Новости


Отан қорғаушылар күні

Дс, 06/05/2019 - 13:29 — Ольга А



Қаһармандық, ерлік, намыс

Сн, 04/05/2019 - 10:28 — Ольга А

Әрбір халықтың ұмытпайтын оқиғасы, атаулы күні болады. Барлық қазақстандықтар үшін бұл күн Ұлы Отан соғысы болып табылады. 2 мамырда мереке қарсаңында Қостанай аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталықтың балалары үшін Отанын қорғау үшін қолдарына қару алған кеңес одағы халқының ерлігі мен соғыс тарихына арналған ерлік сағаты өткізілді. Соғыс тарихының кадрлары балаларды соғыс жылдарындағы оқиғаларды басқа қырынан қарауға мүмкіндік берді. Соғыс барлық отбасына, көптеген адамдардың тағдырларына енді. Әрбір отбасында сақтаулы тұрған тарих арқылы біз соғысты еске аламыз. Еске ала отырып, біз адамзаттық тектіліктің, кеңес сарбазының ерлігі мен қаһармандығының бүтін бір тарихи бетін ашамыз. Сондай-ақ, біз қазақстандық мерейгерлер - Ә. Молдағулова, Р. Қошқарбаев туралы да айтып өттік. 2019 жылы олар 95 жасқа толар еді. Мұндай іс-шаралар ерлік пен қаһармандықты, Отанға, халыққа деген сүйіспеншікті сезіне білуге, біз осы соғыс батырларының естеліктеріне лайықтымыз ба, біз солар сияқты ержүрек, батыл бола аламыз ба деген сауалдар төңірігінде ойнануға мәжбүрлейді.

Фото



Уақыттың өз жады бар

Жм, 03/05/2019 - 16:48 — Ольга А

3 мамырда кітапхананың акт залында Ұлы Отан соғысы туралы «Уақыттың өз жады бар» элегия кеші өткізілді. Шақырылған бозбалалар мен бойжеткендер Ю. В. Друнина мен Б. Ш. Окуджаваның шығармашылығымен танысты. Бұл авторлармен таныстық кездейсоқтық емес, 9 және 10 мамыр күндері оларға 95 жыл толар еді. Бұл авторлардың соғыс тозағы арқылы өткен өлеңдері мен әндері соғыс туралы кез келген оқулықтардан артық айтады. Соғыс туралы кинофильмдердегі Ю. В. Друнинаның өлеңдері оқылып, Б. Ш. Окуджаваның әндері әуеледі: «Белорусский вокзал» - «Здесь птицы не поют…» әні, «Женя, Женечка и «Катюша» - «Капли датского короля» әні. «Майдандағы тағдырлар» көрме-реквиемі іс-шараны толықтырып тұрды, көрме майдангер-жазушылар - В.П. Астафьевтің, Б.Л. Васильевтің, Ю.В. Бондаревтың, Б.Ш. Окуджаваның, Ю.В. Друнинаның соғыс туралы көркем шығармаларымен таныстырды.

Фото



Тілегіміз бір болса...

Бс, 02/05/2019 - 15:50 — Ольга А

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кіші оқырман залында «Тілегіміз бір болса...» этно-көрмесі безендірілді. Көрме бөлімдері қостанайлық ақындардың достық туралы өлеңдерінен құрылды:
1. Весело достар живут,
Дружно песенки поют.
«Сау бол» друзьям мы скажем,
О полянке все расскажем.
2. Дом готов! Он для друзей
Открыт и днем, и ночью,
Есть беседка для гостей,
Приходите — встречу!
Көрмеге 23 кітап қойылды: «Народы Казахстана», «Достық туралы ертегілер», «Моя Родина – Казахстан».

Бір шаңырақ астындағы әртүрлі ұлттардың мүсіндерінен құрылған достық шеруі көрменің сәнін келтірді. Балалар мүсіндердің ұсынған әртүрлі ұлттардың — корейлердің, армяндардың, қазақстардың, орыстардың, украиндықтардың киімдерін қызығушылықпен тамашалады.



Достық әуендері

Сс, 30/04/2019 - 08:34 — Ольга А

29 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Достық әуендері» концерті өткізілді. Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері Сыркин Александрдің (балайка), Кириллов Егордің (гитара), Распетюк Владиславтың (балайка), Беляев Георгийдің (гитара), Баскаков Андрейдің (балайка) орындауларында сүйікті музыкалық әуендер ойналды: украин халық әні «Ніч яка місячна», Е. Брусиловский «Қыз арманы», Ф. Минисетти «Вечер в Венеции», И. Гайдн «Шутка» және басқалар. Гитара мен балалайка концертмейстер Екатерина Банникованың сүйемелдеуімен әуеледі (пианино).

Фото



Азия жүрегі

Дс, 29/04/2019 - 15:46 — Ольга А

29 сәуірде Халықаралық би күні атап өтіледі. Көрші екі елдің мәдениетімен таныстыруды біз халық би өнерімен шектедік, осы өнер түрімен Қазақстанға да, Өзбекстанға да таныс өкілдері - Шара Жиенқұловамен және Тамара Хануммен, заманауи би ұжымдарымен және осы заманғы жұлдыздармен таныстырылды, қазақ және өзбек билерінің ерекшеліктері туралы айтылды. «Өнер халықты байланыстыратын нәзік жіп сияқты, ол достықты бұзатын бір де бір күш жоқ», - бұл Тамара Ханумның сөзі, айтпақшы, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңына дәл айтылғандай.

Фото



VI «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауы

Бс, 25/04/2019 - 16:15 — admin

Кітапханада қазақстандық кітаптарды оқу мен кітап оқитын балалар мерекесі өтті. 24 сәуірде Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында VI «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауының финалы өткізілді.

Байқау «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Рухани қазына» мемлекеттік кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

«Сөз құдіреті» - бұл 12-13 жастағы балалардың прозалық шығармаларды мәнерлеп оқитын байқау. Мақсаты — жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке қызығушылығын ояту, әртістік дарыны бар балаларды анықтау мен қолдау көрсету. Финалда аудандық және қалалық турлардың жеңімпаздары, дарынды, оқитын балалар өнер көрсетті.

Байқау Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылды. Балалар байқауға тыңғылықты дайындалған, сахналық образды декорациялар мен тақырыптық төлсипаттар толықтырып тұрды.

Байқаудың қазылар алқасының құрамы: Александра Ильинична Суслова – ұстаз, қоғам қайраткері, балаларға арналған кітаптардың авторлары; Дариха Туребаевна Дюсибаева – Л. Толстой атындағы Облыстық кітапхана директоры; Елена Анатольевна Астафьева – Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлім жетекшісі; Айнур Эдрисовна Сулейменова – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика және қатынас менеджменті кафедрасының оқытушысы және қазылар алқасының төрайымы - Ирина Викторовна Шевко – Қостанай облысы Мәдениет басқармасының ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі бөлім жетекшісі. Қазылар алқасы көптеген қатысушылардың тыңғылықты дайындалғандарын атап өтті — олардың сөйлеу сауаттылықтары, оқу мәдениеттері, дауысты қоюлары, әртістік шеберліктері қалыптасқан.

Номинацияларға ие болған қатысушылар: Бағланқызы Жанел, Қостанай қ., – «Мұра»; Кұрманғазықызы Шапағат, Қостанай ауданы - «Әртістігі үшін»; Кумарова Камила, Ұзынкөл ауданы - «Таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі»; Им София, Қостанай қ. - «Жарқын сахналық образ». «Кітапхана таңдауы» арнайы сыйлығымен Қарасу ауданынан келген Анишкевич Ева марапатталды.

Байқаудың жеңімпазы Амангелді ауданынан келген Жолтай Әлмашевтың «Бір жанар бөрі жанар» шығармасынан үзінді оқыған Тұрлығұлова Дарина ие болды. Екінші орынды Қостанай қаласынан Ділдар Мамырбаеваның «Тетя Дина, дети и я» шығармасынан үзінді оқыған Қостанай қаласынан Кириллов Владислав алды. Үшінші орын Әлия Баяндының «Сказки для маленького Ельжана» кітабынан үзінді оқыған Жітіқара ауданынан келген Ислана Изтлеуоваға бұйырды.

Байқаудың барлық қатысушылары мен қонақтары үшін жас әртістер Рамазанова Мерей, Ертас Гаухар және Ильдинбаева Дананың орындауларында әсем әндер шырқалды.

Фото



Cау болуға тыйым сала алмайсың

Сс, 23/04/2019 - 09:38 — Ольга А

«Денсаулығыңды күт» - бұл сөзді біздің әрбіреуіміз бірнеше рет естідік. Біз келісеміз, бірақ өз денсаулығымыз үшін ештеңе де істемейміз. Жылдың 365 күні сау болып жүру үшін не істеуіміз керек? Бұл үшін еңбектенуіміз қажет. Салауатты өмір салтын ұстанумыз керек, дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу керек, өмірге қуана білу керек. Денсаулықтың жақсы болуының кепілі дұрыс тамақтану болып табылады. Қалай дұрыс тамақтану керек? Сапалы тамақ пен сапасыз тағамды қалай ажыратуға болады? Осылардың барлығы туралы №2 ОМ 8 сынып оқушылары үшін №1 емхананың психологы Хакимова Виктория Бурикуловна айтып берді. «Cау болуға тыйым сала алмайсың» іс-шарасы ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде өткізілді. Оқушылар дұрыс тамақтану туралы видео көрді, тақырыпқа сай әдебиеттерге шолуды тыңдады. Ұсынылған әдебиеттердің ішінде Геннадий Малаховтың «Золотые правила питания», «Медицина для вас» сериясынан «Витамины и витаминотерапия» кітаптары, сондай-ақ 2017 жылғы «Ойла» журналының 1 номеріне шыққан Мария Валяеваның «Когда я ем: как работает пищеварение» мақаласы болды.

Фото



Гогольмен жайдақ арбада

Сс, 23/04/2019 - 09:35 — Ольга А

2019 жылғы 1 сәуірде ең тылсым әрі жұмбақ орыс жазушысы Н.В.Гогольдің туғанына 210 жыл толды. Осы күнге орай біздің кітапханамызда «Гогольмен жайдақ арбада» кітап көрме-әдеби галерея безендіріліп, осы тақырыпта іс-шара өткізілді.
Кітаптардан бөлек көрмеде оқырмандарды өздерінің білімдерін текеріп көруге арналған сұрақтар күтіп тұрды. Мысалы, «Ұзақ шырқалған әннен кейінгі таң» («Ночь перед Рождеством»); «Тірі дене» («Мёртвые души») ауыстырма- сұрақтар.
Көрме сөрелеріне жапсырылған портреттер — бұл Гогольдің кейіпкерлері. Оларды да тану керек болды.
Гогольдің кітаптарын тарақтап отырғанда, нәзік сезім мен ерткін ойлауды үйренуге болады. 12 сәуірде Б.Момышұлы атындағы № 5 мектептің 9 сынып оқушылары үшін іс-шара өткізілді.
Тоғызыншы сынып оқушыларына В.И.Дальдің сөздігімен жұмыс істеу, Гогольдің шығармаларындағы ескі сөздердің түсіндірмесін табу қызықты болды. Мысалы, кокурки — бұл майқоспа нан, хлопанцы — туфли және басқалар.
Қатысушылар бұл тапсырмаларды керемет орындай алды. Іс-шара балалардың классиканы оқитынын көрсетті.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 126 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана