Новости


Бір сағатқа кітапханашы

Бс, 18/10/2012 - 16:27 — Айжан К

Достар! Балалар мен жастарға арналған облыстық кітапханада кез келген ниет білдірген оқырман қатысушысы бола алатын «Бір сағатқа кітапханашы» дублер-шоуының шегінде Жастар кітабы фестивалі өтіп жатыр. Ал өзін кітапханашы ретінде сынаудан қорықпаған біздің алғашқы оқырмандар Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ-нің оныншы сынып оқушылары Кульмагамбетова Аида мен Куанышпаева Салтанат. Қыздар кітапхана жұмысына үлкен жігерлілікпен және жауапкершілікпен кіріскендерін айта кету керек: абонемент келушілерінен олардың не оқығысы келетінін жөндеп білуге тырысты, кітаптардың орналасуының айлалы жүйелерін біліп, кітапхана қорының жолдарын өз бетімен табуғы тырысып бақты. Ал кітапханашылар қыздарға күтпеген жерден келесідей сұрақ қойды: «Қалай ойлайсыңдар, біздің заманда кітапханашылар керек пе?». Бұл сұраққа қыздар бір ауыздан – «Керек! Себебі, біз өмірімізді қызықты, таңғажайып кітаптарсыз елестете алмаймыз» - деп жауа берді. Жұмыс барысында уақыт та зу етіп өте шықты, көзді ашып жұмғанша ертеңгі күні осында қайта оралу үшін қоштасатын уақытта жетті.

Бір сағатқа кітапханашы



«Оқу-қиялға қанат бітіреді» атты жастар кітабының фестивалі

Бс, 18/10/2012 - 16:14 — Айжан К

Бәріңізге! Бәріңізге! Бәріңізге! Көңілділер мен тапқырларға, зеректер мен зейінділерге! Сіздерді 23 қазан күні өтетін «ОҚУ-ҚИЯЛҒА ҚАНАТ БІТІРЕДІ» АТТЫ ЖАСТАР КІТАБЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІНЕ шақырамыз!

«Оқу-қиялға қанат бітіреді»  атты жастар кітабының фестивалі

Фестиваль бағдарламасында:

23 қазан 10.00 бастап - «Кітап – ізгілікке бастар жол» ретро-кітаптар мен жаңа басылымдардың көрмесі. Сіздердің назарларыңызға дүние жүзі бойынша сендердей жастағы балалардың таңдап алған кітаптары және әртүрлі әдеби бәйгеге лайық болған кітап көрмесі ұсынылады.

23 қазан 14.00-да - «Оқиын ба, оқымайын ба?» пікірталас. Жастардың қазіргі оқулары өз алдына қандай әсер береді және өмірлеріңде қандай орын алады екенін пікір-талас арқылы аңықтауға тырысамыз.

23 қазан 15.00-да - «Кітапқұмар адамның алар асуы да биік». Олар бір - кезде біздің кітапханамыздың оқырмандары болған-қазіргі таңда бұл адамдардың «Жолдары болы» болды деп сеніммен айтуға болады. Олар өздерінің оқу жолдарымен және осы өмір жолдарында оқу қалай ықпал еткені жайында бөліседі. Кім бұл адамдар? Бұл сендерге күтпеген жағдай болсын!

22-23 қазан – «Кітаптың салмағы». Бір күнде кітапханадан оқырмандар қанша килограмм кітап әкететіні қызықтырама? Айптақшы осымен бірге абонемент бөлімінің кітапханашысының «жүк көтерімділігі» қанша екенін білуге болады.

22-23 қазан - «Кітапханаға қалай баруға болады?». Бұл «жай» сұрақты кітапханашы кітапханадан шығып қаламыздың кез-келген тұрғынына қояды. Бұдан не шығарын байқап көреміз. Ақцияға қосыл!

17-23 қазан - «Бір сағатқа кітапханашы» дублёр-шоу. Кез-келген тілек білдіруші дублёр-шоуға қатысып, өзің осы мамандықтың иесі бола алады ма екенін байқап көруіңе болады.

23 қазан 15.00-да – «Кітапхана - шығармашылық алаңы». Дәл осы жерде әркім өзінің нендей қабілеті барың көрсете алады. Фестивалға қатысушылар мен көрермендер алдында спорт және өнер, сонымен қатар әдебиет саласында да өз қабілетің мен шеберлігінді көрсету мүмкіндігінді өткізіп алма.

Сіздерді бүгін күтеміз!



Шеберлік сабағына шақырамыз

Бс, 18/10/2012 - 12:29 — Айжан К

Өзімізді әдемі заттармен қоршай отырып, біз өзімізді «Сұлулық әлемді сақтайды» деп сендіреміз. Бірақ сол сұлулықты қолдан жасау әрқасымыздың қолымыздан келе бермейді. Өзіңіз түсінгендей, бұл жерде сөз Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ның өнер секторының оқырмандары жайлы қозғалып отыр :) мысалы, Елена Георгиевна Шелудько сияқты, «сабанды істер шебері», оның таңғажайып жұмыстары, міне бірнеше апта бойы біздің оқырмандарымызды таңдандырып келеді.

Сіздерді қуантуға асығудамыз! 20 қазан күні, сенбіде, сабаннан бастырмалар дайындау бойынша шеберлік сабағы болады, онда Елена Георгиевна сабанды пайдалануға қалай дайындайтынын, оны қалай дұрыс өңдейтінін және сізге қандай құралдардың аса қажет болатыны жайлы айтып береді.

Шеберлік сабағына шақырамыз

Сәндік-қолданбалы өнерге ынтық кісілер мен барлық ниет білдіргендерді шақырамыз. Мүмкін, қолыңызға алтын сабанды алғаннан кейін, Сіз осы істі бар жаныңызды салып жасайтын шығарсыз.

20 қазан күні сағат 15.00-де өнер секторында кездесеміз!



Суретке түсіруді үйренейік

Ср, 17/10/2012 - 15:06 — Айжан К

Фотография өнерінің музыка мен сурет өнері сияқты тосын сырға толы екенін әркім біле бермейді. Ал сен суретке түсіру фотоаппарат нүктесін баса салумен шектеледі деп ойладын ба? Ендеше қымбат фотоаппаратпен түсірген ең қызықты сәттерінің бейнесі неліктен көмескі көрінеді? Сол себептен де Ы. Атынсарин атындағы облыстық балалар мен жас өспірімдер кітапханасында фотография өнерін игеруге мүмкіндігін бар, әрі бұл тегін. Бұл керемет мүмкіндік беретін орын өнер секторы деп аталады және екінші қабатты орналасқан.

Суретке түсіруді үйренейік

Сонымен фотография өнері жайлы білгін келсе,кәсібі маманнан кенес алғын келсе,жаңа достар тапқын келсе есігіміз ашық. Кәсібі фотограф өз мамандығының қыр-сырымен таныстырып,фотография өнерін меңгеруге қуана қол ұшын береді. Осыдан кейін қарапайым ыдыстың өзі шығармашылық ойынды жеткізетін бейнеге айналады. Өмірінің әр сәті өткен шақтың еншісінде қалмайтынына сене беруіне болады.

Анықтама телефоны – 54-11-61

(өнер бөлімі)



Бахытты отбасы

Ср, 17/10/2012 - 14:23 — Айжан К

12 қазанда «Жаңға жайлы жүздесү» клубы мүшелерінің көптен күткен кездесуі өтті. Бұл кездесуде отбасындағы кикілжің мен бала қатыгездігі жайлы сөз болғандықтан, жас өспірімдер психологі В. А. Гаан қатысты.

Бахытты отбасы

Өз баланның жағымсыз қылығын тусүну қиынның қиыны шығар. Біз көңіл бөле бермейтін ұсақ-түйектер бала үшін шешілмейтін мәселедей көрінуі мүмкін. Көңіл бөлмейтініміз аздай, бала сезімін күлкіге айналдырамыз. Нәтижесінде бала ересектер көмектеседі және түсінеді деген пікірге күдікпен қарай бастайды. Өзін жалғыз қалғандай сезінген ол жағымсыз қылықтар көрсете бастайды.

Бахытты отбасы

Вера Андреевнаның айтуынша отбасындағы түсіністік маңызды роль алады. Конфуцидің сөзін еске алайық, «бақыт дегеніміз-өзінді өзгенің түсінуі». Балаларыңызды түсініп, аялай біліңіздер. Олар сіздердің қамқорлықтарыңызға зәру. Статистика деректері бойынша әр адам баласына күніне 20 минут қана көңіл бөледі екен. Сондықтан да ата-аналар балаларымен болатын кикілжіңдерді шешпес бұрын оның түп-төркініне үңілуі тиіс.

:) Ал бастамасына ұйықтар алдында балаға ертегі оқып беруге болады.



Жанға жайлы сырласу

Жм, 05/10/2012 - 16:07 — admin

Қымбатты біздің мамалар мен папалар!

Жақсы жаңалық: жазғы демалыстан кейін «Жанға жайлы сырласу» атты ата-аналар клубы өз кездесулерің жалғастырады. Міне алдағы 12 қазан күні сіздерді психолог Гаан Вера Андревнамен кездесуге шақырамыз. Вера Андревна әр отбасында туатын дау-жанжалдардан құтылу жолы мен отбасы тыныштығын қалай сақтап қалу керектігі жайында сөз қозғайды.

Сіздерді сейсенбі 12 қазан, сағат 18.00 күтеміз.



Адам және оның дәуірі

Ср, 26/09/2012 - 15:22 — Айжан К

Барлығымызда өз өлкемізді, өз қаламызды сүйеміз. Өмір тәлкегі қайда апарып тастаса да балалық шағын өткен жерді әрдайым сағынышпен еске аласың. Сол кезді еске ала отырып, қазіргі таңда жаңадан бой көтерген үлкен-үлкен үйлер, жаңа көшелердің орнығуы, қалалық алаңдардың көркейіп кеңейтілгені көзді қуантады. Қазіргі таңда Қостанай өз ерекшілігін жоғалтпаған қала, ал облыс болса Қазақстанда аты шыққан. Бірақ қаламыздың осындай қазіргідей өзгеріп, көркеюі үшін көптеген біздің жерлестеріміздің адамдардың еңбектері сіңді. Солардың ішінде Андрей Михайлович Бородиндің атқарған еңбегі ерекше орын алады. Қазан айында өз аймағының социалды-экономикалық дамуына баға жетпес үлес қосқан дана да, мықты басшының туғанына 100 жыл.

Человек и его эпоха

Әрине Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы да бұл айтулы күнді атап өтті. 26 қыркүйекте №1 мектептің 7 сынып оқушылары «А. М. Бородиннің дәуірі» атты видеожурналға қатысып, Қостанай жерінде өмір сүріп, еліңе, жеріңе қызмет еткен ғажап адамның тағдырымен танысуға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде қаламыздың ірі көшелерінің бірі-Андрей Михайловичтің атымен аталады. Ал өзі Бородин тұрған үйде мемиоралдық тақта ілінген:

Человек и его эпоха



Тілдер күні

Сс, 25/09/2012 - 09:45 — Айжан К

Өткен аптада Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 100-ге жуық балалар бір мезгілде әр тілде сөйлей бастады :) Ал бұл жағдай тамаша және барлығына ортақ Қазақстан халықтарының тілдер күні қарсаңында болды.

День языков

Шынында да, қазіргі кезде ен болмағанда бір шетел тілін менгерген жас адамдар көбейіп келе жатыр. Мұндай біздің елдей полиэтникалық елге, екі - қазақ және орыс тілін білу енді жеткілікті емес. Әлем өзінің аймағын кеңейтіп үнемі жатады және де, бізге кешегі мүмкін емес болып көрінсе, қазір бұл кәдімгідей зат болып тұр. Тек қана өз рухының күші, жігерлік және мақсаттылық өзгермей қалады – жалпы айтқанда, өмірде жетістікке жету үшін көмек ететінің барлығы. Мысалы, Толкиенді түпнұсқада оқып шыққын келе ме, жақсы көретін топ не туралы ән айтады екенін түсінгін келе ме, әр елдегі жігіттермен интернетте сөйлескін келе ме, айтулы ЖОО түскін келе ме, жоғары төленетін жақсы жұмысты тапқын келе ме?.. Осының барлығы болуы мүмкін, егер жігерін салса. Сондықтан, тілдерді оқыңдар! Ол қандай тамаша, - адамдармен тіл қатынасу, жаңалықтарды білу және алға ұмтылу. Біздің болашағымыз – ол бүгінгі күнде біздің талпынысымыз және арманымыз.



Қазіргі жасөспірімдер – олар қандай?

Жм, 21/09/2012 - 15:53 — Айжан К

Қазіргі жас өспірімдер, осыдан бірнеше жыл бұрын біз білгендерден ерекше екені мәлім. Бұл балалар қазіргі өмірдің күшті ақпараттық ағынында біз сияқты сасып қалмайды, керісінше онымен рахаттана сусындайды. Олардың лексикондары әлдеқайда жаңарған, ал қызығушылықтары бізге түсініксіз. Енді қазір, біз, кітапханашылар өзіміздің жас оқырмандарымызбен көбіне тіл табыса бере алмайтынымызды, олар үшін қызықсыз екенімізді мойындауға тура келеді.

18 қыркүйек күні Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспiрiмдер кiтапханада мәдени қызығушылықтары көбіне біздің санамызға симайтын және наразылық тудыратын, бірақ қызығушылық оятатын жас оқырмандарға арналған, Костанай облысының балалар кітапханашыларына арналған вебинар өтті.

sovremenie podrostki.JPG

Жасөспітім деген кім, оның не оқитыны және оқырмандардың осы категориясымен жұмыс істеген кезде нені ескеру керектігі туралы, қиын жасқа келген өз балаңды қалай түсінуге болатындығы жайлы ОБЖК ғылыми-әдістемелік бөлімінің мамандары  әңгімелеп берді, сонымен қатар шақырылған маман ретінде тәжірибесі бар психолог В. А. Гаан да қатысты.



Қыркүйек шамшырағы

Дс, 03/09/2012 - 16:55 — admin

Күнтізбе бойынша тағы да тамаша мереке күні. Бұл күні мектеп оқушылары жаңа оқу жылына тағы бір қадам басып, ал мұғалімдерінің құшақтарына гүл шоғын толтырып, көше бойы ақ бантик таққан қыз бикештер мен алғашқы қоңырауға асыға басқан балаларды көреміз. Әрине бұл салтанатты, аса толқулы балалардың көптен күткен 1 қыркүйек - Білім күні.

Міне, осы айтулы мереке күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы өз оқырман оқушыларын қуана қарсы алды. Оқушылар назарына қызықты тапсырмалар, әзілқой викториналар, мектеп тақырыбында жұмбақтар, «Ералаш» кейіпкерлерінің күлдіргіш әңгімелері және сонымен қатар ең қызықтыда, тартымды кітаптар ұсынылды.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 257 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана