Қостанай облысының мәдениеті

Қостанай облысы халқы сазды, ән-күй, әдеби саласында талантты болуы заңды құбылыс.

Қостанай –ұлы қазақ ақындарының, атақты билері мен батырларының, жазушы мен ақындарының, орақ ауыз шешендерінің отаны.

Тәтіқара жырау (XVIII в.) Абылай хан заманындағы шайқастар туралы жырлаған.

Барақ батыр, Шоқай батыр, Наурызбай, Асаубай, Шәңкі, Досбол, Балғожалардың қанатты сөздері, ұлағатты өсиеттері халықтың асыл қазынасына айналған. Облысымыздың аумағында Өске Торқа ұлы (1788-1857), Қанапия Басықарабаласы (1840-1917), Нұржан Наушабаев (1859-1919) айтыскер ақындарымыз өмір сүрген.

Өткен ғасырда тарихымызда өшпес із қалдырған қазақ жазушысы, ақыны, өзінің прозалық шығармалары мен поэзиясы, Л.Толстой, К.Ушинский әңгімелерінің, И.Крылов мысалдарының аудармалары, халық шығармашылығының үлгілері енген «Қырғыз хрестоматиясы» кітабының авторы Ы.Алтынсариннің (1841-1889) алар орны ерекше. Ұлы ғалым, ағартушы-демократ Шоқан Уәлиханов (1835-1865) Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан халықтарының тарихын және мәдениетін зерттеуші ретінде қазақ әдебиеті тарихына енген. Кейбір еңбектері публицистика жанрында ерекше орын алады. Ол қырғыздың «Манас» жырын орыс тіліне алғаш аударған аудармашы. Ауыздан ауызға айтылып жүрген жырдың көп бөлігін өз туған жерінде жинады.

Атақты журналист, белгілі ақын Мұхамеджан Сералин (1872-1929) 1911 жылдан 1915 жылға дейін жарық көрген «Айқап» қазақ газетін басып шығарды. Ол Қостанайлық губерниялық «Ауыл» газетінің алғашқы редакторы болды. Оның есімі сюжеттік поэзия жанрымен байланысты.

Қазақ кеңестік әдебиетінің классигі, атақты жазушы Бейімбет Майлин (1894-1938). Белгілі драматург, көптеген жанрлардың ауқымын кеңейте білген публицист.

Қазақ хаалқының болашағына жол ашқан мектептің іргетасын қалаған Ыбырай Алтынсарин. Алтынсарин мектебінде әдебиет саласының көрнекті өкілдері білім алды. Олардың көбісі жарқын ұстаздың ісін жалғастырды, педагогикалық тақырыптарда жинақтар мен хрестоматияларын жасап шығарды. Бірқатар оқулықтардың авторы белгілі лингвист ғалым, публицист Елдес Омаров (1892-1937). Ірі қоғам қайраткері, атақты ғалым Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) Әулиекөлде мұғалім боп қызмет істеді. Міржақып Дулатов (1885-1935) – «Оян, қазақ!» авторы, алғашқы қазақ романының авторы, реформаторлық «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі, ХХ ғ. қазақ әдебиетінің бастауы болған.

«Калың мал» романының авторы – Спандияр Көбеев (1878-1956) және Бекет Өтетілеуов (1883-1949) жас ұрпақ тәрбиесі тақырыбында өз еңбектерін жариялады.

Кеңес үкіметі кезеңінде әдебиетті өркендетуде орасан зор үлес қосқан қазақ әдебиетінің классиктері , халық жазушылары Сәбит Мұқанов (1903-1973), Ғабит Мүсірепов (1902-1985).

Астаналық газет-журналдарда, түрлі ұйымдарда, Қазақстан жазушылар Одағының аппартаныда қостанайлық жазушылар еңбек етті. Олардың ішінде: Хасен Узенбаев (1904-1994), Мариям Хакімжанова (1906-1995), Сырбай Мауленов (1922-1993), Сафаржан Хайдаров (1924-1972), Ғафу Қайырбеков (1928-1994), Жайсаңбек Молдағалиев (1922-1993). Бұл жазушылар романдар, повестер, әңгімелер, поэма және балладалар жазды. Олардың көбісі өз шығармаларында Қостанай жері, тың, өлке тарихын туралы қалам тербеді.

Алматы және Астана қалаларында, республикамыздың басқа жерлерінде тұрып жатқан ақын-жазушылар, әдеби сыншылар өз туған өлкесімен тығыз байланыста, олар: Хайдолла Тілемісов, Қуанышбай Құрманғалиев, Нұрғожа Оразов, Иван Щеголихин (1927-2010), Төлен Әбдіков, Сәбит Досанов, Ильяс Омаров (1912-1970) т.б..

Қостанай жерінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері тұрып жатыр: жазушы сатирик Ғұмар Ахметчин, ақын және публицист Акылбек Шаяхмет, ақындар Жолбарыс Баязид, Нағашыбай Мұқатов, С. Оспанов, прозаик Сәлім Меңдібай.

Қостанай ақындарының шығармалары «Простор», «Нива» журналдарында, «Алға» облыстық жастар журналында басылып шығады.

Ұлы Отан соғыс ардагері Иван Щербинин «Батыры твоего края» (1995) деректі кітабы жарық көрді. Пётр Черныштың үш поэзиялық жинағы мен «Очерки об истории Костанайской области» кітабы баспадан шықты. Ұлы Отан соғысының 60-жылдығына орай Облыстық ардагерлер кеңесі төраға Брусник Д. Я. жетекшілігімен «Они прошли через войну» (2005) көп томдық басылымын, ақын Николай Ковтун — «Незатухающая память» «Берегите ветеранов» өлеңдер жинағын жариялады.

Қостанай облысында 381 кітапхана, 1525 клуб бірлестіктері, 3 театр, 10 мұражай, Е.Өмірзақов атындағы Облыстық филармониясы тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде. Қостанай Мемлекеттік облыстық филармония 1944 жылы ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ашылған филармония уақыт сынағыннан мүдірместен өтіп, музыкалық – поэзиялық бейнеде еліміздің бастан өткерген Ұлы Жеңіс, Тың,Ғарышты игеру немесе еңбектегі жетістіктер сияқты даңқты оқиғаларды жырлады. Алғашқы концерттік бағдарлама қостанайлықтар назарына 1944 жылдың 19 наурызында облыстық театр ғимаратында ұсынылды.

Республикамыздағы ірі кітапханалардың бірі 1894 жылы халықтық кітапхана ретінде негізі қаланған Л.Толстой атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапхана астная, универсальная научная библиотека им. Л. Толстого.

Облыстағы театр өнері төмендегідей мекемелер арқылы көрініс табады:


Қостанай облыстық драма театры
– Қазақстандағы көнелердің бірі. Алғашқы спектакль 1922 жылы қойылды. Театрдың қалыптасқан мәдени дәстүрі бар, өз репертуарын үнемі жаңартып, кеңейтіп отырады.


Облыстық қуыршақ театры. Қостанай облысы әкімдігінің шешімімен 2012 жылы мамыр айында ашылды. Театр ғимараты «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды, мемлекеттен қаржыландырылып, қызметкерлер штаты біршама артты. Жаңа театрда үлкен 167 орындық көрермен залы, кең бутафорлық және декорациялық цехтары, жайлы костюм және реквизит бөлмесі бар. Уақыт өте келе қуыршақ мұражайы ашылып, балалармен жұмыс үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болады. 


Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
мәдениетті қолдау жылы болып аталған 2000 жылы ашылды. Театр тұсаукесеріне Н.Ә.Назарбаев қатысты.


 
Облыс мұражайы


Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Жітіқара қ. мен Меңдіқара аудан орталығындағы филиалдарымен, Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы, Арқалық қаласындағы облыстық дала тарихы мұражайы, Лисаков Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы, Таран, Қарабалық, Денисов тарихи- өлкетану мұражайлары, Амангелді ауылындағы А.Иманов атындағы мемориалдық мұражайы, 1984 жылы Торғай ауылындағы мемориалдық кешен.


Қостанай облыстық тарихи- өлкетану мұражайы қалалық мұражай ретінде 1915 жылы 1 тамызда ашылды. 1936 жылы маусымда облыстық мұражай болды. Алғашқы жәдігерлердің бірі қаланың оқу орындары берген жаратылыстану бойынша көрнекі құрал мен этнографиялық заттар болды. 1925 жылы бұрынғы қызыл әскерлер берген қарулар арқылы қарулар жинағы және өлкеміздің төңкеріс оқиғалары мен азаматтық соғыс бойынша фотоқұжаттық қор  қалыптасты.  1930-40-жж. Өлкемізді зерттеген ғалымдар, өлкетанушылар, геологтар, археологтар мұражайдың археологиялық, минералогиялық,палеонтологиялық жинағының  негізін қалады. Қазіргі уақытта мұражай бай фотоқұжаттар қорына ие. Жәдігерлер саны 90 мыңнан асты. 1995 жылы мұражай ХХ ғ. басында салынған сәулет ескерткіші болған ғимаратқа көшті. Жалпы ауданы- - 4600 шаршы. м., экспозициялық ауданы - 401 шаршы. м.


Кітапхана бойынша 3D-серуен


Құрметті оқырман! Осы тараудағы біз сілтеме жасаған ақпарат көздері болып Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК қызметкерлерінің жасаған әдістемелік құралдары мен бірқатар облыстық ғаламтор қоры табылады.
 

 2023 жылғы газеттерден мақалалар

Әбіш М. Луврдағы көрмеге дайындық барысы пысықталды / Маржан Әбіш. - Мәтін : тікелей    // Егемен Qazaqstan : жалпыұлттық республикалық газет. - 2023. - N 70 (14 сјуір). - Б. 14.

Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана / дайындаған Б. Бейсенұлы. - Мәтін : тікелей // Ана тілі : апталық республикалық қоғамдық саяси газеті. - 2023. - N 7 (16-22) ақпан. - Б. 8.

Қайратұлы Б. Қайта оралған Наурыз / Бекен Қайратұлы. - Мәтін : тікелей // Егемен Qazaqstan : жалпыұлттық республикалық газет. - 2023. - N 47 (10 наурыз). - Б. 1, 12.

Қапалбекұқлы Н. Ұрпағымызды кім тәрбиелеп жүр? / Нағашыбек Қапалбекұлы. - Мјтін : тікелей // Егемен Qazaqstan : жалпыұлттық республикалық газет. - 2023. - N 13 (20 қаңтар). - Б. 12.

Кәкімбек Гүлнұр. Ұлттық тағам ұмытылмасын / Гүлнұр Кәкімбек ; сұхбаттасқан Қ. Досжанова. – Мәтін : тікелей // Qostanai tany : облыстық газет. – 2023. – № 1 (06 қаңтар). – Б. 7.

Құлабай Н. Зерде мен зергер / Нұрқанат Құлабай. - Мәтін : тікелей // Егемен Qazaqstan : жалпыұлттық республикалық газет. - 2023. - N 50 (15 наурыз). - Б. 12.

Нағашыбай Қ. Ерекше куаныш : қостанайлық жетігеншілер Түркия мемлекетінен Бас жүлдемен оралды / Қымбат Нағашыбай. - Мәтін : тікелей // Наш Костанай=Біздің Қостанай : газета твоего города. - 2023. - N 3 (17 января). - Б. 1.

Сәбденова Г. Кітапхана - өркениет / Гүлмира Сәбденова. - Мәтін : тікелей // Егемен Qazaqstan : жалпыұлттық республикалық газет. - 2023. - N 20 (31 қаңтар). - Б. 11.

Сәрсенхан Б. Күй тарихы / Батырхан Сәрсенхан. - Мәтін : тікелей // Егемен Qazaqstan : жалпыұлттық республикалық газет. - 2023. - N 12 (19 қаңтар). - Б. 12.

Сейсенұлы Д. Актёр. Әнші. Сазгер : Болат Сыбанов туралы сөз / Дәулет Сейсенұлы. - Мәтін : тікелей // Егемен Qazaqstan : жалпыұлттық республикалық газет. - 2023. - N 21 (01 ақпан). - Б. 13.

Тұрғараев Б. (танымал заңгер-зияткер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері). Ќожаберген жырау : "Елім-ай" дастанына - 300 жыл / Бекет Тұрғараев. - Мәтін : тікелей // Егемен Qazaqstan : жалпыұлттық республикалық газет. - 2023. - N 49 (14 наурыз). - Б. 13.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 67 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана