Новости


Әдеби хронограф: Артур Гиваргизов

Ср, 29/04/2020 - 11:14 — admin

Достар! 2020 жылдың 15 наурызында ресейлік балалар жазушысы әрі ақын Артур Гиваргизов 55 жасқа толды. Ол қызықты, терең ойлы, көп жоспарлы, әзілқой жазушы. Оның шығармаларында «құрттар өлең айтады», ал «бұзақылар үш жасар Танядан қорқады». Бүкіл сыныпқа сыйлы Сережа маңызды кеңестер береді, мысалы, екілік пайда болған күнделікпен не істеуге болады, компьютер сатып алып бермеген ана-анаға не істеуге болады.

Сіздерге «заманауи Хармс» - Артур Гиваргизовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әдеби хронограф» парақшасын тыңдауды ұсынамыз.

Видео



Сүйікті кітаптардың мейірімді әлемі: Қазақстанның Қызыл кітабы.

Ср, 29/04/2020 - 11:13 — admin

Қазақстанның Қызыл кітабы – жирек кездесетін немесе жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлардың, құстардың, өсімдіктердің және саңырауқұлақтардың тізімі. 3 басылым шығарылған, оның соңғысы 1999 жылы шығарылған.

Көптеген жануарларды адам көре алмайды, себебі олардың саны санаулы, біз осы түрлерімен тек Ғаламтор арқылы немесе Қазақстанның Қызыл кітабынан таныса аламыз.

Табиғат-Ана бізге өмір сыйлағаннан кейін біз оған борыштымыз.

Оны бірге қорғайық!

Видео



Балалықты ұрлаған соғыс: Богомолов В. "Иван"

Ср, 29/04/2020 - 11:12 — admin

Сіздердің назарларыңызға Владимир Богомоловтың «Иван» повестін ұсынамыз. Кітаптың кейіпкері - 12 жастағы Иван. Балғын жасына қарамастан ол батыл әрі ержүрек. Құрметті оқырмандар! Бізбен бірге ҰОС кішкентай кейіпкерлері туралы оқыңыздар!

Видео



Сурет салу сабағы: Үкі

Ср, 29/04/2020 - 11:10 — admin

Бүгін біз сіздермен Керемет үкінің суретін салатын боламыз.

Сабаққа қажетті заттар:

ақ альбом парағы,

әртүрлі түсті гуашь,

жақсы көңіл-күй,

жалпақ және кішкентай көлемдегі қылқаламдар,

әзіл,

су құйылған стақан,

майлық пен ептілік))

Сәттілік!

Видео



Әжемнің ертегілері: Түнгі ұйқыға кетерде әже айтқан ертегі

Ср, 29/04/2020 - 11:09 — admin

«Түнгі ұйқыға кетерде әже айтқан ертегі» айдары сендерге арналған тағы бір ертегімен толықты. Ертегі «Ит неге ырылдайды» деп аталады. Ал сен кішкентай тыңдарман білесің не үшін иттер бірін-бірі көргенде де ырылдайтынын...

Білмесең саған жақсы хабар бізді тыңдап,сұраққа жауап ал.

Видео



Атамекен: ақпараттық-танымдық жинақ

Сс, 28/04/2020 - 08:13 — Ольга А

Жинақта Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері туралы беріле отырып, танымал археологиялық ескерткіштер, діни және ғибадат орындарға қысқаша шолу жасалған. Өлкеміздің бай табиғи, тарихи туристік әлеуетін таныту мақсатында қолданылған илюстрациялық материалдар тартымдылығын арттырады. Жинақты еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауым пайдалана алады.

Видео



Балаларға базарлық

Дс, 27/04/2020 - 08:40 — Ольга А

Оспанов С. «Атаммен әңгіме» Серікбай атамыз «Балаларға базарлық» айдарында немерелерді атасымен әңгімеге шақырады. «Көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра» демекші, ата әңгімесін мұқият тыңдайық. Ал «немере өмірдің базары» деген аталар тәтті немерелерін қызықты әңгімелерімен қызықтырып, немерелерінің қасында ұзақ жүрсін.

Видео



Толымбек Әбдірайым

Жм, 24/04/2020 - 08:20 — Ольга А

Толымбек Әбдірайымның «Әлеулеп ұшқан тырналар» атты жинағымен таныстырғым келеді. Бұл жинағына кейінгі жылдары жазған әңгімелері мен повесі еніп отыр. Кітап балаларға арналған.

Видео



Абай энциклопедиясы: Абай Құнанбаев - Ұлы дала сазгері

Жм, 24/04/2020 - 08:16 — Ольга А

Достар! Сіздерді «Абай Құнанбаев - Ұлы дала сазгері» атты бейне роликпен таныстырғым келеді. Абай ақын ғана емес, Абай – сазгер, яғни ән шығарушы да болған. Абай басқа да халық арасынан шыққан әнші, күйші, композиторлар сияқты нота сауатын меңгермеген. Домбыра оның өмірлік серігі болды. Абай әндерін түрлі тақырыптарда жазды. Мысалы: табиғат туралы әндер, махаббат сезімі туралы әндері, үлгі-өнеге, тәрбиелік мәні бар, сыншыл әндері бар.

Видео



Ертегі толы дорба (сторителлинг)

Жм, 24/04/2020 - 07:55 — Ольга А

Қайырлы күн ертегі сүйгіш кішкентай тыңдармандар! Дорба толы ертегіміз тағы бір қызықты ертегімен толықты. Бұл жолы сендердің назарларыңызға «Үш торай» деп аталатын ағылшын ертегісін ұсынбақпыз. Ақылды, Тентек, Әзілкештермен танысқың келсе, бізбен бірге ертегіні тыңдап, өзінің сүйікті жұмсақ ойыншықтарынды қолданып, өз ертегінді ойнап көрші.

Видео


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 306 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана