Новости


Пингвиндер мен дельфиндер

Дс, 09/10/2023 - 16:23 — Ольга А

Бүгін кітапханаға № 24 мектеп-гимназиясының 1 сынып оқушылары келді. Оларға арнап «Пингвиндер мен дельфиндер» атты іс-шара өткізілді. Балаларға Антарктиданың қатал климатына бейімделген таңғажайып жануарлардың өмірі туралы айтылды. Балалар ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, бейнероликтерді тамашалады.

#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану



Құрғақ жапырақтардан кейіпкерлер

Дс, 09/10/2023 - 16:00 — Ольга А
Ғажайып алтын күз! Бұл табиғи заттармен жұмыс жасалатын кез. Құрғақ жапырақтардан қызықты ең оңай кейіпкерлер шығады. Міне кезекті «Оригами+» үйірмесінде жасалған дүние.


Спандияр Көбеев «Орындалған арман»: мағыналық оқу

Дс, 09/10/2023 - 15:48 — Ольга А

Биыл белгілі жазушы, педагог С. Көбеевтің туғанына 145 жыл толып отыр. Осы күнге орай кітапханада 9 қазан күні жазушының «Орындалған арман» мемуарлық шығармасы негізінде мағыналық оқу өтті. Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 8 сынып оқушылары келді. Іс-шара жазушының өмірбаяны туралы бейне-роликтен басталды, әрі қарай оқушылармен алдын-ала құрылған жоспар бойынша «Орындалған арман шығармасы оқылды. Шығарманы оқу барысында балалар жазушының өмірімен тереңірек танысты, қазақ жеріндегі алғашқы ашылған мектептер туралы білді, мектептердің ашылуында Ы.Алтынсариннің сіңірген еңбегіне тағы бір мәрте куә болды. Іс-шарадан балалар С.Көбеев туралы тың мәліметтер алып, ол кісінің педаготық қырымен танысты.

#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану

 



Балалардың сүйікті жыршысы

Дс, 09/10/2023 - 09:29 — Ольга А

Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған өлеңдер галереясы. #гидқазақстанға #ГидПоКазахстану



«Қырық қызық» ауылдарына қонаққа барғанда»

Жм, 06/10/2023 - 19:19 — Ольга А

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылар бөлімінде № 24 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушыларына «Қырық қызық» ауылдарына қонаққа барғанда атты іс-шара өткізілді. Балалар ертегі кейіперлерін еске түсіріп, әдеби викториналық сұрақтарға жауап беріп, мультфильмдерді тамашалады.



Балалардың сүйікті жыршысы

Жм, 06/10/2023 - 08:50 — Ольга А

Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған өлеңдер галереясы.



Балалардың сүйікті жыршысы

Дс, 02/10/2023 - 11:02 — Ольга А

Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған өлеңдер галереясы.



1 қазан – Халықаралық музыка күні.

Дс, 02/10/2023 - 10:42 — Ольга А

Музыка әлемі - адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажап дүние. Музыкада адамның асқақ ойлары мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Назарларыңызға мерейгер-композиторларын ұсынамыз.



25 қазан – Қазақстан Республикасы күні

Жм, 29/09/2023 - 16:19 — Ольга А

13 жылдан кейін Қазақстанда ұлттық мереке - Республика күні тағы да атап өтілуде.

Мұндай мереке бірқатар елдерде, әдетте, мемлекеттің Республика болып жариялаған күні немесе Конституция қабылданған күні өткізіледі.

Атаулы күнге арналған «Таулардың, дала мен күннің өлкесі» көрмесі Қазақстанның сұлулығын – сәулеттік жетістіктерін (Бәйтерек, Хан Шатыр), сондай-ақ табиғаттың өзі сыйға тартқан байлығын ашып көрсетеді. Көрменің бір бөлімі еліміздің жазушыларына арналған, атап айтсақ, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Серікбай Оспанов, Ақылбек Шаяхметов және басқа да танымал адамдардың кітаптары ұсынылған.



«Балдай тәтті бал досы»

Бс, 28/09/2023 - 19:00 — Ольга А

28 қыркүйек кітапхана қабырғасында балаларға арналған әдеби журнал балдырғанның 65 жылдық мерекелік мерейтойы аталып өтті.  «Балдай тәтті бала досы» деген атаумен аталған іс-шараның ең басты ерекшелігі мерекемізге журналдың бас редакторы Дүйсен Мағлұмов онлайн қосылып, біздің оқырмандарымызға ерекше сый жасады. Кездесу барысында №24 мектебінің және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің оқушылары балдырғанның сыры мен тарихы және бүгінгі мен ертеңі  жайлы көптеген сұрақтар қойып, оған нақты, танымды жауаптар алды. Мерекелік кездесуіміз  оқырмандарымыздың мерекелік ән-шашуымен және бала Балдырғанның қызықты ойындарымен көңілді, қызықты аяқталды.

#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 140 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана