Новости


«Сундучок историй» театрының құпия өзгеруі

Жм, 17/01/2020 - 13:49 — Ольга А

11 қаңтарда балалар, «Сундучок историй» кітап театрының қатысушылары Ежелгі мемлекеттерге саяхат жасады. Олар қазына іздеді деп ойлайсыздар ма? Жоқ, олар театрдың пайда болуының ұзақ тарихын анықтады. Ежелгі Египетте әйелдер музыканттардың сүйемелдеуімен қолдарына қуыршақ ұстап ауылдарды аралаған екен. Қуыршақтың қозғалып тұруы қиын болды, сондықтан оларды ең салтанатты сәттерде ғана қозғалтқан.

Бұл туралы біздің жас әртістеріміз болашақ театр қойылымы «Шортанның қалауы бойынша» ертегісіне арнап қуыршақтар жасау барысында білді. Қойылым кейіпкерлері өз қолдарынан жасалған қуыршақтар болмақ. Иә, иә, қуыршақтар да, декорациялар да хэндмейд үлгісінде болады.

Қуыршақтардың киімдерінің соңғы үлгіде болуы шарт емес, маңыздысы — әр бала басты роль — сиқыршыны сомдайды. Көрермендердің көз алдында жансыз заттың тірілуі нағыз ғажайып.

Фото



Өлеңдер сөйлесін

Ср, 15/01/2020 - 11:22 — Ольга А

Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден"

Ә дегеннен ғибрат алып келем.

Ұлттар үшін.

Жүз томдық жыр сездігі, деп-балаларға арнап көптеген қызықты өлеңдер жазған және сол балаларға арнап жазған өлеңдеріммен шынығам деген қазақтың қадірлі ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли ағамыздың 85-жылдық мерейтойына орай кітапханамызда бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Олар Қадыр ағамыздың қысқаша өмірбаяны мен естелігі жайлы сөз ететін «Балдырған жұлдыздарының шашуы» атты кітап көрмесі, сондай-ақ «Өлеңдер сөйлесін» деген атаумен өлеңдерін жатқа айту бойынша он күндік жыр микрофоны және мәнерлі де мәнді «өлеңдері қалтада» атты акция өтті. Қазіргі таңда ақынның өлеңдерін білмейтін адам кемде кем шығар. Оларды оқи бересің, ойлана түсесің. Өлеңдерін жатқа оқып, осы шараларға қатысқан оқырмандар ағамыздың тек қана өзіне тән ерекшелігі бар екендігін айтып, шынайы талант иесі, туған халқының тұтастығын қадір тұтқан қадірлі Қадыр ағамыздың поэзиясынан өздері рухани сусындап алғандарын айтып тарасты. Ал кішкентай оқырмандар Қадыр ағамыздың өлеңдерін қалай түсінгендерін әңгімелеп берді. Қадыр Мырза Әлиді ағамызды еске алу бағытында өткізілген іс-шаралар әр оқырманның жүрегінен өзінше орын қалдырғаны сөзсіз. Әртүрлі оқырман тобы, қатысқаны 21.

Видео



Ол қазақтың мұң – мұқтажын жоқтайды

Дс, 13/01/2020 - 15:56 — Ольга А

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Сәбит Досановтың 80 жылдығына орай «Ол қазақтың мұң – мұқтажын жоқтайды» атты кітап көрмесіне шолу кеші өтті.

Кеште Қостанай қаласының №115 орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс – шара барысында оқушыларға С. Досановқа арнап түсірілген деректі фильмнің үзіндісі көрсетілді.

Торғай даласы ақындық, шешендік өнердің және батырлар өлкесі ретінде атақ-даңқы қазақ елі-жұртына ертеден –ақ мәлім болған.

Міне, солардың бірі – күні бүгінге дейін 30 том көлеміндегі көркем шығармалары жарық көрген жазушы жерлесіміз, көрнекті суреткер Сәбит Айтмұхамбетұлы Досанов.

Балаларды кітап көрмесімен таныстыру кезінде Сәбит Досановтың - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тарихи романдары – "Ақбас бүркіт»,"Жиырмасыншы ғасыр" эпопея, «Қыран мен жылан», «Хранители сокровенного», «Аптаның сегізінші күні» т.б. шығармаларына шолу жасап, қаламгердің шығармаларын оқуға шақырдық. Кітап көрмесі 1 ай жұмыс жасайды.

Фото



Жаңа жылдық ғажайыптардың жалғасы

Жм, 10/01/2020 - 10:58 — Ольга А

Айтыңыздаршы, жақсы компаниядағы жақсы отырыстан артық не бар! Дұрыс! Сүйікті кітапханадағы кездесу!

Бүгін біздің достарымыз - Қостанай аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының және Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамының қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілері «Аққала қалай кітапханада ақыл-санаға үйренді» жаңа жылдық ертегісіне келді.

Мерейірімді Аққала қалай қуанды десеңізші! Тентек Жалмауыз кемпір барлығына ақыл-сананы үйретті, сонымен қатар балалармен де ойнады. Содан кейін Аққала ұлдар мен қыздарды өнер бөліміне шеберлік сыныбына шақырды.

Балалар, егер сендер Өнер бөлімінің қысқы шеберханасын білмейтін болсаңдар — бұл балалар мен ересектердің еркін әрі достық ортада шығармашылықтың түр-түрімен танысатын орта.

Міне, бұл жолы да бәрі дайын — түрлі-түсті қағаз бен жаңа жылдық ашықхаттың сұлбасы, әдемі әшекейлер үшін жылтырықтар мен қар ұлпалары, Аяз атаның мөрі және тағы басқалар.

Міне, қараңыздар, бізде не пайда болғанын! Қараңыздар, біз нешеуміз! Қанша көп болсақ, соншалықты қызықты!

Фото



3 ОҚИҒА - ТЕНТЕК

Ср, 08/01/2020 - 14:33 — Ольга А

Дене қоғалысы ойындары мен таза ауада көңіл көтеру біздің бәрімізге керемет қуаныш пен денсаулығымызға бағасыз пайда әкеледі, сондықтан да үшінші күн «Қарлы қиял» таза ауадағы ойындарға арналды. Іс-шараға келушілер екі топқа бөлінді: «Қар қиыршықтары» және «Қар кесектері». Ойын басында жүргізушінің көңілді тапсырмаларын орындайтын «Қыс келді» сергіту сәті өткізілді. Екінші кезеңде эстафета өткізілді: «Шаңғыда сырғанау», «Шелекпен жүгіру», «Қарды қағып алушылар». Ең көңілдісі «Кімнің кесегі үлкен» ойыны болып шықты. Топтар жақсы ойнады, сергектік пен поизитивтілікпен толықты.

Фото



2 ОҚИҒА - АҚКӨҢІЛ

Ср, 08/01/2020 - 14:32 — Ольга А

Екінші күні біздің оқырмандарды «Кітапханада Аққала қалай ақыл-санаға үйренді» жаңа жылдық ертегісі күтіп тұрды. Балаларды ертегі кейіпкерлері — Аққала мен сотқар Жалмауыз кемпір күтіп алды. Іс-шара сайыстар мен бисіз өтпеді. Іс-шара соңында қыс әндерін караокемен шырқады. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Көңілді оқиғалар айтып, оларды өз ойларыңнан құрастырыңдар — біздің әрқайсымыз да суперқаһарман болғымыз келеді ғой.

Фото



ҚЫС ҚЫЗЫҚТАРЫ…

Ср, 08/01/2020 - 14:31 — Ольга А

Балалар, өздерің білетіндей, қысқы каникул — кітапханаға баратын нағыз қолайлы уақыт!

Солай болды да! Жаңа, 2020 жыл біздің кітапхана өз жұмысын жаңа оқиғалармен бастады.

1 ОҚИҒА - КҮЛКІЛІ

Қалыптасқан дәстүр бойынша, осы кезеңде мектепке дейінгі балаларға және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде іс-шаралар тізбегі өткізілді. Бірінші күні оқырмандарды жаңа жылдық тосын сый — формулярларындағы жаңа номердің ұтыс ойыны күтіп тұрды. Залда Санта Клаустың нәскилері мен 2020 жылдың символы - күлкілі тышқанның суреті бар шырша ойыншықтары ілініп тұрды. Барлығы ыждахаттылықпен таптсырмалар орындады: есептер шығарды, жұмбақтар шешті, сондай-ақ сөзсіз ыммен атақты актерларды көрсету керек болды. Алғашқы оқырмандарға керемет сыйлықтар табыс етілді. Алғашқы оқырман күні жаңа жылдық мультфильмдер жинақталған кинозалда аяқталды.

Фото



Жаңа жылыңызбен!

Дс, 30/12/2019 - 14:21 — admin

happy_new_k.jpg



Өлеңге арналған өмір

Бс, 26/12/2019 - 16:38 — Ольга А

Қазақтың даңқты ақыны, халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өмірден өткеніне бес жылдан асты. Тірі болса, биыл желтоқсан айында 80 жасқа толар еді. Мерейтойлық датаға орай кітапханымызда «Өлеңге арналған өмір» библиографиялық көрсеткіш құрастырдық. Өз халқың сүйген атақты, талантты ақынның болмысы мен шығармашылығына халықтың да махабатты артпаса, кеміген емес, және Фариза апаның бейнесі алыстаған сайын ол махаббат ғасырдан ғасырға жалғасып, күшейе түсетін деп сенеміз.

Өлеңге арналған өмір [Мәтін] : Ф. Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған библиографиялық көрсеткіш=Жизнь, посвященная стихам [Текст] : библиографический указатель к 80–летию Фаризы Онгарсыновой / Сост. Ж. К. Буранбаева. — Костанай: ОДЮБ им. И. Алтынсарина, 2019. - 20 с. - На каз. и рус. яз.



Аяз Атаның қолғабы

Сс, 24/12/2019 - 16:36 — Ольга А

Сәлем, балалар! Жаңа жылға дейін аз ғана уақыт қалды. Сіздер мүмкін қызу дайындық үстінде шығарсыздар, мүмкін дайындыққа енді ғана кіріскен боларсыздар. Не дегенмен де, дәл қазір асыл тілектер тізімін жазатын, артығын сызып, жаңасын қосатын, өз өміріңнің басты сиқыршысы кім екенін еске түсіретін уақыт, ол кім? - әрине ол өздеріңіз. №1 лицейдің 1 «Д» сыныбының оқушылары сияқты ол сіздердің өз қолдарыңызда.

24 желтоқсанда олар өнер жөніндегі әдебиеттер бөліміндегі Аяз атаның шеберханасына келді. Ұлы Үстірт қаласына виртуалды саяхат жасады, Аяз Атаның қалай өмір сүретінін көрді, жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында қанша хат алатынын көрді. Содан соң Аяз Атаның қолғабын жасады. Келіңіздер, сіздерге де үйретеміз!

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 110 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана