Новости


Білім ошағы

Дс, 29/10/2018 - 15:35 — admin

2018 жылдың 18 қазанында ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде „Білім ошағы„ пәндер лекторийі аясында №11 мектептің 9 сынып оқушылары «TURGAY DISCOVERY» ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі Дмитрий Борисович Деймен кездесті.

Іс-шара басында балалар Қостанай облысы бойынша саяхат-ойынын ойнады, геоглифтер туралы сұраққа тоқталды. Әрі қарай шақырылған қонақ дүниежүзілік қауымдастық үшін 2007 жылы геоглифтерді қалай ашқандығын айтып өтті.

Дмитрий Борисович балалардың үлкен қызығушылығын тудырған Үштоғай шаршысы туралы кеңінен тоқталып өтті. Геоглифтер — ғалымдарға, тарихшылар мен археологтарға зерттеуді қажет ететін Қостанай облысындағы ғана емес, барлық Қазақстандағы „ақтаңдақтары„ бар қасиетті жерлер.

Фото



Әке мен бала

Дс, 29/10/2018 - 15:31 — admin

15 қазанда ғылыми - көпшілік бөлімінде №155 орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен қазақтың белгілі жазушысы, педагогы және ағартушысы Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінің талқылауы өтті. Кездесу басында балаларды жазушының өмірімен таныстырды, білім мен шығармашылық саласында қосқан үлесі жайында сөз қозғалды. Оқушылармен сыни ойлау тұрғысының бір әдісі - кластер әдісі бойынша аталған әңгімені жан жақты талдады. Балалар осы стратегия көмегімен бар қызығушылықтарын танытты: бас кейіпкерлерін анықтау? Мәтіннен қандай детальдар арқылы кейіпкерлердің қарым – қатынасын анықтағанын белгілеу. Кездесуден кейін кітапхана бойынша экскурссия жасалынды.

Фото



Қызғалдақ тарихы Шаймерденова әңгімесінен

Дс, 29/10/2018 - 15:28 — admin

«Қызғалдақ тарихы Шаймерденова әңгімесінен» филология ғылымдарының докторы, балаларға арналған кітаптардың авторы Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызымен кездесу

11 қазан Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған бөлімінің оқырмандары үшін ерекше, қуанышты күн болды. Оқырмандар өздерінің сүйіп оқитын кітаптарының авторы Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызымен, ал автор өз оқырмандарымен көзбе-көз кездесе алды. Филология ғылымдарының докторы, балаларға арналған кітаптардың авторы Нұрсұлу Жамалбекқызы өз шығармасын оқыған балалардың қызықтырған сұрақтарына үлкен сүйіспеншілікпен жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.Сондай-ақ, балаларға арналған кітаптардың авторы Нұрсұлу Жамалбекқызының алда жарық көрер шығармалары жайында филология ғылымдарының кандидаты Аманжолова Жемма Болатовна үлкен әсермен балаларға жарнамалап, қызықтырып, көп күттірмей оқи алатындарын айтып кетті. Балалар автордың шығармасын оқығаннан кейінгі ұнаған кейіпкерлері жайлы көзқарастары мен ойлары мен бөлісіп, тамаша әсер алғандарын айтып, Нұрсұлу Жамалбекқызына алғыстарын айтып, қимай тарқасты.

Фото



Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау

Жм, 26/10/2018 - 15:55 — admin

«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау»

Н.А. Назарбаев

2018 жылдың 11 қазанында «Рухани жаңғыру» Жолдауындағы жаңа үрдістер мен дәстүрлі құңдылықтар: кітапханалық өлкетану» атты облыстық семинар өтті.

Семинарда аудандық балалар кітапханаларының осы бағыттағы ең жарқын тәжірибесі айтылды. Ұзынкөл балалар кітапханасы өз өлкесін көп жылдардан бері зерттеп, сипаттау жұмыстарын жүргізуде. Көптеген жылдар бойы кітапханада Өлкетану материалының көптеп жиналып,ол жүйеленді, өңделді және қазір ауданның тарихын одан әрі ашу үшін зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Балалар кітапханасының меңгерушісі Лидия Оттовна Гаубрих саяси қуғын – сүргін құрбандарына арналған "Кінәсіз кінәлілер" атты электрондық естелік лентасын жасау бойынша жұмыстың қалай жүргізілгенін, сондай-ақ "Өз жерімізді танимыз-табиғатты сақтаймыз" атты балалар экологиялық веложарысын өткізу тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар Қарабалық ауданының бірегейлігі мен қайталанбастығы туралы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Рузалия Рашитовнаның баяндамасын тыңдап, білді. Мұнда балалар белсенді тыңдаушылар ғана емес, іс-шаралардың толыққанды қатысушылары болып табылатын жұмыс түрлерін пайдалана отырып, өз өлкесінің тарихын зерттеуге көмектесетіндігі, оған,мысалға, балалар мен жасөспірімдер өте жақсы көретін ойын-түрі квест ойының атап кетті. Квест қатысушылары Қарабалық көрікті жерлеріне саяхат жасаған.

Қызықты жоба Қостанай қ. А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында да "Оқитын қала-гүлденген қала" деген атаумен жүзеге асырылуда.

Амангелді аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары ұлттық салт-дәстүрлерді өскелең ұрпаққа сақтауды және дәріптеуді өз парызы деп санайды. Бұл міндет көп жылдар бойы өткізіліп келе жатқан "Алтын сақа" байқауында өз нәтижесін көрсеткен. Осы байқауға 5 жастағы ұлдар, аудандық және ауылдық округтердегі бала бақшалардың тәрбиеленушілері қатысады. Жас қатысушылар 5 турдан өтеді, онда олар өздерін таныстырады, қамшы өреді, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

"Қазақстанның рухани қасиетті жерлері" жобасын құру немесе ғалымдар айтқандай, "Қазақстанның киелі географиясы" – "болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламасының басым міндеттерінің бірі. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми хатшысы Омарова Күләш Нұрашқызы семинарға қатысушыларды Қостанай облысының киелі жерлерімен таныстырды. Республикалық және жергілікті маңызы бар объектілер ұсынылды. Қатысушыларды геоглифтердің шығу тегі туралы әңгіме қызықтырды. Сонымен қатар, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің басшысы Астафьева Елена Анатольевна "Қостанай облысының киелі жерлері" виртуалды көрсеткішін таныстырды.

Семинардың екінші бөлімінде: Ы. Алтынсарин кесенесіне барғаннан кейін қонақтарды филология ғылымдарының докторы, балаларға арналған кітаптардың авторы Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы мен филология ғылымдарының кандидаты Аманжолова Жемма Болатовнамен кездесу күтіп тұрды. "Ел тарихы кітаптарда, ертегілерде және армандарда" – олардың сөз сөйлеуінің тақырыбы осылай аталды. Семинар қатысушылары ғана емес, кітапхана оқырмандары да осы кездесуден тамаша әсер алды. Кітапхана бойынша экскурсия барысында Нұрсұлу Жамалбекқызы мен Джемма Болатқызы кітапхана оқырмандары жазушымен қарым-қатынас жасауға және авторларға сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Естелік суретке түскілері келетіндерде көп болды.

Семинар бағдарламасы мазмұнды және өнімді болды. Кітапхана мамандары семинардың жоғары ақпараттылығын және алған білімдерінің практикалық маңыздылығын, тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілікті арттыру үшін осындай кездесулердің қажеттілігін атап өтті.

Фото



Кітапхананың тосын сыйы

Жм, 26/10/2018 - 15:42 — admin

9 қазанда Қостанайдағы №14 ЖББМ МАД оқушылары оларды тосынсыйлар күткен Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Облыстық кітапханаға тұңғыш рет келді.

Мектепке дейінгі және 0-6 сыныптарға қызмет көрсету бөлімінде балаларды тышқан Библиоша қарсы алды, оларға кітапхананың қазынасы туралы айтып берді, С.Маршактың өлеңін оқыды, жұмбақтар мен ребустар жасырды. Дұрыс жауап бергендерге сыйлық ретінде бойларымен бірдей текшелер, компьютер мен тіпті демалуға арналған жұмсақ жиһазы, көптеген ойыншықтары бар „Ойын бөлмесінде„ көңіл көтеруге мұмкіндік берілді.

Мұнымен саяхат аяқталған жоқ, балалар Библиошамен бірге көрші „Өнер бөлімінде„ өмір сүретін мейірімді Гуманоидтарға қонаққа барды. Міне, бала қиялының ұшар басы қайда екені. Мұнда ғажайыпты күзгі жапырақтардан, мата қиындысынан, теріден, қағаз бен жіптен, сіріңке мен қарындаштан жасайтын болып шықты. Біздің тұрақты оқырмандарымыздың қолынан шыққан танктер, машиналар, перизаттар, динозаврлар қонақтарды баурап алды.

Балалар өздерін Гуманоидтар сияқты сезініп фотоға түсті. Бұл бір керемет!

Фото



Жазушының шығармашылық бейнесі

Жм, 26/10/2018 - 15:35 — admin

Қоғам қайраткері, Қазақстанның құрметті ұстазы Спандияр Көбеевтің туғанына 140 жыл толуына орай 11 мектептің 8 сынып оқушыларымен «Жазушының шығармашылық бейнесі» атты іс-шара өткізілді. Жазушы әрі ұстаз Спандияр Көбеев — ХХ ғасырдың басындағы еркін әдебиеттің ірі өкілі, тұңғыш роман жазушылардың бірі. Оның шығармалары болашаққа жетелеуші, жастардың сүйікті жазушысы. Кейіпкерлері Қожаш пен Ғайшаның тағдыры жас оқырмандарға үлгі болды. Классиктердің шығармалары төзімділікке, үлкенді сыйлауға, отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтіндіктен, қазіргі жастарға да көп септігін типгізері сөзсіз. Балалар мейірімділік пен жауыздық, тәрбиелілік пен сыпайылық жайындағы жазушының мысалдарымен танысты, сұрақтар қойып, оларға жауап берді.

Іс-шара жазушының шығармалары қойылған кітап көрмесі және де презентация көрсетілімімен безендірілді.

Фото



Мысықтар мен тышқандар және оларды жасаушылар

Бс, 25/10/2018 - 16:39 — admin

12 қазанда М.Горький атындағы №12 мектеп-гимназияның 1 „б„ сынып оқушылары тұңғыш рет Өнер бөліміне келді.

Балалар кітапхананың қызықты әрі сиқырлы екенін балалар білген де жоқ, ең бастысы, қаласаң, барлығын өз қолыңмен жасайтын орын бар. Біздің тынымсыз балақайлар, әрине, кітапқа арналған закладка жасамақ болды, ол үшін олар желім, түрлі-түсті қағаз, қайшы дайындады. Оған бұл аз болып шықты, сонымен қатар оригами өнерін игеру үшін сабырлылық қажет болып шықты және қолдарынан келетініне сену керек. Және бәрі де қолдарынан келді! Бірінші болып Мустафа Тлеоф, Давид Гоцуляк және Султан Бекмурзалин жасады.

Балалармен бірге Юлия Тлеоф бастаған аналары және алғашқы ұстаздары Ольга Юрьевна Григорьеваның болғаны жақсы болды. Ересектер де қағаз бүктеудің қыр-сырын ұғынуға тырысты.

Алғашқы оқулықтарының қаптамасының астына жайғасқан көңілді „мысықтар„, „тышқандар„, „иттер„ мен „түлкілер„ Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Облыстық кітапхананың Өнер бөлімінде саяхатта болғандарын олардың естеріне түсіріп отыратын болады.

Фото



Еліміздің балет шебері Болат Аюханов

Бс, 25/10/2018 - 16:30 — admin

2018 жылдың 3 қазанында өнер бөлімінде Болат Ғазезұлы Аюхановтың 80-жылдығына орай «Еліміздің балет шебері Болат Аюханов» атты тақырыптық кешке Ы Алтынсарин атындағы орта мектептің 7 сынып оқушылары келді.

Іс-шара барысында қазақ балетінің аңыз адамы, ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы әрі тұрақты жетекшісі, ҚР халық әртісі, әйгілі хореограф, профессордың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет берілді.

Болат Аюханов шығармашылығынан бейнероликтер көрсетілді.

Кездесуде қазақ және орыс тілдерінде жазушыларымыздың Болат Аюханов туралы жазған кітаптары қойылды.

Фото



Киіз шабыт

Бс, 25/10/2018 - 16:20 — admin

3 қазанда кітапхананың өнер бөлімінде жоба жетекшісі Шалунова Светлана Ивановнаның ұсынған, Қостанай сурет мектебінің оқушыларының киізден жасаған жұмыстары қойылған ерекше экспозицияның ашылуы болды.

Киіздің шығу тарихы мыңдаған жылдарға куә болса да, Халықаралық киіз күнінің пайда болғанына көп болған жоқ. Ол қазанның бірінші сенбісі атап өтіледі және белгілі бір тақырыпқа арналады. Бұл экспозицияның тақырыбы – "Менің Қазақстаным". «Время», «Мой Казахстан», «Шанырак мира», «Защитник», «Птица Самрук», «Мой город», «Весна в Костанае» сияқты ұлттық нақышта жүннен жасалған керемет туындылар кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарын қуанышқа бөледі.

Экспозицияның алғашқы келушілері Қостанай қаласының №1 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушылары болды. Балалардың сынып жетекшісі Бондарь Татьяна Вольдемаровна киізден жасалған жауһарлар оқушыларды таңқалдырғанын, көне өнердің негізін үйрену үшін шеберлік сыныбына қатысуға ниетті екендерін білдірді.

Ал кітапхана қызметкерлері өз кезегінде киізден жасалған заттарға қызығушыларды экспозицияға келіп, өнердің жаңа қырымен танысуға шақырды.

Фото



Сөз шебері - С. Я. Маршак

Бс, 25/10/2018 - 15:49 — admin

«Балалар кітапханаларындағы VI С.Я.Маршактың поэзия күні» халықаралық акциясы аясында мектепке дейінгі оқушылар мен 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Сөз шебері — С.Я.Маршак» атты көңілді сағат өткізілді. №1 мектептің 4 сынып оқушылары ақын мен жазушының айырмашылығы неде екенін, жақсы өлең жазу үшін не қажет екенін білді; жазушының қысқаша өмірбаянымен танысты; «Ұйқас таңда» тапсырмасын орындады; ойын түрінде балалар жазушысының бірнеше шығармаларын естеріне түсірді; «Вот какой рассеянный» өлеңінің мақамы бойынша мультфильм қарады. Іс-шара соңында балалар С.Я.Маршактың өлеңдерін оқыды, содан соң акция қатысушыларына ақын рөліне еніп, «Ежик» журналына өлең жазып көру ұсынылды.

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 98 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана