Кел, балалар, оқылық!

Есикеева Шынар Шмитдқызы, Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың 7-9 сынып және жасөспірімдер қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы.

Әр адамның туып - өскен жері бар. Ол біздің туған жеріміз, отанымыз, еліміз, атамекеніміз деп айтамыз. Қазақ халқының да, басқа халықтардың да атамекенді ардақтау, туған жерін қастерлеу ежелгі дәстүрлері. Келешек ұрпағымыз өз елін сүю үшін әрине туған жерін және осы жерден шыққан атақты адамдарды білуілері керек. Осы мақсатты көздеп біздің кітапханамызда «Алтынсарин оқулары» атымен аталатын шаралар өтеді. Бұл шаралар өлкетану қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Кітапханамыз Ыбырай Алтынсарин атында болғандықтан әрине ең бірінші мақсатымыз Ыбырай атамыздың өмірбаянымен танысу, еңбектерін жас ұрпаққа насихаттау.

Екінші мақсатымыз өз туған жерін сүюге, тануға, білуге қызығушылығын қалыптастыру, тәрбиелеу.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің перзенті ретінде сезбейінше оның өткенің біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды» деген екен. Сондықтан біздің мақсатымыз ұстаздармен, ата-аналармен бірлесіп жас ұрпақты отансүйгішке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Бұл беттен сіздер Ы. Алтынсарин туралы, өлкетануға арналған материалдарды таба аласыз.

«Қостанай облысы» презентациясының сілтемесі.

«Менің туған жерім» өлкетану саяхаты (Қостанай облысы туралы мәліметтер).

«Менің шежірем» зерттеу лабораториясы. (Қазақ шежіресі, Ы. Алтынсарин өз атасы мен нағашы атасы туралы мәліметтер)

Көркем әдебиеттегі Ыбырай Алтынсариннің бейнесі.

Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиеттінің атасы.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 78 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана