Новости


Оқырман конференциясы

Дс, 02/10/2017 - 15:44 — julia

Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да ағымдағы жылдың 28-қыркүйегінде И. П. Щеголихиннің «Не жалею, не зову, не плачу...» атты автобиографиялық романы негізге алынған оқырман конференциясы ұйымдастырылды. Атаулы шығарма халық қасіреті — сталиндік қуғын-сүргін тақырыбын көтерді. ЧелМУ-нің 1 курс студенттері мен ҚМПИ-тың 4 курс студенттері атсалысты. ЧелМУ-нің студенттері ерекше белсенділік танытты.
И. П. Щеголихиннің әртүрлі жылдары басылып шыққан «Не жалею, не зову, не плачу...» атты кітаптары тақырыптық сөреге қойылды.



Көп тілділік, бір әлем

Дс, 25/09/2017 - 11:30 — julia

Тілдер күніне орай №2 ОМ-тің 7 сынып оқушыларымен бірге «Көп тілділік, бір әлем» атты кездесу-диалог өтті. Жер бетіндегі алғашқы тіл қандай, әлемде барлығы қанша тіл бар, неліктен олар ұқсас емес — балалар осы сияқты сұрақтарды талқылап, өз ойларын ортаға салды. Тіл дос та (халықтардың қарым-қытынас жасау құралы, мәдениеттің дамуы, білім алу және т.б.), жау да (соғыс басталады, мемлекеттер ұрысады, тіл құралы арқылы адамдар алдап, сатқындық жасайды) болады деген пікірге келісті. Кездесу соңында тілді сақтап, оны дамыту үшін басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарау керек деген пікірге тоқтады.



С.Мәуленов

Жм, 22/09/2017 - 14:42 — julia

21 қыркүйек күні ҚҚКСК-нің 1 курс студенттерімен атақты жазушы Сырбай Мәуленовтің 95 жылдығына орай кездесу өтті. Кездесу барысында кітапханашы аудиторияны ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығының иегері, жерлес ақынның өмірімен жан-жақты таныстырды. Сырбай Мәуленовтің әрбір өлеңі сүйіспеншілікпен жазылғандықтан тыңдар құлаққа тек әсерлі емес, ол сондай-ақ еліміздің сұлулығын ашып, тәнті етеді. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өлеңдері оқылды. Іс-шара соңында С.Мауленов туралы кітаптар мен оның өлең жинақтары ұсынылды.



Біртуар асыл ақын

Жм, 15/09/2017 - 11:50 — julia

14.09 күні сағат 13.30-да жыл сайын өтетін «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қостанай құрылыс колледжінің студенттері үшін поэтикалық марафон «Біртуар асыл ақын» ұйымдастырылды. Биылғы акция қазақтың ұлы реалист ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналды. Студенттер оның қазақ тіліндегі өлеңдерін оқып, көрмеге қойылған шығармашылығы туралы кітаптармен танысты. Бұл шараның мақсаты студенттердің назарын қазақ әдебиетіне аудару, жастардың оқуға деген ынтасын ояту, отанға деген патриоттық және мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу, Қазақстанның атақты адамдарымен танысып, оларды оқуға дағдыландыру, қазақ демократ ақыны С.Торайғыров туралы ұғымдарын қалыптастыру болды.

Іс-шара соңында «Біртуар асыл ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Фото



ЭКСПО

Жм, 15/09/2017 - 11:47 — julia

4 қыркүйекте ҚҚКСК-нің 1 және 2 курс студенттері үшін «Болашақ энергиясы: Экспо -2017» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Халықаралық мамандандырылған «Экспо» көремесі — ол жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді, сондай-ақ барлық елдің тарихы, дәстүрі мен мәдениетін көрсететін ірі көрме.

Шара барысында студенттер ЭКСПО көрмесінің тарихымен танысып, баламалы энергия көздерін пайдаланудың өзектілігін талқылады, сонымен қатар өткен ЭКСПО көрмесінің Қазақстан үшін маңыздылығын айтып қорытындылады. Пайдаланылған дыбыс-бейне құралдары мен ЭКСПО көрмесіне барған студенттердің әңгімелері қатысушыларға жәдігерлер мен идеялардың бірегейлігін, көрме кешендері мен павильондардың түпнұсқалылығын, көрме барысында өткізілген іс-шаралардың мәнерлілігін көзбен көргендей әсер қалдырды.



Отан отбасынан басталады

Сс, 12/09/2017 - 16:55 — julia

8 қыркүйек Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК гендерлік саясат шеңберінде «Қыздар әлемі» әдеби отырысында «Отан отбасынан басталады» атты Қазақстанның отбасы күніне арналған пікірталас ұйымдастырылып өткізілді. Клуб қатысушылары осы күннің маңыздылығын атап өтіп, Отан және отбасы жайында өз ойларын білдіріп, кейбіреулері өз отбасылары жайында әңгімелеп берді.

Сонымен қатар қыздар өздерінің сүйікті кітаптарында отбасы қарым-қатынасы жайында сөз қозғап, Ол шығармаларды басқа оқырмандарға оқуға ұсынды. Іс-шараға қатысқандардың барлығы бір ауыздан отбасы адам өмірінде ең маңызды екендігін және отбасы кіші жастан жақсылыққа, жауаптылыққа, үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрететін тек отбасы екендігін айтылды.Отбасы қашанда сені күтетін,сені түсінетін, қашанда өз жылуын аямайтын екендігі жайында айтып, балалар өз ойларымен бөлісті. Әдеби отырыс соңында қыздарға отбасы және отбасының құндылығы жайында жаңа көркем шығармамен таныстырылды.

 



Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың

Сс, 12/09/2017 - 16:28 — julia

Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК Мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде біздің кішкентай оқырмандарымыз бен ата-аналарүшін отбасы күніне орай «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» атты форматтан тыс кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Орталық сөре баланың жатын төсегінің шымылдығы және балаларға арналған арбамен ерекше безендірілген кітап көрмесі бір көргеннен өзіне назар аудартады. Сөре бала бесігімен безендіріліп, қырыққабат жапырағы ішінен балақай барлығын бақылауды . Иә, дәл сол қырыққабат ішінен тапқан балақай.

Көп жағдайда ата-аналар балалардың «Мен қайдан пайда болдым?» деген сұрағына жауап беру қиынға түсіп жатады, міне сол жағдайда біздің көрмеміздегі ерекше таңдалған кітаптар көп көмегін береді деген ойдамыз. Егер бала қойған сұрағына жауап алмаса, ертең жаңа сұрақтар қойылды, тағы жауап болмаса ата-ана мен бала арасында рухани байланыс үзіледі.

«Мен қайдан пайда болдым»

Көрменің бірінші бөліміндегі кітаптар осы және т.б.балалардың осы сұрағына лайықты жауап береді.Көрмедегі Яноух К. «Как я появился на свет», Дюмон В. «Откуда я взялся» деген авторлардың кітаптары сол сұрақтарға жауп беріп көп көмегін тигізеді.Көрмеге ары қарай саяхат жүргізсек,жас ата-аналар бесік жыры мен 3 жасқа дейінгі кішкене балаларға арналған өлең тақпақтармен таныса алады.

“Мен қандай боламын...жақсы не жаман” деп аталатын бөлімде осы және басқа сұрақтарға жауап беретін «Новый ребенок-гений с пеленок» және Ольга Корнееваның «Лучшие на свете – воспитанные дети» атты кітаптары өз оқырмандарын күтуде. «Кітап оқу білгенім қандай жақсы» атты бөлімде баланың мектепке дайындалуына көмектесетін үлкендерге арналған тест сұрақтар,әліппелер және көп сұрақтарға жауап беретін кітаптар «негештер» қойылған.

“Бірінші рет-бірінші сынып” бөлімінде алғаш мектеп табалдырығын аттаған балалар өмірі жайында айтатын тамаша көркем шығармалар топтамасы жинақталған. Одан: Р.Дальдің «Матильдасымен», М. Бершадскаяның «Большая маленькая девочкасымен», К. Нестлингер «Новые рассказы про Франца и школу», Т.Парвеланың. «Элла в первом классе», М. Нильсоннің «Цацики идет в школу», И. Ольшанскийдің «Несколько смешных историй из жизни семилетнего человека, которому не везет» атты шығармаларымен таныса аласыздар.

«Ата-аналар сіздер үшін» деп аталатын бөлімде аналар мен әкелер,әжелер мен аталар үшін тамаша кітаптар тізіліп өз оқырмандарын күтуде. Одан әйгілі психологтар менпедагогтардың және сондай-ақ көркем шығармалармен таныса аласыздар. Олар: Э.Успенскийдің «Воспитание взрослых», «Папамамалогия», «Домашние одичавшие взрослые»; А.Раскиннің «Как папа был маленький»; А.Вестлидің «Папа, мама, бабушка. Восемь детей и грузовик», М.Барановскийдің «Я воспитываю папу» және Н.Майорош «Семья 3х1» Г. Мебстің «Бабушка!- кричит Фридер», Н. Белопольскийдің «Такие неформатные дети» атты кітаптары сіздерді ойландырып,әр жағдайдың өз мүмкіндіктері барына назар аудартады.  

Фото



Отбасылық сурет

Жм, 08/09/2017 - 14:59 — julia

2017 жылдың 7 қыркүйегінде Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК ғылыми-көпшілік әдебиеттерге арналған бөлімінде «Отбасылық сурет» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараға ККСФО 1 курс студенттері қатысты.Кездесу барысында қатысушылар өткен ғасырларға тарихи шолу жасап,қазақ және орыс отбасының тарихын білді.Жалпы отбасылық өмір сүру жорамалдарын салыстырып,«Домостроя» шығармасынан үзінді оқып, тарихи қазақ отбасының дәстүрі жайлы Ы.Алтынсариннің, Ә.Қастеевтің және Абайдың отбасылық естеліктерінің мысалдар келтіріп,талдады. Жасөспірімдер отбасы жайлы өлеңдер оқып,Отбасы туралы өлең тыңдады.Отбасы жайлы мақал-мәтлдерді еске түсіріп, «Бір-біріне деген құрмет»тренингінен өтті.Осылай жас жандардың Осылайша жас жандар бақытты отбасы "Іргетасын" қалады.



Терроризмнің туындауы...

Жм, 08/09/2017 - 13:43 — julia

7-қыркүйек Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК Қостанай қаласы №11 орта мектебінің оқушыларымен Халықаралық терроризммен бірлесе күресу күніне орай «Терроризмнің туындауы...» атты пікірталас өтті.Балалар кітапханашымен бірлесе отырып террор мен экстремизмнің салдары жайлы,ұлттыцқ терроризм деген не және лаңгестіктің құрбанына тап болмау жағдайын талдап,азаматтық сақтылық дегеніміз не деген сұрақтарды белсене талдады.Оқушылар осындай қауіпті жағдайда өздерің қалай қорғап, қалай сақтану жолдарын түсіндірді. «Терроризм — NET» кітап көрмесіндегі жинақталған материалдар пікірталас барысында оқушылардың сұрақтарға дұрыс жауап тауып,дұрыс шешім қабылдауына көмектесті.
Іс-шара басында «Терроризм туралы айту керек пе» дегенде барлығы жоқ деп жауап берсе,соңында бұл жайында көп білу керектігін және өзінді,өз жақынынды бұндайдан сақтау керек деген шешімге келді.



Мен-Қазақстан азаматымын

Дс, 04/09/2017 - 16:58 — julia

02.09. 2017 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК акт залында “Мен-Қазақстан азаматымын” деген атаумен №2 мектебінің 4-6 сынып оқушылары үшін білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.Барлығы 274 адам қатысты.

Патриоттық сабақтың негізі -Отан тақырыбында өтті.Оқушылар қазақстан елі туралы аңыз тыңдап,"Лингвист"ойын барысында сөздерді қазақшалап, "Патриот" сөзінің әр әріпіне мәндес сөздер тауып талдады.Өткенді қайталау бөлімінен сүрінбей өтіп,ҚР Конституция қашан қабылданды және «Шаңырақ» сөзінің түсіндірмесін дұрыс тауып,еліміздің рәміздерін атап,2017 жылдың ең маңызды оқиғасы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың қазақстандық жеңімпаздарды атап берді.

Ең алдымен еліміз үшін және әр қазақстандық үшін биылғы жылдың ең маңызды оқиғасының бірі- «Болашақ энергия» деген атаумен өткен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің ашылуы болды.

Көптеген балаларда бұл оқиға өзінше терең із қалдырған.Ол бөліскен әсерлерінен байқалды.Олардың біреулеріне экспонаттар ұнаса, кейбіреулеріне үлкен экрандар,дыбыс, демонстрациялық алаңдар безендірулері және шетелдіктер және жергілікті тұрғындар адамдардың қарым-қатынасы және т.басқаларды еске алып бөлісті.Балалардың айтуынша барлық мазмұнды көрмелерді 1-2 күнде ғана көріп шығу мүмкін емес,кем дегенде 3 күннен артық уақыт керек.

Бір сағаттық уақыт ішінде біздің оқырмандар білгендерін еске түсіндіріп, қайталап-мектепке деген дайындықтарын көрсете білді.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 291 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана