Новости


Әдеби бағдарлама: Қасым кітапханасы сериясының кітаптар топтамасы

Бс, 24/11/2022 - 10:57 — Ольга А

Сіздердің назарларыңызға Қарағанды қаласының «Қасым баспа үйінен» шығарылған Қасым кітапханасы топтамасын ұсынатын боламыз. Бұл кітаптардың ерекшелігі бір кітап 1 шығармадан тұрады. Жалпы қалтаға, шағын сөмкеге салып жүруге өте ыңғайлы. Біздің кітапханамызға Б. Соқпақбаевтың, А Сүлейменовтің, Д. Исабековтің, Б. Момышұлының танымал шығармалары келіп түсті. Сондай-ақ, танымал әлем жазушыларының шығармаларының аудармалары да бар. Мысалы, Ш. Айтматов, Л. Толстой, И. Тургеновтің шығармалары. Қазақ тілді оқырмандар үшін әлем әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен танысуға үлкен мүмкіндік. Кітапханаға келіп, тасыңыздар, оқыңыздар.



Кәсіби мамандардың диалогы

Сс, 22/11/2022 - 15:39 — Ольга А

22 қарашада Қостанай облысының балалар кітапханаларының мамандары үшін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапханашының құзыреттілігі және кітапхана имиджінің құрамдас бөліктері» атты семинар өтті.

Бүгінгі таңда идеалды кітапханашы - ой өрісі кең, коммуникативті қабілеттері мен шығармашылығы бар жан-жақты дамыған тұлға. Мұның  барлығы заманауи кітапхана мамандарынан қосымша кәсіби шеберлікті қажет етеді.

Семинар жұмысы кітапханашының негізгі кәсіби құзыреттіліктері туралы әңгімеден басталды: жобалау, аналитикалық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және т. б. Қазіргі кітапханашының дағдылары және оларды «Soft skills» анықтамасы тұрғысынан дамыту жолдары сияқты тақырыптар қарастырылды. Санкт-Петербург мемлекеттік зағиптар мен нашар көретіндерге арналған арнайы кітапхананың онлайн режимінде кітапханашының кәсіби дағдыларын дамыту туралы ресейлік әріптестердің тәжірибесі ұсынылды.

Семинар жұмысында кітапханашы үшін маңызды кәсіби компонент ретінде медиа сауаттылық мәселелерін, сондай-ақ кәсіби шаршау мәселесін жариялауға жеке орын берілді. Семинарға қатысушылар үшін психолог, тренер-медиатор Зуев Игорь Александрович сөз сөйледі.



Ыбырай ізбасарлары (кітап оқу клубы)

Жм, 18/11/2022 - 10:44 — Ольга А

Көркем әдебиет бөлімінде «Ыбырай ізбасарлары» кітап оқу клубы құрылды. Клуб қатысушылары - 7-8 сынып оқушылары.

Клуб мақсаты жас оқырмандардың шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру болып табылады. Сондай-ақ, оқыған кітап авторларымен онлайн-кездесулерді де мақсат етіп қойып отырмыз. Клубтың жалпы 5 отырысы болды.

2023 жылдың сәуір айына жазушы Рүстем Сауытбайбен онлайн-кездесу жоспарланған болатын. Соған байланысты клуб мүшелерімен ақылдаса келе, автордың қазақ тіліндегі алғашқы фэнтези «Шоко әлем» кітабының бірінші бөлімін оқуды бастадық. Белгіленген уақытқа дейін кітапты оқып, талдап, авторға қоятын сұрақтарымызды дайындайтын боламыз.

Клубқа мүше болғысы келетін барлық 7-8 сынып оқушыларын шақырамыз.

#балаларжылы



1 студия: Бибігүл Латыпова, Шалгимбаева Шынар

Жм, 18/11/2022 - 10:21 — Ольга А

Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары Латыпова Бибігүл Казыбаевна мен Шалғымбаева Шынар Төлегенқызы «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында қонақта болып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханада «Этнокөпір» жобасы жайлы, жаңа жобалар, кітап жаңалықтары, жазушылармен кездесулер туралы баяндады.



Ойла: Кенесары Қасымов

Бс, 17/11/2022 - 09:55 — Ольга А

Құрметті оқырмандар! «Даңқты адамдар» сериясындағы кітаптар сіздің назарыңызға атақты адамдардың қызметі туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Сіз өмірбаяндық мәліметтермен ғана емес, сонымен қатар әлем тарихында жарқын із қалдырған адамдардың өміріндегі қызықты фактілермен де таныса аласыз. Кенесары Қасымов.- Алматы: Аруна, 2017. – 24 б.: сурет.- (Даңқты адамдар) және т. б.



Бахтин Михаил Михайлович. Ол кім және оның есімімен Қостанайды не байланыстырады?

Бс, 17/11/2022 - 09:45 — Ольга А

16 қарашада кітапханамыздың акт залында «Бахтин Михаил Михайловичтің 127 жылдығы. Ол кім және оның есімімен Қостанайды не байланыстырады?» дәрісі өткізілді. Дәріс орыс философы әрі әдебиеттанушысының өмірі мен шығармашылығына арналды. Дәріс тыңдаушылары ұлы ойшылдың өмір жолының басты кезеңдерімен және идеялармен танысты. Бахтиннің Соловков лагерінің орнына Қостанайға жер аударылған кезеңіндегі өмірі туралы жеке тараумен әңгімеленді. Аудиторияның негізгі бөлігін ЧелМУ Қостанай филиалының студенттері мен оқытушылары құрады.

Біздің кітапхана М.М. Бахтиннің өмірі мен шығармашылығының тәуелсіз зерттеушісі Арсений Великородқа дәріс өткізгені үшін алғыс білдіреді.



«Біз біргеміз» ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АТА-АНАЛАР КЛУБЫ

Ср, 16/11/2022 - 11:12 — Ольга А

Ата-ана болу – таңдалмаған мамандық. Жасөспірімнің ата-анасы болу оңай және сонымен бірге өте қиын. Баланы сүю, түсіну, тәрбиелеу – бұл ғылым өмір университеттерінде оқытылмайды.

Біз ата-аналарға бірге бірігуді және баланың өсуіне қуануды ұсынамыз. Сізге және жасөспірімге бір-бірін түсінуге көмектесетін ресурстар мен қуатты ала аласыз.

Жаман ата-аналар да, жаман балалар да болмайды. Көбінесе біз ортақ тіл табуды, тығырықтан шығуды, жігерлендіруді, сабырлы және бақытты болуды білмейміз.

Біздің клуб 25 қарашада сағат 17:00-де Қостанай қ. Қасымханов к-сі, 74 мекенжайы бойынша басталады. Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК. Анықтама телефоны: 54-11-61.

Клуб жетекшісі: жоғары мектеп жасындағы балаларға және жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Шевченко Юлия Борисовна.



Сиқырлы ертегілердің сандығы: "Түлкі күлкісі туралы"

Ср, 16/11/2022 - 10:28 — Ольга А

Қазақ халқының «Түлкі күлкісі туралы» ертегісі түлкінің қулығы және қасқырдың ақымақтығы мен сараңдығы туралы баяндайды. Аңқау болып, басқа адамдардың берген барлық кеңестерің орындаудың қажеті жоқ.



Өнер әлемінде

Сс, 15/11/2022 - 16:31 — Ольга А



М. М. Бахтиннің 127 жылдығы. Ол кім және оның есімімен Қостанайды не байланыстырады?

Сс, 15/11/2022 - 14:28 — Ольга А

16 қараша күні сағат 17:00-де ғылыми-көпшілік әдебиет залында орыс филологы, мәдениеттанушы және әдебиеттанушы Михаил Михайлович Бахтинге арналған дәріс өтеді. Дәріс ұлы ойшылдың туған күніне орайластырылған және әлемдік классикалық әдебиет қызығушылық тудыратын көптеген тыңдаушыларға арналған.

Дәріс барысында сіз Михаил Михайловичтің кім екендігі, оның өмірінің негізгі кезеңдері, еңбектері және әлемдік философия мен әдебиеттануға қосқан үлесі туралы біле аласыздар. Әсіресе, Бахтиннің Қостанайда 5 жыл айдауда болған кезеңі (1930-1935) туралы білу тыңдаушылар үшін қызықты болады. Бұл кезең аз зерттелген,  өйткені ол туралы ең аз деректі мәліметтер қалды.

Дәрісті М.М.Бахтиннің өмірі мен шығармашылығын тәуелсіз зерттеуші, Бахтин атындағы халықаралық ғылыми оқуларға қатысушы Великород Арсений өткізеді.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 115 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана