Новости


«Алғысымды білдіремін...»

Дс, 04/03/2019 - 15:38 — admin

«Өз тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт» - бұл Алғыс айту күнінің нақылдарының бірі.

1 наурызда Ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде «Алғысымды білдіремін...» акциясы өтті. Оған осы күні келген оқырмандар қатысты. Келушілер кітапхана қызметкерлерінен барлық жақсылықты тілеген тілектер естіді. Оқырмандарға естелікке қазақ және орыс тілдерінде алғыс сөздер мен әдебиет пен оқу туралы атақты әлем жазушыларының сөздері жазылған біздің кітапханамыздың визиткасы берілді.



«Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»

Бс, 28/02/2019 - 11:43 — admin

27 ақпанда № 18 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушыларымен Ыбырай Алтынсарин есімімен байланысты «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» экскурсиясы өтті.

Экскурсияға қатысушылар сұхбатқа белсене араласты, ұлы ұстаз туралы ақпарат беру танымдық әрі қажетті болып шықты. Өз жерінің патроиты, ғажайып адамның зор күшімен кең далада туған, Қостанайдың орталығында орналасқан облыстың ескі мектебінің бірі бар екенін көпшілігі білмейтін болып шықты. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының қабырғасынан Қазақстан мен оның маңайындағыларға аты шыққан ғылым және мәдениет қайраткерлері, жоғары үкімет марапттарымен марапатталған жұмыскерлер, Социалистік еңбек ерлері шыққаны белгілі. Олардың ішінде: көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері – Әліби Жангелдин; жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім – Спандияр Көбеев; жазушы, ақын, журналист, «Айкап» журналының алғашқы редакторы – Мухамеджан Сералин және басқалар. Ұлттық кадрлардың қайнар көзі бола отырып, мектеп көптеген қайта құруларды бастан өткерді және бүгінгі күні Ұлы ұстаздың дәстүрін жалғастырушы болып табылады.

Сондай-ақ, оқушылар жаңа экспонаттармен толыққан Ы,Алтынсарин атындағы мұражайда да болды.

Экскурсия «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Фото



«Кинусайга» өнері

Сс, 26/02/2019 - 15:17 — admin

Жапондық шеберлер бүкіл әлемнің қолөнер шеберлеріне канзаши, оригами сияқты қызықты техникаларды сыйлаған. Бірақ жапон өнерінен туындаған бұдан басқа да түрлері бар екен.

Біртума өнер «кинусайгамен» Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушыларын Көркемсурет мектебінің оқытушысы Александр Юрьевич Рерих таныстырды. Ол өзі шеберлік сыныбын өткізді. Бұл техника құрақ кестені еске түсіреді, бірақ ине мен жіп қажет етілмейді. Сондықтан да бұл техниканы қолөнер шеберлері «инесіз құрақ» деп те атайды.

Ежелгі шеберлер сұлбасын қағазға салып, оны тақтайшаға көшірген. Содан кейін болашақ суреттің жан-жағын ойып, оны жібек жіптермен толтырған. Осылайша, әртүрлі кішкентай бөлшектерден ауқымды зат шыққан, сөйтіп ол ерекше әдемі суретке айналған.

Уақыт өзгереді, материал өзгереді, бірақ түп-төркіні сол – адамдарға әдемілік жасау және сыйлау болып қала береді. 8 наурыз мерекесі жақындап келеді, балалар өздерінің сыйлықтарын (анасының фотосына жақтау) бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, осы техникада жасаймыз деп шешті.

Фото



Фетрдан жасалған телефон тыс

Сс, 26/02/2019 - 15:13 — admin

Мне подарили новый телефон –
Он очень современный.
Чехол красивый для него
Сошью я непременно!

25 ақпанда Өнер әдебиеттері бөлімінде Қосымша білімді дамыту аймақтық орталығының «Волшебники» изостудиясының балалары қонақта болды. Олар ұялы телефонға арналған тыс жасады. Әрине, сатылымда әртүрлі тыстар жетерлік, күн сайын әдемі, сәнді, ерекше тыстар ойлап табуда, бірақ өзіңнің талғамың бойынша бірегей тыс табу қиын.

Тысты былғарыдан, жасанды былғарыдан немесе жүн матадан тігуге болады екен. Немесе жылы, ыңғайлы әрі жайлы материал — фетрдан да тігуге болады.

Біздің қонақтарымыз өз қолдарымен керемет аксессуар жасап шықты.

Фото



Сөйлейтін қағаз

Сс, 26/02/2019 - 15:07 — admin

Қағаз сөйлей ала ма? Оғаш сұрақ… Біз оған бір нәрсе жазсақ, сонда мүмкін… «Оригами» үйірмесінің балалары 23 ақпанда қағаздың сөйлей алатынына көз жеткізді.

Қағазды сөйлей алуға үйретудің қарапайым тәсілі — оған ауыз жасап беру. Біздің үйірме қатысушылары дәл осылай жасады.

Шаршы мен үшбұрыштан олар қозғалатын бақылдақ бақа мен қу түлкіні жасады. Бұл жануарларды жасау техниканы ұқсас, қағаздың түсіне қарай әркім кейіпкерді өзінше таңдады. Кімде жасыл түсті қағаз болса, олар үйректермен бірге оңтүстікке ұшпақшы болған саяхатшы бақаны жасады, ал сарғылт қағазы бар балалар оқтауымен қу түлкіні жасады.

Ал содан соң!.. Түлкінің бір күні «орындықта жатып, құйрығын орындықтың астына, ал оқтауын пештің астына қойып...» деген әңгімесі Бақылдауық бақаның оқиғасынан қызықсыздау болды.

Кейіпкерлер тірілген кезде, кітап оқу да қызықтырақ!



Сундучок историй

Сс, 26/02/2019 - 15:03 — admin

23 ақпанда «Сундучок историй» театр студиясының кезекті сабағы өткізілді. Балалар «Сезім» еліне саяхат жасады.

Көрермендерге өзінің кейіпкерінің сезімі мен эмоциясын жеткізеру сөзі мен өнерін меңгерсе, әртіс көрермен үшін қызықты әрі түсінікті болмақ.

Сиқырлы елде балаларға әртүрлі тапсырмалар орындауға тура келді. Бұл артикуляциялық-саусақпен жасалатын «борсық», «арық», «сыбызғы», «терезе» сияқты жаттығулар. Олардың аттары ғана күлкілі, ал орындау қиын болып шықты. Сондай-ақ, «сиқырлы орындықта» отырып жұмыс үстелінде отырған Президентті, ренжіген Буротиноны, гүлдерден шырын жинаған араны салды.

Айбар Карбозов пен Даша Небоганы жаңылтпаштар жігерлендірді, олар өздерінің жаңылтпаштарын оқыды, және бұл керемет болды.

«Жаңбырдан соң», «Досыңмен кездесу», «Қуаныш биі» этюдтері біздің әртістеріміздің күнделікті тұрмыстағы әртүрлі жағдайларды ойнауға дайын екендіктерін көрсетті.

Саяхаттың шарықтау шегі «Қағазды жырту» ойыны болды. Әуелі қағазды жыртып, майыстырып, лақтыруға рұқсат етілді, содан соң оны жинау керек, ал не істеу керек, сөз бердік! Ойын жас әртістерге еркінсуге, теріс энергия мен агрессивті күштен арылуға септігін тигізді. Ең бастысы — берілген уәдені орындау, сөзде тұру.

Фото



Сөнген шоқ... Өшкен арман... тек сенен... есте қалған

Ср, 20/02/2019 - 16:16 — admin

Өмірде қандай қиын жағдай туындамасын, мыңдаған жанды қыршыннан қиған қандай қантөгіс соғыс болмасын адам жанына шипа берер әндерден көрініс табады. Сол сияқты бұл тұрғыда кеңес Одағының ауған эпопеясы да назардан тыс қалған жоқ. Ауғанстанда кеңес әскерлерін «Шурави» деп атаған, өздерін өлең жолдарында және музыкалық шығармашылықта айқын көрсеткен. Олардың қаламдарынан жүрек қылын тебірентер көптеген шығармалар шыққан.

Время выбрало нас,
закружило в афганской метели...

- деп өздері туралы ән шырқаған Юрий Кирсанов пен Виктор Верстаков, Валерий Петряев пен Игорь Морозов, Виктор Куценко мен «Каскад» және «Голубые береты» топтары — ауған соғысы әндерінің ең алғашқы шырқаушылары және 19 ақпанда Өнер бойынша әдебиеттер бөлімінде өткізілген әуенді сағаттың басты кейіпкерлері болды.

1987 жылы шыққан «Пусть память говорит» және «Время выбрало нас» альбомдарына жинақталған әндерде авторлар сөзі мен әуені жағынан өзіндік ерекшелігін белгілейді. Бұл күйтабақтар бүгінгі күні сирек кездеседі, оқырмандар кітапхана қорында бар 1980 жылы Ауғанстанда жасалған жеке деректі жазбаларды тыңдай алады.

Әуенді сағатқа Шырақбай Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының 105 оқу тобының курсанттары қатысты.

Фото



Жарияланбаған соғыс жарасы

Дс, 18/02/2019 - 14:59 — admin

2019 жылдың 15 ақпанында кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толды. Қызметтік борыштарын орындауда жоғары рух күшін жұмсағандарға сыйластықтың нышаны ретінде кітапханашылар «Жарияланбаған соғыс жарасы» іс-шарасын өткізді. Іс-шараға интернационалист-жауынгерлер - Павел Анатольевич Ксюх, Юрий Николаевич Азаров, Андрей Геннадьевич Плотников қатысты.

«Әскерге шақыртылғанда, соғысқа тап болатындарыңызды білдіңіздер ме?» деген сұраққа, олар басында Ауғанстанда болып жатқан соғысқа тап болатындарын білмегендерін айтты. Ол жаққа барғандарын олар жеңіл қабылдаған, өйткені олар жас болды. Тек қана Юрий Николаевич Азаров әскери бола тұра, ауған соғысына бөлінгенде, оны не күтіп тұрғанын білді.

Қонақтар алыстағы елдегі қиын қызмет туралы балаларға мазмұнды және қызықты айтып берді. Олар әскерге әртүрлі жылдары шақырылды, бірақ бүгінгі күні оларды сол соғыста қалыптасқан бауырластық біріктіреді. Қонақтар балаларға Отанды сүюге, спортпен айналысуға кеңес берді.

Іс-шараға «Ауған соғысының жаңғырығы» кітап көрмесі безендірілді, деректі фильм көрсетілді.

Мұндай кездесулердің маңызы зор — жас ұрпақ сол соғыс туралы қатысушылардың өз ауыздарынан естулері оларға оң әсер етеді.

Фото



Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы

Дс, 18/02/2019 - 14:36 — admin

2019 жылғы 15 ақпан өнер бөлімінде «Шәкен Айманов - қазақ киносының саңлағы» кино сағаты өтті. Шараға № 9 орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты.

Биыл Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл толды. Қазақстан тарихына танымал актер, театр және кино режиссері, ұлттық кино өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі ретінде танымал тұлға.

Бала Шахкәрімнен - «қазақ киносының атасы» Шәкен Аймановқа дейінгі өмірімен, КСРО Халық әртісі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың шығармашылық өмір жолымен танысты. Осы іс-шара жас ұрпаққа қазақ кино өнеріне, Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйсіспеншіліктерін арттыру деген мақсатымен өтті.

Балалар іс-шараға дайындаған кітап көрмесімен танысты.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 113 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана