 1860 жылы облыстық басқарма Оренбург бекінісінде (Торғай қаласы) қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуға тапсырды, онда ол орыс тілі мұғалімі болып тағайындалды.
 
Қаңыраған қалада мектеп ашу оңайға түскен жоқ: Қаражат болған жоқ, облыстық басқарма және жергілікті өкімет жәрдем көрсеткен жоқ. Бірақта қиыншылықтар Алтынсаринды тоқтатқан жоқ. 1864 жылдың 8 қантарында мектептің ашылуы болды. Осылай Алтынсаринның ағартушылық қызметі басталды. Кейбір уақыт Ы. Алтынсарин Торғай уезінің басқармасында іс жүргізуші ретінде жұмыс істеді, уезд бастығының үлкен көмекшісінің, уақытша уезд сотының міндетін атқарды.
 
1879 жылы Алтынсарин Торғай Облысының мектеп инспекторы қызметіне тағайындалды. Осы қызметте Ы. Алтынсарин өмірінің соныңа дейін жұмыс істеді.
1883 жылы Алтынсарин Николай (Қостанай) уезіне көшті. Арқарағай волосының туған жерінде Қостанай қаласынан үш шақырым жерде, Тобол өзенінің қилысында, кішкентай өзені бар остроокта, кейін «Инспекторское» деп аталған, өзіне үй салды, мұнда қайтқанына дейін өмір сүріп, жұмыс істеді.
Ы. Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде қайтыс болды. Қазақ салты бойынша көп адамның жиналуымен Тобол жағасында өз үйінен алыс емес жерде, әкесінің зиратының қасында жерленді. Қайтар алдында Алтынсаринға статтық кеңесші атағы берілді, сол кездері генерал – майормен сәйкес болды.
Ы. Алтынсаринның тарихи сіңірген еңбігі, өзінің қатысуымен Қазақстанда халық зиялы мектептердің ашуы. Өмірінде ол 4 екі - сыныптық орталық орыс-қырғыз училищесі, 5 волостық мектеп, 2 орыс балаларына арналған училище ашты.
Алтынсаринмен жасалған мектептер, қайтқанынан кейін жұмыс істеді, бірақ та дамый алалмады.
Ы. Алтынсаринның мектеп тарихының жаңа беті Октябрь жеңісінен кейін ашылды: олар кеңес еңбек мектептеріне жаңартылды. Осындай мектептердің бірі Ы. Алтынсаринның туған жерінде, Қостанай қаласында – 20 жылдары қазақ ССР Наркомпросына берілген және коммуна мектептеріне қайта ұйымдастырылды. Содан Ұлы Отан соғысының алдында тәрбиелеушілерге арналған пансионымен орта мектебіне құрылды. Оған негіз салушы Ы. Алтынсаринның аты берілді.
 
Мұғалімдерді бастауыш халық мектептеріне дайындауға Алтынсарин көп еңбек сіңірді. Троицк қаласында Ы. Алтынсаринның ұйытқы болуымен мұғалімдек мектеп ашылды, кейіңрек Оренбург қаласына ауыстырылды.
 
Алтынсарин тек қана зиялы халық мектептерінің ашылуымен ғана айналаспай, сонымен де оларға балаларды тәрбиелеу және оқыту дидактикалық қағидасын әзірледі, оқу және әдістемелік құралдар жасады, жыл сайын әр мектепті аралай отырып, жие инспекторлық бақылау өткізді, әр мектепте кітапхананың ашылуын талап етті.
 
3 жылға жақын Алтынсарин орыс графикасын негізге ала отырып, қазақ алфавитын жасады. Торғай облысының мектеп инспекторы қызметіне тағайындалмай тұрып Алтынсарин орыс-қазақ мектептеріне арналған оқу құралдарын жасауға бастаған. 1879 жылы «Қырғыз хрестоматиясы» және «Қырғыздарды орыс тіліне үйретудың басты басшылығы» атты 2 оқу құралдары жарыққа шықты. Ы. Алтынсаринның бұл 2 кітабы жазбаша әдебиет ескерткіші сияқты, және де ғылыми қағида бойынша жасалған оқу құралдары Қазақстанның мәдениет тарихында ерекше орын алады.
 
Ы. Алтынсаринның публицистикалық мұрасы үлкен көркемдік, тарихтық және танымдылық құндылық болып есептеледі. Қазақ ағартушының орыс жолдастарымен, ұстаздарымен және халық білімінің әр түрлі дәрежелі өкілдерімен хат жазысуы - оның негізгі бөлігін құрайды.
 
Және Ы. Алтынсарин ғалым-этнограф ретінде де баяндаған. Оның очерктерінде патриархалды-феодалдық тұрмысының керітартпалық анықтылығы және қазақтың дәстүрлері ашылады. Ы. Алтынсаринның қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық құрылымына және шаруашылық тұрмысына арналған еңбектеріне ерекше назар аударылады.

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 169 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана