Новости


«Кадрдағы жастар»

Дс, 11/08/2025 - 16:06 — Ольга А

Халықаралық жастар күні – жыл сайын 12 тамызда аталып өтеді. Бұл мереке 1999 жылдың тамыз айында БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген.
Бұл күннің мақсаты – жастардың қоғамды дамытудағы және бейбітшілікті нығайтудағы рөлін еске салу, сондай-ақ олардың күнделікті өмірінде кездесетін өзекті мәселелерге назар аударту.
Кітапханада жастар тақырыбына арналған, жастар жайлы және жастар үшін жазылған кітаптарға шолу ұйымдастырылды. Олардың арасында: Рэй Т. «Я не ОК… и это “ОК”», Л. Чиркова «Достали!», Б. Янишевский «Экономика. То, о чём взрослые тебе не рассказывают» және басқа да еңбектер бар.

Осыған қоса, он күн бойы жастар мәселелерін қозғайтын өзекті бейнероликтер көрсетілді.



Абай күні

Дс, 04/08/2025 - 17:48 — Ольга А
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына, Абай күніне арналған іс-шара өтті.

Проведена акция ко Дню Абая, к 180-летию



«Жазғы басқосу»

Дс, 21/07/2025 - 14:43 — Ольга А

Кітапханада «SpeaKing Club» клубының Flex бағдарламасының финалистері – Цхай София және Мукашева Ажармен шырайлы атмосферада кездесу өтті.
Балалар АҚШ-на оқу визасымен барғалы отырған қыздарға үлкен қызығушылық танытты. Қатысушылар қонақтарға ағылшын және орыс тілдерінде сұрақтар қойды.



100 кітап

Сс, 15/07/2025 - 15:27 — Ольга А



Еңбек адамдары (подкаст, 5 бөлім)

Бс, 10/07/2025 - 12:27 — Ольга А

«Еңбек адамдары» подкастының жаңа шығарылымы  эфирде!

Біздің қонағымыз – дарынды бас аспаз, көптеген тележобалардың қатысушысы және «Аспаздар шайқасы» бағдарламасының финалисі Владислав Дикарев.

Тыңдаңыз, шабыттаныңыз, жаңашыл болыңыз — тек асүйде емес, өмірде де!



Бейбітшілік пен ізгілік қаласы – Бас қаламыз Астана

Жм, 04/07/2025 - 14:02 — Ольга А

Астана күніне орай №3 Мектеп-гимназиясының 2–4 сынып оқушыларына арналған «Бейбітшілік пен ізгілік қаласы – Бас қаламыз Астана» тақырыбында тарихи-танымдық круиз өткізілді. Іс-шара барысында балалар Астананың басты символы – елтаңбамен, тумен және әнұранмен танысты. Сондай-ақ, оқушыларға елорда тарихы туралы аңыздар, викториналар ұсынылып, Астананың басты көрікті жерлері жайлы бейнероликтер көрсетілді.



Көңілді подкаст. 2 бөлім. Неліктен гауһар тастары судан қымбат? Экономика. Мани атты ит

Жм, 04/07/2025 - 10:03 — Ольга А

Мектеп бізді өмірдегі ең маңызды нәрселердің бәріне бірдей үйрете бермейді екен. Ал экономика туралы кітаптар мен қаржылық сауаттылықтың негіздері маңызды сұрақтарға қарапайым әрі түсінікті жауап береді. Мысалы: «Неліктен кейбір елдерде адамдар басқаларға қарағанда көбірек табыс табады?» «Бұл қазақстандықтар ағылшындардан жаман жұмыс істейді деген сөз бе?» «Мемлекеттің бюджеті деген не?» «Мемлекет бюджетіндегі ақша қайдан алынады?» «Неліктен Финляндияда білімге инвестиция салады?» «Банктер мен экономикалық теориялар қайдан шыққан?» «Неге жүз жыл бұрын бір-ақ демалыс күні болса, қазір екеу?» «Қалай табыс табуға, шығындарды жоспарлауға, жинақ жасауға, инвестиция салып, байлықты арттыруға болады?»

Осы және басқа да маңызды сұрақтарға үш бірегей кітап тиянақты жауап береді:
М. Бойконың «Неліктен гауһар тастары судан қымбат?» кітабы, Бодо Шефердің «Мани атты ит» және Б. Янишевскийдің «Экономика» кітабы.



Астана — жүрегім

Жм, 04/07/2025 - 09:42 — Ольга А

3 шілде күні Қазақстанның Астана күні мерекесіне орай «Астана — жүрегім» атты іс-шара өтті. Іс-шараға «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері қатысты. Балалар Астананың басты рәміздерімен: елтаңба, ту және әнұранмен танысты. Сондай-ақ, елорданың тарихы туралы аңыздар мен викториналар ұсынылып, Астананың басты көрнекті орындары жайлы бейнероликтер көрсетілді.



Фанфиктер байқауы «Аяқталмаған ертегі»!

Ср, 02/07/2025 - 11:57 — Ольга А

Қазақтың халық ертегілерін жақсы көресің бе және оларды жаңа қырынан ашқың келе ме? Онда бұл байқау-дәл саған арналған! Біздің Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапхана ұйымдастырған байқау 10-15 жас аралығындағы балаларға қазақ ертегілерін өз қиялымен өрбітуге жол ашады.

Ертегінің жалғасын немесе балама нұсқасын қазақ немесе орыс тілінде жазда қиялыңды ұшта!

Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 30 маусымнан 30 қазанға дейін.

Жеңімпаздар сыйлықтарға ие болады, ал ең үздік деген фанфиктер «Ежик» журналында жарияланады!

Байқау ережесі және өтінім үлгісі — сілтеме бойынша: ЕРЕЖЕ



Еңбек адамдары (подкаст, 4 бөлім)

Ср, 02/07/2025 - 10:16 — Ольга А

 Фабрикалар мен зауыттарда еңбек ететін қазақстандықтар кімдер? Арнайы жоба аясында біз еңбек адамдары мен олардың қызықты мамандықтары туралы баяндаймыз.

Жаңа сұхбатта біз «Азурит» тігін фабрикасының қызметкері Ширин Абдукаримовамен танысамыз.
 Егер сізді шынайы оқиғалар, тәжірибеден алынған кеңестер және мамандыққа өмір сүру құралы ретінде қарау қызықтырса – бұл шығарылым сіз үшін пайдалы болмақ.

#ЖұмысшыМамандықтарЖылы #ГодРабочихПрофессий


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 113 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана