Сіздердің назарларыңызға Владимир Богомоловтың «Иван» повестін ұсынамыз. Кітаптың кейіпкері - 12 жастағы Иван. Балғын жасына қарамастан ол батыл әрі ержүрек. Құрметті оқырмандар! Бізбен бірге ҰОС кішкентай кейіпкерлері туралы оқыңыздар!
Новости
Сурет салу сабағы: Үкі
Ср, 29/04/2020 - 11:10 — adminБүгін біз сіздермен Керемет үкінің суретін салатын боламыз.
Сабаққа қажетті заттар:
ақ альбом парағы,
әртүрлі түсті гуашь,
жақсы көңіл-күй,
жалпақ және кішкентай көлемдегі қылқаламдар,
әзіл,
су құйылған стақан,
майлық пен ептілік))
Сәттілік!
Әжемнің ертегілері: Түнгі ұйқыға кетерде әже айтқан ертегі
Ср, 29/04/2020 - 11:09 — admin«Түнгі ұйқыға кетерде әже айтқан ертегі» айдары сендерге арналған тағы бір ертегімен толықты. Ертегі «Ит неге ырылдайды» деп аталады. Ал сен кішкентай тыңдарман білесің не үшін иттер бірін-бірі көргенде де ырылдайтынын...
Білмесең саған жақсы хабар бізді тыңдап,сұраққа жауап ал.
Атамекен: ақпараттық-танымдық жинақ
Сс, 28/04/2020 - 08:13 — Ольга АЖинақта Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері туралы беріле отырып, танымал археологиялық ескерткіштер, діни және ғибадат орындарға қысқаша шолу жасалған. Өлкеміздің бай табиғи, тарихи туристік әлеуетін таныту мақсатында қолданылған илюстрациялық материалдар тартымдылығын арттырады. Жинақты еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауым пайдалана алады.
Балаларға базарлық
Дс, 27/04/2020 - 08:40 — Ольга АОспанов С. «Атаммен әңгіме» Серікбай атамыз «Балаларға базарлық» айдарында немерелерді атасымен әңгімеге шақырады. «Көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра» демекші, ата әңгімесін мұқият тыңдайық. Ал «немере өмірдің базары» деген аталар тәтті немерелерін қызықты әңгімелерімен қызықтырып, немерелерінің қасында ұзақ жүрсін.
Толымбек Әбдірайым
Жм, 24/04/2020 - 08:20 — Ольга АТолымбек Әбдірайымның «Әлеулеп ұшқан тырналар» атты жинағымен таныстырғым келеді. Бұл жинағына кейінгі жылдары жазған әңгімелері мен повесі еніп отыр. Кітап балаларға арналған.
Абай энциклопедиясы: Абай Құнанбаев - Ұлы дала сазгері
Жм, 24/04/2020 - 08:16 — Ольга АДостар! Сіздерді «Абай Құнанбаев - Ұлы дала сазгері» атты бейне роликпен таныстырғым келеді. Абай ақын ғана емес, Абай – сазгер, яғни ән шығарушы да болған. Абай басқа да халық арасынан шыққан әнші, күйші, композиторлар сияқты нота сауатын меңгермеген. Домбыра оның өмірлік серігі болды. Абай әндерін түрлі тақырыптарда жазды. Мысалы: табиғат туралы әндер, махаббат сезімі туралы әндері, үлгі-өнеге, тәрбиелік мәні бар, сыншыл әндері бар.
Ертегі толы дорба (сторителлинг)
Жм, 24/04/2020 - 07:55 — Ольга АҚайырлы күн ертегі сүйгіш кішкентай тыңдармандар! Дорба толы ертегіміз тағы бір қызықты ертегімен толықты. Бұл жолы сендердің назарларыңызға «Үш торай» деп аталатын ағылшын ертегісін ұсынбақпыз. Ақылды, Тентек, Әзілкештермен танысқың келсе, бізбен бірге ертегіні тыңдап, өзінің сүйікті жұмсақ ойыншықтарынды қолданып, өз ертегінді ойнап көрші.
Жасампаз жандардың 7 дағдысының
Сс, 21/04/2020 - 08:38 — Ольга АКови Стивен Р . «Жасампаз жандардың 7 дағдысының» тұңғыш басылымы осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрді. Содан бері Стивен Ковидің бұл еңбегі 13 мәрте жаңартылып, 40 тілге аударылды. 70-тен аса елде 30 миллион данамен таралған кітап №1 әлемдік бестселлер мәртебесін иеленді. Жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісін өрге домалатқысы келетін көрнекті кәсіпкерлер мен саясаткерлерге дейін қызыға окитын кітап миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналды.
Әжемнің ертегілері: Қобыздың хикаясы
Сс, 21/04/2020 - 08:35 — Ольга АБір байдың жалғыз ерке баласы аң аулап жүріп, бір киікті қуып келе жатып, астындағы аты сүрініп құлап қалады. Ыңырсып жатқан баланы бір қария кісі тауып алады. Оны үйіне алып келеді. Ертегі әрі қарай қалай өрбитінін, қобыздың бұл оқиғаға не қатысы бар екенін білгілеріңіз келсе, бейнематериалды көріңіздер.
