Новости


Мықты көшбасшы — табысты мемлекет

Бс, 29/11/2018 - 09:20 — admin

28 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түзету мектебінің оқушылары үшін ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өткізді.

Ақпараттық құжаттама мақсаты — тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін көрсету. Мемлекет бірлігінің маңызы, Отанға деген сүйіспеншілік, ел үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеудегі Ұлт көшбасшысының өмірі туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар балалар Нұрсұлтан Назарбаевтың бала және жасөспірім кезіндегі өмірі туралы әңгімелер тыңдады. Осы іс-шараға Президенттің өмірі туралы кітаптар қойылған көрме дайындалды, көрме балаларды да, оқытушыларды да қызықтырды.

Фото



Сундучок историй

Бс, 29/11/2018 - 09:09 — admin

27 қарашада кітапхананың акт залы лық толы болды. Әрине, онда Конечно, там шла постановка спектакля «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығай бай: ескі етегі жаңа үлгіде» спектакль қойылымы өтті. Көрермендер кітапхананың тұрақты оқырмандары мен қатысушылар, сонымен қатар №1 мектеп-гимназияның 4 «д» сынып оқушылары мен Қостанай аумақтық орталығының балалары болды.

Тапқыр әрі ақылды ұлттық ертегілердің кейіпкері — Алдар Көсе және танымал әрі сүйікті балалар кітаптарының кейіпкерлері - Буратино мен Түлкі Алиса, Пошташы Печкин мен Мысық Матроскин, Шығай Бай мен Мысық Базилио ақшаның қызықты шығу тарихы мен ұлттық валюта — теңгенің пайда болуын айтты Күлдіргі оқиғалар, «оңай емес» шешімдер мен «ашылуы», кішкентай әртіс Байжанова Делияның орындауында, ерекше кейіпкер - құс Сплюшкидің пайда болуы — оқырмандарды таң қалдырды.

Қойылымға қатысушылар мен көрермендер кез келген жағдайдан шығудың жолы бар екенін, дұрыс шешім қабылдау керек екенін, Буратино айтқандай, өз іс – әрекетіне жауапты болу керек екенін түсінді - "ең бастысы-өзінің қаржылық сауаттылығын арттыру керек"!

Фото



Как там, внутри картины?

Дс, 26/11/2018 - 14:50 — admin

24 қарашада №2 мектеп лицейдің 5 сынып оқушылары алғаш рет өнер әдебиеттері бөлімінде болды. Бөлім қызметкерлері мен қызыққұмар қарға Каркуша атақты суретші Иван Шишкиннің «Қарағай орманындағы таң» суреті бойынша саяхат дайындады, балалар үшін бұл тосын сый болды. Әрине! Мысалы, балалар И.Шишкиннің орманды жақсы көргенін және оның суреттері жылылыққа, жарыққа, мейірімділікке толы табиғатқа арналғанын білді. «Қарағай орманындағы таң» суретіндегі басты ерекшелік — бала сияқты көңілді, қайғысыз тентек қонжықтар. Сондықтан дизайнерлер сүйікті кәмпит «Мишка косолапый» қаптамасына пайдалануды шешіпті.

Суреттің барлық бөліктерін қарап, қарағайлы орманның ауасын сезініп, маймақтармен жақынырақ танысу үшін, саяхатшыларға «сиқырлы терезе» -ағаш жақтаулар, «қырағы көз» - дөңгелек тесігі бар жақтаулар көмектесті, кейде тіпті ұлғайтқыш әйнекпен де қарауға тура келді.

Мұнымен саяхат біткен жоқ, Каркуша балаларға өзінің портретін салуды тапсырған болатын. Тапсырыс орындалды! Әрине, оны балалар майлы бояумен емес, оригами техникасымен орындады. Каркушаға ұнады.

Фото



Әліпбиден астананы таны

Жм, 23/11/2018 - 15:11 — admin

23 қарашада «Рухани казына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында кітапханада жеке мектеп-гимназияның 2 сынып оқушылары үшін Астананың 20 жылдығына арналған „Әліпбиден астананы таны„ медиа-виторинасы өткізілді.

Балаларды қаланың пайда болу тарихымен таныстырдық және барлық қазақстандықтар мақтан тұтып отырған астананың көрікті жерлері туралы айттық. Балалар жақсы нәтиже көрсетті және Астананың барлық маңызды нысандарын тапты.

Викторинаны толықтыру мақсатында „Сәлем, астана„ бейне-ролигі көрсетілді. Сонымен бірге, балалар сүйікті астаналарына гүлдену мен амандық тіледі.



Жазушы Андрей Щуповпен шығармашылық кездесу

Жм, 23/11/2018 - 14:56 — admin

21 қарашада заманауи ресейлік автор Андрей Олегович Щуповпен (лақап аты – Олег Раин) шығармашылық кездесу өтті.

Андрей Щупов – көптеген детективтер мен фантастикалық шығармалардың авторы. «Аэлита» фантастика фестивалінің ұйымдастыру комитетінің мүшесі, «Заветная мечта» Ұлттық балалар әдебиеті сыйлығының, Владислав Крапивин сыйлығының, П. П. Бажов атындағы сыйлықтың, «Алиса» мен «Камертон» сыйлықтарының лауреаты.

Жазушымен кездесуге Қостанай қаласындағы №16 мектептің 8 сынып және №2 мектептің 9 сынып оқушылары, сонымен қатар Қостанай құрылыс колледжінің, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалының, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері келді.

Кездесудің тақырыбы - «Заманауи әдебиеттегі достық».

Балалар жазушының өмірі, шығармашылығы, әуестігі, оның достық пен махаббатқа көзқарасы туралы көптеген қызықты сұрақтар қойды. Оның басты әуестігі — су астында жүзу, музыка, шәлкес фантазиялар болып шықты. Андрей Олегович „өз өмірінің саяхаттары„ туралы әсерлі баяндап берді, өзінің білімдарлығымен тыңдаушыларды баурап алды.

«Осы уақытқа дейін жазушы болу өте қызықты екеніне сенімдімін. Ең болмағанда, ондаған қызықты мамандықтарға сіңіп, жүздеген бөтен өмір сүруге болады. Адамзаттың прогрессіне сенбеймін, бірақ бір жеке жан дүниесінің прогрессіне сенемін», – деді Андрей Щупов өзі туралы.

Фото



«Мухи, люди и стихи»: Янис Грантспен кездесу

Жм, 23/11/2018 - 14:47 — admin

20 қарашада „Жақын шетелдердегі орыс сөзі: Қостанай облысының кітапханаларындағы мәдени десант„ жобасы аясында ресейлік ақын Янис Грантспен оқырмандардың шығармашылық кездесуі өткізілді. Оның қызықты әрі ерекше өлеңдері балаларды ғана емес, залда отырғандардың барлығын еліктірді.

Ақынмен сөйлесу нағыз мерекеге айналды. Ақынның әртістігі ду қол шапалақ пен көңілді күлкі тудырған жағымды эмоцияларға ие болды. Балалар ақынға өздерінің сұрақтарын жаудырды. Олар ақынның 7 жастан бастап өлең жаза бастағанын, „Крокодильчик„ үй журналын шығарғанын білді.

Янис Грантс өзі туралы былай дейді: «Менің жолым болды: менің отбасым бақытты болды. Ата-анам бір-бірін және бізді, үш ұлын, өте жақсы көрді. Мен махаббат туралы жаза бастадым». Сонымен қатар, ол бір құпияның басын ашты… Ешкім де не үшін өлең жазуды бастайтынын білмейтініне сенімді. Янис Грантстің өлеңдері тек қана автордың өзі ғана оқыған жоқ, кітапхана оқырмандары да оқыды, және де бұл авторға нағыз сыйлық болды. Янис оқылған жолдардың ішінде өзінің де сүйікті өлеңдерінің бар екеніне таң қалды.

Барлығы жанды, сырлы және жарқын кездесуден зор ғанибет алды.

Фото



Мәдени десант

Жм, 23/11/2018 - 14:42 — admin

«Жақын шетелдердегі орыс сөзі:
Қостанай облысының кітапханаларындағы мәдени десант»

20 мен 22 қараша аралығында облыс кітапханашылары «Жақын шетелдердегі орыс сөзі: Қостанай облысының кітапханаларындағы мәдени десант» кең ауқымды акциясының қатысушылары болды. Мәдени десантты, Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп Челябі облыстық жастарға арналған кітапхана дайындады.

Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасы бай тарихқа ие. Бізді тарихи тағдырлардың ортақтығы мен рухани-мәдени жақындық біріктіреді.

Мәдени серіктестік өзара түсіністіктің жоғары деңгейінің көрнекі мысалы болып табылады. Бұл адамгершіліктің бастауын жеткізуші халық өмір сүретін шекаралас аймақта айқын көрініс табады.

20 қарашада, мәдени десант аясында, культуртрегер, баспагер Марина Владимировна Волковамен кездесу өткізілді, орыс тілінде жарнама жасау бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Марина Викторовна Михееваның шеберлік сыныбы болды.

Атақты оралдық авторлармен кездесу кітапхана оқырмандары үшін нағыз сый болды: ақын Янис Грантс пен детектив және фантастикалық әдебиет жазушысы Андрей Щупов.

Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде «Чудное русское слово» Халықаралық жастар байқауы өткізілді. Ақпан мен мамыр айлары аралығында кітапханаға байқауға қатысушылардың жұмыстары келіп түскен болатын. 1 турдың қорытындысы бойынша финалға 10 қатысушы шықты. Ал 21 қарашада Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада байқаудың 2 туры өткізілді, онда қатысушылар жазған шығармашылық жұмыстарынан үзінділер оқыды.

Залды бағындыру үшін финалға қатысушылардың үш минуты ғана болды. Байқауға қатысушыларды бағалау кезінде, қазылар алқасының мүшелері бірінші кезеңнің қорытындысына, сонымен қатар әртістігі мен сезімге берілгендігіне мән берді. Байқау қорытындысы: 3 орын – Мухамедиева Айгерим, Октябрьск ауылы, Лисаковск қаласы; 2 орын – Жаухарбеков Азамат, Рудный қаласы; 1 орын – Москвичева Лада, Рудный қаласы.

Байқаудың Гран-приі Рудный қаласынан Шайрер Александрға бұйырды. Финалға шыққан барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, айта кетсек, құлаққаптар, ұялы телефондар, планшеттер мен ноутбуктармен, марапатталды.

Фото



Ноғайдың Қамбар деген батыры бар

Жм, 16/11/2018 - 14:59 — admin

15 қараша кітапхана қабырғасында Қамбар батыр кітабының 130 жылдығына арналған «Ноғайдың Қамбар деген батыры бар» атты іс-шара өткізілді. Кездесуге Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар іс-шара барысында Қамбар батыр жырымен танысып, кітабынан жатқа үзінділер оқыды. Іс-шара алтын сақа ойынымен жалғасты. Оқушылар сайыста қыздар мен ұлдар тобы боп жарысқа түсіп, өздерін логикалық ойлау және білім жағынан,ептілік және күштілік жағынан, тапқырлық және шапшаңдық жағынан көрсетті.Сондай-ақ,«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деген сайыста ұлдар тобы ермексаздан батырдың бес қаруын (қылыш, шоқпар, найза, садақ, айбалта),ал қыздар болса батырдың жорыққа шығарды алар жол жорамалынан үш зат (тұмар, торсық және арқан) жасады.Кездесу соңында оқушылар «Қ-А-М-Б-А-Р» сөзіндегі әр әріпке Қамбар батыр қандай?- деп,әр дыбысты сөйлетіп,сол әріптен басталатын сөздермен аяқтады.

Фото



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халықына жолдауын түсіндіру

Жм, 16/11/2018 - 14:57 — admin

15 қарашада кітапханада „Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру„ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халықына жолдауын түсіндіру бойынша гуманитарлық колледж студенттерімен кездесу өткізілді.

Жолдауды түсіндіру үшін ішкі саясат басқармасының идеологиялық жұмыстар жөніндегі бөлім басшысы Абылайхан Мүбаракұлы Какенов шақырылды.

Дәрістің басында еліміздің өмір сүру іс-әреті саласының барлық жаһандық міндеттері түсіндірілді, білім беру сапасы мәселесі қозғалды. Студенттермен қызықты, қызу диалог болды. Лектор өмірден, фильмдерден, өзінің жұмыс тәжірибесінен нақты мысалдар келтіре отырып, заманауи қоғамда қалай сұраныста болу керектігі туралы айтты. Қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық, ұлттың келісімі мен бірлігі – ел дамуының жаңа кезеңі міндеттерін табысты іске асырудың басты шарты болуы тиіс.

2019 жыл ел болашағының негізі болып табылатын жастар жылы деп жарияланды. Президент жас ұрпаққа үлкен үміт артады.

Гуманитарлық колледж студенттері берілген ақпаратты қызығушылықпен тыңдады, қойылған сұрақтарға жауаптар алды.

Фото



Сундучок историй

Жм, 16/11/2018 - 14:44 — admin

2 қарашада «Сундучок историй» студиясына қатысушы балалар үшін „Хэллоуин мерекесінің тарихы„ танымдық сабағы өткізілді. Іс-шара Л.Толстой атындағы облыстық кітапхананың Ағылшын мәдени секторында өтті, онда балаларды сектор меңгерушісі Ксения Геннадьевна Чернева шақырған болатын.

Бұл мерекенің тамыры тереңде болып шықты. Ол күн қысқарып, түн ұзарғанда өткізіледі. Күн суытып, қараңғыланады. Қатты жел соғып тұрады. Ағаштардан жапырақтар түседі. Жыл аяқталып, барлығы қатып қалады. Ұзақ, қараңғы түнді ілестіріп қыс келеді. Адамдар дәл осы мезгілде нешетүрлі елестер, сайтандар және әлемнің барлық мыстандары сыпырғыштарымен үрей туғызып, аспанды шарлап жүреді деп сенген. Адамдар өздерінің денсаулықтары, өмірлері үшін қорқып, далаға шықпай үйде отырған. Бұл туралы балаларға кітапхананың еріктілері Кристина Жукова мен Александр Русалев айтып берді.

Қазір адамдардың көбісі жындарға сенбейді, ал Хэллоуин қорқынышты күннен көңілді мерекеге, костюм киген бал-маскарадқа айналған. Іс-шараға костюм киген әртістер де келді, бірақ олардың кейіпкерлері атақты мультфильмдегі Каспер сияқты мейірімді әрі көңілді.

Ойындар, қызықты сайыстар мен викториналар әртістерге өздерін еркін ұстап, көңіл көтеруге мүмкіндік берді. Ал келесі күні тың күшпен олар осы жылдың соңғы спектаклі „Алдар Көсе мен Шығай бай — ескі ертегі жаңа үлгіде„ спекткалінің сахналарын қойып дайындалды.

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 418 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана