Новости


Алтынсарин кездесулері

Жм, 19/04/2019 - 09:52 — Ольга А

Ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде «Ыбырай атымен аталатын орындар бойынша» атты «Алтынсарин кездесулері» іс-шаралар топтамасы өткізілді. Виртуальді шолу №18 мектептің 7 сынып оқушыларын Ыбырай Алтынсариннің атымен аталатын мұражаймен, оқу орындарымен, көшелермен, ауданмен таныстырды. Іс-шара барысында «Ыбырай Алтынсарин: ұстаз, жазушы, гуманист» саяхат ойыны өткізілді, сондай-ақ оқушылардың назарына презентация мен 15 кітаптан, журналдан, газет мақаларынан тұратын кітап көрмесі ұсынылды.

Фото



Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Ср, 17/04/2019 - 05:00 — Ольга А

Зияш Телеуовамен онлайн-кездесу Сәуірдің 17 күні кітапханада әдебиет әлемін қазіргі заман талабына сай жеткізе білген тамаша жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар – Зияш Телеуовамен алыстағы жазушымен қашықтықты қысқартатын «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» атты онлайн-кездесу өтті. Кездесуге біздің кітапхананың оқырмандары Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 6-сынып оқушылары, ұстаздары және кітапхана ұжымы қатысты. Кездесуде Зияш Қалиқызы өз естеліктерімен, шығармашылық ойларымен бөлісіп, бізге және біздің оқырмандарға үлкен мереке сыйлады. Балалар автордың өмірі, алдағы жоспары жайлы, шығармашылығы туралы көптеген сұрақтар қойып,жауап алды. Қатысушы балалар автордың домбырада ойнап, ән айтатынын естігенде сыйға ән сұрады. Зияш Телеуова балалардың сұранысына тартымды, нәзік дауысымен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді. Ал оқушылар болса «сыйға-сый» деп өздерінің мектептерінің әнұранына айналған «Алтынсарин маршын» орындап берді. Сондай-ақ оқушылардың ішіндегі Жанарыс атты оқушы өз атынан авторы төрт жолдық шығарған өлеңін оқып берді. Бұл кездесу біздер үшін үлкен мереке, үлкен сыйлық болды. Зияш Телеуова қазіргі балалар әдебиетінде нағыз таптырмас қаламгер.

Фото



Ою ойғанның ойы ұшқыр

Дс, 08/04/2019 - 16:19 — admin

М. Хәкімжанова атындағы №20 мектептің шақыртуымен Оқу тәрбие үрдісінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде 2018-2019 оқу жылында мектеп оқушыларымен ата-аналар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруы нәтижелері талқыланды.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында "Ою ойғанның ойы ұшқыр" атты үйірмесі осы мектеп оқушыларымен жұмыс жалғасып жұмыс етеді.

Кітапханашымыз өз жұмыстары туралы, сынып жетекшілері мен ата-аналарына тығыз байланыстары туралы айттып. Алдағы уақытта бірге жұмыс жасаймыз деген оймен тарадық.

Фото



Балалар кітабы апталығының аяқталуы

Бс, 04/04/2019 - 11:16 — admin

Қазына аралы бойынша теңіз қарақшыларының кеме жарысы кітап аралдары бойынша эстафетаның қорытындысы болды. Акула айлағынан шыққан теңіз қарақшылары Қаңқалар үңгіріне тап болады, одан шыққан соң, Сынақ көпірін бағындырады, Аңыздар аңғарындағы Ұшатын Голландцтан қорыққан жоқ, әлі күнге дейін Генри Морганның өзінің қазынасы сақталған нағыз теңіз қарақшыларының аралдары туралы білді.

Барлық сынақтарды бағындырған жас теңіз қарақшылары нағыз қазынаны тапты. Және бұл қазына — алтын мен гауһардан да қымбат нағыз, баға жетпес қазынаны сақтап отырған біздің кітапханамыз. Қазына — бұл кітаптардан табуға болатын білім. Залдан шыққан «Ендеше кітаптарға барайық!» деген баланың дауысы біз үшін нағыз марапат болды.

Кемелер сайысы қарақшылардың кітап сөрелерінен балық аулауымен аяқталды.

Фото



Ою ойғанның ойы ұшқыр

Бс, 04/04/2019 - 11:10 — admin

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында "Ою ойғанның ойы ұшқыр" атты үйірмесіне біздің кітапханамыздың өнер жөніндегі әдебиеттер бөліміне фетрден әшекей бұйымдар жасап үйрену үшін НЗМ 7 сынып оқушылары қатысты. Үйірмеде барысында фетрден ұлттық нақыштағы алқа, білезік, шашбау, ұялы телефон қаптары т.б бұйымдар жасады. Үйірме жұмысының нәтижесінде жасаған бұйымдары жайында мағлұматтар алып, шебер қолдарын шындап, ой-өрістері кеңите түсті. Үйірмеде бала тек менің үйретуіммен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өнделу технологиясына да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып бөлісе алады.

Фото



Балалар кітабы апталығының аяқталуы

Дс, 01/04/2019 - 15:31 — admin

Қазына аралы бойынша теңіз қарақшыларының кеме жарысы кітап аралдары бойынша эстафетаның қорытындысы болды. Акула айлағынан шыққан теңіз қарақшылары Қаңқалар үңгіріне тап болады, одан шыққан соң, Сынақ көпірін бағындырады, Аңыздар аңғарындағы Ұшатын Голландцтан қорыққан жоқ, әлі күнге дейін Генри Морганның өзінің қазынасы сақталған нағыз теңіз қарақшыларының аралдары туралы білді.

Барлық сынақтарды бағындырған жас теңіз қарақшылары нағыз қазынаны тапты. Және бұл қазына — алтын мен гауһардан да қымбат нағыз, баға жетпес қазынаны сақтап отырған біздің кітапханамыз. Қазына — бұл кітаптардан табуға болатын білім. Залдан шыққан «Ендеше кітаптарға барайық!» деген баланың дауысы біз үшін нағыз марапат болды.

Кемелер сайысы қарақшылардың кітап сөрелерінен балық аулауымен аяқталды.

Фото



Түрлі-түсті жіптер

Жм, 29/03/2019 - 13:35 — admin

27 наурызда өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде «Разноцветная ниточка» үйірмесінің тұсаукесері өтті. Қонақта біздің тұрақты оқырмандарымыз бен Жамбыл ОМ үшінші сынып оқушылары болды.

Іс-шара «Ине-жіп» қызықты ойынымен және «Ине ханшайым» ертегісімен басталды.

Ұзын бұрымы бар жіңішке, сымбатты, жылтыр Инеден бәрі өздерін көрді. Қазіргі балалар айфонның, смартфонның және басқа да электронды ойыншықтардың ортасында уақытты қалай қызықты әрі пайдалы өткізу керек екенін білмейтіні жасырын емес.

Ине-жіппен әртүрлі ғажайып тудыруға болады екен. Үйді, киімдерді әшекейлеуге болады, нағыз Марья шебер - Ольга Винокурова жасағандай, хендмейд стилінде жақындарыңа сыйлық жасауға болады.

Кесте — оңай үйренуге болатын керемет өнер түрі. Біздің көптен бергі оқырманымыз Ольга да осылай ойлайды.

Ольга балаларға көп жылдар бұрын әжесінің «болгар кірестерін» қалай үйреткенін айтып берді және алғашқы жұмыстары мен «Магия рукоделия» көрмесіне қатысқаны үшін алған лайықты марапаттарын көрсетті. Әрбір адамның қолының икемі бар екенін, тек оны шеберлікке баулу керек екенін айтып, балалардың ойына да кірмеген құпиямен бөлісті.

Мұны қалай істеуге болады? Жай ғана «Разноцветная ниточка» үйірмесінде Ольга Винокурова қалай Ине-ханшайымның матадан өтіп, әртүрлі өрнектер салатынын үйретеді.

Фото



Сундучок историй

Жм, 29/03/2019 - 12:45 — admin

28 наурызда біздің кітапхана қонақтары Қуақылар аралында болды.

Қандай қуақылар дейсіздер ме? «Сундучок историй» театр студиясының шығармашыл әрі дарынды балаларының аралында!

Капитан Сильвер мен теңіз қарақшысы кемесінің теңізшісі Джонға «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай туралы — ескі ертегі жаңа үгіде» әртістерінің тұтқын екенін айттық.

Ақша тарихы мен ұлттық валюта-теңгенің тууы туралы қызықты оқиғаны біздің тұрақты оқырмандарымыз, №2, №3 ОМ, №14 НМ балалары, «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі аймақтық орталық» МКҚК қамқорлығындағы балалар тыңдады.

Тапқыр және терең ойлы ұлттық ертегі кейіпкері — Алдар Көсе мен балалар кітабының сүйікті кейіпкерлері — Буратино, Лиса Алиса, Пошташы Печкин және Мысық Матроскин, Шықбермес Шығайбай және Мысық Базилио тапқырлықтарымен және ақшаның пайда болу тарихы туралы терең білімдерімен көрермендерді баурап алды. Күлкілі оқиғалар, «оңай емес» шешімдер және «жаңалық» - ең кішкентай әртіс Байжанова Делияның орындауындағы ерекше кейіпкер Сплюшкин құстың пайда болуы — көрермендерді таң қалдырды.

Қойылым қатысушылары қарақшылар мен көрермендерге кез-келген жағдайдан шығу жолы бар екенін, тек дұрыс шешім қабылдай білу керек екенін, өзіңнің жасаған ісіңе жауапты болу керек екенін дәлелдеді. Буратино айтқандай - «ең бастысы — өзіңнің қаржылық сауаттылығыңды арттыру керек»!

Фото



Халықаралық балалар

Жм, 29/03/2019 - 12:40 — admin



Таңғажайып оқиғалар жалғасуда…

Жм, 29/03/2019 - 10:40 — admin

Балалар кітабы апталығы: екінші күн

Бүгін балалар теңіз қарақшыларымен бірге Оқу аралына тап болды. Бұл арал картада көрсетілмеген, себебі мұнда көп кітап оқыған балалар ғана тап болады.

Картаға сәйкес, аралда қазына жасырылған, бірақ, оған жету үшін саяхатшыларға Поэзия айлағына еніп, Ғажайып өзенді бағындырып, тауға өрмелеп, Ертегілер үңгіріне тап болу керек болды. Сондай-ақ, саяхаттың әр кезеңінде балалар кітабы мен ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесу күтіп тұрды.

Поэзия айлағында жұмбақтар шешті, ұйқастар құрастырып, өлеңдер оқыды. Ғажайып өзенді өтерде балалар Гулливер, Барон Мюнхгаузен, Питер Пэн сияқты кітап кейіпкерлерін еске түсірді. Тауға шығарда ертегі кейіпкерлерінің хаттарын оқыды, «Ертегілерде қонақта» викторина сұрақтарына жауап берді. Барлық кедергілерді бағындырған балалар, Ертегілер үңгірінен теңіз қарақшыларымен бірге қазынаны тауып алды.

«Қазына — бұл тек қана алтын мен гауһар тастар емес… Ең басты қазына — бұл кітаптар! Себебі, кітаптан көптеген қызықты оқиғаларды білуге болады», - міне, нағыз шындық. Әрбір қатысушы тәтті сыйлықтарға ие болды, сонымен қатар, біздің кітапханамыздан алып оқуға болатын теңіз қарақшылары туралы кітаптар тізімі де берілді.

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 107 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана