Новости


Наурыз құтты болсын!

Жм, 16/03/2018 - 15:23 — julia

Кітапхана құттықтаулары… терезелерде! Наурыз мейрамы қарсаңында кітапхана терезелері кітапхана маңынан өтушілерге көктемгі жақсы көңіл күй сыйлайтын көбелектерге, кітаптар мен гүлдерге толып, терезелерге жан біткендей болды. Кітапхана барлық қостанайлықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен, жаңа арман, жаңа үміт беретін көктем мерекесімен құттықтайды!



Наурыз — достық пен әдемілік мерекесі

Жм, 16/03/2018 - 15:09 — julia

Көктем — керемет жыл мезгілі! Адамдар шаттанып, табиғат оянатын уақыт. Қазақстанда Наурыз мейрамы — көктемгі жаңару мерекесі 21 наурыз күні тойланады. Халықтың ұлы күнге және де осы уақытта болатын іс-әрекеттің бәріне деген қарым-қатынасы ерекше болады. Яғни адамдар шаруашылығын дұрыстап, арықтарды тазалайды, үй иелері сәнді киімдерін киіп, жыл бойы молшылық жыл болсын деп, мерекелік дастарханды бай етіп жаюға тырысады. Бұл күні бата-тілек алу өте маңызды. «Барлық бастамаларға жетістік болсын» және «жеріміз құнарлы болсын» деген сияқты тілектер Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында да айтылды. 15 наурыз күні Наурызды тойлау құрметіне Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталықтың балалары үшін «Наурыз — достық пен әдемілік мерекесі» деген атаумен ойын-сауықтық бағдарлама ұйымдастырылды.

Кітапхана Мемлекеттік «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, қазақ халқының салт-дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатын басшылыққа ала отырып іс-шара өткізді.

Салт-дәстүрлер туралы әңгімеден кейін балалар «Өлең айту жарысы қалай аталады?», «Келіншектің мерекелік бас киімін ата» деген сияқты сұрақтарға жауап беріп, мерекенің басты тағамы «Наурыз көженің» құрамы мен ұлттық тағамдарды атады; Сипатталуы бойынша ұлттық ойындардың атауын тапты. Сонымен қатар «Орамал тастау», «Қыс пен жаздың дыбысын сал» ойындарына қызыға атсалысты. Іс-шара соңында Үркер тобының «Наурыз» әніне билеп, мерекелі көрмеге ұсынылған кітаптарды қарады.

Фото



Наурыз мейрамы

Бс, 15/03/2018 - 14:43 — julia

14 наурыз күні Наурыз мейрамы қарсаңында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 9 мектептің оқушылары үшін «Қазақ киім әшекейлерінің сакралды мәні» атты танымдық бағдарлама болып өтті.
 
Наурыз мейрамы — салт-дәстүрді еске алу үшін жақсы себеп, өйткені біздің ата-бабаларымыздың адамгершілік өсиеті мен даналығы осында жинақталған. Қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпында әйел рөлі маңызды. Ал қандай әйел ұлттық зергерлік бұйымдарсыз болады. Қазақ ұлттық әшекейлері ұлттық мәдениет пен тарихтың недәуір бөлігін құрайды. Қазақ зергерлерінің зергерлік мәдениетінің негізгі бағыты — әйел әшекейлері. Қазақтар дүниеге келгеннен о дүниелік болғанға дейін түрлі әшекейлер түрін тағып жүрген және әшекейге қарап, оның тұрмысқа шыққан, шықпағандығын, неше жаста және қай рудан екендігі жайлы бәрін анықтауға болатын болды.
 
Тұмар түріндегі алғашқы әшекейді сәби кезінде қыз балаға таққандығы туралы, түрлі бойтұмарларды баланың аяғына немесе қолына байлағаны және олардың тақияларына тігіп немесе бас жақтарына ілгендері туралы балаларға мәлімдеді. Қыз бойжеткен сайын сәнді және ауыр әшекейлер таққан. Сондай-ақ олардың саны да арта түсетін болған, дәулетті отбасыларынан шыққан қыздар салмағы 3 кг-нан асатын күміс жинақтарға ие болған. Тұрмысқа шыққаннан кейін әйелдер әшекейлерін қарапайым әшекей түрлеріне ауыстыратын болған.
 
Іс-шараға Қазақстанның зергерлік өнері туралы кітаптар көрмесімен қатар, қыздар қызыға салып көрген, ұлттық зергерлік әшекейлер де қойылды.
 
Кітапхана қызметкерлері мен балалар қатысқан флешмоб іс-шараның жақсы жетістігі болды. Флешмоб НАУРЫЗ мейрамына арналды. Флешмобқа қатысушылардың бірігуі арқасында барлық қазақстандықтарды келе жатқан көктем мерекесімен құттықтап, НАУРЫЗ деген жазумен стенд ұйымдастырды.
 


Көктемнің сұлу сазы

Жм, 02/03/2018 - 16:36 — julia

Осындай атаумен 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мереке өтті. Ойын-сауықтық бағдарламаға Арузат Әбішева, Юлия Зуева, Оксана Тушинская, Елизавета Мосенцова, Диана Сейтмаганбетова, Кристина Пицентий және басқа «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталығының» қыздары қатысты. Қатысушылар «Аспаздық», «Жаңа шаш үлгісі», «Жарығым, айнам менің, айтшы» сияқты және басқа қызықты байқауларға қатысуға, өзін көрсете білуге мүмкіндік алды.

Кітапхананың оқу залында адамзат баласының керемет бөлшегіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында балалар 8 наурызға арналған мерекелік бұйым жасады.

Мереке қатысушылардың көңілінен шықты.

Фото



Алғыс айту күні

Бс, 01/03/2018 - 16:50 — julia

1995 жылы 1 наурызда әлемде теңдесі жоқ Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 2016 жылдан бері бұл күні Қазақстан Алғыс айту күнін атап өтеді. Халық мақтан тұтатын көпұлтты Қазақстан отбасы — бұл бірнеше көші-қон толқындарының нәтижесі. Республикаға әр жылдары бірсыпыра этнос көшірілді және олардың бәрі Қазақстанда орнығып, өмір сүрді. Бұнда бүкіл халықтың орасан еңбегі зор. Сондықтан арнайы мерекенің құрылуы – ол барлық этностардың бір біріне және сол адамдарға өз туғандарындай мейірімділік танытып, қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні.

«Өз тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт» - мерекенің негізгі негіздемелерінің бірі. Бұл күннің мақсаттарының бірі – өскелең ұрпақ бойында азаматтық толеранттық, достық және бір-біріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, сонымен қатар Қазақстандағы ұлтаралық байланыс пен этносаралық келісімді нығайту.

Бұл күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени орталығының төрағасы Холметов Эргашвой Эрматовичпен кездесу өтті. Эргашвой Эрматовичтің қайырымдылық қызметімен айналысып жүргеніне 13 жылдан артық уақыт өтті, ол шығыс медицина ғылымдарының докторы, профессор. Ол балаларға біздің қаламызда ұлттық орталықтың нешінші жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандығы және орталықта немен айналысатындары жөнінде, сондай-ақ тәжік халқының дәстүрлері туралы айтып өтті. Оның ұлттық аспап – дойрада ойнауы балалар арасында қызығушылық тудырды, лектор асқан шеберлікпен күй ойнап, қазақ, тәжік және орыс тілдерінде ән салды.

Сонымен қатар кітапханада күні бойы «Ақ ниетпен – пәк жүректен» атты акция өтті. Бәрімізде жақсы мәнердің мағынасын, күнделікті өмірде оның қажет екенін жақсы білеміз, алайда алғыс айтуға келгенде мағынасын терең қабылдамай, әлдеқалай айта саламыз. Дегенмен алғыс білдіру сөздері құдіретті қасиетке ие – сол сөздер арқылы адамдар бір-біріне сый-сыяпат жасайды, көңілдерін білдіріп, жағымды эмоцияларын жеткізеді. Кітапханашылар күні бойы өз оқырмандарына жақсы көңіл күй сыйлады, ал оқырмандар кітапханаға деген өз алғыстарын білдіріп жазды.

Фото



Мамандық әліппесі

Ср, 28/02/2018 - 09:37 — julia

27 ақпан күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде «Мамандық әліппесі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Журналист, мәдениет қайраткері, Қазақстан және Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, «Қазына» меценаттар клубы сыйлығының лауреаты, Қостанай қаласының құрметті азаматы Жақсанов Оразалы Отынбайұлы аталмыш іс-шараның қонағы болды. Кездесуге Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 және №11 мектептердің 8-сынып оқушылары қатысты.

Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу – іс-шара міндеті болды.

Автор кітапханаға өзінің «Адамдар өмірге қонақ екен» атты кітабын сыйға тартты.

 

Фото

 



Әртіс Ажар Шәкіржановамен кездесу

Жм, 16/02/2018 - 16:53 — julia

2018 жылғы 16 ақпанда Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мемлекеттік «Рухани қазына» ішкі бағдарлама аясында «Хикаяттар сандығы» театр студиясы балалары үшін І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртісі, «Қазына» сыйлығының лауреаты Шакиржанова Ажармен кездесу өтті.

Әртіс өз шығармашылығы жайлы бірнеше қызықты оқиғаларды баяндады. Балалар нағыз әртіс болу үшін өзімен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы, дауыс ырғағын қалай «ояту» керектігі туралы біліп, шығармашылық даму жолы, өзін еркін, сенімді ұстау туралы жеке ұсыныстар алды.

Әсерлі, ыңғайлы жағдай енді бастап келе жатқан әртістерге өздерін көрсете білуге мүмкіндік берді. Балалар сабақта өздігінше үйренген өз қабілеттерін көрсетті. Әртіспен бірге сахнада ырғақтылық, мобильділік, топпен қарым-қатынас жасай білушілік сияқты қабілеттерді дамытуға бағытталған ойындар ойнады.

Кездесу соңында балалар Ажар Шакиржановаға алғыстарын білдіріп, нағыз әртіспен қарым-қатынас жасау өте қызықты болғанын, көп нәрсені үйренгендерін және әртіс мамандығы жан –тәніңмен толық беріліп жұмыс істегенді қалайтынын айтты. Алдағы уақытта «Хикаяттар сандығы» театр студиясының жас дарындарымен үлкен шығармашылық жоспар құрылған.

Фото



Күн, өмір, жарық нышаны

Жм, 16/02/2018 - 14:26 — julia

13 ақпанда Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Күн, өмір, жарық нышаны» деген тақырыппен ақпараттық бағдарлама өтті. Қаланың жас тұрғындары Қазақстанның мемлекеттік нышандары, геральдиканың жасалу тарихы туралы өз білімдерін кеңітіп, викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шара соңында АЛАУ телеарнасының өкілдері балалардан сұхбат алды. № 15 балабақшаның ересек тобының жас патриоттары астананың және біздің қаланың көрікті жерлері туралы, ауқымды құрылыстары туралы, ЭКСПО туралы, біздің қаламыздың мейірімділігі, көпұлттылығы мен толеранттылығы туралы көп біліп, қызықты етіп жеткізе біледі екен.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 140%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 155 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана