Новости


«Рационалды фантаст»: кітап көрмесі

Сс, 11/04/2023 - 09:49 — Ольга А

11 сәуірде орыс фантаст жазушысы Сергей Лукьяненко 55 жасқа толады! Сондықтан осы аптада біз осы авторға арналған жеке көрме ұйымдастырдық. Ол жазушы шығармашылығының үш негізгі бағытын — ғарыштық тақырыпты, қалалық тақырыпты (оның ең танымал топтамасы - «Дозоры») және фэнтезиді қамтиды. Бізге келіңіз және қай әлем сізге жақын екенін таңдаңыз!



Проза шежіресі

Дс, 10/04/2023 - 14:08 — Ольга А

Біздің кітапхана 65 жылдан бері оқырмандарына кітап таңдауға көмектесіп келеді. Жаңа кітаптар үнемі түсіп тұрады. Кітаптардың көп болғаны жақсы, бірақ өзіңе «міне менікі» деген кітапты таңдау қиын. Сондықтан оқырмандарымызға көмектесу үшін біз МИФ баспасынан (Манн, Иванов және Фербер) Проза шежіресін қарап, оны өз қорымызға сәйкестендіріп, жасап қойдық.

Бұтақтар – бұл тақырыптар, жанрлар, бағыттар. Өзіңізге ұнайтын нәрсені таңдаңыз. Әр бұтақта біздің кітапхананың көптен бергі тұрғындары мен жаңадан келген кітаптар да бар. Сізге кез келген кітаптан бастасңыз болады. Ағашқа сіз оқыған немесе енді оқығыңыз келетін тақырып бойынша кітаптарыңызды қоса аласыз. Бұл ағаш сіздің көмегіңізбен өседі, келіңіз және оны толықтырыңыз.



«Таңғажайып Шоко»: Жазушы Рүстем Сауытбаймен онлайн-кездесу

Дс, 10/04/2023 - 13:54 — Ольга А

Қазақ тілінде алғаш фэнтези жанрына қалам тербеген жазушы - Рүстем Сауытбай. Кітапхана қабырғасында 10 сәуірде оқырмандар сүйікті жазушысымен онлайн-кездесуге мүмкіндік алды. Кездесуге қаламыздың М. Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ-нің 6 сынып оқушылары келді. Оқырмандар жазушыға кітап бойынша, жеке өмірі туралы, балалық шағы туралы әртүрлі сұрақтар қойды. Әңгіме барысында жазушының негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі екенін білді. Бұл балалар үшін жаңалық болды. Іс-шара соңында Рүстем Серікұлы балаларға жақсы тілегін айтып, балалар да ол кісіге шығармашылық табыс тілеп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.



«Жыл он екі ай»: 4 мезгіл басылым беттерінде (бейнеақпарат)

Дс, 10/04/2023 - 09:26 — Ольга А

Жыл мезгілдері төрт маусымға бөлінеді-көктем, жаз, күз, қыс, әрқайсысында үш күнтізбелік ай. Мұны біз бала кезімізден білеміз және әр маусымда оған тән ерекшеліктері мен әсемділігі болады. Әр мезгілде айнала түрленіп, кейде жасыл, кейде әппақ қарға оранып жатады. Десе де, олардың бәрі де өзінше керемет екенін мойындау қажет.

Бұл бейнебаяндарда қазіргі таңда көпшіліктеріміздің біле білмейтін немесе ұмытылып келе жатқан әр мезгілге байланысты бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған ырым-жоралғылары жинақталған.

Ақпараттар балалаларға арналған «Жыл он екі ай» журналының беттерінен алынған.



Жазушымен сұқбат: әдеби қонақжай

Жм, 07/04/2023 - 16:26 — Ольга А

Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери: «Ең үлкен сән-салтанат - бұл адамның қарым-қатынасының сән-салтанаты», - деген екен. Шығармашылық адамдармен сөйлесу қашан да қызықты және танымдық. Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттеріне қаламыздың жазушыларымен әңгімелесуге мүмкіндік туды. Кездесуге ақын және прозашы Демидович Евгений Викторович, суретші-иллюстратор, прозашы және ақын Дубиковская Олеся Алексеевна, ақын Светлана Витальевна Маньшина шақырылды. Олар өз шығармашылықтары туралы айтып, балалардың сұрақтарына жауап берді. Және де олар өз өлеңдерін оқып берді. Оқырмандар жүректі ер адамның жазған өлең жолдары мен сезімтал әйел ақынның поэзиясын салыстыра алды, сонымен қатар өздерін ақын ретінде сынап көрді. Балалардың алғашқы қауырсын өлеңдері сынақтан сыдырмай өтті. Кездесу жылы достық жағдайда өтті, студенттер көптеген жағымды эмоциялар алды.



Денсаулыққа апаратын жол: Дүниежүзілік денсаулық күні

Жм, 07/04/2023 - 16:17 — Ольга А

Халықаралық денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде атап өтіледі. Психикалық әл – ауқат адам өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Бүгін № 13 негізгі орта мектептің 6 сынып оқушылары үшін У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институтының магистранты, психологымен кездесу өткізілді. Виктория Бурикуловна Хакимова психикалық денсаулық, оны сақтаудың маңыздылығы туралы айтып түсіндірді. Балалар ертегі терапиясының көмегімен өздерінің, мінездерінің, артықшылықтары мен кемшіліктерін білді.



«Біз біргеміз» зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша курс

Ср, 05/04/2023 - 14:53 — Ольга А

"Мен" қандаймын? Бүгінгі «Біз біргеміз» курсы аясында жасөспірімдермен өткен кездесу осылай аталды. Балалар өздерінің ең жақсы қасиеттерін атап өтті, мінсіз және нашар жасөспірімнің, сондай-ақ қазіргі замануи жасөспірімнің портретін жасады. Олар тек мінсіз жасөспірімді ғана жақын тартатындары белгілі болды, олардың ойынша нашар жасөспірім мүлдем жоқ. Бірақ қазіргі жасөспірім барлық жағымды және жағымсыз қасиеттерді біріктіреді. Бұл қалыпты жағдай, ең бастысы - мықты және әлсіз жақтарыңызды нақты түсіну және оларды қабылдап өмір сүре білу. Кездесу соңында "Сиқырлы базар" ойыны өткізілді, онда жетіспейтін қасиеттерді сатып алуға және қажетсіздерінен арылуға болады. Оны барлығы бірдей жасай алмады. Бірақ балалар көптеген жағымды эмоциялар мен өздерімен жұмыс істеу керек екенін түсінді.



Мен кітаппын, оқы мені!

Сс, 04/04/2023 - 16:37 — Ольга А

Сіз үшін қандай мерекелердің маңызы зор? Біз үшін маңызды мерекелердің бірі - Халықаралық балалар кітабы күні! Біз осы мерекеге орай арнайы көрме дайындадық, бұл көрме арқылы сіз балалық шақта оқыған кітаптарыңызды еске түсіре аласыз немесе қазір балалардың не оқып жатқанын біле аласыз.

Бұл көрменің басты ерекшелігі - оның интерактивтілігі! Кітаптардың ішінде тапсырмалары бар конверттер жасырылған, оларды орындау арқылы сіз өзіңіздің сүйікті шығармаларыңыздың кейіпкерлері сияқты сезіне аласыз. Доктор Айболитке жануарларды емдеуге және батыл капитан Врунгельге желкенді регатада жеңіске жетуге көмектесу үшін бізге келіңіз!



«Кітап оқу күні»: кітап мерекесі

Сс, 04/04/2023 - 15:52 — Ольга А

2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні. Кітапхана қандай сыйлық жасай алуы мүмкін? Әрине, қызықты жазушымен кездесу ұйымдастыру. Біз дәл осылай жасадық. 4 сәуірде № 3 мектеп-гимназиясының және № 7 мектептің 8 сынып оқушылары, ҚГК-нің студенттері үшін Нина Дашевскаямен онлайн-кездесу өткізілді. Музыкант және ең танымал әрі мықты заманауи авторлардың бірі, қазіргі жасөспірімдердің өзін-өзі еркін сезіне алуына дөп баса білген автор. Нина Дашевскаяның кітаптары «Книгуру» балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің басты байқауының екі мәрте жеңімпазы атанған. Жазушы өзінің шығармашылығы туралы айтып, балалардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Нина Дашевскаямен кездесу барлық қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады және көптеген оқырмандар үшін таңғажайып және қызықты оқиға болды!



Балалардың сүйікті кітаптарынсыз мына әлемде өмір сүру мүмкін емес

Дс, 03/04/2023 - 13:36 — Ольга А

Бұл керемет күні барлық

Кітапқұмарларды құттықтаймыз!
Мейірімді ертегілер мен әңгімелерді
Шың жүректен тілейміз!

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде кітапхананың оқырмандары мен қонақтарына, Халықаралық Балалар кітабы күніне арналған "Балалардың сүйікті кітаптарыңсыз мына әлемде өмір сүру мүмкін емес" атты кітап көрме-шақыруы жұмыс істейтін болады.

Көрмеге кітапхана қорынан әлемдік әдебиеттің үздік туындылары, мерейгер-жазушылардың кітаптары, әлбетте, қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың ең заманауи жаңа кітаптары таңдап алынды.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 101 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана