Новости


Тағы да темекі шегу туралы…….

Ср, 10/06/2020 - 10:49 — Ольга А

Жыл сайын темекі шегуден әлемде 7 миллионнан астам адам қайтыс болады. Сіздердің назарларыңызға қазіргі заманның ең кең тараған тәуелділіктерінің бірі – темекі шегудің алдын алуға арналған семинар-тренингті ұсынамыз.

Семинар-тренингті № 1 Қостанай емханасының Алдын алу бөлімшесінің психологы, темекіге қарсы кабинетінің маманы Хакимова Виктория өткізеді.

Видео



Балалықты ұрлаған соғыс: Л.А.Кассиль «Федя из подплава»

Ср, 10/06/2020 - 09:18 — Ольга А

Сіздердің назарларыңызға Лев Абрамович Кассилдің соғысы туралы "Федя из подплава" әңгімесін ұсынамыз. Баланың өмірі қайғылы болды. Федя Толбеин эвакуациялау кезінде барлық туыстарынан: әпкесінен, әкесінен, анасынан айырылды, бірақ өзі тірі қалды. Осылайша бала сүңгуірлермен өмір сүруге тура келді. Күндердің бірінде жау ұшақтары әскери базаны бомбалай бастады ... Ұғымтал бала жаудан жасырынып, тоқаштардан өз атын жазып қойды. Осылайша ол ересек достарына оны табуға көмектесті. Бала теңізшілерді және белгілерді байқап, жау ұшқышының қайда жасыратынын көрсетті. Кітап орта мектеп жасына арналған.

Видео



Біздің таңдауымыз: агроном

Ср, 10/06/2020 - 09:16 — Ольга А

Ежелден бері адам жерді өңдеумен айналысты. Ол ауа райы факторларының егін сапасына тәуелділігін қадағалады. Бүгінде ауыл шаруашылығы өндірісін зерттеумен айналысатын арнайы ғылым – агрономия бар. Ал осы саланың маманы агроном деп аталады.

Видео



Ертегі толы дорба: «Қоян мен түлкі» ертегісі

Ср, 10/06/2020 - 09:14 — Ольга А

Дорба толы ертегі айдарында «Қоян мен түлкі» ертегісі. Ертегіде әділдік еш нәрсеге қарамастан жоғары болады деп үйретеді. Сондай-ақ: жеңу үшін тек қара күшке сенуге болмайды, сонымен қатар сенімділік пен тапқырлықты да көрсету керектігін айтады.

Әрине, әділдік орнату үшін ең алдымен арты жақсы болатынына сену керек және тоқтап қалмай соңына дейін берілмеу керек және ертегі қандай қиын жағдай болмасын әрекет етуге үйретеді. Сонда ғана соңында жақсылық болады. Ертегіні мұқият тыңдасаң соған көз жеткізесің.

Видео



Зырылдауық

Ср, 10/06/2020 - 09:13 — Ольга А

Бүгін біз оригами әдісімен балалардың сүйікті ойыншығы зырылдауық жасайтын боламыз. Зырылдауық - бір нүктеде көз ілеспес жылдамдықпен айналып тұратын ойыншық. Оны жасау үшін бізге түрлі түсті қағаз, қайшы және ептілік қажет. Жасалу жолы видеода берілген. Ал кеттік!!!

Видео



Сурет салу сабағы: аппликация «Балмұздақ»

Ср, 10/06/2020 - 09:12 — Ольга А

Бүгін бізбен бірге тағы да Костик пен Оксана. Костик балмұздақ аппликациясын жасайтын болады. Ал сіздер балмұздақты жақсы көресіздер ме, қалай жақсы көресіздер? Ендеше, іске кірісейік. Сабақ 2-4 жастағы балақайларға арналған, ұсақ бұлшықеттерді дамытады. Бізге қажет: А4 қағаз, Түрлі-түсті қағаз, Шарлар мен үшбұрыштардың қалыбы, Қарындаш желім, қайшы, қарындаш, фломастер, ұсақ дақыл немесе кондитерлік сеппе. Міндетті түрде көтеріңкі көңіл-күй, және де қиялымызды ұмытпайық!

Видео



Әжемнін ертегілері: Алпамыс батыр

Ср, 10/06/2020 - 09:11 — Ольга А

«Алпамыс батыр» – қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын қаһармандық эпосы. Басқа батырлар жырына қарағанда көнеболып есептеледі. Оқиғалары: Алпамыстың дүниеге келуі, зынданда жеті жыл жатуы сияқты оқиғалары көне екенін айғақтай түседі. Алпамыс батыр оқиғасы жақсылық пен жамандықтың тартысына құрылған. Соңында жақсылық пен әділдік жеңіп, Алпамыстың еліне, халқына, ата-анасына, туған-туыстарына жасаған жақсылығымен аяқталады. Эпостыңбасты идеясы елдің бірлігі.

Видео



Балаларға базарлық: «Шаштараз»

Ср, 10/06/2020 - 09:09 — Ольга А

Балаларға базарлық айдарында сендердің назарларыңызға кезекті Серікбай атамыздың күлкіге толы өлеңін тамаша өлеңін ұсынамыз. Шаштаразшы боламын деп жолдағы кездескеннің бәрінің шашы түгіл басқасында алған қызықты өлеңді тыңдағың келсе, өлеңді мұқият тыңдап, шаштаразшы боп жүрген кім екенін анықта.

Видео



Әжемнің ертегілері: Ғажайып бақ

Жм, 05/06/2020 - 10:42 — Ольга А

Құрметті достар! Сіздің назарыңызға "Ғажайып бақ" сиқырлы ертегісі ұсынылды. Бұл достық туралы ертегі, беріктігі соншалық, ешқандай байлық оны бұза алмады. Бұл адамның даналығы мен асылдығы, соның арқасында үлкен бақ пайда болғандығы туралы ертегі.

Видео



Сурет салу сабағы: Жазғы күннің батуы

Жм, 05/06/2020 - 10:30 — Ольга А

Оксана жазғы табиғат көрінісі тақырыбын бекітуді жалғастыруда. Бүгін ол бізге жазғы күннің батуын салуды үйрететін болады. Бізге қарапайым сурет салуға қажетті құралдар керек.

Видео


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 129 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана