Новости


Жүректен жүрекке

Бс, 14/02/2019 - 16:48 — admin

12 ақпанда «Рухани қазына» Мемлекеттік кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алғыс айту күніне орай Әлеуметтік қызмет көрсету аймақтық орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жүректен жүрекке» жанымен байланыс сағаты өткізілді.

Қазақстан халқының Ассамблеясын үлгі ете отырып, «қайырымдылық», «мейірімділік», «қайырымды адам» түсініктерінің көпқырлылығы ашылды.

Біздің кездесуіміз жылы достық жағдайында өтті. Осындай іс-шаралар толеранттылыққа, басқа ұлттың адамдарына деген сыйластыққа тәрбиелейді деп сенеміз.

Фото



Аққаланың туған күні

Ср, 30/01/2019 - 16:48 — admin

Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп-үшкір,
Көзі көмір, қап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға
Келгендей-ақ ол мұнда.

Міне, біз, Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінің кітапханашылары қаңтар айындағы оригами бойынша шеберлік-сыныптарын аққалаға арнадық. Бірнеше жылдан бері аққаланың туған күні 18 қаңтарда аталып келеді. Кеше бізде №14 мектептің мектеп алды даярлық тобының балалары қонақта болды. Олардың қандай аққала жасағанын, қараңыздаршы, сонымен қатар олар оригами өнерімен де танысты, қағаздан әртүрлі пішіндер жасады. Тағы айта кетерлігі, біздің бөлімнің сөрелерінде балаларды сурет салуға, жапсыруға, фокус жасауға, қолдан әртүрлі заттар жасауға үйрететін кітаптар күтуде.

Көбісі кітапханға бірінші рет келіпті, біз олардың өздері үшін жаңа, қызықты әлем ашты деп үміттенеміз. Барлық білімқұмар балаларды Өнер жөніндегі әдебиеттер бөліміне шақырамыз!

Фото



Өмірі де, өнері де өнеге

Дс, 28/01/2019 - 16:07 — admin

25 қаңтарда өнер бөлімінде қазақтың тұңғыш біртуар суретшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы республикалық мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбілхан Қастеевтің - 115 жылдығына орай «Өмірі де, өнері де өнеге» атты деректемелік баяндама өтті. Осы іс-шара М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысуымен өтті. Балаларға, Ә.Қастеев шығармашылығы сан қырлы екенін айтылып, осы суретшінің туындыларымен танысты. Біздің бейнелеу өнерімізде кескіндеме сыни сурет саласының да тұнғыш тұсауын кескендердің бірі – Әбілхан Қастеев. Олар: Ш.Уәлиханов, Абай, Жамбыл Жабаев портреттері барын, ең үздік портреті А.Иманов портреті екенін айтылды. Суретшінің туындылары еліміздің көркем шежіресіне айналғанында құлақдар екенін білдірді. Балалар осы суретші туралы мағлұматты қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарына жауаптарын алып, көптеген кітаптарын көрмеден тамашалады.

Фото



Түзу жолдан адаспа, досым!

Бс, 24/01/2019 - 16:02 — admin

24 ақпанда мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде №2 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушыларымен қазіргі кездегі жаһандық проблема – терроризмге арналған, «Түзу жолдан адаспа, досым» сұхбат-диалогы өткізілді.

Біз аудиторияны мына түсініктермен таныстырдық: «келісім», «гуманизм», «толеранттылық». Терроризм – күш көрсету арқылы өздерінің мақсаттарына жетуді көздейтін, ұйымдасқан адамдардың жасайтын аса ауыр қылмыс. Жиналғандардың назарын біз Бесланда болған қайғылы жағдайға аудардық. Осыған байланысты «Захвачена школа, захвачены дети...» бейнеролигі көрсетілді.

Балалар сұхбатқа бей-жай қарамады: әңгімеге белсене араласты, өз пікірлерін айтты, ешкім де басқа адамды ренжітуге құқығы жоқ екенін, бір-бірлеріне сыйластықпен қарайтындарын айтты.

Фото



Сундучок историй

Сс, 22/01/2019 - 15:03 — admin

19 қаңтарда «Сундучок историй» театр студиясының кезекті сабағы өткізілді. Балалар қазақстандық авторлар Зира Наурызбаева мен Лилия Калаустың «В поисках Золотой чаши» қиял-ғажайып шығармасымен танысты.

Зира Наурызбаева – мәдениеттанушы, сценарист, мифолог, қазақ халық мәдениетін насихаттаушы және көпшілікке таратушы.

Лиля Калаус – филолог, блогер, жазушы және «Книголюб» журналының баспашысы, 2019 жылы өзінің елу жылдық мерейтойын атап өтеді.

Кітаптың сюжеті студиялықтардың келесі қоятын спектакліне негіз болмақ, ал олар өздері пьесаның қосымша авторлары болады. Балалар сюжетке жан-тәндерімен беріліп кетті, бас кейіпкер Батуды олар біздің сахналық қойылымымыздың кейіпкері Алдар Көсеге ұқсатты.

«В поисках Золотой чаши» кітабының кейіпкері – қарапайым қалалық бала. Бір жағдайларға байланысты ол қызықты әрі қауіпті оқиғаларға тап болады. Массагеттер ханзадасы – Аспармен бірге олар ертеде жоғалып кеткен, құпияға толы, даналық пен әділдіктің қасиетті Алтын тостағанын іздеуге аттанады.

Балалар кітап кейіпкерлерін не күтіп тұрғанын шығарманы аяғына дейін оқығанда білетін болады.



Қар адамдары

Сс, 22/01/2019 - 14:59 — admin

Қыс мезгілі ғажайып бір ертегі іспеттес, әр аулада сиқырлы таяқшаның бір сәтінен пайда болғандай, қар адамдары — Аққалалар пайда болады. Балалардың жақсы көретін Аққаласыз қандай қыс болады?

18 қаңтарда аталып өтетін Аққаланың мерекесінің бар екенін сіздер білесіздер ме? Бұл күнді ойлап тапқанда, басқа да қаңтардағы мерекелермен сәйкес келіп қалмайтындай етуге тырысқан. 8 бен 1 сандары сыпырғышпен тұрған аққалаға ұқсайды, сондықтан да оларды есте сақтау қиын емес. Мерекені немістің аққаланың коллекциясын жинаушысы Корнелиус Грэтц ойлап тапқан.

Міне осылайша, біз 18 қаңтар сенбілік үйірмемізді Аяз атаның бас көмекшісінен бастауды жөн көрдік. Біз аққаламызды оригами техникасымен жапсырдық. Сонымен қатар Аққаланы тұзды қамырдан, ермексаздан, басқа да қолда бар материалдардан, мысалы, пластик қасықтан жасауға болады, тоқуға, фетрдан тігуге, аппликация техникасымен жасауға болады. Фотосуреттерден олардың қалай шыққанын қараңыздар.

Аққаланы жасап және де оған өзіңнің тілегіңді айтсаң, орындалады дейді. Сіздер де қыс қызығын тамашалауға уақыт табыңыздар, өздеріңіздің аққалаларыңызды жасаңыздар.

Бұл күнді бізбен бірге атап өте алмасаңыздар, көңіл-күйлеріңізді түсірмеңіздер, Украинада, Ресейде және Белоруссияда тағы бір Аққала күні бар, ол — 28 ақпан.

Демалыстарыңыз сәтті өтсін!



Бір ел - бір кітап

Сс, 15/01/2019 - 16:22 — admin



Рождестволық отырыстар

Бс, 10/01/2019 - 15:04 — admin

8 қаңтарда кітапханада «Рождестволық отырыстар» фольклорлық мерекесі ұйымдастырылды. «Сундучок историй» театр студиясының балалары көрермендерге артхаус стилінде театрландырылған қойылым ұсынды.

Рождество – өзінің салт-дәстүрлері бар жарқын мереке. Ерте заманнан бастап бұл мерекеге бүкіл отбасымен дайындалған: үйге толық тазалау жұмыстарын жүргізеді, шыршаға ойыншықтар жапсырады. Сонымен бірге, бәліштер пісіріп, шыршаны дәмді тоқаштармен, алтын жаңғақтармен, тіпті, алқызыл алмамен безендірген.

Өкінішке орай, қазір бұл дәстүр — рождестволық шыршаға тәттілер ілу, тіпті, әндермен, әзілдермен, қызықты әңгімелермен, ойындармен шыршаны айналу да ұмыт болып барады.

Біздің жас әртістеріміз мерекелік ауа-райын орнатуға тырысты, оның өткізілу ерекшеліктері мен ұсақ-түйегін айтып өтті. Оған көрермендер де атсалысты, шыны керек, өте ұялды, мүмкін, сөйлейтін Аюды, Итті, Әтешті және Домовенок Кузяны көру жат болған болар. Бәрінен де нағыз періштенің пайда болуы бәрін таңқалдырды. Ол маңызды нәрселер айтты: Рождество мерекесі барлық мерекелердің атасы екенін, ол сенуге үйрететінін, адамдар айналысындағыларды кешіре білуі, қайғысына ортақтаса білуі үшін және ортасын сүйе білуі үшін жүректі тәрбиелеуге үйретеді.

Денсаулықтарың зор болсын!

Жаңа жылдарыңызбен!

Осындай керемет тілектермен фольклорлық мереке аяқталды, барлық балалар дарынды, ал үлкендер оларды жақсы көреді деген түсінікке сенуге шақырды.

Фото



Бірге оқыған қызықты

Сс, 08/01/2019 - 16:22 — admin

4 қаңтарда Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК «Девичий мирок» әдеби отырысы аясында «Бірге оқыған қызықты» әдеби әзіл-ысқақ өтті.

Балалар әдебиетінің айрықша тобын балалар өмірінен алынған әзіл-оспақ әңгімелер құрайды. Балалар әзіл-оспағы шығармашылығымен танысу, көбінесе, бастауыш мектептегі оқу сабақтарында өтеді. 1-3 сынып бағдарламаларында К. Чуковскийдің, С. Маршактың, А. Бартоның, Н. Носовтың, В. Драгунскийдің, В. Голявкиннің, Э. Успенскийдің, Г. Остердің және басқалардың әңгімелерімен, ертегілерімен, өлеңдерімен танысуға болады. Балалар оқылымында әзіл-оспақ жазушыларының шығармалары сүйіп оқиды.

Жиналыста қатысушыларға заманауи авторлардың әзіл-оспақ кітаптары ұсынылды: К. Драгунский, А. Вербовский, В. Постников, Т. Крюковий және т.б., сонымен қатар кеңестік әдебиеттің классиктері - Н. Носов, В. Драгунский, В. Медведевтің шығармалары ұсынылды. Қатысушы қыздар бұл авторлардың сүйікті екенін және көңіл-күйді көтеретінін мойындады. Кітап көрмесі кездесуді толықтырып тұрды.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 201 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана