Новости


Картадағы атау

Дс, 14/11/2022 - 13:04 — Ольга А

А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Байтұрсынұлы есімімен» желілік акциясы өтті. Акцияға Қостанай облысының аудандық және қалалық кітапханалары қатысты.

Акцияның мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының есімі бар нысандарды көрсететін Googl картасын жасау.

Googl Картасы көшені немесе нысанды табу белгісінен басқа, фотоматериалдарды, нысан тарихы туралы мәтіндік ақпаратты қамтиды. Картада барлығы 23 нысан белгіленген. Ресурспен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.google.com/maps/d/edit?mid=10BzN7VtKCIWNT_U01saMOLtG7U_4bWU&usp=sharing



Әдеби бағдарлама: Паоло Тадини Бачигалупи «Кемелерді бұзушы»

Бс, 10/11/2022 - 16:47 — Ольга А

Паоло Тадини Бачигалупидің «Кемелерді бұзушы» атты жасөспірімдік постапокалиптикалық әңгімесі. Оқиға Америка континентінде өтеді. Қараңғы түпкірлерде тұратын жасөспірімдер-мұнай танкерлерді бөлшектеу арқылы күн көруге мәжбүр жұмысшылар. Басты кейіпкер Гвоздарь-кедейлікте туылған адал жігіт, жұмыс істеуге мәжбүр, жиі аштық сезімін сезінеді. Сонда да ол мейірімді және әділ болып қалады. Оған кеме апатына ұшыраған қызды құтқару жағдайы түсті. Ол оны отбасына қайтаруды өзінің міндеті деп санайды. Жасөспірімдердің қандай сынақтарға тап болатынын кітапты оқығанда біле аласыз. Кітап адалдыққа, мейірімділікке үйретеді. Ар-ождан сезімі әрқашан дұрыс, тек соның арқасында біз өз іс-әрекеттерімізді біле аламыз.



«Азаттық үшін күрес»

Бс, 10/11/2022 - 11:09 — Ольга А

2022 жылы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі және Қазақ хандығының соңғы билеушісі, сұлтан Қасымның ұлы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымовтың 220 жылдығы атап өтіледі. Қазақ халқының тарихында ол ұлтаралық қайшылықтарды еңсеруге тырысқан және халықты біріктіру үшін өз өмірін аямаған ұлы қолбасшы, саясаткер, дипломат ретінде қалады.

№18 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушылары үшін мерейтойға орай «Азаттық үшін күрес» атты тұлғалық сағаты өткізілді. Іс-шара тарих пәнінің мұғалімі Куатбаева Айгуль Серкибаевнамен бірлесіп дайындалды. Бірнеше оқушы Кенесары ханның қаһармандық өмірі туралы баяндамалар жасады. Ақпарат қызықты және өзекті болды, өйткені тарих сабақтарында балалар тарихи тұлғалармен танысады. Кездесу қызу өтті, балалар сұрақтар қойып, әңгімеге қатысты.

#балаларжылы



English Club

Бс, 03/11/2022 - 16:01 — Ольга А

Демалыс уақыты-балалардың ғана емес, ата-аналардың да көптен күткен және сүйікті уақыты! Ата-аналар үй тапсырмасынан үзіліс жасай алады, ал балалар бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Сол үшін біз не істедік?! біз жақсыны пайдалымен үйлестіру үшін бәрін жинадық! Шет тілінің ортасына қайта оралып, өзара бір-бірімен әрекеттесуден көп рахат аламыз деп шештік. Балалар әр түрлі ауысымда оқиды, сол себептен олар үйірмеге  белгілі кесте бойынша ғана келеді. Сондықтан демалыс кезінде олардың барлығын бір уақытқа жинап, ойындар мен қызықты жаттығулар жасайтын бірлескен іс-шара өткіздік.

Мен сабақты балаларды тілге бейімдеу үшін ми шабуылынан (Brainstorm) бастадым. Балалар  ДЕМАЛЫС (Holidays) сөзіне ұйқас сөздер айту керек  болды. Әрине алдынғы жауаптар берілген сөзге алыс сөздер болды, бірақ кейін жауаптар  қарқыны күшейе түсті. Содан кейін олар "сұрақ-жауап" ойынын ойнады. Балалар бір-бірінің жауаптарын қызығушылықпен тыңдады. Әр бала жасына сәйкес ойландыратын жаттығулар жасады. Содан кейін үлкен жастағы балалар тұрақты емес етістіктермен карта ойнады, ал кіші балалар УНО ойынын ойнады. Сабақ достық және көңілді атмосферада өтті.

#балаларжылы



Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин

Ср, 02/11/2022 - 15:39 — Ольга А

"Үндестік" жекеменшік мектебінің 2-сынып оқушылары үшін "Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин" атты библио-досье өткізілді. Балалар ұлы ағартушының, педагогтың, ғалым және жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты, жұмбақтарды қуана-қуана шешіп, сөздерді қазақ тілінен орыс тіліне аударды. Ыбырай Алтынсарин ертегілері мен әңгімелері арқылы балаларға жақсы мен жаманды ажыратып, еңбекті жақсы көріп, білімге қол жеткізуді үйретті.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.



"Пошташы бізге не әкелді" (бейне ақпарат)

Сс, 01/11/2022 - 16:23 — Ольга А

Кіші жастағы оқырмандарға біздің кітапханамыз мерзімдік балаларға арналған басылымдардан ай сайын бейне ақпарат жолдайды. Бүгінгі ұсынылып отырған бейнеақпаратымызда «Жыл он екі ай» атты балалар журналының қызықтарына шолу жасаймыз. Журналдан қызықтырған ақпарат көздері болса бізге келіп, сол басылымдарды сұраңыздар.



«Этнокөпірлер» халықаралық онлайн-кездесу

Жм, 28/10/2022 - 16:59 — Ольга А

2019 жылдан бастап этно-жоба әртүрлі елдерде тұратын, бірақ тамыры бір достардың кездесулерімен қуантады. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін Ресей Федерациясынан жақын көршілеріміз жоғары бағалайды. Бұған дейін Астрахань және Орынбор қалаларының қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесулер өткен болатын. 2022 жылғы 28 қазанда ОБЖК ғылыми-танымал әдебиет бөлімінде Саратов қаласының А.Пушкин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен онлайн-кездесу өтті. Оған Қостанай педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері қатысып, құдалық пен үйлену рәсімін ұсынды.



Қағаздан жасалған көлемді жемістер

Бс, 27/10/2022 - 16:12 — Ольга А

Бүгін біз әр минуты қуаныш сыйлайтын балаларға қонаққа келдік.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары (өнер әдебиеті) өздерінің фирмалық шеберлік сабағын дайындады, онда балалар қағаздан көлемді фигураларды бүктеуді үйренді. Барлығына қағазбен жұмыс істеу өте ұнады.



BOOK MIX: Жасөспірімдер кітабы күні

Бс, 27/10/2022 - 15:41 — Ольга А

Кітап әлемі – таңғажайып, сиқырлы, керемет, тартымды. Кітап әлемі құдты мереке тәрізді – арбап алады, көз қарықтырады, сиқырлап алады. Жаңа кітаппен танысу сәтінде оны көрген кезде оның кереметтігінен тоқтатқыңыз келіп тұрады. Жыл сайын, күзде біздің кітапхана жасөспірімдерді жаңа авторлармен таныстыру үшін жасөспірімдер кітабы күнін өткізеді. Биыл біз әртүрлі елдердің — Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Италия, Ұлыбритания, Германия кітаптарын бір жерге топтастырдық. Балаларға бас кейіпкерлердің эмоцияларының әсерін сезіну ұсынылды: патша сарайында әзілқой болу, детективтік тапсырманы шешу, лабиринттен шығудың жолын табу, сақтандыру арқанының түйінін дұрыс байлау және капитан Грантаны құтқару үшін бағыт-бағдарын салу және тағы басқалар. Сынақтар өте қызықты және кейбіреулері орындауға қиын соғып жатты. Барлығы белсенді қатысып, жаңа кейіпкерді түсіну үшін бейтаныс кітаптарды батыл таңдауға тырысты. Мерекелік іс-шара шулы, көңілді, эмоцияға толы өтті. #балаларжылы



Off сурет сабақтары: Бөтелкемен сурет салу

Бс, 27/10/2022 - 10:35 — Ольга А

Пластикалық бөтелкемен сурет салудың қызықты әдісі.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 115 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана