Новости


Оживший календарь: Евгения Басова

Сс, 28/02/2023 - 13:22 — Ольга А

2023 жылдың 26 ақпанында жасөспірімдерге арналған заманауи жазушылардың бірі - Евгения Басованың (Ильга Понорн) туғанына 60 жыл толды. Евгения Басованың ертегілері әртүрлі жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы дайын жауаптар бермейді,олар жасөспірімдердің өмірі туралы әңгімелейді, оларды ойлануға және шығарманы қайта оқуға деген құлшыныстарын тудырады.



Шәкәрім оқулары

Дс, 27/02/2023 - 16:31 — Ольга А

27 ақпан күні Ыбырай Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрім оқулары» республикалық Шәкәрім мұрасын жатқа айтушылардың байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналды.

Әділқазылар алқасының шешімімен І орынды Жангелді ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қосылбек Айша, ІІ орынды Қостанай қаласының Ы. Алтынсарин атындағы мамандырылған мектеп-гимназия-интернатының 6 сынып оқушысы Хасен Айсауле, ІІІ орынды Қостанай қаласының № 115 жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы  Арманбек Мұхаммедали иеленді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

6 наурызда байқаудың республикалық іріктеу кезеңі онлайн түрде өтеді, оған Қостанай облысынан Қосылбек Айша қатысады.



«Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ»: тақырыптық сөре

Дс, 27/02/2023 - 14:19 — Ольга А

Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған тұрақты тақырыптық сөре жаңартылды. Осы тақырып бойынша мерзімді басылымдардан жаңа басылымдар қосумен қатар, біз сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз жақтары туралы әңгімелейтін көркем әдебиеттер таңдауын кеңейттік. Және де сыртқы бейнесін де өзгерттік. Көрме қазіргі заманда да, өткен ғасырларда да өзекті тақырыптардың бірі болды. Кітаптар сыбайлас жемқорлық тек пара алу ғана емес, сонымен қатар қызмет бабын теріс пайдалану екенін еске салады.



«Дала жұлдызы Ы. Алтынсарин»

Жм, 24/02/2023 - 16:55 — Ольга А

24 ақпанда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында «Дала жұлдызы Ы. Алтынсарин» атты мектептер арасында батл өткізілді. Іс-шараға қаламыздың Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектебі мен №115 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Екі мектеп оқушылары ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты білімдерін ортаға салып, өзара сайысқа түсті. Батл 6 кезеңнен тұрды. Ойын барысында қатысушылар ағартушының әңгімелерімен танысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешіп, эмодзи әдісімен шығарма атауын шешті.

Сайыс қорытындысы бойынша №115 жалпы білім беретін мектебі жеңіске жетті. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.



«Ерекше саяхат» әдеби ойыны

Ср, 22/02/2023 - 14:57 — Ольга А

№3 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары үшін француз классигі Ж.Верннің 195 жылдығына орай «Ерекше саяхат» әдеби ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты – жазушы шығармаларындағы шытырман оқиғалардың шексіз әлемімен таныстыру. Қызықты бейнеролик жас көрермендерді автордың шығармашылығының алғашқы қадамдарымен таныстырды. Ойынның басында балалар екі топқа бөлінді. Ж.Верннің кітаптарын оқығандар аз болғанымен, олар күрделі тапсырманы орындауды батыл қолға алды: олар капитан Грант балаларының дүниежүзілік бағдарымен жүріп өтті, автордың кітаптарындағы капитандардың аты-жөні жазылған филворд шешті. Барлығы жақсы эрудиция көрсетіп, эмоционалды заряд алды. Ойын қызықты әрі тартысты өтті.



«Рахмет» еліне саяхат»

Ср, 22/02/2023 - 14:26 — Ольга А

21 ақпан, сейсенбі күні мектепке дейінгі, бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімі «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілерін «Рахмет» еліне саяхат» алғыс айту сағатына шақырды.
Алғыс айту сағатын көркем әдебиет бөлімінің кітапханашылары жалғастырды. Мастер-класста балалар эмоциялардың, сезімдер мен көңіл-күйлердің барлық ерекшеліктерін көрсетуге тырысты.
 



Дала жұлдызы

Ср, 22/02/2023 - 10:32 — Ольга А

22 ақпанда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» зияткерлік сайысы өткізілді. Сайысқа №18 мектеп-гимназиясының 8 және 9 сынып оқушылары қатысты. Ойын 6 кезеңде өтті. Ойын барысында қатысушылар ұлт ұстазының шығармашылығына, өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, жазушының әңгімелерімен, әңгіме кейіпкерлерімен танысып, Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешті. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылары жеңіске жетті. Зияткерлік ойын оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.



Бала бағының бағбаны

Сс, 21/02/2023 - 08:55 — Ольга А

"Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" КММ 5 сынып оқушыларына мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылар бөлімі Марат Қабанбайдың 75 жылдығына арналған «Бала бағының бағбаны» атты әдеби вернисажын өткізді. Іс-шарада балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» әңгімесінең үзінділер алынып экспромт үлгісінде шағын импровизация көрсетілді. Оның «Бақбақ басы толған күн» хикаятының негізінде «Он екі жасқа толғанда» атты фильмінен үзінді көрсетілді.



Челябинск — Қостанай телекөпірі түріндегі орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің турнирі

Сс, 21/02/2023 - 08:49 — Ольга А

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 2023 жылғы 20 ақпанда Ресей Федерациясы, Челябинск қаласының Маяковский атындағы балалар кітапханасымен бірлесіп «Орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің турнирі» онлайн-ойыны өткізілді.

Бұл ойынның басты мақсаты көрші мемлекеттердің құрдастары арасында достық және серіктестік қарым-қатынас орнату болды.

Біздің қаламыздың және кітапханамыздың намысын № 7 мектептің оқушылары мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатубалдина Валентина Сансызбаевна қорғады. Жас полиглоттар «Шындық немесе өтірік», «Фразеологизмдер», «Мақал-мәтелдер», «Әдеби дауыл» сияқты байқауларда эрудиция мен тапқырлық танытты. Балалар қолшатыр сөзінің голланд тілінен шыққанын, А.С.Пушкин «Салтан патша туралы» ертегісінде «флот» шетел сөзін қолданғанын және т.б. көптеген жаңа нәрселерді білді. Оларға мынадай фразеологизмдер ұнады: өгіздей дені сау, аузын буған өгіздей, тіл мен жағына сүйенді.

Ойын басталар алдында сезілген шиеленіс пен толқуға қарамастан, ойын ойдағыдай өте қызықты әрі тартысты өтті, екі команда да бір-бірінен кем түспеді.

Біздің кітапханаға алғаш рет келген балалар бізге қайта келуге, ал ресейлік команда бізбен қайта байланысуға уәде берді.



«Жажда человечности» кітап клубы

Дс, 20/02/2023 - 10:25 — Ольга А

Сіз жаңадан оқыған кітабыңыздан алған сезімдер мен эмоциялар қармауында жиі жалғыз қалдыңыз ба? Сіз әрине өз әсеріңізді достарыңызбен бөлісе аласыз, бірақ мұның үнемі жүзеге асуы екіталай нәрсе. Ғаламтор желісінен қашан да виртуалды пікірлес кітапқұмарларды табуға болады. Бірақ сіздің ортаңызда ешкім кітап оқуға құмар болмаса ше? Бұл жағдайда Кітап клубтары бар екенін ұмытпаңыз! Сіз ол жерден өзіңіз сияқты кітаптардан қуаныш пен жұбаныш табатын адамдармен шынайы, жанды байланыс жасай аласыз. Егер сізге дәл осындай байланыс жетіспейтін болса, «Жажда человечности» кітапханалық кітап клубына келіңіз. Өміріңізді жаңа эмоционалды тәжірибелермен толтырыңыз.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 187 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана