Ахмет Байтурсынов

Ахмет Байтурсынов

Ахмет - ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, халық бойында ұлттық сананы сақтап қалуға, алға жетелеуге ұмтылған тұлға.  Мұхтар Әуезов Байтұрсыновтың қазақ халқына жасаған  баға жетпес еңбегін ескере отырып, оны «қазақ зиялыларының  көсемі» деп атауы бекер емес.  

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады.  Патша өкіметінің зұлым саясатына, халқына жасап отырған көренеу зорлық-зомбылығына, қорлығына  төзбеген ол бауырлары Ақтас, Сабалақпен Торғай уезінің начальнигі, «кәрі ояз» атанған. Яковлевті сабап, басын жарды. Осыдан кейін патшаға қарсы шыққаны үшін он бес жылға итжеккенге айдалып кетті. Ол кезде Ахмет 13жаста болатын. Оның аман қалған туыстарының бірі Ахметті екі кластық орыс- қазақ училищесіне береді. Талай қиын-  қыстауларды бастан өткеріп жүріп оқуды аяқтайды да, іргетасын  атақты Ыбырай Алтынсарин қалаған  Орынбордағы 4 жылдық  мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. Табиғатынан талантты Ахмет қара нан мен қара суды талғажау етіп жүріп, оқуды тәмамдайды.  

1896 жылы Ахмет Ақтөбе уезінің Батпақ болысына барып, Ахметкерей Қатыбақовтың мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Біраз уақыттан кейін қазіргі Әулиекөл ауданында мұғалім болады.  Содан соң Қостанай қ. екі кластық училищеде ұстаздық етеді. 

А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің алғашқы санында: «Басқа жұртпен араласқанда өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (әдебиеті) бар жұрттарға не тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. …». Бұл сөздердің мәні әлі күнге дейін зор. 

Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілінің табиғатын, құрылымын біліп-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ол республиканың Академиялық орталығын басқарып,қазақ халқы тарихындағы алғашқы мемлекеттік университетінің филилогия профессоры болады.  

Бірақ оның жемісті ғылыми – шығармашылық  қызметі жиырмасыншы жылдардың аяғында күшпен тоқтатылды. 1929ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылады да ,ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберіледі. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясындақызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдау ымен Ахмет босатылады. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралады.Бірақ 1937 ж. қазан айындаАхмет Байтұрсынов  тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, 8желтоқсанда  НКВД қабырғасында  «халық жауы» есебінде атылған.   1988-жылы қаза тапқанына жарты ғасыр өткен соң Кеңестiк соттың шешiмiмен айыпсыз деп ақталды. Баға жетпес мұралары халыққа қайтарылды. Атақты қазақ зиялысын халық ешқашан ұмытпақ емес. Оның есімі Қостанай Мемлекеттік университетіне берілді. Қала саябағына ескерткіш қойылса, орталық көше Ахмет Байтұрсынов атымен аталады. 

А.Байтұрсыновтың сан қырлы таланты поэзия,публицистика, ғылым, басқа да мәдениет салаларында еңбек етуге мүмкіндік берді. Ол ғалым ғана емес оқулықтар авторы, аудармашы, этнограф, кіші жастағы балаларға арналған өлеңдер авторы. Оның өлеңдерін балалар ылдам аттайды, сауатын ашады.  Ахмет – кішкентайлар үшін де, ересектер үшін де Ұлы Ұстаз . Ол ғылым мен мәдениеттегі жарық жұлдыз болып халық санасында қала бермек. 

А. Байтұрсынов өлеңдерін қазақ тілінде оқуды ұсынамыз:

Оқүға Шақыру
Балалар! Оқүға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Адам да, үшқан құс та, жүрген аң да,
Жүмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.

Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақүлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы;
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!
Кұлдарын Құдай сүймес жалқау болған.


Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 74 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана