Новости


«Жанданған күнтізбе: 2023 жылдың мерейтойлары» Сұлтан Қалиевтің туғанына 80 жыл.

Сс, 02/05/2023 - 15:35 — Ольга А

Хронограф балалар жазушысы, ақын Сұлтан Қалиевтің туғанына 80 жыл. Сұлтан Қалиев 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының 8 жылдық мектебіне мұғалім болудан бастаған. «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Ұлан» газетінің бас редакторы болды. Балаларға арнап жазған көптеген әңгімелері, өлеңдері бар.



Жанданған күнтізбе: Юлия Венедиктова

Ср, 26/04/2023 - 10:33 — Ольга А

2023 жылдың 26 сәуірінде балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи кітап жазушыларының бірі Юлия Венедиктова 35 жасқа толды.

Юлия Венедиктова кітап оқуды, кітап парақтарын иіскеуді, кітаптарды сипалауды, кітаптарды таңдауды, аннотацияларды оқуды, сондай-ақ жаңа кітаптар туралы шексіз армандауды және сол кітаптарды ойлап табуды жақсы көреді. Сондықтан бір күні ол жазушы болып, өз кітаптарын қолында ұстау керек деп шешті.….



Хамзаны оқимыз

Ср, 26/04/2023 - 08:30 — Ольга А

Жазушы Хамза Есенжановтың 115 жылдығына орай өткізілген "Хамзаны оқимыз" республикалық челенджі



Имена на все времена: Әубәкір Ысмайылұлы Ысмайылов

Ср, 26/04/2023 - 08:19 — Ольга А

Халқына бейнелеу өнерінің негізін салушы, кескіндемеші, портретист, пейзажист, карикатурашы, актер, режиссер ретінде кең танылған Әубәкір Ысмайылұлы Ысмайылов. ҚКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960), ҚКСР-нің Халық суретшісі (1985), «Еңбек Қызыл Ту» және «Қүрмет Белгісі» ордендерінің, көптеген медальдардың иегері.



Халық батыры

Сс, 25/04/2023 - 10:40 — Ольга А

Халық қаһарманы Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай № 18 мектеп-гимназиясының 9 "А" сынып оқушыларына арналған "Халық батыры" арнау кеші өткізілді.

Тарих пәнінің мұғалімі Қуатбаева Айгүл Серікбайқызы ұлт-азаттық қозғалысымен танысу барысында оқушылардың назарын А.Имановтың өміріндегі оқиғаларды ашатын танымдық бейнероликтерді пайдалана отырып, көтерілістің негізгі сәттеріне аударды. Іс-шара соңында тест тапсырмаларын шешу түрінде кешіміз қорытындыланды.



«Жанданған күнтізбе: 2023 жылдың мерейтойлары» хронограф Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл

Жм, 21/04/2023 - 15:47 — Ольга А

23 сәуір екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі партизан тақырыбының негізін қалаушы Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толып отыр. Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысындағы қиын-қыстау кезеңдер мен қарапайым жауынгерлердің ерлігін шынайы баяндайтын көптеген шығарманың авторы.



"Зиянды лайфхактер" - digital этикет

Бс, 20/04/2023 - 11:08 — Ольга А

Бұл біз өткізген 2023 жылғы алғашқы медиа сауаттылық іс-шарасы. Шынымды айтсам, біз өте қуаныштымыз! Кездесудің тақырыбы «Цифрлық этикет» болды. Кездесу барысында интернетте қалай тиімді, сыпайы және этикалық қарым-қатынас жасауға болады және керемет сұхбаттасушы болу үшін қандай қарым-қатынас ережелерін сақтау керектігі айтылды.

Шулы әлемдегі цифрлық бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы  айту көптік етпейді. Өйткені бұл тақырып қазіргі заманда өзекті және маңызды. Сол себептен сандық сыпайылық идеялары жайлы болашақ гуманитарлық колледж студенттерімен әлі де көптеген кездесулер жасауға құқығымыз бен себебіміз бар.



Құстың күні

Сс, 18/04/2023 - 09:32 — Ольга А

Жыл сайын 1 сәуір экологиялық мереке тойланып келе жатыр - «Құстың күні». Кәмелетке толмағандарды бейімдейтін орталықтың балаларымен «Құстарға қалай көмек беруге болады? - атты әңгімелесу сабағы өтті. Әңгімеден кейін балалар аппақ ақ қағаздан көгершін және қарлығаш құстарын жасап шығарды.



Басылымдар планетасы: Совушка (ертегісі)

Ср, 12/04/2023 - 10:28 — Ольга А

Қымбатты достар! «Пошташы бізге не әкелді» айдарында біз сендерге жаңа балалар журналдарында жарияланған ертегі, әңгіме немесе қызықты оқиғаларды оқимыз. Бүгін сіздердің назарларыңызға   балаларға танымал 2023 жылғы № 2 «Шишкин лес» журналда жарияланған  поляк ертегісі «Совушка»  ұсынылды. Ақылды үкі бәрін көріп отырады, ал өтірікшілерді ол мүлдем жек көреді екен. Сенбейсіз бе? Онда тыңда!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 127 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана