Новости


2 ОҚИҒА - АҚКӨҢІЛ

Ср, 08/01/2020 - 14:32 — Ольга А

Екінші күні біздің оқырмандарды «Кітапханада Аққала қалай ақыл-санаға үйренді» жаңа жылдық ертегісі күтіп тұрды. Балаларды ертегі кейіпкерлері — Аққала мен сотқар Жалмауыз кемпір күтіп алды. Іс-шара сайыстар мен бисіз өтпеді. Іс-шара соңында қыс әндерін караокемен шырқады. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Көңілді оқиғалар айтып, оларды өз ойларыңнан құрастырыңдар — біздің әрқайсымыз да суперқаһарман болғымыз келеді ғой.

Фото



ҚЫС ҚЫЗЫҚТАРЫ…

Ср, 08/01/2020 - 14:31 — Ольга А

Балалар, өздерің білетіндей, қысқы каникул — кітапханаға баратын нағыз қолайлы уақыт!

Солай болды да! Жаңа, 2020 жыл біздің кітапхана өз жұмысын жаңа оқиғалармен бастады.

1 ОҚИҒА - КҮЛКІЛІ

Қалыптасқан дәстүр бойынша, осы кезеңде мектепке дейінгі балаларға және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде іс-шаралар тізбегі өткізілді. Бірінші күні оқырмандарды жаңа жылдық тосын сый — формулярларындағы жаңа номердің ұтыс ойыны күтіп тұрды. Залда Санта Клаустың нәскилері мен 2020 жылдың символы - күлкілі тышқанның суреті бар шырша ойыншықтары ілініп тұрды. Барлығы ыждахаттылықпен таптсырмалар орындады: есептер шығарды, жұмбақтар шешті, сондай-ақ сөзсіз ыммен атақты актерларды көрсету керек болды. Алғашқы оқырмандарға керемет сыйлықтар табыс етілді. Алғашқы оқырман күні жаңа жылдық мультфильмдер жинақталған кинозалда аяқталды.

Фото



Жаңа жылыңызбен!

Дс, 30/12/2019 - 14:21 — admin

happy_new_k.jpg



Өлеңге арналған өмір

Бс, 26/12/2019 - 16:38 — Ольга А

Қазақтың даңқты ақыны, халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өмірден өткеніне бес жылдан асты. Тірі болса, биыл желтоқсан айында 80 жасқа толар еді. Мерейтойлық датаға орай кітапханымызда «Өлеңге арналған өмір» библиографиялық көрсеткіш құрастырдық. Өз халқың сүйген атақты, талантты ақынның болмысы мен шығармашылығына халықтың да махабатты артпаса, кеміген емес, және Фариза апаның бейнесі алыстаған сайын ол махаббат ғасырдан ғасырға жалғасып, күшейе түсетін деп сенеміз.

Өлеңге арналған өмір [Мәтін] : Ф. Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған библиографиялық көрсеткіш=Жизнь, посвященная стихам [Текст] : библиографический указатель к 80–летию Фаризы Онгарсыновой / Сост. Ж. К. Буранбаева. — Костанай: ОДЮБ им. И. Алтынсарина, 2019. - 20 с. - На каз. и рус. яз.



Аяз Атаның қолғабы

Сс, 24/12/2019 - 16:36 — Ольга А

Сәлем, балалар! Жаңа жылға дейін аз ғана уақыт қалды. Сіздер мүмкін қызу дайындық үстінде шығарсыздар, мүмкін дайындыққа енді ғана кіріскен боларсыздар. Не дегенмен де, дәл қазір асыл тілектер тізімін жазатын, артығын сызып, жаңасын қосатын, өз өміріңнің басты сиқыршысы кім екенін еске түсіретін уақыт, ол кім? - әрине ол өздеріңіз. №1 лицейдің 1 «Д» сыныбының оқушылары сияқты ол сіздердің өз қолдарыңызда.

24 желтоқсанда олар өнер жөніндегі әдебиеттер бөліміндегі Аяз атаның шеберханасына келді. Ұлы Үстірт қаласына виртуалды саяхат жасады, Аяз Атаның қалай өмір сүретінін көрді, жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында қанша хат алатынын көрді. Содан соң Аяз Атаның қолғабын жасады. Келіңіздер, сіздерге де үйретеміз!

Фото



Қазақтың ақын қызы – Фариза Оңғарсынова

Жм, 20/12/2019 - 16:03 — Ольга А

Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова.

Біздің кітапханамызда қазақтың ақын қызы Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Қазақтың ақын қызы – Фариза Оңғарсынова» атты әдеби – сазды кеш өтті. Кешке Қостанай қаласының құрылыс колледжінің 1 курс студенттері қонаққа келді. Іс-шара барысында Фариза апамыздың өлеңдері мәнерлеп оқылып, бейнероликтер көрсетілді, Зубайра Какеновнаның орындауында «Көңіл толқыны» күйі орындалды.

Фото



Сундучок историй. Алдағы жылға тілектер картасы

Ср, 18/12/2019 - 15:44 — Ольга А

Кейде жоспарлауға болмайтын дүниелер болады. Олар өлшенбейді, бірақ өміріміздің сапасына әсер етіп жатады.

Мысалы, 14 желтоқсанда «Сундучок историй» театр студиясының сабағында жас студиялықтардың негізгі құралдары мыналар болды: фотосуреттер, суреттер, журналдан картинкалар, қайшы мен желім.

Жоқ, балалар кезекті спектакль үшін декорация жасаған жоқ. Олар 2020 жылғы Жаңа жылға «Тілектер картасын» жасады.

Бұл іс машақатты, бірақ қызықты болып шықты. Барлығына өздеріне, отбасыларына не тілеу керек екені, болашақтағы өмірлерін қалай елестететіндері, олар үшін ең қымбат әрі маңыздысы не екені туралы ойлануға тура келді.

«Тілек картасы» әр баланың ішкі әлемінің айнасы болды. Оған ең батыл тілектер мен армандар орналасты.

Ендігі іс — шынайы өмірде оны орындау. Іс-әрекет бағыты берілді.

Ал сізде 2020 жылға «Тілек картасы» бар ма? Идеялар бар болар? Бізбен бөліс!

Фото



Ұйқыны ұрлаған кітап (және жүректі)

Жм, 13/12/2019 - 16:17 — Ольга А

Балалар, сендер біздің кітапхана сайтына кіріп отырсаңдар, онда сендер кітапты сүйесіңдер, өз-өздеріңді дамытумен айналысасыңдар, сендер ғажайыпсыңдар. Дұрыс таптық па? Міне осындай білімқұмар оқырмандар (16 мектептің 7 „Б„ сынып оқушылары) Жаңа жылдан екі апта бұрын жазушылар Ксения Земскова мен Елена Клепиковамен онлайн-кездесу үшін кітапхананың жайлы залында үлкен плазмалық экран алдында жиналды.

Әрине бір ғажайып болды: біз повест кейіпкерлерінің қиын да әсерлі оқиғаларын қазбалап «Кроль Королевы, или Времена перемен» кітабын талқыладық. Настя мен Жанка, Аполлон менАрсен, анасы, әжесі, әкесі, інісі Стас — қарапайым өмір және үнемі маңызды тақырыптар. Жақсы кітаптар жақын достар сияқты, әлемді басқаша көруге және өзіңе де сәл-пәл басқаша болуға көмектеседі.

Ксения мен Елена біздің сұрақтарымызға шынайылықпен әрі әзілмен жауап берді және біздің бәріміз де повест кейіпкерлері сияқты жеке-дара жарықпен жарқырайтынымызды еске салды. Керемет кездесу үшін рахмет! Ризашылықпен БІЗ!!!

Фото



Ою оюғанның ойы ұшқыр

Жм, 13/12/2019 - 10:40 — Ольга А

2 желтоқсанда Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде «Ою ойғанның ойы ұшқыр» үйірмесіне Облыстық жастар ресурстық орталығының аясында жұмыс жасайтын «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері қонаққа келді. Олар фетрден әр қыз-келіншекке қажетті аксесуар — қол сөмкесін жасады. Керемет екі түсті үйлестіріп, қазақи ою жапсырып жасаған сөмке заманауи стильге сай керемет болып шықты.

Фото



Тәуелсіздік күні

Жм, 13/12/2019 - 10:36 — Ольга А

Тәуелсіздік күні барлық қазақстандықтар үшін ең ерекше мереке болып табылады.

Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары мен №8 ОМ 4 сынып оқушылары үшін «Тарих толқынында» ғажайып алаң ойыны өткізілді. Тосын студияда балаларды нағыз тосын сый күтіп тұрды: дәстүрлі іс-шараның орнына балалар таныс ойынға тап болды. Викторина сұрақтары арқылы 9 ойыншы таңдалып алынды. Олардың міндеті Қазақстанға арналған жасырын сөзді табу болды. Ойын барысында қатысушылардың толғанысы байқалды, бірақ олар жинақталып, жасырын сөзді тапты. Іс-шара соңында барлық ойыншылар кәдесыйларға ие болды.

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 104 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана