Новости


Ұлы әртістер ;)

Сс, 11/06/2019 - 10:59 — Ольга А

10 маусымда кітапханамызда ұлы орыс жазушысы С.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасы бойынша қойылым көрсетілді. Қойылымды атақты режиссер, Қазақстан өнерінің көрнекті қайраткері А.А. Лиопа басқарды. Әртістер ретінде № 18 мектеп-гимназиясының оқушылары, кітапхана оқырмандары («Жажда человечности» клубының мүшелері) қатысты. Балалар өздерінің театр сахнасына енді қадам басқан труппасын «Ұлы әртістер» деп атапты. Бірақ олардың ойындары жасөспірімдік албырттыққа және классикалық шығармаға ширақтық пен заманауи үн беретін эмоцияға толы болды. Сахна декорациясы мен костюмнің аздығына қарамастан, әртістер Пушкин өлеңдерінің жолдары сиқырымен көрермендері тәнті ете білді. Шағын қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Фото



Пушкинге уақыт пен кеңістік аралығы

Дс, 10/06/2019 - 14:18 — Ольга А

Тура 220 жыл бұрын Ресейде айтулы оқиға орын алды: 6 маусымда, жаздың бас кезінде, Ұлы орыс ақыны А.С.Пушкин өмірге келді! Қанша жыл өтсе де, Пушкиннің өлеңдері өшкен жоқ. Бұл есімді білмейтін адамды табу да қиын шығар. Ақынның шығармашылығы біздің өмірімізге бала кезімізде енеді де, барлық өмір жолымызда бірге болады. Осы айтулы оқиғаға орай, «Территория творчества» әдеби студиясы аясында, жазушының туған күніне «Пушкинге уақыт пен кеңістік аралығы...» портрет-кеші өткізілді. Студияға қатысушылар өздерінің сүйікті Пушкиннің өлеңдерін оқыды, жазушы туралы ақпаратпен бөлісті, қызықты сұрақтар қойды, сондай-ақ, ақынның өмірінің қызықты әрі көпшілікке таныс емес деректермен танысты, - осының бәрі қызықты пікірталас өзегіне айналды. Көрсетілген бейнематериалдар кездесуімізді толықтырып тұрды.

Фото



Қасірет аты - есірткі

Жм, 07/06/2019 - 16:04 — Ольга А

5 маусымда Ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде денсаулық сағаты өткізілді. № 1 ОМ 7 сынып оқушылары «№ 1 емхана» КМК психологі В. Б. Хакимовамен, Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі жедел уәкілі А. К. Ерадиловамен және ЖИТС-пен күрес және алдын алу бойынша облыстық орталықтың эпидемиолог-дәрігері Н. А. Долгушинамен кездесті. Есірткі құралдарының зияны мен адам ағзасына кері әсері туралы бейне-ролик көрсетілді. Эпидемиолог-дәрігер Н. А. Долгушина ойын өткізді, онда балалар егер есірткі қолданатын болса, адамның нені жоғалтатынын көрнекі түрде көре алды. Балалар мынадай сұрақтар да қойды: есірткі қайдан келеді? Басқа елдерде есірткі қолданғанға қандай жазалар қолданылады? Лекторлар жасөспірімдердің назарын «жеңіл ақшаға» құнығып, есірткі құралдарын таратқаны үшін 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігіне аударды. Әлемде үнемі синтетикалық есірткілер пайда болып отырады. «Жеңіл» есірткілер болмайды, барлығы үшін денсаулығыңмен және өміріңмен жауап беруге тура келеді.

Фото



Көңілді бүлдіргіштер

Жм, 07/06/2019 - 15:14 — Ольга А

Жаз! Сондай жұмсақ, нәзік сөз! Егер де көзіңді сәл жұмып, „Жаз„ сөзін бөліп-бөліп айтсаң, көз алдыңа жарқыраған күн, ыстық құм, терең көл, жасыл желек және де еркіндік пен бақыт сезімі елестер еді. Өйткені бұл балалар үшін көңілді әрі бейқам шақ – көптен күткен жазғы каникул басталды. Біздің кітапханамызда жазғы алаң аясында іс-шаралар басталды. Қаланың мектеп оқушылары «Көңілді бүлдіргіштер» шеберлік-сыныбы топтамасына қатысты. Нәтижесінде, біреуінде бильбоке немесе попадайка деп аталатын, екіншісінде оригами техникасымен жасалған сөйлейтін қарға, ал үшіншісінде СD-дисктерден жасалған балықтар пайда болды. Түзету мектебінің оқушылары „Жаз әуендері„ ойын бағдарламасына қатысты, онда олар сүйікті мульфильмдерінің әуендерін естеріне түсірсе, ал аумақтық орталық тәрбиеленушілері „Күн дегеніміз не?„ іс-шарасына қатысып, өздеріне көңілді күн жасап алды.

Фото



Қазақстан тарихындағы үш рәміз

Сс, 04/06/2019 - 05:00 — Ольга А

4 маусымда, ҚР Рәміздер күніне орай, мектеп жасына дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №11 және №18 ОМ оқушылары қатысқан «Қазақстан тарихындағы үш рәміз» презентация сабағы өткізілді.
Балалар Отан туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсірді, ҚР мемлекеттік рәміздерінің пайда болу тарихы туралы, еліміздің туын, елтаңбасын, гимнін құрастырушыларының есімдерін, сондай-ақ, онда бейнеленген суреттер геральдика тілінде нені білдіретіндігі туралы білді. Ойын кезінде оқушылар осы іс-шарада қойылған сұрақтарды қайталады. Одан бөлек, эстрада жұлдыздарының орындауындағы біздің Отанымыз туралы бейне роликтер көрсетілді.



Күн, бақыт, достық — балаларға керегі осылар

Дс, 03/06/2019 - 10:14 — Ольга А

Дәстүрлі түрде, кітапханамыздың ауласында 1 маусым күні Балаларды қорғау күніне арналған «Күн, бақыт, достық — балаларға керегі осылар» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Біздің көңілді әткеншегімізге балалардың ең басты мерекесімен құттықтауға Жаз келді. Сонымен қатар, бізге ұрыс-керісті жақсы көретін Дюдюка Барбидокская келді, ол барлығының көңіл-күйлерін түсіріп, балаларды өздерінің көмекшілері еткілері келіпті. Бірақ, Жаз бен біздің кітапханада тұратын үй иесі Book Дюдюкаға жақсы істер жасауды үйретті. Біздің кейіпкерлерімізбен бірге балалар әртүрлі сайыстар мен викториналарға қатысты. Осылайша, қарбызды жеу ойы туындады, іс-шара соңында мерекелік отшашу болды. Баранова Софияның орындауындағы әсем ән іс-шараны толықтытып тұрды. Сондай-ақ, біздің тұрақты оқырмандарымыз Остренкова Виктория мен Китаева Анастасия орындауындағы жарқыраған флешмоб та іс-шараның сәнін кіргізді. Мереке біткеннен кейін балаларды тәтті тосынсый күтіп тұрды.

Фото



Сундучок историй

Ср, 22/05/2019 - 16:19 — Ольга А

21 мамыр, ҚР мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде кітапханада «Бату және оның достарының бастан кешкендері» спектаклінің тұсаукесері өтті. Спектакль қазақстандық жазушы Лилия Калаустың 50 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Қазақ ертегілерінің сүйікті әрі танымал кейіпкері — Алдар Көсе №13 негізгі жалпы білім беретін мектептің, №1 мектеп-лицейінің, Қостанай кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын қарсы алды.

Спектакль кейіпкерлерімен бірге: Батумен, Сашамен және Данамен олар шынайы өмірден параллель әлемге қызықты саяхат жасады. Алдар Көсе және массагеттер ханзадасы — Аспарамен балалар ертеде жоғалып кеткен құпияға толы даналық пен әділдіктің қасиетті Алтын тостағанын іздеуге аттанды. Жолда оларға аңыз кейіпкерлер — Жерасты әлемінің патшасы Жылан-баба хан, Жезтырнақ және Самұрық құс кездесті.

Барлық қимыл-қозғалыстардағы оқиғадан балалар қазақ мәдениеті, аңызы, тілі және еліміздің тарихы туралы білді. Кездейсоқ табысу пен жоғалту, сатқындық пен достар табу, ең бастысы — өзіңді табу, соңында көрермендер үшін нағыз тосын сый болды.

Қойылымнан көрермендер Самұрық құстың «Алтын тостаған — бұл біздің өміріміз» деген пікірін ойларына түйді. Балалар оны қандай оқиғалармен толтыратынын өмір көрсетеді, Аспараның ерлігі, құпия Жылан-баба Ханның күші, Самұрықтың даналығы мен әділдігі оларға үлкен өмірде дұрыс шешім қабылдауға көмегін тигізеді деп сенеміз.

Фото



Мәдениет қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сс, 21/05/2019 - 10:30 — Ольга А

Құрметті әріптестер!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен – Мәдениет қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны ұрпаққа жеткізу, мәдениетті өркендету - баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады. Сіздерге мықты денсаулық, шабыт, бақыт және шығармашылық табыс тілейміз!



Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

Ср, 08/05/2019 - 13:43 — Ольга А

6 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында, Өнер бөлімінде №115 ОМ 1 сынып оқушыларымен „Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс„ іс-шарасы өткізілді. Еліміздің болашағы — кішкентай бүлдіршіндерге Жеңістің қасиеті, майдан даласының қиындығы, соғыс қарулары, Ұлы Отан соғысының батырлары, сондай-ақ жерлес батырлар туралы айтылды. Сонымен қатар, балалармен ойындар да ойнатылды. Ойын барысында ұл балалар нағыз батырлардың соғыс көлігі — танкты, ал қыз балалар Мәншүк пен Әлиядай батыр апалары сияқты соғыс қаруы — автоматты құрастырды. Соғыс кезінде ұрыс даласына ауыз су жеткізу де оңайға соқпайтыны белгілі. Сол сәтті сәл де болса сезініп, ойыншық машинамен су толы стақанды бір жерден екінші жерге төкпей-шашпай жеткізуге тиіс болды. Балалар барлық сынықтан сүрінбей өтті.

9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Фото



Отан қорғаушылар күні

Дс, 06/05/2019 - 13:29 — Ольга А


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 105%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 189 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана