Татьяна Маврина өзінің шығармашылық өмірінде 200-ден астам балалар кітабтарын суреттермен безедіріп, ХХ ғасырдың жарқын шебері ретінде Отан тарихына енді. А.С. Пушкин ертегілері бойынша ең танымал суреттері: «Өлген ханшайым мен жеті батыр туралы ертегі», «Руслан мен Людмила», «Ертегі», сондай-ақ, «Шортанның бұйрығы бойынша», «Орыс ертегілері», «Жеті қабат жердің астында» жинақтары.
Новости
Пошташы бізге не әкелді? (бейне ақпарат)
Дс, 05/12/2022 - 08:53 — Ольга АКіші жастағы оқырмандарға біздің кітапханамыз мерзімдік балаларға арналған басылымдардан ай сайын бейне ақпарат жолдайды. Бүгінгі ұсынылып отырған бейнеақпаратымызда «Бала би» атты балалар журналы. Журналдан қызықтырған ақпарат көздері болса бізге келіп, сол басылымдарды сұраңыздар.
«Отанының ұлы перзенті» тұлға сағаты
Бс, 01/12/2022 - 13:35 — Ольга АМұхтар Әуезовтің есімі Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал екені мәлім. Оның шығармашылығына оқырмандар мен әдебиеттанушылар жоғары баға берген. 1 желтоқсанда Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай №3 мектеп-гимназиясының 9, 10, 11 сынып оқушыларына арналған «Отанының ұлы перзенті» атты іс-шара өткізілді. Кездесуде балалар «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша кілт сөздер жиынтығын құрастырды, онда балалар қазақ халқы, Абай, тұрмыс, әжесі Зере және басқа да сөздерді айтты. Адасқан өлең жолдарынан Қасым Аманжоловтың Әуезовке арналған "Мұхтар аға" өлеңін жинақтады. Балалар талқылауға белсенді атсалысып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.
Іс-шарада Әуезов туралы бейнеролик пайдаланылды, оны осы жерден көре аласыздар.
Бахтин Михаил Михайлович. Ол кім және неге оның есімі Қостанаймен байланысты?
Бс, 01/12/2022 - 11:19 — Ольга АМихаил Михайлович Бахтин деген кім? Ол әдебиеттану мен философияға қандай үлес қосты? Ол Қостанаймен қалай байланысты? Бұл туралы сіз біздің кітапханада өткен дәрістен біле аласыз. Дәріскер Арсений Великород - М.М. Бахтиннің өмірі мен шығармашылығының тәуелсіз зерттеушісі.
Дана басшы – мықты ел
Сс, 29/11/2022 - 16:22 — Ольга АҚР Тұңғыш Президенті күні: story time.
Өз елінің көшбасшысы қалай болуға болады? Халықтың өмірін жақсарту, бүкіл елдің өркендеуі үшін қандай бағдарламалар қабылдау керек? Бұл туралы № 14 орта мектептің 7-сынып оқушылары кездесуде білді. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шарада Қазақстанның жетістіктері, мысалы: Семей ядролық полигонының жабылуы, ЭКСПО-2017 өткізу және басқа да маңызды оқиғалар туралы айтылды.
Балаларға Президенттікке үміткер ретінде өздерін сынап көру және елдегі өмірді жақсарту бойынша өз бағдарламаларын ойлап табу ұсынылды. Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері, экологиялық мәселелер сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.
Балалар тақырыптарды ықыласпен талқылады, қызықты ұсыныстар айтты, әрине, кейбір балалардың көшбасшылық қасиеттері бірден байқалды.
"Құлагер" поэмасы: подкаст
Сс, 29/11/2022 - 09:50 — Ольга АҚұрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» позмасына 85 жыл толуына орай подкастін ұсынамыз. Өскелең ұрпаққа шығарманың ақын өміріндегі драмалық эпизод – сүйікті тұлпарының өлімі туралы екендігі туралы түсіндіру. Поэма ұлттық әдебиеттегі ең трагедиялық шығармаларының біріне айналғандығы туралы мағұлыматтар беру.
Кітапты аш — өзің үшін Қостанайды аш
Сс, 29/11/2022 - 09:46 — Ольга АҚараша айында жерлесіміз, белгілі қазақстандық жазушы Бейімбет Майлин дүниеге келді, оған біз «Кітапты аш - өзің үшін Қостанайды аш!» атты Әдеби өлкетану айдарында осы бейнероликті арнаймыз.
Ертегі кейіпкерлерінің энциклопедиясы: Таусоғар
Жм, 25/11/2022 - 08:20 — Ольга АҚазақ мифологиялық ертегілері мен ежелгі эпос кейіпкерлерінің бірі – Таусоғар. Таусоғардың азан шақырып қойылған аты – Дәукен. Оның әке-шешесі қарапайым адамдар болған. Уақыт өте келе Таусоғардың анасы киім тігіп, әкесі бесік жасап шаршапты. Себебі тігіп берген киімі ертеңінде симай қалады екен. Таусоғардың бойы ұзын, күші көп азамат болып өседі. Күші соншалықты көп, үлкен тауды да көтеріп алады екен.
Әдеби бағдарлама: Қасым кітапханасы сериясының кітаптар топтамасы
Бс, 24/11/2022 - 10:57 — Ольга АСіздердің назарларыңызға Қарағанды қаласының «Қасым баспа үйінен» шығарылған Қасым кітапханасы топтамасын ұсынатын боламыз. Бұл кітаптардың ерекшелігі бір кітап 1 шығармадан тұрады. Жалпы қалтаға, шағын сөмкеге салып жүруге өте ыңғайлы. Біздің кітапханамызға Б. Соқпақбаевтың, А Сүлейменовтің, Д. Исабековтің, Б. Момышұлының танымал шығармалары келіп түсті. Сондай-ақ, танымал әлем жазушыларының шығармаларының аудармалары да бар. Мысалы, Ш. Айтматов, Л. Толстой, И. Тургеновтің шығармалары. Қазақ тілді оқырмандар үшін әлем әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен танысуға үлкен мүмкіндік. Кітапханаға келіп, тасыңыздар, оқыңыздар.
Кәсіби мамандардың диалогы
Сс, 22/11/2022 - 15:39 — Ольга А22 қарашада Қостанай облысының балалар кітапханаларының мамандары үшін Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапханашының құзыреттілігі және кітапхана имиджінің құрамдас бөліктері» атты семинар өтті.
Бүгінгі таңда идеалды кітапханашы - ой өрісі кең, коммуникативті қабілеттері мен шығармашылығы бар жан-жақты дамыған тұлға. Мұның барлығы заманауи кітапхана мамандарынан қосымша кәсіби шеберлікті қажет етеді.
Семинар жұмысы кітапханашының негізгі кәсіби құзыреттіліктері туралы әңгімеден басталды: жобалау, аналитикалық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және т. б. Қазіргі кітапханашының дағдылары және оларды «Soft skills» анықтамасы тұрғысынан дамыту жолдары сияқты тақырыптар қарастырылды. Санкт-Петербург мемлекеттік зағиптар мен нашар көретіндерге арналған арнайы кітапхананың онлайн режимінде кітапханашының кәсіби дағдыларын дамыту туралы ресейлік әріптестердің тәжірибесі ұсынылды.
Семинар жұмысында кітапханашы үшін маңызды кәсіби компонент ретінде медиа сауаттылық мәселелерін, сондай-ақ кәсіби шаршау мәселесін жариялауға жеке орын берілді. Семинарға қатысушылар үшін психолог, тренер-медиатор Зуев Игорь Александрович сөз сөйледі.