Новости


Наурыз мейрамы апталығы: Даналық пен білім күні.

Дс, 20/03/2023 - 15:48 — Ольга А

20 наурызда кітапханада "Даналық пен білім күні", өткізілді. Көшпелі өмірдің қатал жағдайында қазақ халқында дене тәрбиесінің өзіндік жүйесі қалыптасты. Ол жүйе ептілік пен төзімділікті дамытуға, батырлық пен батылдықты тәрбиелеуге ықпал етті. Кітапханашылар ұлттық ойындардың тарихы туралы айтып беріп, содан кейін біздің кітапхананың оқырмандары жарысып, «арқан тарту», «асық» және, әрине, киіз үй жинау сияқты ойындарда өздерінің шеберліктері мен ептіліктерін көрсетті. Белсенді әрекеттенгендері үшін қатысушыларға ойын соңында тәтті дәм ұсынылды.



10-шы аймақ ОҚИДЫ

Дс, 20/03/2023 - 15:38 — Ольга А

Наурыздың бірінші сәрсенбісінде Дүниежүзілік дауыстап оқу күні өтеді. Бұл мерекені атап өту Қостанай облысының кітапханаларында жақсы дәстүрге айналуда. Биылғы жылы акцияға 125 кітапхана және 1400-ден астам оқырман қосылды.

Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» кітабы таңдалды. Оның қалай болғанын көрейік…



Игі істер күні

Жм, 17/03/2023 - 15:42 — Ольга А

17 наурыз «Игі істер күні» мерекелік құттықтау бағдарламасымен және сыйлықтармен біздің қызметкерлер «Кәмелетке Толмағандарды Бейімдеу орталығына» барды.
Оқушылар түрлі байқаулармен мен жарыстарға қуана қатысты.

Кездесуге мен араласуға себеп болған Наурыз мейрамы жиналғандарға эстетикалық ләззат сыйлады.



Наурыз құтты болсын!

Жм, 17/03/2023 - 08:47 — Ольга А

Біздің бөлімнің кітапханашылары ұлттық киіммен, құттықтау сөздерімен қала орталығына Наурызға арналған құттықтау акциясымен шықты. Кітапханашылар біздің оқырмандардың қолымен жасалған қызғалдақтармен (оригами) құттықтау визиткаларын таратты. Біздің қала тұрғындарының көктемгі мереке алдындағы көңіл-күйі болғанын атап өткім келеді. 40 қызғалдақ пен 40 құттықтау визиткасы таратылды.



Наурыз – көктем мейрамы

Бс, 16/03/2023 - 16:32 — Ольга А

Келе жатқан Әз - Наурызды тойлау мақсатында, біздің бөлімде шеберлік сабақ өтті. Ұлттық ою-өрнекті қолдана отырып, түрлі-түсті қағаздардан қазақтың киіз үйі мен тақиясын жасап шығардық. Тақия – қазақтың ұлттық киімінің бір бөлігі болып саналады. Ал киіз үй болса, көшпенділердің ыңғайлы шаңырағы болып саналады. Осындай нәрселер біздің қолымыздан шықты.



Наурыз мейрамы апталығы: «Бабаларды еске алу және бата күні»

Бс, 16/03/2023 - 15:05 — Ольга А

Кітапханада Наурыз апталығының үшінші күні өткізілді. Бүгін – шежіре және бата күні. Іс-шараға М. Хәкімжанова атындағы №20 мектептің 6 сынып оқушылары мен №18 мектептің 9 сынып оқушылары келді. Іс-шара Нығметжан Мирас пен Тасмаганбетов Ерасылдың орындауында «Адай» күйімен ашылды. Әрі қарай кітапханашы балаларды «Наурыз-көктем» кітап көрмесімен таныстырды, Наурыз мейрамы туралы қызықты деректер айтылды. Содан кейін негізгі тақырып шежіре және бата тақырыбына көштік. Балалар өздерінің жеті аталарын еске түсіріп, шежіре ағашына жазды. Балалар өздерінің білетін баталарын айтып, бір-біріне жақсы тілектерін тіледі. Соңында арқан тартыс, орамал тастау сияқты ұлттық ойындар ойнадық. Барлығы көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

 https://www.instagram.com/y.altynsarin.obzhk.qst/



Бабаларды еске алу және бата күні

Бс, 16/03/2023 - 14:10 — Ольга А

Наурыз мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 16 наурызында кітапханада "Бабалары еске алу және бата күні" өткізілді. Бұл күні отбасы тарихы, шежіре туралы айтылды. Ежелгі заманнан бері қазақтар өздерінің өткеніне құрметпен қараған. Сондықтан балаға Жеті атасы туралы білім бойына бала кезінен сіңіріледі. Бүгін 22 мектептің 8-сынып оқушылары да ата-бабаларын еске алып, шежіре ағашын толтырып, кітапхана ұжымынан бата алды. Және, әрине, басқа күндердегідей, барлығы киіз үйді бірге жинады.

https://www.instagram.com/y.altynsarin.obzhk.qst/



Киіммен қарсы алады

Бс, 16/03/2023 - 10:54 — Ольга А

Кітапханамыздың оқырмандары «Киіммен қарсы алады» атты селфи акциясына қуана қатысты. Ұлттық киімдерді киіп көргеннен кейін Наурыз мерекесінің тартымдылығын сезіне алды.



«Жаңа автор, жаңа кітап»

Бс, 16/03/2023 - 10:26 — Ольга А

Барлық пайдаланушылар үшін "Библио — фреш"бейнебаян ұсынылған. Жаңа кітаптар өз достарын күтеді. Кітап оқып, өзіңе жақсы көңіл күй сыйла!

Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Шаймолданова К. Ж



Кітапханада табиғат күні

Ср, 15/03/2023 - 15:25 — Ольга А

Наурыз мерекесі қарсаңында 15 наурызда кітапханада "Табиғат күні" өткізілді.

5-сынып оқушылары түймедақ, мариголд, "түнгі сұлу" тұқымдарын отырғызумен айналысты. Жер сумен қаныққанша уақытты бос өткізбей, "Арқан тартыс" және "Орамал тастау" ұлттық ойындарын ойнап, өздерінің әншілік дарындарын көрсетті.

Содан кейін олар бауырсақтан ауыз тиіп, кітапханаға кітап алуға және олар отырғызған тұқымдардың қалай өскенін бақылау үшін оралуға уәде берді.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 187 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана