Балаларға арналған

Базарбайқызы, М.Әкесін іздеген ұл: әңгімелер / Базарбайқызы М; алғы сөз М. Қожахметова; суретші М. Балабекова. - Алматы: Фирма Орнак, 2015. - 175,[1] б.: сурет.

Бүл кітапта бала кейіпкерлердің басынан өткен қызықты оқиғаларын әңгімеге арқау еткен. Отбасындағы әке орны, сәбидің сезімі, арман-мұңы, ізденісі оқырман жанының нәзік пернесін дың еткізері сөзсіз. Тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, өнегесі мол.

 

Жемісбек, Т. Жанталас: повестер / Жемісбек Т; суретші В. Логинов. - Алматы: Балалар әдебиеті, 2015. - 94 [2] б.: сурет.

«Жанталас» автордың тұңғыш кітабы. Шығарма халықаралық, балаларға арналған «Дарабоз» бәйгесінде бас бәйгені жеңіп алған. Патриоттық, сезімге жетектететін бұл шығарма қазақтың жас батыры Сартайға арналған. Батырдың тұлғасы айқын, балаларға үлгі десек, қателеспейсіз.


Жеңісұлы, Е. Мынау ғазиз дүние: әңгімелер / Жеңісұлы Е; суретші А. Ерискин. - Алматы: Балалар әдебиеті, 2015. - 126,[2] б.: сурет.

Е. Жеңісұлының бұл кітабына «Дарабоз» балаларға арналған шығармалар бәйгесінде жүлде алған «Мынау ғазиз дүние» хикаяты мен бірқатар әңгімелері енді. Әңгімелер балалардың бүгінгі қиялын, дүниетанымын аңғаруға талпынысымен қызықты. Жаңалыққұмар Қабылтай, ойынпаз Дәуіржан, мақсаткер Мұқан жас оқырмандарды өз әлеміне қызықтыра тартатыны сөзсіз.


Қызыл бөлтірік: жинақ / құраст. М. Социалқызы; суретшісі Ғ.Мырзашев. - Алматы: Арда, 2006. - 213,[3] б.: сурет.

Жинаққа жасөспірімдер мен аға буын сүйсініп оқитын, ұлттық әдебиетіміздің алаң-елең шағында жазылған Әуезовтың әйгілі "Көксерек" повесі мен бүгінде осы шығармамен рухтас туған туындылар енгізілді. Бүгінгі күн биігінен қарағанда өзгеше стильмен таңбаланған шығармалар қазіргі оқырман қауымның көңілінен шығады деп үміттенеміз.

 

Сыздықов, М. Ақ басты тырна: повестер, әңгімелер / Сыздықов М; құраст. А. Құлбаев. - Алматы: Балалар әдебиеті, 2015. - 158,[2] б.: сурет.

Бұл жинақт марқұм Мұрат Сыздықовтың "Ак бас тырна" атты шағын повесі мен әңгімелерін ұсынылған. Бұндағы фантастикалық әңгімелерінің өзі бір төбе. Нені жазса да, аса ұқыпты, тілі жатық, бала психологиясын жақсы білетін қаламгердің бұл кітабы өз оқырманның табары анық. Жазушы балалар өмірінің қызықты сәттерін тілге тиек етеді. Кітап адалдыққа, туған жерді сүюге тәрбиелейді.

 

Дудар қыз: қазақ ертегісі / құраст. Қ. Жаңабаев; сурет. А. Григориади.- Алматы: Алматыкітап, 2014.- 14 бет.: сурет.

Дудар қыз ертегісі мектеп жасындағы барлық оқушыларға арналған. Ертегі оларды кішіпейімділік, жақсылық, ізгілік қасиеттеріне үйретеді. Ал егерде өмірдің ауыр жолы кездессе, соны жеңбей қоймау керектігін түсіндіреді. Дудар қыздың басына кешкен қызықты оқиғаны білгің келсе, осы кітапты қолыңа ал.

Естенов, А. Біздің батыр бабалар: балаларға арналған өлеңдер мен жұмбақтар / А. Естенов. - Алматы: Глобус, 2012.- 212 бет.: сурет.

Атының өзі айтып тұрғандай, кітаптың негізгі бөлігі балаларға арналған тарихи тілашар-әліппеден тұрады. Бұл бөлімдегі танымдық өлеңдердің, жұмбақтар мен "түсіндірме сөздік сабактарының" жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі рөлі айырыкша болар деген үміттеміз.

Сондай-ақ, "Әдептілік әліппесі", "Киелі сандар" сынды т.б. бөлімдердегі туындылардың да балалардың ой-қиялын ұштап, ізгілік пен имандылық жолына жетелері сөзсіз.

 

Жаңа заман ертегілері. 1-ші кітапша / құраст. З. Башбаева; сурет. Ж. Жаңабаев.- Алматы: Таймас, 2012.- 104 бет.: сурет.

Бұл жинаққа бүгінгі күн тақырыбына арналған ертегі-әңгімелер мен ертегі-хикаяттар топтастырылған. Кітаптың авторлары - танымал және жас қаламгерлердің қаламынан туған ертегілердің тілі жеңіл, оқиғалары қызықты, сюжеттік шешімдері тосын. Жас оқырмандарға арналған.

 

Жексенбай, Т. Бүркіттің балапаны / Т. Жексенбай; сурет. Б. Ералиева.- Алматы: Атамұра, 2013.- 96 бет.: сурет.

Қолыңыздағы бұл кітап «қырандар патшасы» атанған бүркіттің ұя салу, ұя басу, балапан шығару, оны бағып-кағу, қорғау, баулу, қанатын қатайтып қатарға косу, аң аулау сияқты таңғажайыпқа толы табиғи тіршіліғін бейнелейді. Осылайша жас ұрпакқа табиғат танытып, білім және тәрбие беруді көздейді. Сонымен қатар олардың тілін, ой-қиялы мен эстетикалык танымын дамытуға да қызмет етеді. «Бүркіттің балапаны» - бастауыш мектеп жасындағы балаларға және одан үлкендеу жастағы жасөспірімдерге арналған қызықты кітап.

Қазақ аңыз-әпсаналары / құраст.: Д. Мағұлұмов, Ә. Тауұлы; сурет. Ж. Мамырбаев; алғы сөз Ә. Тауұлы.- Алматы: Балауса, 2014.- 95,[1] бет.: сурет.

Өмірден алынып, кезінде ауызекі айтылған әңгімелердің бір тармағы - аңыз-әпсаналар. Аңыз-әпсаналар арқылы тарихты, көне дәуір тынысын пайымдауға болады.

Жинаққа балалардың түсінуіне лайықты аңыз-әпсаналар үш топқа (мекендік, күй және күйшілер, тарихи) бөлініп, топтастырылды.

Жинаққа енген Асан қайғы, Қорқыт баба, Жиренше шешен, Аяз би, Абылай хан туралы аңыз әңгімелер жастарды көрегендікке баулып, жаман әдет, жат мінездерден сақтандырады, елін-жерін сүюге талпындырады.

Қазақ ертегілері. 2 бөлім / сурет. Ж. Мамырбай.- Алматы: Балауса, 2014.- 95,[1] бет.: сурет.

Халық ауыз әдебиетінде ертегілердің орны ерекше. Ертегілерден біз бұрынғы бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, сапт-дәстүрін, ой-арманын көреміз. Ертегілерде жауыздық пен мейірімділік, жамандық пен жақсылық, арамдық пен адалдық үнемі тайтапасып, ақыр соңында соңғылары жеңіп шығады. Сол таңғажайып ертегілерге арқау болған халық қиялының негізінде бертін келе ғылым мен техника қарыштай дамып, небір ұшқыр ұшақтар, алып кемелер, сүңгуір қайықтар, айшылық алыс жерлерден әп-сәтте хабар жеткізген телеграф-теледидар, ұялы телефондар ойлап табылды. Тіпті күні кешелер «Ер Төстік» ертегісінің әсерімен ел астанасының төрінде «Астана-Бәйтерек» кешені пайда болды.

Балалардың ой-қиялын дамытып, асқар биіктерге жетелей отырып, жағымды да жарасымды жақсы қасиеттер дамытуға баулитын ертегілер топтастырылған бұл жинаққа әйгілі «Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік», секілді туындылармен қатар, ең қызықты деген тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы ертегілер де енгізілді. Кітап әсем суреттермен безендірілген.

Мәжитов, Б. Балдәурен: әңгімелер / Б. Мәжитов; сурет. В. Д. Логинов.- Алматы: Балалар әдебиеті, 2011.- 92,[4] бет: сурет.-(Жас дәурен)

Бұл жинаққа Бағдат Мәжитовтың тырнақалды әңгімелері кіріп отыр. Кітапта балалар өмірінің қызықты сәттері, олардың түсініктері мен танымдары, қиялдары мен армандары, өздеріне тән болмыс-бітімдері нанымды суреттеледі.

 

Раушангүл мен Қаршагүл: ертегі / мәтін Ағайынды Гриммдер; баяндауы мен суреттемелері Р. Сандерсондікі.- Астана: Фолиант, 2014.- 32 бет.: сурет.

Кенепте көркем суреттермен тамаша безендірілген бұл кітапта қыстың бір күнінде апалы - сіңлілі қыздармен достасқан және олардың көрсеткен қайырымдылықтарына мырзаларша алғыс айту үшін қайта оралған аю туралы әңгімеленеді.

«Раушангүл мен Қаршагүл» ертегісінің мәтіні Ағайынды Гриммдер шығармалар жинағынан алынған.


Хан Шалқан: қазақ ертегісі / құраст. Қ. Жаңабаев; сурет. Б. Джайчибеков.- Алматы: Алматыкітап, 2014.- 13 бет.: сурет.

Ертегідегі Шалқан хан өз қызының болашағын біліп алып, оны болдырмау үшін,жаман істер жасайды. Бірақ қанша тырысса да, құдайдың басына жазғаны орындалады. Хан қызының болашағымен қалай кездескені жайында білгің келсе, осы ертегіні оқы.

 

 

Сиқырлы таяқ: корей ертегілері / корей тіл. ауд. Д. Ақаш; сурет. А. Алмасбаева.- Астана: Фолиант, 2014.- 86,[2] бет.: сурет.

Әлем халықтарының барлығына ортақ қазына - балалар әдебиеті. Осы орайда кішкентай оқырмандарға корей халқының ертегілері қызықты және көркем суретпен безендіріліп ұсынылып отыр. Кітапқа 10 ертегі жинақталған. Шығармалар бала санасына лайықты тілмен аударылған.

 

Сүлейменов, Б. Күннен келген адам: повестер, әңгімелер, ертегілер / Б. Сүлейменов.- Астана: Педагогика - Пресс, 2010.- 350,[2] бет: сурет.

Публицист, жазушы Бейсенбай Сүлейменов балалар журналистикасына бұрын-соңды болмаған тың күшпен, таң-тамаша шығармашылық серпінмен келді. Оның көтерген тақырыптары жаңашыл ерекшелігімен, жұмбақ әлемге саяхатымен, әдеби көркемдігімен оқшауланып тұрады. Әсіресе, «Кечуа тайпасының үндістері», «Бес ғасыр атылмаган садақ» кітаптары оқырманды құпиясы мол Оңтүстік Американы мекен еткен туыстас халық - үндістер еліне жетелеп, олардың сырға толы өмірі мен бүгінгі тіршілігінің мәнін аша білді. Ғасырлар бойы сақталған Ұлы күштің, түркі тектес халықтардың мұхит асса да, сақталған салт-дәстүрі, тектілік белгісі, рухани жақындығының айғағы еді. Бұл - жазушының баға жетпес жеңісі, ізденісі, ешкімге ұқсамайтын шығармашылық шеберлік әлемі-тін.

Қаламгердің «Қуанышты күн», «Тентектер» кітабына енген повесть, әңгіме, ертегілері біз білмейтін, естімеген, тіпті жаңа оқиғаларға, шиеленістерге толы. Ал, жазушының «Хан шатырындағы кездесу» тарихи-танымдық, ертегі повесі қазақ балалар әдебиетіндегі тың құбылыс, соны туынды десе де болғандай. Шығармалардың оқиғалары қызықты, тілі жатық.

Тасбақа мен қоян: корей ертегілері / корей тіл. ауд. Д. Ақаш; сурет. А. Алмасбаева.- Астана: Фолиант, 2014.- 69,[3] бет.: сурет.

Әлем халықтарының барлығына ортақ қазына - балалар әдебиеті. Осы орайда кішкентай оқырмандарға корей халқының ертегілері қызықты және көркем суретпен безендіріліп ұсынылып отыр. Кітапқа 13 ертегі жинақталған. Шығармалар бала санасына лайықты тілмен аударылған.

 

 

 

Хайуанаттар туралы ертегілер сериясы. Т. 2 / жауапты ред. Б. Жонкешов; құрастр. С. Игілікқызы; суретшісі Г. Ә. Бекова.- Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту ин-ты, 2014.- 111,[1] бет.: сурет.

Қазақ және орыс ертегілерінің желісімен дайындалып, түрлі түсті суреттермен көркемделген ертегілер жинағы балалар кітапханасын толықтырады. Тілі жеңіл, қабылдауға оңай, танымдық деректері мол жинақтың балаларға берері мол.

Көркем-әдеби басылым бастауыш сынып оқушылары мен балабақша балаларына, сонымен бірге ересектердің балаларға оқып беруіне арналған.

 

Файзуллаұлы, Ә. Күй тандаған күшік: әңгімелер, ертегілер, пьесалар / Ә. Файзуллаұлы; сурет. Н. Айымбетов.- Алматы: Раритет, 2011.- 125,[3] бет.: сурет.

Халықаралық «Дарабоз», республикалық «Астана - Бәйтерек» конкурстарының лауреаты, көптеген әдеби жабық бәйгелердің жеңімпазы, жеткіншектерге етене жақын қаламгер өзінің жаңа жинағында: мына алмағайып заманда жас буынның сүрініп-қабынбай, мүлт кетпей, дұрыс жол таңдауына қалай көмекгесуге болады деген сұрақтың жауабын іздейді. Ол кім-кімді де ә дегеннен-ақ еліктіріп ала жөнелетін тартымды оқиғаларға құрылған шығарма кейіпкерлерінің күйініш- сүйініштері, қам-қарекеттері арқылы оқырманның өзі ой түйіп, өз байламын жасауға мүмкіндік береді. Ненің жақсы, ненің жаман екенін ой елегінен өткізген балдырғанды жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге талпындырады.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 158 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана