Новости


Әдеби бағдарлама: Лиза Уингейт "Пока мы были не с вами"

Бс, 22/12/2022 - 14:02 — Ольга А

Бірақ бұл кітапты оқуды бастаған кезде, сіз барлық кітапты қалай оқып тастағаныңызды байқамай қаласыз. Бұл оқиға алдаудың кесірінен алдымен ата-анасынан, содан кейін бір-бірінен алшақтап кеткен балалар туралы. Ортақ қиындықтар мен қайғы оларды өмір бойы бір-бірімен байланыстырып қойды. Жылдар өте келе балалар өсті. Отбасылық байланысты жоғалтпас үшін олар өздері үшін апалы-сіңлілер күнін ойлап тапты. Балалар ең құнды байлық екенін түсіну үшін осы кітапты оқу керек. Ал ересектерден өздеріне бала сенім арта алатын адам болу керектігі ғана талап етіледі. Оқыңыз! Және бақытты болыңыз!



"Таза бұлақ" жинағының тұсаукесері

Бс, 22/12/2022 - 11:03 — Ольга А

22 желтоқсанда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханада 2021 жылы өткен Ыбырай Алтынсарин атындағы I республикалық байқаудың финалистер жинағының тұсаукесері өтті. Бұл жинақ байқаудың маңызды нәтижесі болып табылады және оны басқа әдеби байқаулардан ерекшелендіреді. "Таза бұлақ" жинағына А. И. Суслов, Қ. Қайым, Ә. Байбол, Д. Жантемірова және т. б авторлардың шығармалары енген.

Тұсаукесерде балалар қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпазы Александра Ильинична Суслова сөз сөйледі. Іс – шарада облыс және республика кітапханашыларына байқау финалистерінің шығармашылығын таныстыратын "Жаңа кітап - жаңа әлем" атты кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, жинақтың иллюстраторлары марапатталды,олар: А. И. Никифорова атындағы өнер мектебінің оқушылары, және облыстың балалар кітапханаларының оқырмандары.



Назар аударыңыздар!

Бс, 22/12/2022 - 08:46 — Ольга А

Өнер бөлімі жаңа «МультLoft» жобасын іске қосып жатыр.

Мультфильмдер – бұл, әр баланың соның ішінде болуды армандайтын қызықты әлем. Бұл әлемге өзің мультфильмді жасау арқылы енуге болады. Барлық қатысқысы келетін балаларды қызықты мультипликация әлеміне шақырамыз!

Әр бейсенбі сағ: 11:00 және 15:00

Мекен-жайымыз: Қасымқанов көшесі 74.

тел: 54-11-61



Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Бс, 15/12/2022 - 16:53 — Ольга А

Қостанай қаласының №2 арнайы кешенінің 7-8 сынып оқушылары «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты интеллектуалды брейн-ринг ойынына қатысты.

Балалар ойынның барлық кезеңдерінен оңай өтіп, республикамыздың тарихы мен мәдениетін білуі бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Нәтижесінде достық жеңді.

#балаларжылы



Балалар өлеңдерінің тамшылары

Бс, 15/12/2022 - 14:51 — Ольга А

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе / Ақпараттық-библиографиялық бөлім. - Қостанай: Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК, 2022. - 26 б.

Әдеби күнтізбеде қазіргі таңда кішкентай балалар үшін қалам тербеп жүрген жас талантты қаламгерлердің өлеңдері ұсынылған. Осындай жас заманауи дарынды қаламгерлерді оқырмандар біліп, танып, оқып, жаттап жүрсін деген мақсатта құрастырылған. Күнтізбе бастауыш сынып оқушылары мен жалпы кіші жастағы оқырмандарға арналған.

Құрастырған Зоя Кенжигарина

Суретші Оксана Франко-Косинская

2022 ж.



«Менің Тәуелсіз Қазақстаным»

Бс, 15/12/2022 - 14:16 — Ольга А

15 желтоқсанда №24 а мектебінің 4 сынып оқушыларымен  «Брейн-ринг» интеллектуалдық сайысы өтті.

Оқушылар ойын тақырыбына сенімді және тарихқа үніліп нақты жауап бере отырып, өз білімдерін көрсете алды. #балаларжылы



Третьяков галереясында серуендеу

Бс, 15/12/2022 - 08:40 — Ольга А

Биыл орыс кәсіпкері, меценат, орыс бейнелеу өнері туындыларының коллекционері, Третьяков галереясының негізін қалаушы Павел Михайлович Третьяковтың (1832-1898) туғанына 190 жыл толады.



Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Дс, 12/12/2022 - 13:43 — Ольга А

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылар бөлімінде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынның қорытындысы бойынша Қазақстанның тарихы, дәстүрлері мен әдебиетін білуде №1 МЛ 4 «Д» сынып оқушылары жақсы нәтиже көрсетті. Достық жеңді. #балаларжылы



Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы III Республикалық үздік әдеби шығармалар байқауы

Дс, 12/12/2022 - 10:22 — Ольга А

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма III Республикалық байқауын өткізу туралы хабарлайды. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы-2023ж. 4 қаңтар, өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы-2023ж. 20 наурыз. Байқауға балалар мен жасөспірімдерге арналған бұрын жарияланбаған көркем прозалық шығармалар қатысады. Толық ақпарат Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай балалар мен жасөспірімдер кітапханасының сайтында берілген. (ережеге). Қосымша ақпарат: 87142 54-27-44 (кітапхананың қабылдау бөлімі), 87142 54-11-61 (Шалғымбаева Шынар Төлегенқызы) телефондары бойынша.



"Біз сіздің қалаңызды білеміз" онлайн ойыны өткізілді

Жм, 09/12/2022 - 16:33 — Ольга А

Халықаралық ынтымақтастық аясында Ресей Федерациясы, Қорған қаласының В. Ф. Потанин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен 9 желтоқсанда "Біз сіздің қалаңызды білеміз" онлайн ойыны өткізілді.

Біздің қаламыздың және кітапхананың намысын № 1 мектеп-лицейдің жетінші сынып оқушылары қорғады. Балалар дайындыққа өте байсалды қарап, бірнеше апта бойы олар Қорған облысының тарихын, географиясын, әдебиетін және көрнекті тұлғаларын зерттеді.

Ойын басталғанға дейін сезінген шиеленістерге қарамастан, ойынның өзі күткендей өте қызықты,тартымды өтті. Екі топта бір-бірінен кем түспеді. Біздің балалар Қорған туралы сұрақтарға жауап берді, өз кезегінде Қорған балалары Қостанай туралы сұрақтарға жауап беріп отырды. Әрине, екі жақтан да қате жауаптар болды, бірақ балалар көптеген қызықты нәрселерді білді.

Барлығы ойынға риза болды. Қорғанмен онлайн іс-шара екінші рет өткізіліп отыр.

 


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 101 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана