Новости


Ғажайып балықтар

Бс, 21/05/2020 - 09:52 — Ольга А

Табиғаттағы әр жаратылыстың өзіне тән ерекшелігі, ешкімге ұқсамас даралығы бар. Балықтар осыдан 450 миллион жыл бұрын, тіпті динозаврлардан бұрын пайда болған делінеді. Ғалымдардың айтуы бойынша әлемде 250 мыңға жуық балық бар. Оның 15 мыңға таяуы әлі зерттелмеген. Сүтқоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың, суда да, құрлықта да тіршілік ететін қосмекенділердің санын қоссаңыз балықтардың санына жетпейді екен.

Видео



Ойла: Юваль Ной Хараридің Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы

Ср, 20/05/2020 - 08:30 — Ольга А

Юваль Ной Хараридің «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы»

Кітап жүз мың жыл бұрын Homo sapiens осы ғаламшарда өмір сүрген алты түрдің бірі еді.

Экожүйеде горилладан, жарқырауық қоңыздан немесе медузадан артықшылығы жоқ елеусіздеу жануар болатын. Шамамен 70 мың жыл бұрынғы Homo sapiens–тің когнитивті қарым –қабілетінің жұмбақтау өзгерісі оны ғаламшардың қожасына әрі экожүйенің тажалына айналдырып жіберді. Ал басқа түрлерге не болды? Ақша, мемлекеттер, діндер қашан және не үшін пайда болды? Империялар қалай құрылды? Неліктен барлық қоғамда әйелдерді еркектерден төмен қойды? Адамдар шынайы бақытқа жете алды ма? Болашақта бізді не күтіп тұр?

Кітап өткен кезеңдердің оқиғалары мен қазіргі заман мәселелері арасындағы байланысқа зер салып, оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға жетелейді.

Видео



Ерте, ерте, ертеде: Жеңіске жетелеген татулық

Ср, 20/05/2020 - 08:22 — Ольга А

Бұл татулықтары жарасқан Достық елінің алауыздықтары өршіген Құйын елімен қалай соғысып, жеңгендері туралы айтылады.

Видео



Балаларға базарлық: Қырсыққа амал

Дс, 18/05/2020 - 07:51 — Ольга А

Балаларға базарлық айдарында Серікбай Оспановтың әзілге толы күлкілі өлең шумақтарын қарсы алыңдар.Күлкі адам өмірін ұзартады,- дегендей кішкентай бізді тыңдаушы балдырғандар өмірлерін тек қуанышты күлкіге толы болсын.

Видео



Бақбақ

Дс, 18/05/2020 - 07:42 — Ольга А

Бақбақ астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді.

Видео



Мұхтар Әуезов «Көксерек повесі мен Бүркітші және басқа әңгімелері»

Жм, 15/05/2020 - 07:43 — Ольга А

Достар, сіздерді қоғам қайреткері, педагог, жазушы, аудармашы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек повесі мен Бүркітші және басқа әңгімелері» атты кітабымен таныстырғым келіп отыр. Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтың бұл томға балаларға арналған повесть, әңгімелері яғни балаларға танымдық, тәрбиелік ой салатын шығармалары іріктеліп алынған.

Видео



Мастер-класс: Көбелек

Бс, 14/05/2020 - 08:47 — Ольга А

Көптеген аңыздар мен мифтерге арқау болған осынау әсем әрі құпия жәндік махабаттың, бақыттың, адалдықтың символы саналады. Батыста үйлену тойларында көгершіндердің орнына көбелектер ұшырып, жас жұбайларға бақыт пен пәк махаббат тілейтін көрінеді. Бунақденелі жәндік тұқымына жататын көбелектердің 157 000 түрі бар екен. Басқа да жәндіктер секілді көбелектер де көктемде тұқым көбейтеді екен.

Осындай әдемі көбелектi біз бүгінгі үйірмемізде жасадық. Егер ұнаса бейнебаяннан қарап, жасап алуыңа болады.

Видео



Шыңғыс Айтматов «Атадан қалған тұяқ»

Ср, 13/05/2020 - 08:53 — Ольга А

Жақсы шығарма жан серігің демекші, Шыңғыс Айтматов қай шығармасы болсын, ізгілікке және барша тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілікке толы, шынайы әлеммен байланысты. Оның әр шығармасын оқыған сайын кейіпкерлерімен бірге сол оқиғаны бастан кешіп жатқандай күй кешесің. Ал «Атадан қалған тұяқ» шығармасы-оның жарық дүниеге келгелі туған әкесін тұңғыш рет 5 жасында қаһарман ретінде кинодан алғаш танысуынан басталады. Фильм соғыс жайлы еді. Бірақ әкесінің роліндегі актер кинода жараланып қайтыс болады. Міне тек сол кезде ғана бала жоғалтудың қандай ауыр екенін қатты сезінеді.

Әңгіме бейбіт аспан үшін басқалар өз жандарын аямай, бастарына түскен қиыншылыққа төтеп беріп, жан қиғандарды өз жүрегімізде мәңгі есте сақтауға үйретеді.

Видео



Ертегі толы дорба: «Күшік пен мысық»

Ср, 13/05/2020 - 08:41 — Ольга А

Бұл балдырғандарға арналған хайуанаттар туралы ертегілер топтамасынан алынған, тілі жеңіл, қабылдауға оңай, танымдық ертегі. Ертегінің басты кейіпкері күшік өзімшіл, мақтаншақ мінезді. Бұндай жағымсыз қасиет адам бойында да кездесетін жағымсыз қасиет. «Өзін-өзі мақтаған өліммен тең» дегендей, ертегі бос мақтаншақтықтан аулақ болуға шақырады.

Видео



Әжемнің ертегілері: Тау, қаңбақ және бүркіт

Сс, 12/05/2020 - 12:15 — Ольга А

«Тау, қаңбақ және бүркіт» ертегісі табиғат жайлы ертегі. Бұл ертегі «күшін жетпегенге қолыңды созба» дегендей, айла, өтірік, мақтаншақтық ұзаққа апармайтынын түсіндіреді. Сол себептен бұндай ертегілердің балаларға тәрбие жағынан берері мол. Сондай-ақ осы және алда тағы оқылатын бес ертегідегі сұраққа дұрыс жауап берсең сені құпия сый күтетін болады.

Видео


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 96 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана