Новости


Сурет салу сабағы: Кірпі (аппликация)

Жм, 07/08/2020 - 07:50 — Ольга А

Кірпі тақырыбы біз үшін таусылмайды. Бүгін Оксана мен Костик аппликация жасайды. Және сіздерге қолда бар материалдардан мектепке немесе балабақшаға оңай бұйым жасауды үйретеді.

Бізге қажет заттар: түрлі-түсті қағаз 3 түрлі, қарындаш желім (бірақ қағазға арналған кез-келген желім), қарындаш, қиял, фломастер, қайшы және көтеріңкі көңіл күй.

Видео



Әжемнің ертегілері: Кім күшті?

Бс, 06/08/2020 - 07:48 — Ольга А

Бұл қызықты ертегі қашанда ақыл және еңбек бәрін женетінін айтып түсіндіреді. Кімнің болса да сырт келбетіне қарап сынамай, істеріне қарап сынауды үйретеді. Кейде ең күштімін дегендердің өзі күштілігіне қарамай бір нәрседен женілетін мойындайды. Ал бұл ертегіде өте еңбекшіл құмырсқа өзінің еңбекпен күшті болып жүргенін айтып, балаларды еңбекке шақырады.

Видео



Ойла: Жұмабайқызы Гүлнар "Өмір өткелдері"

Ср, 05/08/2020 - 08:33 — Ольга А

"Айқын" газетінің саясат және экономика бөлімі редакторы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гүлнар Жұмабайқызының бұл жинағына 2011-2016 жылдарда республикалық қоғамдық-саяси "Айқын" газетінде "Өмір өткелдері" айдары бойынша жариялаған материалдары топтастырылған.

Қазақ халқы тарихында елге ерен еңбегімен өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар сан салада баршылық. Олар бірден тұлға, танымал болып туған жоқ. Олардың да өсу, қалыптасу кезеңі, бір сөзбен айтқанда өмір жолы бар. Осы жолда түрлі белестен асқан. Қиын да қызық жағдайларды басынан өткізген. Олар бүгінде бір отбасының, әулеттің емес, күллі қазақтың қамын күйттеп, елдің келешегі қандай болмақ деп ой толғайды.

Кітап қалың оқырманға арналған.

Видео



Сиқырлы ертегілер сандықшасы: Құмырсқаның шамасы

Сс, 04/08/2020 - 08:21 — Ольга А

«Құмырсқаның шамасы» атты балаларға арналған жануарлар туралы қазақ халық ертегісін ұсынамыз. Ертегі төзімділік пен қанағатшылдыққа үйретеді. Осы қасиеттер арқылы өмірде бәріне қол жеткізуге және биіктерді бағындыруға болады.

Видео



Р. Брэдбери «Вино из одуванчиков» кітабы бойынша буктрейлер

Дс, 03/08/2020 - 08:10 — Ольга А

Рэй Дуглас Брэдберидің шығармаларының оқырмандары жазушының 100 жасын атап өтеді. Ағылшын жазушысы Рэй Брэдбери бар ғұмырында 800 шығарма жазған екен. «Вино из одуванчиков» автордың барлық шығармашылығынан ерекшеленеді. Бұл ағайынды Дуглас пен Томның Гринтаун қаласына келіп жаздың үш айын ата-әжесінде өткізгендігі туралы оқиға. Олар үшін бұл ұмытылмас кез болды. Мұнда олар өздерінің естеліктеріне ала кететін, ұшы-қиыры жоқ балалар әлеміне сүңгиді.

Видео



Сурет салу сабағы: Кірпі (2)

Бс, 30/07/2020 - 08:34 — Ольга А

Бүгін сурет сабағымыздың жалғасы - сіздер тұзды қамырды қандай бояулармен бояуға болатынын білесіздер. Мұны қалай дұрыс жасау керек? Бұл соншалықты қиын емес, ең бастысы сіздердің қиялдарыңыз. Бізге сурет салу сабағына қажетті құралдар керек: су құйылған стақан, бояулар, қылқалам және қиял!!!

Видео



Сиқырлы ертегілер сандықшасы: Сана сатушысы

Сс, 28/07/2020 - 07:49 — Ольга А

Құрметті, оқырмандар, сіздер үшін "Сана сатушысы" атты қазақтың сиқырлы ертегісін ұсынамыз. Сауаттылық пен ойлана білу - шығарманың негізгі мақсаты және әр адамның өміріндегі басты тірегі.

Видео



Сурет салу сабағы: Кірпі.

Дс, 27/07/2020 - 09:06 — Ольга А

Сәлем!

Тұзға деген сіздің көзқарасыңыз қалай? Сіздің ойыңызға тұздалған қандай нәрселер келеді? Көл? Теңіз? Мұхит? Мүмкін тұздалған қияр мен қызанақ шығар? Жарайды сіздерді көп әуреге салмайық... Бүгін Оксана мен Костик барлық тілек білдірушілерге тұзды қамырмен жұмыс істеуді үйретеді. Бұл сазбалшық сияқты созылғыш, бірақ жабысқақ емес, кепкен кезде ескерткішті есіңе түсіреді. Бірақ оны бояп, жақын адамыңа сыйлауға болады немесе бөлме сәнінің бөлігі ретінде қалдыруға болады. Сонымен, бүгін біз кірпіні жапсырып үйренеміз, бірақ сіздер өздеріңіз ештеңеге ұқсамайтын бір нәрсе жасауларыңызға болады. Мысалы, тышқан немесе піл, немесе үлкен қағаз түріндегі ыдыс. Бір сөзбен айтқанда, бәрі сіздердің қиялдарыңызға байланысты.

Тұзды қамырдың құрамы: Ұн 1 стақан. Ұсақ тұз 1 стақан. Су 0.5 стақан. 1 ас қасық өсімдік майы. Тіс шұқығыштар және көп қиял.

Видео



Ойла: Қойшыбаев Бейбіт "Тарих және тұлға"

Бс, 23/07/2020 - 08:13 — Ольга А

Бейбіт Қойшыбаев "Тарих және тұлға" жинақтан оқырман қазақ халқының қалыптасуы және этностық атауымен мемлекеттігін құру, бір орталықтандырылған қуатты хандық жасақтауға тырысу және отарлану кезеңдері мен патшалық тұсындағы азаттық аңсаған көтерілістер, кеңестік дәуірдегі ұлттық-мемлекеттік межелеу шындықтары, тоталитарлық кезеңнің қылмысы, алаштық идеяның өміршеңдігі жөнінде оқып танысады.

Видео



Ойла: Сильвия Назар "Игры разума"

Ср, 22/07/2020 - 08:12 — Ольга А

Идеялары мен жаңалықтары танымалдылық, сыйластық және тәуелсіздік әкелгенде, Нэштің жасы отыздан да аспаған еді. Ол математика мамандығының ең биік шыңына шыға отырып, керемет карьера жасады. Әрі қарай Джон Нэшпен не болғанын, өмірінің қиын сәттерінде кім қолдау көрсетіп, көмектескенін Сильвия Назардың «Игры разума» кітабынан біле аласыздар.

Видео


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 125 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана