Әр сейсенбі, сағат 14.00 ден 15.00 дейін ғылыми - көпшілік әдебиеттері бөлімінде Рубик текшесін жинаудан турнир өткізіледі
Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз
Ы. Алтынсарин атындагы Қостанай ОБЖК
Әр сейсенбі, сағат 14.00 ден 15.00 дейін ғылыми - көпшілік әдебиеттері бөлімінде Рубик текшесін жинаудан турнир өткізіледі
Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз
Ы. Алтынсарин атындагы Қостанай ОБЖК
«Біздің қоғамда отбасы әр түрлі ұрпақ арасындағы байланыстырушы буын, рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы болып қала береді». Сондықтан да 5 қыркүйекте Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталығы» тәрбиеленушілеріне «Анам, әкем және Мен – тату отбасымыз» сайыс-ойындық бағдарламасын өткізді, оған 22 адам қатысты. Балалар отбасының маңызы туралы айтты, барлық сайыстар мен викториналарға белсене атсалысты, отбасы туралы тақырыпта «Ералаш» тамашалады. Іс-шара соңында қатысушылармен «Әуенді тап» ойыны өткізілді.
Сурет салу — қиын емес, көңілді әрі қызықты. Әсіресе дәстүрлі түрде емес, мәселен, бүгінгідей кітапханамызда Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамының қоғамдық бірлестігінен келген балалар салғандай болса. Біз монотипия техникасында теңіздің суретін салдық. Балалардың суреттерінде теңіз иірімдері, балықтар тобыры, жоғарыға тартылған маржаннан өрілген жіптер пайда болды. Сондықтан да сурет салу зеріктірерлік әрі қиын деп ойласаңыз, онда сіз қателестіңіз! Барлықтарыңызға шабыт тілейміз!
Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК наурыз айнда 2020 жылғы мерейгер кітаптардың Арт-мұқабасын жасау бойынша байқау жариялаған болатын.
Ғажайып мұқабалар әртүрлі техникада, әртүрлі көркемдік тәсілдер және материалдармен жасалуы мүмкін: сурет, фото, компьютерлік кескін, коллаж және т.б. Әр жұмы күні өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде мұқаба жасау бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі.
Барлық тілек білдірушілерді байқауға қатысуға шақырамыз!
… балалардың қабілеттіліктері мен дарыны — олардың саусақтарында. Бала қол шеберлігімен көп шұғылданса, ол ақылды болмақ. В.А. Сухомлинский
Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде «Оригами мепктебі» жұмысын жалғастыруда.
Әрбір ересек адам бала кезінде қағаздан кеме, ұшақ, бақа, қызғалдақ жасағаны белгілі. Алайда, мұның оригами деп аталатынын бәрі бірдей білген жоқ. Бүгінгі күні бұл қызығушылық бұрынғыға қарағанда кең тараған: онымен ересектер де, балалар да айналысады.
Оригами – бұл ежелгі шығыстан келе жатқан қағаздан пішін жасау өнері, көптеген ғасырлар бұрын Күншығыс елінен бастау алған.
Оригами бұл тек қызықты ғана емес, балалардың қолмен жұмыс істеу қабілетін дамытатын, саусақтарымен дәл қимыл жасауды үйрететін пайдалы әуесқойлық. Оригамимен әуестенетін балалар кеңістікте елестету қабілетіне ие. Олар сызбаларды қиындықсыз ажыратады, болашақ қағаз бұйымын жеңіл елестетеді.
Оригамимен айналысу есте сақтау қабілетін дамытады, мидың жұмысын белсенділендіреді, ойды жинақтау қабілетін дамытады, сондай-ақ, қолмен жұмыс істеуді, атап айтқанда, ұсақ маториканы дамытады.
Бүгінгі күні ғалымдар мен мұғалімдер бір ауыздан қолдың буындары мен баланың жалпы дамуында, оның оқудағы және шығармашылықтағы жетістіктерінің арасында байланыстың барын мойындайды.
Оригамимен баланың жүйелі түрде айналысуы – шығармашылықта жан-жақты дамуының, мектептегі сабағына ойдағыдай дайындалуының құрамдас бөлігі.
Барлықтарыңызды сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 15.00 күтеміз.
9 шілдеде Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде ұлттық музыка өнерінің ошағы ретінде күллі әлемді мойындатқан Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанына 85 жыл толуына орай іс-шара өткізілді. Бұл - Қазақстанның музыкалық аспаптар өнеріндегі тұңғыш әрі бірегей оркестрі. Ол барша әлемге қазақ музыка мәдениетімен, сайын даланың баға жетпес әуендерімен, қазақтың бірегей музыкалық аспаптарымен таныстырды. Іс-шара барысында балалар оркестрдің құрылу тарихымен, оның репертуарымен танысты, сондай-ақ, олардың орындауында атақты күйлерді тыңдады. Ал шағын кітап көрмеден қазақтың музыкалық аспаптары туралы, қазақ халқының аспапты музыка тарихы туралы кітаптармен танысты. Іс-шара Ұлттық домбыра күніне орайластырылды.
Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Осы күнге орай 2 шілдеде Наурызым ауданының Наурызым орта мектебінің 5-7 сынып оқушылары Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер бөліміне «Қазағымның қазынасы - домбыра» іс-шарасына қонаққа келді. Іс-шараның мақсаты ұлтымыздың әдет - ғұрпымен салт - дәстүріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтап, ата - бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғырту болып табылады.
Қазақтың қара домбырасның қасиеті де көп. Жастардың Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады. Қазақтың рухын көтереді. Қоңыр үнді қалыпқа келтіру арқылы қазақ жастарының ақыл - ойын, санасын өсіреді. Ертеде әр қазақтың үйінің төрінде домбыра болған және оны балаға жастайынан үйретіп отырған. «Домбыра тартқан бала ешқашан жамандыққа бармайды, адаспайды» - деп ата - бабамыз текке айтпаған.
Іс-шара барысында қонақтарға домбыраның қасиеті туралы, оның түрлері мен құрылысы жайлы, домбыра туралы аңыздарды, одан шыққан әсем ән мен күйдің шығу тарихы жайлы айтылып, кітаптармен таныстырылды.
Оқушылар музыкалық аспаптардың ішінде домбырада ойнай алатындықтарын көрсетті, бірі домбыраның сүйемелдеуімен халық әнін шырқаса, бірі күй тартып берді.
21 маусымда «Сундучок историй» театр студиясының қатысушыларын Облыстық қуыршақтар театры экскурсияға шақырды.
Балалар үшін қуыршақ әртістері әлеміне „шағын саяхатты„ «Радуга» балалар бағдарламасының жүргізушісі Томирис Рыспаева ұйымдастырды, ал „сахна сыртындағы„ қызықты саяхатты әдеби бөлім жетекшісі Роза Паруазовна Джумабаева өткізді.
Біздің әртістеріміз театрда әртүрлі қуыршақ түрлерімен жұмыс ітейтінін білді: таяқ, планшеттік, қолғаптық, өсетін — бұлардың бәрі кіші және ересек оқырмандарға қойылымды ерекше, қызықты етіп көрсетеді. Олар қуыршақтар пайда болатын цехта да болды, мұнда балаларға ерекше қолғап қуыршақтар — адамның ішкі құрылыстарымен (жүрек, өкпе, бауыр) „жұмыс істеуге„ рұқсат етілді. Бұл қуыршақтар келесі театр маусымында тұсаукесер қойылымның кейіпкерлері болмақ.
Әрістер Рустам Бримжанов пен Людмила Ульянова әртістік мамандықтың қыр-сырын ашатын шеберлік сыныбын өткізді.
Ең бастысы — балалар театрдың көркемдік жетеушісі Г. Е. Ивановпен кездесті. Ол сонау өткен ғасырдың 86 жылы театрдың «Машенька и медведь» қойылымымен ашылғандығын, басты қожайыны балалар болып табылатын, театр өзінің „үйіне„ қалай ие болғандығы туралы айтып берді. «Бұл олардың үйі» деп ол шынын айтты. Сондай-ақ, Геннадий Евгеньевич қонақтардың барлық сұрақтарына адал жауап берді. Олар театр жетекшісінің ең сүйікті қуыршағы қайсысы екендігін білгісі келді. Ол барлығын да жақсы көретін болып шықты.
Экскурсиядан алған әсерлерін біздің әртістеріміз «Бұл керемет болды!» деп сипаттады.
18 маусымда кітапханада кезекті қойылымның көрсетілімі болды. №14 негізгі жалпы білім беретін мектептің, №18 мектеп-гимназияның және Қостанай қаласының түзету мектебінің мектеп жанындағы алаңдарына қатысушы балалар көрермендер болды. Қойылымды «Нұрлы Қыздар» би ұжымының (№22 ОМ) қатысушылары жас көрермендерді позитивті толқынға салған «Чарли» биімен ашты. «Кезбе Чарли» қойылымында көрермендер алдына көпшілікке танымал әрі сүйікті кино әртісі, сценарист, сазгер әрі режиссер, «Оскар» сыйлығының иегері Чарли Чаплиннің бейнесі келді. Өткен ғасырдың басындағы атфосфераға толығымен ену, шынайылық пен шынайы еместіктің өрілуі, әзіл мен қайғылы жағдай, ең бастысы сақау киноның ойын-сауық сюжеті көрермендерге жоғары көңіл-күй сыйлады. Қимыл-қозғалыс еркіндігі әртіс-балаларға өздерінің қиялын батыл жүзеге асыруға және шығамашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Екінші театр маусымы жабық, біздің әртістер мұны лайықты жасап шықты.