Новости


Жылы шығармашылық. Фетр

Сс, 18/02/2020 - 10:56 — Ольга А

Сіздер өз қолдарыңызбен қызықты нәрселер жасағыларыңыз келе ме, бірақ неден бастап, қандай шығармашылық түрін таңдау керек екенін білмей жүрсеңіз? Ендеше бұл қызығушылық сіз үшін.

Біз әр бейсенбі сайын кітапханашы Елубаева Зубайрамен бірге фетрден керемет жанға жайлы бұйымдар жасаймыз.

Сабақтарда қиял, түс таңдай білу сезімі, ұсақ моторика дамиды, ал қандай әдемі, сапалы бұйымдар шығады десеңізші, қысқасы — тұнып тұрған пайда! Шығармашылықпен айналысқысы келетін ата-аналар да қосылуларыңызға болады!

Жасы: 7 жастан бастапқы балалар, ата-аналарымен келетіндерге 5 жастан бастап.

Уақыты: бейсенбі, сағат 10:00-12:00 және 15:00-17:00

Бағасы: тегін. Материал шығындары өзіңіздікі.

Жазылу: 54 11 61

Фото



Инь мен Янь: мәңгілік қарама-қарсылық

Ср, 12/02/2020 - 10:48 — Ольга А

11 ақпанда ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде әдеттегідей танымды және қызықты, кітапхана қонағы, психолог Мария Александровна Балбабян «инь» және «янь» түсініктерімен анықталатын, ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімеледі.

Балалар сұрақтарға өте белсенді жауап берді, мысалы: Қыз бала қандай болу керек? Ұл бала қандай болу керек? Қыздар мен ұлдардың жаратылысы қандай? Содан кейін өздерінің пайымынша, мінсіз деп ойлайтын ұл мен қыздың портретін бейнеледі. Үйге тапсырма да берілді: қағазға өздерінің жетістіктері мен кемшіліктерін жазу. Бұл тапсырма мұғалімнің тексеруін талап етпейді. Бағасын кейін оның сапасына байланысты өмір өзі қоятын болады.

Фото



Шортанның қалауы бойынша

Дс, 10/02/2020 - 16:36 — Ольга А

немесе «Сундучок историй» кітап театрының кезекті тұсаукесері

«Шортанның қалауы бойынша» орыс халық ертегісі оқырмандардың сүйікті ертегісі екені шүбасыз. Ертегі бас кейіпкердің мейірімділігімен, әзілқойлығығымен мен күлкілілігімен барлығының көңілін аулайтындығымен, оның патша болуымен оқырмандарды тартады.

...Бір күні Емель суға барады, ол сиқырлы шортан аулап алады, ол оны жіберу үшін тілектерін орындайды. «Шортанның қалауымен, Емельдің тілегімен»: шелек өзі үйге келеді, ағаш өзі жарылады, Мария патшайым өзіне ғашық болады, сарай өзі салынады, керемет сұлуға айналады.

«Шортанның қалауы бойынша» қуыршақ спектаклінің тұсаукесеріне келген кішкентай көрермендер осындай ғажайыптың куәсі болды. Спектакльді «Сундучок историй» театр студиясының жас әртістері қойды. Айтпақшы, спектаклге арналған барлық қуыршақтарды балалар өз қолдарымен жасады.

Фото



Шортанның қалауы бойынша

Дс, 10/02/2020 - 16:35 — Ольга А

немесе «Сундучок историй» кітап театрының кезекті тұсаукесері

«Шортанның қалауы бойынша» орыс халық ертегісі оқырмандардың сүйікті ертегісі екені шүбасыз. Ертегі бас кейіпкердің мейірімділігімен, әзілқойлығығымен мен күлкілілігімен барлығының көңілін аулайтындығымен, оның патша болуымен оқырмандарды тартады.

...Бір күні Емель суға барады, ол сиқырлы шортан аулап алады, ол оны жіберу үшін тілектерін орындайды. «Шортанның қалауымен, Емельдің тілегімен»: шелек өзі үйге келеді, ағаш өзі жарылады, Мария патшайым өзіне ғашық болады, сарай өзі салынады, керемет сұлуға айналады.

«Шортанның қалауы бойынша» қуыршақ спектаклінің тұсаукесеріне келген кішкентай көрермендер осындай ғажайыптың куәсі болды. Спектакльді «Сундучок историй» театр студиясының жас әртістері қойды. Айтпақшы, спектаклге арналған барлық қуыршақтарды балалар өз қолдарымен жасады.




ӨЗ ОЙЫНЫМ

Дс, 10/02/2020 - 11:29 — Ольга А

«Бізге «білгір» болу міндетті емес. Бірақ бір нәрсеге шындап кіріскен кезде, одан нәтиже шығаруымыз керек!», - кітапханашылар тобының ұраны осындай. Білсеңіздер, бұл іске асады!

Осындай мақсатта академиялық лицейдің 6-7 сынып оқушылары үшін «Костанайские хроники» топтамасынан зияткерлік ойындар әлемінің ғажайып оқиғалары басталып кетті.

Үш топ: «СССР», «Философы» және «MatchDonald» білімқұмарлар тартысына еніп кетті. Балалар мықты әрі қызықты ойнады, аса құмарлықпен ең батыл нұсқаларды қорғады, өздері үшін де туған қалаларының өмірі туралы көптеген қызықты мәліметтер білгендері сөзсіз.

Еске сала кеейік, «Своя игра» - бұл кез келген қызықты, әдеттен тыс дерек, осы дерек бойынша жазылған сұрақ, қызықты деректерге құрылған сұрақтар мен жауаптар ойыны. Барлығы бірге.

P.S.: Іс-шара болашақ ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді.

Фото



#ата-аналарға

Жм, 07/02/2020 - 14:19 — Ольга А

"Кітапханалық ұзартылған күнге" келетін балалармен өте маңызды шығармашылық жұмыс жүргізілуде.

Бірлесіп оқу - баланы дамытудың ең пайдалы құралдарының бірі екені белгілі. Балаларды оқуға үйрету өте маңызды, жасөспірімдік жасқа дейінгі балалармен бірге оқу маңызды, тұрған кітаптарды таңдау маңызды емес, сонымен қатар тек оқу ғана емес, сонымен қатар беті ашық кітаптың аясында баламен қарым – қатынас жасау да маңызды.

Мысалы, кітап оқуға "алғашқы қадамды" Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 0-6 сыныптарына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Елена Павловна Мензелинцева канадалық суретші Марианна Дюбюктің «Перед моим домом» кітап-ойынмен бірге жасауды ұсынады. Кітап-сурет, сиқырлы құлпынай сияқты, балаларды ертегіге немесе ғарышқа апарады, онда оларды әр бұрылыста тосынсыйлар мен жұмбақтар күтеді. «Перед моим домом» кітабы Франция мен Канадада көптеген марапаттарға ие болды (соның ішінде радиода оқуға арналған үздік жоба ретінде!), Германиядағы балалар әдебиетінің беделді сыйлығының жеңімпазы болды.

Осындай бірлескен оқудың тағы бір маңызды құрамдас бөлігі - белсенді қарым-қатынас. Елена Павловна балаларды әңгімеге белсенді қатысуға ынталандырады, соның ішінде сұрақтар қойып, балалардың түсінгенін, ойлағанын және сезгенін талқылайды. Мұндай тәсілде бала әңгімеші, ал ересек адам аудиторияға айналады.

Мұндай қарым-қатынастың пайдасын көру оңай! Тек тамаша мүмкіндікті пайдалану керек - сүйікті Ы. Алтынсарин кітапханасының қажетті толқынына сіңу керек.

Фото



Кітап – қуыршақ – театр

Ср, 05/02/2020 - 14:49 — Ольга А

1 ақпанда «Сундучок историй» театр студиясының жас әртістері «Шортанның қалауы бойынша» алғашқы қуыршақ спектаклінің басты дайындығын өткізді.

«Шортанның қалауы бойынша» – әр отбасында сүйіп тыңдайтын, орыс халық ертегісі. Онда шаруа бала Емел туралы айтылады. Ол пештің үстінде жатып алып, кез келген шаруаны ынтасыз істейді. Бір күні ол суға барғанда, оның шелегіне шортан түсіп кетіпті. Осыдан кейін ғажайып оқиғалар басталды.

Емелидің өмірінде қандай өзгерістер болғанын, сіздер 8 ақпанда болатын тұсаукесерге келсеңіздер, білетін боласыздар!

Фото



Сурет сабағы. Кірпі.

Жм, 31/01/2020 - 13:11 — Ольга А

Сурет салу әлемді жаулап алды. Біреулер тоқиды, біреулер кесте тігеді, біреулер қолөнермен айналысады, ал біз сурет саламыз!

Бір қызықты дерек бар: біз айналамыздағы әлемді оның суретін салмайынша жақсы көре қоймаймыз. Жақсы суретсіз жақсы кескіндеме де жоқ.

Мүмкін, біз керемет көркем сурет шегіне жете алмайтын шығармыз, бірақ кітапханаға келген балаларға суретші Оксана өзіңнің алғашқы картинаңды қалай салу керектігін үйретеді.

Ол керемет болып шығады, сеніңдер! Ол өзінің білімі және құрал-саймандарымен бөліседі, үлгіде ғана қалып қоймауға көмектеседі, шынайы әрі қызықты жұмыс істеуге үйретеді.

Қаңтардағы сурет сабағы артта қалды, әр шеберлік сыныбы сайын балалар қатары өсуде. Қараңдаршы, «Қор жиғыш кірпі» шығармашылық сабағында не болғанын, соңында қандай керемет карниналар пайда болды.

Фото



Жажда человечности

Жм, 31/01/2020 - 13:09 — Ольга А

Кітап оқу әр адамның жеке ісі сияқты болып көрінетіні анық. Бірақ кейде талқылағың келетін, өзіңнің алған әсіріңмен бөліскің келетін, сұрақтар қойғың келетін кітаптар түсіп жатады. Біздің айналамыздағылар кітап оқуға қызықпайтын болса, не істеуіміз керек? Неесе біздің таныстарымыз мүлде басқа нәрсені жақсы көрсе? Кітап клубтары! Міне сені қай жерде тыңдайды, сенің сезіміңіді бөлісетін адамдар табылатын орын осы! Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада жасөспірімдерге арналған «Жажда человечности» (ЖЧ) пікірталас клубы жұмыс істейді.

Клубтағы кездесулер — балама пікірлерді тыңдау және оқыған нәрсені басқа қырынан қарау мүмкіндігі. Клуб аясында біз бұрын естімегенді және өздерің мүлде таңдап оқымайтын кітаптарды талқылаймыз. Қатысушылардың таңдауы үнемі жаңа авторларды, шығарманы немесе толық бір жанрды табуға көмектеседі. Бізде дұрыс жауаптар жоқ, барлығын кітап туралы бір пікірге тоғыстыру мақсатымыз да жоқ, біздің мақсатымыз — әңгімелесу. Өздерің сияқты жақсы кітап таңдай білетіндердің компаниясында болғың келе ме? Кітапханаға ЖЧ келіңіз!

Фото



Кітаппен қысқы серуен

Ср, 29/01/2020 - 09:20 — Ольга А

Біз қысты не үшін жақсы көреміз? Жаңа жылдық сыйлықтар үшін ғана емес, табиғаттың ертегідей әдемілігі, қысқы ойындар мен қызықтар үшін жақсы көреміз. Сондай-ақ — бұл қызықты, таңқаларлық оқиғаларды оқу уақыты. Мысалы, Аяз Ата қайдан шығады, немесе қолғап қалай күшікке айналды, Вольфганг Амадея Моцарттың бесігі кішкентай қонжықты қалай әлдиленегні туралы. Біз, өнер жөніндегі әдебиеттер бөліінің кітапханашылары, № 21 мектептің 1 «б» сыныбымен осындай қысқы серуенге және кітаптар мен мультфильммен танысуға аттандық. Ал тоңып қалмау үшін сайысқа түстік — кімнің аққаласы күлкілі және ашық-жарқын немесе Аяз Атамен ойын ойнап, өзіміздің Аяз Атамызды өсірдік (әрине, оригами техникасында).

Ал алда тағы да бір ай бар. Және де көп қызықтар күтуде. Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз, біздің оқырмандарымыз!

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 374 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана