Ақылбек Шаяхмет: Отан, сенің ұлыңмын!

Сс, 17/07/2012 - 15:50 — admin

Шығыс ұлы едім мен,
Шығыс нұры болсам екен дедім мен.
Кіндік қаным, маңдай терім төгілген.
Қуат алдым жаны жомарт жерімнен.
Елдің қамын жедім мен.
Қуанғаннан ұмыттым,
Тағдырымның аязы мен ызғарын.
Жүрегімнің қызуымен жылыттым,
Солтүстіктің мұздарын.
Оңтүстіктің естіп талай сырлы әнін,
Бүлбұл даусын тыңдадым.
Батыстың да көріп талай ғажабын,
Есім кете жырладым,
Шарлап қайттым төрт бұрышын әлемнің,
Қанша жанның пейіліне бөлендім.
Туған жерім екендігін түсіндім,
Қайнар көзі өлеңнің.
Тас бұлақтай атқылаған жырымның,
Бастауы сол екендігін ұғындым.
Шығыс та емес,
Батыс да емес,
ОТАНЫМ!
Тек өзіңнің ұлыңмын!

Отаны туралы осындай ғажап сөздерді тек ақын айта алады. Иә, рамысен, Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК ескі досы Ақылбек Қожаұлы Шаяхметті таныстырудың қажеті жоқ.

12 шілдеде Сарыкөл Орталық балалар кітапханасында «Жазушымен жақын танысайық» әдеби турне шегінде, осы керемет адаммен көптен күткен кездесу өтті. Естеріңізге сала кетейік, турненің мақсаты біздің өлкеміздің мәдени және рухани өміріне баға жетпес үлесін қосқан, жергілікті авторлардың шығармашылығымен аудандық кітапханалардың жас оқырмандарын таныстыру болып табылатын.

Қостанайлық ақын, жазушы, публицист Ақылбек Шаяхметовтың кітаптары балаларға да үлкендерге де бірдей ұнайды. Себебі онда біздің туған жеріміз, жазық дала, оның күш-қуаты мен мейірімділігі туралы жазылған. Кездесу кітапхана оқырмандары мен қызметкерлерінің ортасында сырлы әңгіме түрінде өтті. Автордың ертеректе жазған өлеңдерімен қатар, қазіргі шығармашылығы да оқылып, жанды тербеді. Балалар жазушыдан оның мектеп жылдары, әдеби қызметінің басталуы және басқа да көпдеген сұрақтарға жауап алды. Жазушы үшін Чехов орта мектебінің 8-сынып оқушысы, жас ақын Жанат Мәликенің ақынға оның «Жеті ата мен жеті ұрпақ» өлеңін оқып беруі жағымды сыйлық болды.

Автор жаудырма сұрақтарға жауап беріп, сүйсіне автографтар таратты. Осы кездесуге қатысқандардың барлығы да Ақылбек Шаяхметовтей тартымды, талантты, және тіл табысу өте оңай адаммен тілдесуден зор ғанибет алды. Кездесу қас қағым уақытта өтіп кеткендей болды. Осы тамаша кездесудің жылы сәттері мен кітаптардағы авторграфтар естелікке қалды.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 116 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана