Бүгін 14-мектептің 1–4 сынып оқушылары үшін «Сегізаяқ» атты қызықты шеберлік сағаты өтті.
Балалар сегізаяқтар туралы қызықты мәліметтермен танысып қана қоймай, шығармашылық жұмысқа да белсенді қатысты. Қараңыздаршы, қандай тамаша жұмыстар шықты!
Новости
Сегізаяқ
Бс, 05/06/2025 - 14:02 — Ольга А«Ту мен елтаңба — біздің ортақ мұрамыз»
Ср, 04/06/2025 - 15:54 — Ольга АМемлекеттік рәміздердің туған күнінде № 16 білім беру мектебінің 3-4 сынып оқушылары үшін «Ту мен елтаңба — біздің ортақ мұрамыз» атты патриоттық сағаты өткізілді. Онда балалар мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихын еске алып, викторинаға қатысып, әнұранды жатқа шырқап, Қазақстан туралы бейнероликтерді тамашалады.
Қалдық материал (қақпақтар)
Ср, 04/06/2025 - 13:00 — Ольга АБүгін №14 мктептің 1-4 сынып оқушылары үшін қалдық материалдармен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабағы өтті. Балалар бөтелке қақпақтарын пайдалана отырып, осындай аппликация жасады.
Ту мен елтаңба — біздің ортақ мұрамыз
Сс, 03/06/2025 - 17:27 — Ольга АОсыдан 33 жыл бұрын, 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанда атаулы күн – Мемлекеттік рәміздердің туған күні пайда болды.
«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілеріне «Ту мен елтаңба — біздің ортақ мұрамыз» атты патриоттық сағаты өткізілді.
Балалар Мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Көп қимылдасаң, өмірің ұзақ болмақ!
Сс, 03/06/2025 - 12:36 — Ольга АБүгін №14 мектептің жазғы сауықтыру лагеріне қатысушылар үшін «Көп қимылдасаң, өмірің ұзақ болмақ!» атты Денсаулық әліппесі өтті. Балалар адам денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы маңызды мәліметтермен танысты. Зиянды әрекеттен аулақ болып, өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарау керек екенін түсінді. Сонымен қатар көрсетілген бейнебаяннан балалар «денсаулық - адам өміріндегі ең қымбат қазын» деген ортақ ойға келді.
Ескі журналдардан панно жасау
Сс, 03/06/2025 - 12:10 — Ольга АБүгін №16 мектептің 1-сынып оқушылары ерекше шығармашылықпен айналысты!
"Ескі журналдардан панно жасау" атты шеберлік сабағында балалар ескі басылымдарды екінші өмірге әкеліп, әдемі картиналар жасады. Мұндай панноларды жақын жандарыңызға немесе достарыңызға сыйлауға болады! Балалар қиялын қосып, түрлі-түсті, көңілді жұмыстар жасап шықты. Қараңыздаршы, қандай әсем дүниелер пайда болды!
Қызықты жануарлар
Дс, 02/06/2025 - 12:36 — Ольга АЖазғы сауықтыру лагеріне қатысатын балалар үшін «Қызықты жануарлар» атты танымдық-ойын бағдарламасы өтті.
Іс-шара барысында балалар жануарлар әлемінің таңғажайып, алуан түрлі, ерекше жануарлар әлемімен танысты. Қызыл кітапқа енген, жойылып бара жатқан жануарлар туралы тың мәліметтер білді. Сонымен қатар сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, жануарларды дауысынан танып, жұмбақтар шешіп, әдеби шығармаларда кездесетін жануар кейіпкерлерді еске түсіріп, есімдерін атап шықты. Кездесу соңында қатысушыларға табиғатты және жан-жануарларды қорғаудың маңыздылығы жайлы түсіндірілді.
Қағаздан гүл жасау
Дс, 02/06/2025 - 12:28 — Ольга АЖазғы демалыс басталды! Ал біздің кітапханада қызықты жазғы алаңдар өз жұмысын бастады! Бүгінгі күннің алғашқы қонақтары - №23 мектептің 2-сынып оқушылары. Балалар кітапханамен танысып, кейін "Қағаздан гүл жасау" атты шеберлік сабағына қатысты. Бұл шығармашылыққа толы, көңілді кездесу болды. Барлығының көңіл-күйі керемет, ал балалар нағыз шебер!
«Көңілді балалар өлкесі»
Жк, 01/06/2025 - 14:31 — Ольга АЖыл сайын жаздың бірінші күні ең тамаша мереке – Балаларды қорғау күні тойланады. Бүгін кітапханада «Көңілді балалар өлкесі» атты мерекелік-ойын бағдарламасы өтті. Балалар түрлі байқауларға, көңілді викториналар мен ойындарға қатысты. Іс-шара соңында әрбір жас оқырманға тәтті сыйлықтар берілді.
