Новости


Жаңа жылдық мозаика

Бс, 21/12/2017 - 16:44 — julia



Менің Қазақстаным, мен сені мақтан тұтамын!

Бс, 14/12/2017 - 08:05 — julia

16 желтоқсан — еліміздің азаматтары үшін ерекше күн, себебі Республиканың жаңа тарихы бастау алып, кешегі күн тарих парағында қалған күн. Ғасырдан астам уақыттан бері жаңа тарих жолымен келеміз. Елімізде көп өзгерістер болды, содан бері біз бірігіп мықты құқылы ел құрдық.

Қазақстандық патриоттықты, белсенді азаматтық ұстанымды, патриоттық сана-сезімді қалыптастыру мақсатында ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер» базалық бағыты аясында «Менің Қазақстаным, мен сені мақтан тұтамын!» деген тақырыппен патриоттық сағаты болып өтті. Іс-шараға ҚҚ КСК-нің 1-курс студенттері шақырылды. Іс-шара барысында кітапханашы студенттермен бірге тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолына толық шолу жасады — қазақ хандығынан Қазақстан Республикасына дейін. Ел дамуына үлкен үлес қосқан адамдардың есімдерін еске алды. Сонымен қатар балалар еліміздің дамуы үшін не істей алатындарын да айтып өтті. Біріншіден - барлық салада білім алып, сауатты дипломды маман болу.

Кездесуден кейін балалар «Халықтың басты жетістігі — Тәуелсіздік» кітап көрмесімен танысты, онда мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңін ашатын кітаптар қойылды.

Фото



Халық үшін ұлы күн

Бс, 07/12/2017 - 10:52 — julia

«Халық үшін ұлы күн» Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 6 желтоқсан күні 1-6 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Рухани қазына» бағдарламасы аясында 14-мектептің 1-сынып оқушылары үшін Тәуелсіздік күніне арналған «Халық үшін ұлы күн» тұлға сағаты болып өтті.

Тәуелсіздік күні мемлекеттің негізгі белгісі ретінде, әлемде ең маңызды мереке ретінде аталады. Қазақстан үшін Тәуелсіздік күні мемлекеттің егемендігі туралы идеяны тарихта бейнелеу үшін енді. Бұл күннің ерекшелігі - Қазақстан халықтарының бірлігі сезімін нығайтып, күшейтуінде.

Дәстүр бойынша осы басты мерекені Қазақстанның көп ұлтты халқы жыл сайын желтоқсанда атап өтеді. Біздің кітапхана өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлкен мән береді; жоғары деңгейдегі патриоттық сананың қалыптасуына, еліне деген мақтаныш сезімнің қалыптасуына. Атаулы мерекенің мағынасын айқындау үшін балаларға «Қазақстан әліпбиде» зияткерлік ойыны мен патриоттық видео-ролигі ұсынылды.

Жас оқырмандар Қазақстан біздің үлкен, қонақжайлы ортақ үйіміз, біз оны сүйіп, қорғау керек екенімізді айтып өтті. Іс-шараға барлығы 32 оқушы қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да өткен -Тәуелсіздік күні туралы ақпарат.

Фото



Ұлт Көшбасшысы: кеше, бүгін, ертең

Ср, 29/11/2017 - 14:07 — julia

29 қарашада ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде "Ұлт Көшбасшысы: кеше, бүгін, ертең" тұлға сағаты өтті, шараға №9 және №2 мектептің 8-сынып оқушылыры қатысты. Іс-шара мақсаты оқушыларды еліміздің тарихи қалыптасу оқиғаларымен таныстыру, Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы Президент Н.Ә.Назарбаевтың маңызды рөлін ашу, Презитентімізді мақтан тұтуға, Отанға деген патриоттық сезімін, махаббатын оятуға тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар Отан туралы өлең оқып, Республика жайлы викторинаға белсенді атсалысты. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" туралы деректі фильм тамашалап, шара соңында "Тәуелсіз ұлт Көшбасшысы" деген тақырыппен дайындалған кітап-журналдар көрмесімен танысты.

Фото



Біздің Елбасы

Ср, 29/11/2017 - 09:12 — julia

«Туған жер - туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына» ішкі бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин ат.облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 27, 28, және 29 қаңтарда Алғашқы Президент күніне орай «Біздің Елбасы» деген атаумен ақпараттық құжаттама түріндегі іс-шара ұйымдастырылды.

Атаулы іс-шараның міндеті – Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құру және дамытудағы тарихи рөлін көрсету. Елін мақтан тұтатын, Отанға деген сүйіспеншілігі мол, мемлекет бірлігінің маңыздылығы түсінетін, Елбасымыздың өмірі туралы ақпарат ұсынылды.

Президент Н. Ә. Назарбаевқа арналған кітап көрме-портреті атаулы іс-шараның ажырамас бөлігі болды. Көрмеге Нұрсұлтан Әбішұлының қызметі мен өмірі туралы кітаптар қойылды.

Іс-шараға №2 мектеп-лицейдің 5-6 сынып оқушылары, Ы.Алтынсарин ат. ДБМ, Қостанай арнайы мектептің 7-9 сынып оқушылары, жеке академиялық мектептің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар бұл іс-шара Жасөспірімдерді бейімдеу орталығы мен «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталығының» денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де ұйымдастырылды.

Фото



Менің Президентім

Сс, 28/11/2017 - 11:31 — julia

«Рухани жанғыру» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара ақпараты.

2017 жылдың 27 қарашасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламны жүзеге асыру аясында Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапхансында Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Менің Президентім» атты ақпараттық сағат өтті.

Іс шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектеп-интернатының 6 сынып оқушылары қатысты. Балалар Тәуелсіз еліміздің өсуі мен дамуын, ынтымақтықты, бірлікті ойлаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың балалық шағы мен өмірі жолы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрсетіліп, Президенттің сөзіне жазылған «Үш қоңыр» әні балалар назарына ұсынылды.

Іс-шара соңында Президенттің жазған кітаптарымен және ол туралы Қазақстан жазушыларының жазған кітаптарымен «Біздің Тұңғыш Президент» атты кітап көрмесінде жан-жақты танысты.

Фото



Кальян — зиянсыз ермек

Жм, 17/11/2017 - 14:54 — admin

арлық әлемде темекі шегумен қүрес қарқын алып келеді. Соңғы жылдары бұл, шынында, дүниежүзілік көлемде жүргізіле бастады. Жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде Халықаралық темекіден бас тарту күні аталады. 16 қарашада күні бойы кітапханада темекіден бас тарту акциясы жүрді, оның мақсаты салауатты өмір салтын сақтау және қаланың темекі шегетін тұрғындарын (әсіресе жастарды) темекіден бас тартуға ынталандыру болды. Барлық оқырмандарға «Темекіден қалай бас тартуға болады?» деген жадынамалар таратылды.

ҚҚКСК-нің 2-курс студенттері үшін №1 поликлиниканың психологі Хакимова Виктория Бирикуловнамен «Кальян — зиянсыз ермек» деген тақырыппен кездесу ұйымдастырылды. Жастардың көбісі кальян бүгінгі таңдасәнді кафелерде жастар отырысының ажырамас атрибутының бірі және оны жиі шекпесе, әсіресе никотинсіз қоспалармен шеккен жағдайда кальян зиянсыз деген ойларын ортаға салды.Кездесу барысында Виктория Бирикуловна кальянның ағзаға тигізер зиянды салдарын айтты. Кальян -адам ағзасына кері әсер ететін, жасанды психобелсенді зат, әсіресе әйелдер мен жасөспірімдер ағзасы оған тез тәуелді болып келеді. Кальян шегу де темекі сияқты обыр, жүрек ауруларын, тыныс алу жолдарының ауруларын, асқазан жарасын түсіреді. Әңгіме барысында кальян туралы презентация, видеокөрсетілді. Әңгімеден басқа шегу әдетінен арылуға көмектесетінтренингтер өткізілді.Кездесуден кейін екі студент бірінші поликлиника және темекі шегудің алдын алу кабинеті қайда орналасқаны жайлы сұрап білді.

Фото



Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...

Бс, 16/11/2017 - 16:27 — admin

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...» Қостанай музыка мектебінің 75 жылдығына

2017 жылдың желтоқсанында балалар музыка мектебі 75 жыл мерейтойын атап өтеді. Ол республикамыздың ескі мектептерінің бірі ғана емес, ең үздіктердің бірі. Оған бітіруші түлектердің марапаттары дәлел.

Қостанайда үлкен музыка сонау ашаршылық, суық 1942 жылы шере қалқадамен бөлінген, кішкентай мектептен басталған. Міне, осы тарихты толығырақ Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы №5а мектеп-гимназияның 3-4 сынып оқушыларына айтып берді.

Бұл қала тарихындағы жарқын беттердің бірі және оны балалар білуге тиіс. Бастысы музыка, жанды музыка болмаса, мектеп пен оның жетістіктері жайлы әңгіме болар ме еді? Жас музыкант: Кущугулова Нұргүл, Кехтер Эдгар, Красноцветова Яна, Теңізбаев Санжар және Бейсенғұлова Әмина көрермендерге сирек кездесетін аспаптарда ойнап, шағын концерт сыйлады. Жетіген, сазсырнай сияқты көне қазақ аспаптарынан сұлу, сазды әуенді, үйреншікті болса да, бәрі ұнататын баянды тыңдадық, көптеген балалар бұл аспаптарды өз көздерімен бірінші көрген болып шықты. Балалар аудиториясында саксафон да сирек ойнайды, ол ересектердің аспабы болғандығына қарамастан, бүгін оларбың біреуі емес, екеуі болды.

Балалардың жетекшілері: Латышев Павел Вадимовичке, Рядинской Галина Николаевнаға, Белгибаева Баян Жұмағалиевнаға, Семенова Светлана Васильевнаға және мектептің барлық ұстаздар ұжымына кітапхана бастамаларын қолдап, тілектестік, ықыластылық көрсетіп, кітапхананың үлкенді-кішілі түрлі іс-шараларына атсалысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.

Фото



Вебинар «Кітапхана. Оқу. Балалар: балаларға кітапханалық қызмет көрсету ынтымақтастық негізде»

Жм, 10/11/2017 - 09:16 — julia

9 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» деген белгімен В.Маяковский атындағы Челябі облыстық балалар кітапханасымен вебинар болып өтті.

Челябіде Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі аясында өткен, Ресей мен Қазақстанның 14-ші аймақаралық ынтымақтастығы форумымен ұштастырылды. Кітапхана қызметкерлері бір-бірімен танысты. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Теплякова Надежда Минеевна кітапхананың тарихы, оның құрылысы жайлы хабардар етті. Әдіскер Барибан Т.Г. балалар мен жасөспірімдерді оқуға тартуға бағытталған, кітапхананың жетекші жобалар туралы, сондай-ақ отбасылық оқу дәстүрін жандандыратын кітапханалық жобалар туралы айтты.

Челябі облыстық балалар кітапханасының жоба қызметіне көп көңіл бөлінді. Кітапханашылар «Книжкина неотложка» бағдарламасы аясында балалар больницасына барып, тек кітаптарды тапсырып қоймай, мүмкіндігі шектеулі балаларға түрлі іс-шаралар өткізгендері әсер қалдырды. «Вирус читателя» атты ең үздік оқырман байқауының тәжірибесін кітапханада өткізу қызықты болып көрінді. Өнімді кәсіби қарым-қатынастан кейін балалармен жұмыс жасайтын, екі кітапхананың алдағы ынтымақтастықтың тақырыптары белгіленді. Өйткені кітапта оқудағыдай шектеу жоқ!



Жетісу өңірінің дарыны

Бс, 09/11/2017 - 11:17 — julia

Дмитрий Федорович Снегиннің сан қырлы шығармашылығы мен есімі Қазақстан тарихымен байланысты. Атақты прозашы, ақын және аудармашы, панфиловшы офицер, Президент сыйлығы мен рухани келісімнің лауреаты Қазақстан әдебиетінде лайықты орынға ие. 07 қараша күні қызмет көрсету бөлімінде Д.Ф.Снегиннің 105 жылдығына арналған «Жетісу өңірінің дарыны» деген тақырыппен кітап таныстырылымы ұйымдастырылды. ҚҚКСК-нің 1-курс студенттері шақырылды. Ақын туралы басқа жазушылар жазған кітаптар мен Д.Снегиннің кітаптары көрмеге қойылды.

Таныстырылым барысында студенттердің жазушы шығармашылығымен таныс еместіктері байқалды, себебі олар нақтылаушы сұрақтарды көбірек қойды. Кітапханашы Д.Снегиннің кітаптары арқылы өз еіліңнің тарихын, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің тағдырымен танысуға болатынын айтты.

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 106 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана