Новости


Наурыздуман

Ср, 20/03/2019 - 09:27 — admin

«Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.»

- осындай шуақты күндей нұрын шашқан өлең шумақтарымен Наурыз мерекесі қарсаңында 15 наурызда мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Наурыздуман» ойын-сауық композициясы басталды. Осы жерде «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі аймақтық орталық» МКҚК тәрбиеленушілерін қарсы алды.

Іс-шараның жарқын элементтері болғандар: бізге ежелден келе жатқан қызғалдық туралы аңыз; көктем мерекесіне арналған бейнероликтер; сондай-ақ, қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрлері әлеміне сүңгуге мүмкіндік беретін викторина. Кездесуіміздің соңында балалар «Көтерме» ұлттық ойынына аса қызығушылықпен қатысты.

Наурызды қарсы алу барлық қатысушыларға сан алуан көктемгі көңіл-күй сыйлай отырып, жағымды эмоциямен қуаттандырды. Іс-шараға ерекше сән беріп, толықтырып тұрған қазақ халқының тұрмыс-салтынан көрініс табатын бұйымдармен безендірілген кітап көрмесі болды.

Фото



Ою ойғанның ойы ұшқыр

Дс, 18/03/2019 - 16:18 — admin

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында «Ою ойғанның ойы ұшқыр» атты үйірмесінің қатысушы шебер қыздары заманауи стилінде жасаған бұйымдарының шағын сән үлгісін зор мақтанышпен көрсетті. Шебер қыздардың сәндік көрсетілімін Қазақстан - Қостанай телеарнасынан алдағы жетіде тамашалай аласыздар. Ұлттық нақышта жасалған сәнді бұйымдарды үйірме қатысушыларына және кез келген осы шебер түрін үйренемін дегендер үшін қашанда көмектесуге дайынбыз.Ата- бабадан қалған ұлттық қөлөнерді дамытып,бүгінгі заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыруда бірге болайық.

Фото



Көзеші ұршығының құпиясы

Дс, 18/03/2019 - 16:13 — admin

Ерте, ерте, ертеде, мың жылдықтар бұрын, жер бетінде алғашқы адамдар өмір сүріп жатқан кезеңде, бір күні біреу қолына саз-балшықты алады да, оның жұмсақ әрі көнгіш екенін байқайды. Не істегің келсе соны жаса. Содан ол адам құмыра жасап шығады.

Осылайша есте жоқ ескі заманда саз-балшықтан жасалған тұрмысқа қажетті заттар пайда болған. Ал дарынды шеберлердің қолдарынан шыққан қарапайым заттар нағыз сәндік-қолданбалы өнерге айналды.

Ал егер өзіміз саз-балшықты алып, осындай шеберге айналсақ ше? Қаласаңыз, ойыншық немесе қабырға панносын жасауға болады. Бірақ, саз-балшықтан пішіндер жасаудың қызықты тәсілі көзеші дөңгелегімен жұмыс болып табылады.

Осы жұмыстың қыр-сырымен таныстыруға А. И. Никифоров ат. Балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы Наталья Михайловна Герасимова келісім берді. Әрине біздің дөңгелегіміз кәсіби емес, бірақ жұмыстың негізгі сәттерін қарауға мүмкіндігіміз болды. Біз — бұл өнер бөлімінің кітапханашылары, №1 ОМ 3 „Д„ сынып оқушылары және болашақ бастауыш сынып мұғалімдері - ҚМПУ «Бастауыш білім беру әдістемесі» бөлімінің 3 курс студенттері.

Ал егер сіз мұның бәрін көрмесеңіз, бізде, өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде қашан да көзе кәсібін үйренуге көмектесетін кітаптар мен журналдар табылады («Юный художник», «Народное творчество», «Деко»). Қалғанының барлығы сіздің қиял ұшқырлығыңыз бен еңбекқорлығыңызға байланысты. Саз-балшықпен жұмысқа кіріспес бұрын, орыс халқының «Құмыраларды құдай емес, шеберлер күйдіреді» деген мақалын есіңізге алыңыз.

Сонымен қатар, саз-балшықтан жасалған керемет дүниелердің көрмесін көру мүмкіндігіңіз бар, асығыңыз. Ол 20 наурызға дейін жұмыс істейді.

Фото



Мамандықтар әліпбиі

Дс, 18/03/2019 - 16:07 — admin

Мамандық таңдау бойынша дәрістер топтамасы аясында кітапханада «Мамандықтар әліпбиі» іс-шарасы өткізілді.

Конфуций бұрын айтып кеткен: «Өзіңнің жаныңа жақын жұмыс таңда, сонда сен ешқашан жұмыс істемейсің». Әрбір жас адам өзінің таңдау жолында тұрады, болашақта кім болатыны туралы армандайды. Оған кітапхана мамандары көмектесе алады, біз, мысалы, «Сорос Казахстан» қоры басып шығарған «Путеводитель по профессиям» кітабын оқуға кеңес береміз.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ гуманитарлық-әлеуметтік факультеті кафедрасының шет тілдері филологиясының 3 курс студенті Гаухар Бекбосынова сияқты табысты адамдармен кездесу ұйымдастыру маңызды. Ол №115 ОМ 9 сынып оқушыларына Чехияның Брно қаласындағы оқуы қалай өткендігі туралы айтып берді.

Оқушылар шетелге оқуға қалай түсуге болатыны, Чехияда оқу үшін чех тілін білу керек пе деген сияқты сұрақтарға қызығушылық танытты.

Кездесу соңында кітапханашы «Еңбек нарығындағы жаңа мамандықтар» сөздік-буклетімен таныстырды, оқушылар болашақта сұранысқа ие мамандықтар туралы білді.

Фото



Әзиз ана - Әмина

Дс, 18/03/2019 - 15:51 — admin

Қазақ киносындағы әйел-жұлдыздарын еске алсақ, біздің көз алдымызға ең алдымен Әмина апайымыздың жарқын да ашық бейнесі келеді.

Әмина Өмірзақованың кейіпкерлері — көбіне қайырымды, сүйкімді, жұмсақ мінезді әйелдерді сомдаған. Ол кеңестік пен қазақстандық кино және театр актрисасы.

Табиғатынан ширақ, ойын ашық білдіре алатын Әмина Өмірзақова қызығы, өзінің 8 наурызда дүниеге келгенін де қандай да бір сәйкестік десейші.

Сондықтан Өнер бөлімінде «Әзиз ана - Әмина» атты киносағатымызға КГПУ-нің педагогика және психология факультетінің 1,3 курс студенттері Әмина Өмірзақованың өмірбаянын баяндайтын кысқа метражды деректі фильмінен үзіндіні тамашалап, ғұмырнамалық деректі хикаятты кітаптары және альбомдарымен танысты.

Фото



«Біз ханшайым болуға лайықтымыз»

Ср, 06/03/2019 - 15:50 — admin

6 наурызда мектепке дейінгі балалар және МАД, 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Ал, біз ханшайым емеспіз бе?!» байқау бағдарламасы өткізілді. Мереке 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналды. Байқау бағдарламасына №14 мектептің МАД оқушылары қатысты. Қатысушылардың өздерін әртүрлі байқауда көрсетуге мүмкіндіктері болды: «Аспаздық», «Ең ерекше шаш үлгісі», «Пысық бикеш», «Гүл шоғын жаса» және тағы басқа.

Фото



Мысықтар күні

Сс, 05/03/2019 - 16:48 — admin

Мысықтар күні — мысықтардың құрметіне әлем бойынша аталып өтілетін бейресми мереке. Ресейде «Кот и пес» журналы мен Мәскеу мысықтар мұражайының бастамасымен, 2004 жылдан бастап оны көктемнің алғашқы күндерінде атап өтеді.

Біз де осы мерекеге қосылып, №2 мектептің 3 „б„ сыныбының балаларына мысықтар туралы ғана емес — сүйкімді әрі ерке үй жануары туралы, әртіс мысықтар туралы, Мәскеуде әлем бойынша тұңғыш «Кошкин дом» театрын құрған атақты сайқымазақ туралы айтуды жөн санадық. Оның есімі Юрий Куклачев, ол — мейірімді сайқымазақ, ол — Сайқымазақтардың алтын тәжінің иесі. Өзінің мысықтарымен Куклачев бар әлемді таңғалдырды. Ол мысықтары туралы кітап жазған. Олардың бірнешеуі біздің кітапханамызда бар. Мысалы, Наталья Владимировамен бірге жазған «Мои друзья - кошки», «Веселая арена», «Самый обычный сундучок» кітаптары.

Ал біздің кітапхана сандықшамызда әдеби мысықтар өмір сүреді. Біз балалармен бірге бас кейіпкері мысық болған кітаптарды есімізге түсірдік, себебі, оларға атақты жазушылар мен тіпті суретшілер де шығарма арнаған. Бұл Күміс тұяқ туралы ертегі жазған Павел Бажов және мысық Епифана туралы әңгіме жазған Евгений Чарушин, мысық Леопольд туралы оқиғаларымен Анатолий Резников, «Алтын кілт» ертегісімен Алексей Толстой …

Ерекше ақылды, өте әдемі, адал, өз адалдығын ашық көрсете білетін тәуелсіз жаратылыс туралы осы және өзге де кітаптарды оқуға уақыт табыңыздар.

Фото



«Мамандық әліпбиі»

Дс, 04/03/2019 - 15:40 — admin

1 наурызда Қостанай педагогикалық институтының филология факультетінің аға оқытушысы Кушкинбаева Қарлыға Теміржанқызымен, магистрант Динара Сагитовамен және филология факультетінің 2 курс студенті Гульфайруз Кадирбекпен кездесу өтті.

Кездесуге № 11 ОМ 9 сынып оқушылары шақырылды. Олар филология факультетінде қандай мамандықтарды алуға болатынына қызығушылық танытты, журналист, психолог, филолог мамандықтарына түсу үшін қандай емтихандар тапсыру керек екендігін сұрады. Университетке түсерде грантты қалай алуға болады? Бакалавриат және магистратура деген не? Осындай кездесулер болашағын айқындайтын таңдау алдында, 9 сынып оқушылары үшін өзекті деп ойлаймыз.

фото



«Алғысымды білдіремін...»

Дс, 04/03/2019 - 15:38 — admin

«Өз тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт» - бұл Алғыс айту күнінің нақылдарының бірі.

1 наурызда Ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде «Алғысымды білдіремін...» акциясы өтті. Оған осы күні келген оқырмандар қатысты. Келушілер кітапхана қызметкерлерінен барлық жақсылықты тілеген тілектер естіді. Оқырмандарға естелікке қазақ және орыс тілдерінде алғыс сөздер мен әдебиет пен оқу туралы атақты әлем жазушыларының сөздері жазылған біздің кітапханамыздың визиткасы берілді.


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 127 guests қонақ.

Кәзіргі уақытта сайтте падаланушылар

  • Ольга А

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана