Новости


«Жанданған күнтізбе: 2023 жылдың мерейтойлары» хронограф «Дружные ребята» газеті

Жм, 03/02/2023 - 11:12 — Ольга А

Қазақстан балаларының республикалық «Дружные ребята» газетіне биыл 90 жыл

Қазақстанда тұңғыш орыс тіліндегі балалар газеті 1933 жылы құрылған. Газетке кішкентай-журналистер өздерінің өлеңдер, ертегілер, қызықты оқиғаларын жібере алады. Газет ұжымы жұмысын бастағаннан бастап көптеген қиындықтарды бастан кешірді. Бірақ, соған қарамастан өзінің жас буын оқырмандарын тыстаған емес.



Назар аударыңыз! Байқау!

Жм, 03/02/2023 - 10:28 — Ольга А

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Шәкәрім оқулары» атты Шәкәрім мұрасын жатқа айтушылардың республикалық байқауын өткізуде.

Республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі офлайн форматта  2023 жылдың 27 ақпанында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтеді.

5-7 сынып оқушыларын байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқаудың облыстық іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен қатысушы 06.03.2023 жылы сағат 15.00-де ZOOM платформасында онлайн-форматта өтетін Республикалық іріктеу кезеңіне қатысады.

Онлайн байқаудың 5 үздік қатысушысы Астанаға Республикалық байқаудың финалына шақыру алады.

Финал 15.03.2023 ж. 15.00-де Астана қаласында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында офлайн форматта өтеді.

Облыстық іріктеу кезеңінде қатысу мәселелері бойынша телефон арқылы хабарласуға болады

 (8 714) 2 54-11-61 Шынар Тулегеновна

ЕРЕЖЕ

#шәкәрімоқулары



«Ән-жырым саған, туған ел»

Бс, 02/02/2023 - 16:09 — Ольга А

Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алтынбек Қоразбаевқа – 75 жас. Алтынбек Қоразбаевтың халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағындым Кенен атамды» әндері тарихи керемет әндер болып қала береді.



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Бс, 02/02/2023 - 08:30 — Ольга А

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валюта - теңгенің 30 жылдығына орай банкноттардың қорғаныш элементтері туралы бейнеролик шығарды.



Жанданған күнтізбе: Рената Муха

Сс, 31/01/2023 - 10:20 — Ольга А

2023 жылғы 31 қаңтарда балалар ақыны Рената Григорьевна Муханың (1933-2009) туғанына 90 жыл толды. Бүгінгі күні жақсы балалық шақты Рената Муха жазған өлеңдерсіз елестету мүмкін емес. Сіз оларды міндетті түрде кездестірдіңіз. Өлеңдері қысқа, үйлесімді және қызықты болғандықтан, оларды қайтадан оқып, қайта күле бергің келеді.



Периодика планетасы

Сс, 31/01/2023 - 09:59 — Ольга А

Құрметті достар! 2023 жылы біз "Периодика планетасы" айдарын "Бірге оқимыз" бейне шолуымен жалғастырамыз. Бүгін біз "Шишкин лес" журналынан Татьяна Сахарованың әңгімесін оқимыз. Бізбен бірге болыңыз!



Жаңа кітап – жаңа әлем

Дс, 30/01/2023 - 08:47 — Ольга А

2021 жылы кітапханада Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы бастау алған болатын. Байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен көптеген жазушылар қатысты. Айта кететін болсақ, Әлібек Байбол, Қанат Қайым, Ксения Земскова және қостанайлық жазушы Александра Суслова. Ұсынынып отырған «Жаңа кітап – жаңа әлем» атты кітап көрмемізде 2021 жылы байқауға қатысқан барлық автор - финалистерімен және байқаудың нәтижесі – «Таза бұлақ» жинағымен таныса аласыздар. Бірінші маусымның жеңімпазы - Көкшетау қаласының тумасы Дана Жантемірова.



Барлығымызды қоян жаңа жылға шақырады

Сс, 24/01/2023 - 16:07 — Ольга А

Қаңтардың 24-нде кітапхананың кіші оқу залында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілеріне «Барлығымызды қоян жаңа жылға шақырады» атты 2023 жылдың символына арналған ойын бағдарламасы өткізілді. Іс-шараға қатысушылар белсенділікпен жұмбақтарды шешіп, сұрақтарға жауап беріп, ойындар ойнады. «Қоян және аяз» ертегісін тындап, іс-шара соңында «Соңғы қоян» атты мультфильм тамашалады. Әрі қарай барлық қатысушылар «Нөмірлеу арқылы сурет салу» атты жұмыс түрін жасау үшін өнер бөліміне аттанды



Мәңгі есімдер: Василий Иванович Суриков

Дс, 23/01/2023 - 14:44 — Ольга А

Василий Иванович Суриков (1848-1916) - орыс суретшісі, ауқымды тарихи суреттердің шебері, академик, Императорлық Өнер академиясының мүшесі.

2023 жылдың 24 қаңтарында оның туғанына 175 жыл толады.



Брейн-ринг «Менің жерім мейірімді...»

Жм, 20/01/2023 - 14:56 — Ольга А

20 қаңтарда құрылыс колледжінің студенттеріне арналған "Брейн-ринг" өтті. Балалар командаларға бөлініп, Қостанай қаласының тарихы мен адамдары бойынша сұрақтарға жауап берді: Ұлы Отан соғысы батырларының есімдері берілген көшелерді атады, Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны мен сәулеттік ескерткіш орындарын еске алды.
Ойын қызықты болып өтті, барлығы туған өлке тарихының білгірі болғысы келді.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 125%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 104 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана