«Балаларға базарлық» айдары Серікбай ағамыздың «Пойыз» өлеңімен толықты. Кішкентай бала тіліне жеңіл, қабылдауына оңай бұндай тәтті өлеңдер қашанда өз оқырманын таппақ. Бұл өлеңдерді тыңдап, жаттап алып ата-анаңды, әжеңді, атаңды қуантуға әбден болады. Өлең бала-бақша балаларына және бастауыш сынып оқушыларына арналған.
Новости
Гүлзат Шойбекова
Жм, 08/05/2020 - 07:42 — Ольга АҚұрметті достар, сіздерді бүгін Жазушы Гүлзат Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» атты әңгімелер мен повестер жинағымен таныстырғым келіп отыр.
Қаламгер 1967 жылы 4 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылында туған. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ мақалалары мен әңгімелері республикалық, аудандық газеттерде жарияланып тұрған.
Жазушының «Өмір сүру ережесі» кітабына психологиялық әңгімелер топтамасы жинақталған.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Бс, 07/05/2020 - 08:02 — Ольга АҚұрметті оқырман, баршаңызды келе жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бұл бейнеролик өздеріңізге арналады.
"Из мглы веков": Евгений Сидоркин
Бс, 07/05/2020 - 07:57 — Ольга А7 мая исполняется 90 лет со дня рождения советского художника-графика, заслуженного деятеля искусств, лауреата Государственной премии им. Чокана Валиханова , народного художника Казахской ССР Сидоркина Евгения Матвеевича.
Ойла: Даланың дана арулары
Сс, 05/05/2020 - 07:39 — Ольга АБелгілі журналист Аршагүл Тойбай-Ақназар «Даланың дана арулары» атты кітабын ұсынып отырмын.Бұл кітап аты айтып тұрғандай, Ұлы Даланы мекен еткен ежелгі халқымыздың сонау алыс ғасырлар тұңғиығынан бергі әр кезенде өмір сүріп, түрлі қоғамдық құрылыстардың дамуына әсер еткен біртуар арулар жөнінде сыр шертеді.
Әжемнің ертегілері: Арманына жеткен Айбалта
Сс, 05/05/2020 - 07:26 — Ольга АБүгінгі ертегімізде тот басып, қораның бір бұрышында жатқан Айбалтаның өзіне сап жасап, қайралып, адамдарға қолғабысын тигізіп, арманына жеткені туралы баяндалады.
9 мамыр Жеңіс күні
Дс, 04/05/2020 - 07:52 — Ольга АӘрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Биылғы жыл Жеңіс күніне 75 жыл.
Ендеше, бүгінгі үйірмемізде елімізді, жерімізді, отанымызды қорғайтын Отан қорғаушыларға арналған ашық хат жасаймыз.
Құрметті оқырмандарым, сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз. Қайратты мақсатты болыңыздар.
Еңбекте табыс тілейміз.
Балаларға базарлық: Әліппемен қоштасу
Дс, 04/05/2020 - 07:46 — Ольга АБалалардың қолдарыңа тұңғыш рет ұстап, бетін ашатын оқулығы «Әліппе». Осы бар кітапқа бас болған әліппенің арқасында сауатты адам қатарына енеді. Бұл кітап бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ. Осы әліппе кітабына арнаған Серікбай атамыздың балаларға базарлық айдарында «Әліппемен қоштасу» өлеңі. Тыңдайық.
Тынымбай Нұрмағанбетов
Жм, 01/05/2020 - 07:44 — Ольга АБелгілі қаламгер Т.Нұрмағанбетовтің «Қош бол, ата!» атты жинағына балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық конкурста жүлде алған таңдаулы повестері мен әңгімелері еніп отыр.
Жинақтағы повестер мен «Жиырма жас», «Перзент», «Менің інілерім» әңгімелері де балалардың талап-тілегінен шығатын, өмірдің қызық та күлкілі оқиғаларынан тұратын көркем тіл, жылы юмормен суреттелген дүниелер. Кітап балалар мен жасөспірімдерге арналған.
Абай энциклопедиясы: Абай Құнанбайұлының философиясының қыры мен сыры
Жм, 01/05/2020 - 07:39 — Ольга ААбай атамыздың «Қара сөздерінің» мағынасын түсінгенініз келсе «Абай Құнанбайұлының философиясының қыры мен сыры» атты бейне роликті тамашалауға ұсынамын. Адамның жанын, халықтың өзінің рухын қалыптастыратын жазушылар, философтар, ақындар болады және оларсыз өмір сүрудің өзі қиын. Абай солардың қатарына жатады. Оның шығармашылығының адамгершілік деңгейі өте жоғары. Қаламгердің философиялық ой-толғаулары – қазақ даналығының ең биік шыңы.
