Сіз Лилия Талдың «Тарихтағы оқиғалар» «Самокат» сериясындағы «Мим» кітабын оқыдыңыз ба? Сол серияда француз жазушысы Флор Весконың «Мирелла» атты фантастикалық ертегісі жарық көрді. Бұл аңыздарды және орта ғасыр тақырыбын оқығанды ұнататындарға арналған роман. Кейіпкер – қызыл шашты, сезімтал жетім қыз Мирелла қала тұрғындарына демалыссыз су тасуға мәжбүр, қиындықтарға қарамастан, мұқтаж жандарға көмектесуге дайын. Сонымен бірге ол Өлімді жеңуге күш табады. Кейіпкермен бірге сіз ортағасырлық қаланың тар көшелерін аралап, күн қызған ыстық жолдармен серуендейсіз. Гамель қаласының тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын үйренесіз. Біз Флор Весконың «Мирелла» кітабын алуды ұсынамыз. Тылсым хикаяны оқу ләззат әкеледі, жүректеріңізді тебірентеді.
Новости
Менің елім – менің Қазақстаным
Бс, 20/10/2022 - 16:23 — Ольга АҚ.К.Тоқаев биылғы жылдың маусым айында Ұлттық Құрылтайдың отырысында 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып атап өтілуі туралы ұсыныс айтқан болатын. Мәжіліс депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Осы айтулы күн қарсаңында 20 қазанда кітапханада «Менің елім – менің Қазақстаным» танымдық сағаты өткізілді. Іс-шара мақсаты: Қазақстанның жері, рәміздері, тіл саясаты, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жеріміздің ұлы тұлғаларының еңбектерімен танысыру. Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағат барысында Республика күні мерекесінің маңызы туралы айтылды, тарихи викториналық сұрақтар қойылды, қазақ жерінің ұлы ойшылдары туралы қызықты мәлімет берілді, сондай-ақ қатысушылар назарына бейне-ролик ұсынылды, «Суретті жалғастыр» ойыны ойнатылды. Балалар көтеріңкі көңіл-күйде тарады.
#балаларжылы
Off сурет сабақтары: Картоп мөртабандарымен сурет салу
Бс, 20/10/2022 - 13:30 — Ольга АБүгін "Жас суретші" үйірмесінің сабағында балалар дәстүрлі емес мөртабан әдісімен сурет салды. Бұл мөртабан бұйра кесілген картоп болды. Бұл әдіс көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамытады және балаларға мөртабан басып шығару арқылы суреттерді салудың ең оңай әдісін үйретеді. #балаларжылы
Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарманың ІІ республикалық байқауының қорытындысы
Ср, 19/10/2022 - 17:50 — Ольга АҚостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының қолдауымен Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарманың республикалық байқауын екінші жыл өткізіп келеді.
2022 жылы Қостанай облысының авторларынан басқа, байқауға Алматы және Астана, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының жазушылары қатысты.
Байқауды кәсіби қазылар алқасы бағалады, оған педагогтар, педагогика ғылымдарының кандидаттары, баспа жетекшісі, жазушылар, кітапханашылар кірді. Ал балалар қазылар алқасының құрамында оқу көшбасшылары, түрлі олимпиадалар мен байқаулардың белсенді қатысушылары болды. Балалар қазылар алқасына облыстың түкпір-түкпірінен келген балалар қатысқаны маңызды.
Сыйлық екі номинация бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма үшін беріледі: «Қазақ тіліндегі үздік шығарма», «Орыс тіліндегі үздік шығарма». Балалар қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша бір арнайы сыйлық тағайындалды.
2022 жылғы байқаудың нәтижелері:
Балалар қазылар алқасының шешімімен – Мейіржан Жылқыбай (Алматы қ.), «Менің атым Қожа. Шуақ» әңгімелері үшін жеңімпаз атанды.
Қазақ тіліндегі үздік әдеби шығарма байқауында Мейіржан Жылқыбайдың «Менің атым Қожа. Шуақ» шығармасы жеңімпаз атанды.
«Орыс тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» номинациясының жеңімпазы – Елена Пономаренко (Қарағанды облысы), «Опалённое детство» әңгімелер жинағы үшін. #балаларжылы
«Жарқын жүздесу, сырлы сұхбат»
Ср, 19/10/2022 - 14:30 — Ольга А19 қазан кітапханада ерекше үлкен мереке өтті. Олай деуіме себеп біріншіден бұл үлкен іс-шара БАЛАЛАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА арнайы ұйымдастырылып отыр, ал екінші ерекшелігі кітапхана қабырғасында екі жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы үздік әдеби шығармалар» бойынша Республикалық байқаудың 2022 жылғы жеңімпазы сонау оңтүстік астанамыз, Алматыдан келген талантты балалар жазушысы, білікті IT маманы Мейіржан Жылқыбаймен жүзбе жүз кездесуі. Әрине біздің кітапхана және біздердің оқырмандар автормен жүзбе жүз кездеспесе де жақын таныс. Өйткені қазіргі заманауи техниканың арқасында бірнеше рет онлайн біздің оқырмандарымен кездескен болатын. Кездесуге «сөз қадірін» түсінетін мектеп мұғалімдері мен кітапханашылар және 10 мектептің, 11 мектептің 5-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жазушының ықыласты әңгімесін сүйсіне тыңдады. Сондай-ақ автор өзінің жаңа кітаптарымен таныстырып, бірнеше қызықты сұрақ қойған таңдаулы оқырманға және кітапханаға жаңа кітаптарын сыйға тартты. Корей елінде шыққан «Батыр қоян» ертегісін автор өзі дауыстап оқып беріп, ертегіні оқырмандармен бірге талқылады. Кездесу керемет «Бала тілегі» әнімен және жазушының балаларға, ал балалардың жазушыға деген арнайы әсерлі тілектерімен аяқталды. #балаларжылы
Менің жүрегімде-менің Қазақстаным
Сс, 18/10/2022 - 15:57 — Ольга А«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін 25 қазан күні Республика күнін мерекелеуге арналған «Менің жүрегімде — менің Қазақстаным» экскурс өткізілді. Балалар Отан деген не екенін анықтап, «Қазақстан әліпбиде» викторинасына қатысып, жұмбақтар шешіп, орыс сөздерін қазақ тіліне аударды. Іс-шара «Менің Отаным» бейнебаянын тамашалаумен, бір-біріне жылы сөздер тілеумен аяқталды. Іс-шарадан кейін өнер бойынша әдебиет бөлімінде балаларға шеберлік сабағы өткізілді, онда олар мерекелік ашықхатты жасады. #марафондобрыхдел #балаларжылы #zhanashirzhurek
Өңір таныған мақтаныштарымыз
Дс, 17/10/2022 - 14:28 — Ольга А«Үндестік» жеке мекемесінің 2-сынып оқушылары қазақстандық жазушыларымызға арналған «Өңір таныған мақтаныштарымыз» атты көрмені тамашалап, жерлестеріміз С.Оспанов, А.Шаяхмет, А.И.Суслова, Т.А.Кайгородцеваның шығармашылығымен танысты.
Балалар жұмбақ шешіп, достық туралы тақпақтар тыңдады. #балаларжылы
«Ел - бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін»
Дс, 17/10/2022 - 11:26 — Ольга А17 қазанда кітапханада А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ел - бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты ақындық сайысы өткізілді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. «Балаларға ерекше көңіл бөлу керек. Олардың амандығы – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі».
Қазақстан Республикасы Президентінің өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы туралы айтқанын басшылыққа ала отырып, кітап оқу мәртебесін, оқырман белсенділігін арттыру мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатымен бірлесе отырып, 9 «А» сынып оқушыларына арналған «Ел - бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» ақындық сайысы және әдеби ойындар өткізілді. Ойын алдында Санжар Санай «Ұлы көсем Ахметке» арнауын оқыды. Жарысқа бүкіл сынып қатысты, балалар А. Байтұрсыновтың өлеңдерін жатқа оқыды. Жаркенов Тамирлан мен Абишева Жансая кездесуді аяқтап, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады.
#балаларжылы #Байтұрсынұлы150
Дәйексөздер
Жм, 14/10/2022 - 15:57 — Ольга А#Балалар_әдебиеті #Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді #Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері #Балаларға_арналған_әдебиеттер #Балалар_шығармалары #Балаларға_арналған #Дәйексөздер #Балалар_әңгімелерінен_үзінділер #Үзінділер
Off сурет сабақтары: Мақта таяқшаларымен сурет салу
Бс, 13/10/2022 - 10:35 — Ольга АСурет салудың дәстүрлі емес әдістерінің бірі-мақта таяқшаларымен сурет салу. Бұл әдіс баланың шығармашылығын, қиялын, зейінін, қозғалыс үйлесімділігін, шыдамдылығын және, әрине, баланың дамуымен тікелей байланысты саусақтардың ұсақ моторикасын дамытады. Сабақ қызықты өтті, және нәтижесінде өте әдемі жұмыстар пайда болып шықты. Барлық балаларға мұндай ерекше әдіс өте ұнады. #балалар_жылы
