Новости


Сурет салу - керемет

Жм, 21/02/2020 - 15:34 — Ольга А

Шабыттандыратын сурет сабағы жалғасуда. Біз түс пен түр таңдауды үйренеміз, және де түрлі-түсті сергек көңіл-күйге бөленеміз. Құпия ретінде айтайын, жуырда біз ең батыл суретшілік тәжірибеге кірісеміз. Шығармашылық тұрғыда ойланамыз, еркін сурет салып, өнердегі өзіміздің жеке стилімізді іздейміз.

Жасы: 7 жастан асқан балалар, ата-аналарымен келгендерге 5 жастан бастап.

Уақыты: бейсенбі 15:00

Бағасы: тегін.

Шығын материалдары өзіңнен.

Жазылу үшін: 54 11 61

Фото



Алғашқы гастроль

Жм, 21/02/2020 - 15:32 — Ольга А

19 ақпанда «Сундучок историй» театр студиясы алғаш рет көшпелі спектакльге шықты.

«Маленькая страна» бала бақшасының тәрбиеленуші балаларына ертегі ала келді.

Нағыз күлдіргіш-әңгімеші, пештің үстіндегі Емеля, сөйлейтін шортан мен өздері жүретін шаналар — осының бәрі балақайларды керемет әсерге бөледі. Әртістердің өздері де аса зор әсерде қалды. Ертегіні кішкентай әрі талапшыл көрермендерге айту өте жауапты іс болып шықты. Біздің балаларымыз бұл тапсырманы да орындады. Балақайлар ду қол шапалақтап, өздерімен ойнауға шақырып, ұзақ уақытқа дейін жібергілері келмеді. Бұл тек бірінші бала бақша, алда әлі қанша бала бізді қонаққа күтіп жүр десеңізші!?

Фото



Қызықты физика. Біз көре алмайтын нәрселер қалай орналасқан

Бс, 20/02/2020 - 11:31 — Ольга А

Салалық әдебиеттер бөлімінде «Білім университеті» пәндер лекорийі аясында физика магитрі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ математика және физика кафедрасының аға оқытушысы Юрий Петрович Мартынюкпен кездесу өтті. Мұндай кездесулердің мақсаты — ғылыми-көпшілік әдебиеттерін оқуға тарту. №2 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары шақырылды.

Лектор салыстырмалылық теориясы, уақыт пен кеңістік координаттары туралы айта келе, мысал ретінде ғимараттың төменгі қабатында, жоғарғы қабатқа қарағанда уақыт баяу жүретінін де атап өтті. Физика — іс пыстырарлық пән емес екен, ол табиғаттың адам сенгісіз заңдарын түсіндіреді.

Фото



Медиасауаттылық маңызды!

Бс, 20/02/2020 - 10:10 — Ольга А

Бұл барлық кезеңге және барлық жастағы адамдарға қатысты. Кітапханадағы ақпараттық сабақта Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс оқушылары осындай пікірге келді. Әңгіме ауаны жарнамалардың қулықтары мен айла-шарғылары туралы болды: түрлі салаларда медиалық адамдарды және "сарапшыларды" тарту, сандармен арбау, кемшіліктерге байлану және тауарлардың тартымды түрін жасау. Сондай-ақ: "жалған жаңалықтарда", жалған ақпарат таратудағы әлеуметтік желілердің рөлі, оқырмандардың назарын аудару үшін мақаланың "көзге ұрарлық" тақырыбының мүмкіндіктері.

Тұжырым: Фейк - жалған немесе қолдан жасалған. Факт — нақты болған оқиға. Сондықтан: жалған фактілерді тексеріңіз. Және сіз қатысқан оқиғаларға ғана сеніңіз.

Фото



Дала жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин

Ср, 19/02/2020 - 11:25 — Ольга А

2020 жылы 18 ақпанда ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» іс-шаралар топтамасы аясында «Дала жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараға №18 мектептің 8 сынып оқушылары (16 оқушы) қатысты. Іс шараның мақсаты.

Білімге арналған өлеңдерінен тәлім-тәрбие алу болып табылады. Жастарды өз тәуелсіз елін, ақын – жазушыларын қадірлеуге, ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету. Іс-шара барысында сұрақ-жауап ойыны өткізілді, Ы.Алтынсариннің өлеңдері оқылды.

Фото



Оқшаулау, соғыс, балалар. Тарих сағаты

Ср, 19/02/2020 - 10:49 — Ольга А

«Сундучок историй» театр студиясы Балалар кітабы апталығында Геннадий Черкашиннің «Кукла» әңгімесі желісімен спектакль көрсететін болады.

Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар - біздің тарихымызды, ұрпақтардың байланысын түсінуге қажетті оқуға қиын кітаптар. Бұл естелік үшін жазылған кітаптар.

Олар ащы шындықты бейнелейді және өз көңіл-күйлеріне қарай лирикалық болып келеді. Оларды балалық шақта соғысты бастан кешкен және фашизмге қарсы соғысқан адамдар жазған.

Біз кітапханашы Елена Павловна Мензелинцева туралы жаздық. Бұл жолы спектакльге дайындық барысында ол балаларға Ұлы Отан соғысы кезінде қоршауда қалған Ленинградтағы балалардың өміріне қалай әсер еткенін айтты. Тәуліктік нан беру көлемі шілдеден қараша айына дейін қалай төмендегені туралы айтты, егер 1941 жылы шілдеде жұмысшылар үшін 800 граммды, қызметшілер үшін 600 граммды және балалар үшін 400 граммды құраса, қараша айының соңына қарай ол жұмысшылар үшін 250 граммға және қызметкерлер мен балалар үшін 125 граммға дейін төмендеді. Қымбат нанды қарабидай шаңы мен күнжарадан пісірді. Бұл тақырып көркем әдебиетте қалай көрініс тапты?

Содан кейін балалар естігендері және түсінгендері туралы ойдан құрастырылмаған әңгіме жазуға тырысты.

Балалармен мұндай әңгімелер Ұлы Отан соғысы мен Жеңісті шытырман оқиғалы кино немесе тарихи қайта құру ретінде ғана емес, шынайы оқиға ретінде қабылдаулары үшін керек.

Фото



Кілем тоқу өнері

Сс, 18/02/2020 - 10:57 — Ольга А

Ақыры орындалды!

Өнер әдебиеттері бөлімінде кілем тоқу өнері бойынша үйірме өз жұмысын бастады.

Естеріңізге сала кетейік, кілем тоқу – тарихы тереңнен алынатын ежелгі қолөнердің бірі. Қазақ кілемдерінің ғажайып өрнектері естен тандырады. Әр жолы, оларды қарастыра отырып, біз ұмытылған кезеңдерге сапар шегеміз. Таза, жұмсақ жүнді ұршыққа орап, жүн иіріп, жіптерді бояп, оюмен көмкерілген керемет кілем тоқитын кезеңге барып келгендей боламыз. Осының барлығы халық әндерімен сүйемелденді. Дәстүрге сүйене отырып, зейнеткер, кітапхананың бұрынғы қызметкері Зибагүл-апай қыздарды осы қиын қолөнерге үйрете бастады. Жұмыстың басында, әдеттегідей, шашу рәсімін өткізіп, барлық қатысушыларды кәмпиттермен сыйлады.

Біздің керемет оқытушымыз сіздерді әр дүйсенбі сағат 16.00 күтеді.

Бағасы: тегін

Жазылу үшін: 54 11 61

Фото



Жылы шығармашылық. Фетр

Сс, 18/02/2020 - 10:56 — Ольга А

Сіздер өз қолдарыңызбен қызықты нәрселер жасағыларыңыз келе ме, бірақ неден бастап, қандай шығармашылық түрін таңдау керек екенін білмей жүрсеңіз? Ендеше бұл қызығушылық сіз үшін.

Біз әр бейсенбі сайын кітапханашы Елубаева Зубайрамен бірге фетрден керемет жанға жайлы бұйымдар жасаймыз.

Сабақтарда қиял, түс таңдай білу сезімі, ұсақ моторика дамиды, ал қандай әдемі, сапалы бұйымдар шығады десеңізші, қысқасы — тұнып тұрған пайда! Шығармашылықпен айналысқысы келетін ата-аналар да қосылуларыңызға болады!

Жасы: 7 жастан бастапқы балалар, ата-аналарымен келетіндерге 5 жастан бастап.

Уақыты: бейсенбі, сағат 10:00-12:00 және 15:00-17:00

Бағасы: тегін. Материал шығындары өзіңіздікі.

Жазылу: 54 11 61

Фото



Инь мен Янь: мәңгілік қарама-қарсылық

Ср, 12/02/2020 - 10:48 — Ольга А

11 ақпанда ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде әдеттегідей танымды және қызықты, кітапхана қонағы, психолог Мария Александровна Балбабян «инь» және «янь» түсініктерімен анықталатын, ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімеледі.

Балалар сұрақтарға өте белсенді жауап берді, мысалы: Қыз бала қандай болу керек? Ұл бала қандай болу керек? Қыздар мен ұлдардың жаратылысы қандай? Содан кейін өздерінің пайымынша, мінсіз деп ойлайтын ұл мен қыздың портретін бейнеледі. Үйге тапсырма да берілді: қағазға өздерінің жетістіктері мен кемшіліктерін жазу. Бұл тапсырма мұғалімнің тексеруін талап етпейді. Бағасын кейін оның сапасына байланысты өмір өзі қоятын болады.

Фото



Шортанның қалауы бойынша

Дс, 10/02/2020 - 16:36 — Ольга А

немесе «Сундучок историй» кітап театрының кезекті тұсаукесері

«Шортанның қалауы бойынша» орыс халық ертегісі оқырмандардың сүйікті ертегісі екені шүбасыз. Ертегі бас кейіпкердің мейірімділігімен, әзілқойлығығымен мен күлкілілігімен барлығының көңілін аулайтындығымен, оның патша болуымен оқырмандарды тартады.

...Бір күні Емель суға барады, ол сиқырлы шортан аулап алады, ол оны жіберу үшін тілектерін орындайды. «Шортанның қалауымен, Емельдің тілегімен»: шелек өзі үйге келеді, ағаш өзі жарылады, Мария патшайым өзіне ғашық болады, сарай өзі салынады, керемет сұлуға айналады.

«Шортанның қалауы бойынша» қуыршақ спектаклінің тұсаукесеріне келген кішкентай көрермендер осындай ғажайыптың куәсі болды. Спектакльді «Сундучок историй» театр студиясының жас әртістері қойды. Айтпақшы, спектаклге арналған барлық қуыршақтарды балалар өз қолдарымен жасады.

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 117 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана