Өнер секторының журналдары

Өнер мен қолөнерді ұнататындарға арналған журнал :

«Юный художник» — балалар мен жасөспірімдерге арналған бейнелеу өнері бойынша айын бір рет шығатын көркем безендірілген журнал, сурет сабағын өткізеді, балалар суретінің байқауын жүргізеді, ұлы шеберлер шығармашылығымен таныстырады, бейнелеу өнері  талғамын қалыптастырады.  

«Художественная школа» – бұл бейнелеу өнерінің мұғалімдері мен осы өнерді бағалайтындарға арналған журнал. Журнал беттерінде бейнелеу өнері педагогикасының түрлі аспектісі туралы айтылып, сабақ жоспарлары мен конспектілері жарияланады, заманауи сурет мектептерінің мәселесі талқыланады, мәдени өмірде болып жатқан ауқымды оқиғалар туралы жазылады, бейнелеу өнері техникасы мен сурет салу материалдарын қолдану  құпиялары ашылады. 

«Детский киноклуб» — «Эгмонт» баспасының киноны сүйіп қарайтындарға арналған журнал. Журналда фильмдер мен мультфильмдердің түсірілімі туралы ашық жазылып, әлем кинематографының үздік туындылары жайлы сыр шертеді, мультфильмнің атақты кейіпкерлерінің дүниеге келуінің тарихын әңгімелейді. Сонымен қатар постерлер, ойындар, жұмбақтар жарияланады. 

«Эскиз»: эстетикалық қабілетін қалыптастырады және  бейнелеу мен эстетикалық тәрбие сабақтарына арналған құрал қызметін атқарады. Тұрақты айдарлар: «Мифы и легенды», «Тема номера», «Калейдоскоп», «Вернисаж», «Чудо света», «Сыграем?», «Известно ли вам?», «Учимся», «Мастер-класс», «Моя коллекция», «Азбука искусства»

«Коллекция идей»: шебер балалар мен олардың ата – аналарына арналған айшықты журнал. Онда қолөнер туындыларының жасалу жолы мен түрлі деңгейдегі заттардың жасалу сызбалары  ұсынылған. Тоқыма, жапсырмалар, бутербродтар, қамырдан жасалған бейнелер, жануарлар,сәндік бұйымдар , маскарадтық костюмдер, оригами, дастархан жаю тәртібі- ата-аналары балаларына  «Коллекция  идей» журналын сатып алу арқылы балаларына осындай түрлі мәлімет бере алады..2004 жылдан бастап, айына екі рет шығады.

«Девчонки и мальчишки» - журналдың негізгі идеясы— арманындағы үйді өз қолымен салу. Жарық, жылы үй. 

Шеберлерге:

«Весёлые петельки»: 3 пен15 жас аралығындағы балаларға арналған тоқыма туралы журнал.

«Вышитые картины» - крестпен, летамен, моншақпен кесте тігуге арналған айлық журнал. Кесте тігуге түрлі сюжеттер ұсынады: пейзаждар мен гүлдер, жануарлар мен құстар, жанрлық қойылымдар, белгілі суретшілер картиналары. Картиналар, шағын миниатюралар, ашықхаттар– бұның бәрін журналдағы сызбалар, нұсқаулар, кеңестер көмегімен оңай кестелеуге болады. 

«Идеи вашего дома» - интерьер мен жөндеу жұмысына арналған басылым. Журнал беттерінде қандай да болса талғамға жауап бере алатын идеялар, ұтымды шешімдер, жобалар, интерьерді безендіру, тестер, құрылыс пен жөндеуге арналған материалдарға шолу, жиһаз бен  тұрмыстық техниканы, тағы басқа да жабдықтарды үй келбетіне сай келетіндей ғып таңдау жолдары. Сонымен қатар, дизайн тарихы туралы мақалалар, пайдалы кеңестер, идеялар.  

«Ландшафтный дизайн» - Ресей мен Европаның үздік бақтары туралы ақпараттар, мамандар нұсқаулары, ландшафт дизайны шеберлерімен  сұхбат, орыс жайлары мен үздік әлем бақтарының тарихы. 

«Архитектура, Строительство, Дизайн» - Сәулетшілер Одағының Халықаралық  Ассоциациясының журналы. Ресейде 1994 жылдан бастап шығады. Шығу мерзімі – жылына 4 нөмір.

«ДЕКО» - мәдени- танымдық, көркем- практикалық бағытты қамтыған керемет басылым. Журнал міндеттері: сәндік – қолданбалы өнер дәстүрін сақтау және насихаттау; шеберлік құпиясын сақтау және келешекке жеткізу; бос уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге көмектесу. Заттардың жасалу және өркендеу тарихы, халық қолөнері, мұражай және жеке коллекциялар туралы қызықты, эксклюзивті мақалалар жарияланады.  2002 жылы жарық көрді.

«Мой прекрасный сад» — Сәндік бақ күтімі бойынша Европадағы ең танымал орыс басылымы. Журнал бақ өсірушілерге, қала сыртындағы үйлер, саяжайлар, виллалар  иелеріне арналған. Оның өзекті тақырыбы— бақты жоспарлау және безендіру, өсімдіктерді тиімді таңдау, оны күту, жыл мезгілі бойынша бақ өсірушілер кеңестері. Қысқы бақтар, террасалар, балкондарды безендіруге келетін бөлме өсімдіктеріне де аз көңіл бөлінбейді. «Мой прекрасный сад»журналы  — табиғатпен үйлесімді өмір сүруді қалайтындар үшін  кәсіби және қайырымды кеңесші.

«Мой уютный дом» -  жайлылықты жоғары бағалап, өз үйін әдемі безендіруге тырысатындарға, үнемі ізденісте жүретіндерге арналған журнал.   

«Диана Креатив» — Қолөнерге арналған айлық журнал. Журналда қолөнердің түрлі бақыттары ұсынылған— дәстүрлі және жаңа техникалар: «Вышивание крестом», «Вязание крючком», «Вышивание декоративными швами», «Вязание на спицах», «Квиллинг», «Скрапбукинг», «Декупаж», «Декорирование», «Шитьё», «Аппликация», «Валяние», «Работа с кожей», «Изготовление игрушек и украшений»т.б. Әр нөмірде толық нұсқаулар мен сызбалары бар 20-25 үлгі жинақталған. 

«Народное творчество». Халық қолөнерінің құпиялары, ұмытылған өнерлерді жаңғырту. Халық мерекелерінің, салт- дәстүрлерінің, бал ашуларының тартымды сипаттамасы, пайдалы кеңестер. Репертуарлық-әдістемелік "Студия" қосымшасы үздік шеберлер мен машықтану бағдарламаларымен таныстырады. 

«Музыкальная жизнь». 1957 жылы негізін қалаған журнал музыканттар мен музыкаға табынушыларға арналған. Мақалалар барлық музыка жанрын, сонымен қатар,музыканың  әдебиетпен, сурет өнерімен, кинематографиямен байланысын жұртшылыққа ұсынады. Әр нөмірде нота  парағы бар: танымал.  

 «Художественный Совет» — Ресейдегі бейнелеу өнері мен оның өкілдері, материалдары, технологиялары туралы журнал.

«Foto&Video». Бәрі де  фотография мен фототехника туралы.  Жаңалықтар.Кітаптар, альбомдар, әлемнің үздік фотографтарының портфолиосы.  Фототехниканың салыстырмалы тестері мен шолулары.  


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 43 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана