Новости


Сундучок историй

Жм, 16/11/2018 - 14:44 — admin

2 қарашада «Сундучок историй» студиясына қатысушы балалар үшін „Хэллоуин мерекесінің тарихы„ танымдық сабағы өткізілді. Іс-шара Л.Толстой атындағы облыстық кітапхананың Ағылшын мәдени секторында өтті, онда балаларды сектор меңгерушісі Ксения Геннадьевна Чернева шақырған болатын.

Бұл мерекенің тамыры тереңде болып шықты. Ол күн қысқарып, түн ұзарғанда өткізіледі. Күн суытып, қараңғыланады. Қатты жел соғып тұрады. Ағаштардан жапырақтар түседі. Жыл аяқталып, барлығы қатып қалады. Ұзақ, қараңғы түнді ілестіріп қыс келеді. Адамдар дәл осы мезгілде нешетүрлі елестер, сайтандар және әлемнің барлық мыстандары сыпырғыштарымен үрей туғызып, аспанды шарлап жүреді деп сенген. Адамдар өздерінің денсаулықтары, өмірлері үшін қорқып, далаға шықпай үйде отырған. Бұл туралы балаларға кітапхананың еріктілері Кристина Жукова мен Александр Русалев айтып берді.

Қазір адамдардың көбісі жындарға сенбейді, ал Хэллоуин қорқынышты күннен көңілді мерекеге, костюм киген бал-маскарадқа айналған. Іс-шараға костюм киген әртістер де келді, бірақ олардың кейіпкерлері атақты мультфильмдегі Каспер сияқты мейірімді әрі көңілді.

Ойындар, қызықты сайыстар мен викториналар әртістерге өздерін еркін ұстап, көңіл көтеруге мүмкіндік берді. Ал келесі күні тың күшпен олар осы жылдың соңғы спектаклі „Алдар Көсе мен Шығай бай — ескі ертегі жаңа үлгіде„ спекткалінің сахналарын қойып дайындалды.

Фото



15 қараша - теңге төрге шыққан күн

Бс, 15/11/2018 - 16:43 — admin

Бүгін – Ұлттық валюта – теңге күні. Осыдан тура жиырма бес жыл бұрын дәл осы күні төл теңгеміз айналысқа түскен. Бұл күн мемлекеттігіміздің мәртебесі тағы бір дәлелденіп, абыройымыз асқақтап, өзгенің емес, өз ұлттық ақшамызды қолға ұстап, қазақы дүниеміздің қатары қосылып қуанғанбыз. Содан бері бұл күннің мерейі үстем – мереке. Осындай айтулы мерекеде төл теңгеміздің тарихына көз жүгіртіп, жылжи өткен жиырма бес жылдағы жаңалықтарын түгелдей түгендей алмасақ та, там-тұмдап сыр шертіп, ақшамыздың айрықша артықшылықтарын, түр-түсін әңгімелесек, әр түрлі ою өрнетерді көреміз. Мұндағы «қошқармүйіз» оюы байлық пен молшылық нышаны, мал шаруашылығына байланысты туған. Сондықтан теңгеміздің болашағы жарқын болып, байлық пен молшылықта болайық деп бізде қолөнерші қыздарымызбен осындай көрнекілікті жасадық.

Фото



Үміт үзгім келмейді

Ср, 14/11/2018 - 14:43 — admin

"Рухани жаңғыру "мемлекеттік бағдарламасын және "Бір ел — бір кітап" республикалық акциясын жүзеге асыру аясында 13 қарашада жазушы, әдебиеттанушы, ғалым Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" кітабы бойынша іс-шара өткізілді. Кездесуге ҚЭК студенттері қатысты, оларға „Н.Келімбетовтың көркем әдеби мұрасы" кітап көрмесі ұйымдастырылды.

"Үміт үзгім келмейді" повесть-монолог жазушымен болған нақты оқиғаларға негізделген. Мүгедек арбаға таңылған Немат Келімбетов тамаша жігерлік танытып, өмір үшін аянбай күрескен. Оның жанында әрқашан оның сүйіктісі Қуаныш-жеңгей болды. Ол күйеуін аяққа қойып, өзіне сенім беру үшін өзінің өмірлік қуатын берді. Студенттер назарына буктрейлер-кітап бойынша бейне ролик ұсынылды.

13 қараша күні Халықаралық қайырымдылық күні атап өтіледі және студенттерге айналасындағыларға арналып жылы сөздер жазылған үлестірілмелі парақшалар таратылды.

Фото



Туған күніңмен, Теңге!

Сс, 13/11/2018 - 14:53 — admin

Ақша – ерекше әрі маңызды тарихи дереккөз. Олар бізге тарихи тұлғалардың портрет галереясын, әртүрлі ескерткіштердің суреттерін жеткізді, ондағы суреттерден мифологиялық, тұрмыстық көріністерді көруге болады. Қазақстандық мемлекеттік ақша – теңге болуы ерекше жағдай емес.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ұлттық валютаның 25 жылдығына, 9 қарашада мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Туған күніңмен, теңге!» квест ойыны өткізілді. Квесттің қатысушылары №1 мектеп-лицейінің 4 „в„ және №14 мектептің 5 „в„ сынып оқушылары болды. Қатысушылардың алдында өз мемлекеттерін құру, валюта мен президент таңдау тұрды. Олар барлық тапсырмаларды сәтті орындады, әсіресе, „Тауар айырбастау„ сахналауы ұнады.

Мемлекеттік тілден жақсы білімдерін көрсеткен, «Сатып аламын - Сатып алмаймын» ойын түрінде өткізілген «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы ерекше есте қалды. Ең білімділері «Мемлекттік тіл» медалімен марапатталды.

Фото



ЛЕГО құрастырғыштары — қызықты балалыұ шақ елі

Сс, 13/11/2018 - 14:46 — admin

3 қарашада Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде біздің жас оқырмандарымыздың бастамасымен шеберлік сыныбы өткізілді. №23 ОМ 2 сынып оқушысы Никита Трибишной құрастырғыштарға әуес. Ол ЛЕГО-ның кішкентай текшелерімен ұшақтар, кемелер, тіпті динозаврлар жасайды.

Никита Легоны жақсы көретіні соншалық, Лего ойыншығының барлық тарихының электронды құжаттамасын жинапты, онда бір ғана тақырыптық топтама емес, «Парк юрского периода», «Супер-герои», «Классик», «Техник» сияқты тақырыптар бар. Тақырыптық топтамалар көп, ал алғашқы Лего атауымен шыққан ойыншықтар ағаштан жасалған болып шықты. Бұл туралы шеберлік шыныбына қатысушылар деректі фильмнен білді, себебі біздің кейіпкер егжей-тегжейлі дайындалып келіпті. Шеберлік сыныбы екі топтың жарысы түрінде өткізілді: «Леголенд» - қыздар тобы және «Леговойны» - ұлдар тобы.

Қонақтар кішкентай кірпіштерден жасалған Леголенд бағында болуға мүмкіндік бергені үшін Никитаға алғыс айтты. Қостанайда ондай бақ жоқ деп кім айтты? Бар, біреу ғана емес, бірақ, қуаныш сыйлау үшін өзінің арман-қиялымен, ойыншықтарымен бөлісуге әркімнің батылы бара бермейді.

Фото



Өткенге оралу

Сс, 06/11/2018 - 14:48 — admin

2 қарашада ғылыми қызметкер және биолог А. В. Андрющенкомен кездесу алдында «Девичий мирок» клубының қатысушылары үшін Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында библио-десант өткізілді.

Қыздарды сирек кездесетін экспонаттардың көмегімен Қостанай облысының тарихымен таныстырды. Клуб қатысушылары туған өлкеміздің барлық сұлулығы мен байлығын көрді, еліміздің өткеніне көз жүгіртіп қарады. Іс-шарадан соң қыздар керемет әсерде болды және мұражай қызметкерлеріне таңданыстарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.



Сен білесің бе...

Сс, 06/11/2018 - 14:45 — admin

1 қарашада Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған «Сен білесің бе...» библио-дайджесті өткізілді.

Қазақстан мен Өзбекстан — бірнеше ғасыр бойы достық жібі үзілмеген, салт-дәстүрлері мен мәдениеті ұқсас тату көршілер.

Барлық мереке қонақтарын жалындаған өзбек биімен жас бишілер қарсы алды. Содан кейін балалар шайханада шығыс тәттілерімен дәстүрлі көк шай ішті, өзбек жұмбақтарын қызығушылықпен шешті, мақал-мәтелдермен танысты, «Үш төбетейка» ұлттық ойынын ойнады. Басқа халықтардың дәстүрін, мәдениетін, салтын білу адамдарға ортақ тіл табысуға, түсінісуге, бір-бірін түсініп, сыйлауға, татулықта, достықта өмір сүруге көмектеседі.

Фото



Еврей кітабының фестивалі

Сс, 06/11/2018 - 14:40 — admin

1 қарашада облыстық Достық үйінде еврей қауымдастығының 25 жылдығына арналған Еврей кітабының фестивалі өтті. Ұйымдастырушылар Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапхана және Достық үйі болды.

Арман еткен өлке әлемге тек қана керемет әуен ғана емес, нағыз сиқырлы сөздерді сыйлады. Олардың ішінде Самуил Маршак, Борис Заходер, Рената Муха бар. Кездесудің басында Фестиваль қатысушылары №2 мектеп-лицейінің 3-4 сынып оқушылары авторлардың шығармашылықтарына саяхат жасады: жұмбақтар шешті, С.Маршактың шығармасы бойынша блиц-турнирге қатысты, Ренат Муханың аяқалмаған өлеңдерінің жалғасын ойлап тапты.

Әрі қарай өлеңдер мен ертегілер балалардың поэтикалық театр қойылымымен жандана түсті. Барлық орындаушылар жарқын әрі жасампаз болды, қазылар алқасына жеңімпазды таңдау оңайға түспеді. Қорытындысында «Собачкино огорчение» поэтикалық қойылымын орындаған Максим Авдеенко жеңімпаз атанды. Максим, өзінің жасына қарамастан, санқырлы тұлға — жүзумен айналысады, „Карнавал„ би коллективінің тәрбиеленушісі болып табылады. Барлық қалған қатысушылар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Наталья Пикулеваның, Катя Поддубнаяның, Игорь Фоменконың орындауындағы музыкалық шығарма Фестивалдің шырайын келтірді.

Фото



Жапырақтар ертегісі

Сс, 06/11/2018 - 14:32 — admin

26 қазанда өнер әдебиеттері бөліміне ғажайыптар жасау үшін №1 Қостанай мектеп-гимназиясының 4 „Д„ сынып оқушылары келді.

Нам осень дарит чудеса.
Вот солнце появилось -
И вся осенняя краса
Под солнцем засветилась.

Өлең жолдарын оқи отырып, балалардың қолдарында „барлық күзгі сұлулық жарқырағандады„ деуге болады. Әрқайсысы өздерінің ағаштарын жасады.

Бұл өте жауапты іс болып шықты. Ол қағазбен, желіммен, қайшымен жұмыс істей білуді, топта жұмыс істегенде ыждахаттылық пен дағдыны талап етеді. Көбісіне ерекше ағаш жасауға көмектескен ең басты құрастырушы Қиял болып шықты.

И желтые, и красные…
Оттенки все нельзя учесть –
Такие они разные.

Әскери спорт түрімен айналысатын ұлдардың ағаштары қарамен үйлескен көк, сары болып шықты. Барбидің табынушылары қыздардың ағаштары гүлді болды. Біреуінің ағашында бірден еменнің, үйеңкінің және қайыңның жапырақтары өсіп шықты, бұл „халықтар достығын„ еске түсіргендей.

Ең бастысы, бәрі де тырысты, көрсетті және үйлеріне өздерінің „ағаштарын„ ала кетті.

Как память прошлых летних дней,
И осень им любуется!

Фото



Бауыржан Момышұлы - аңыз адам

Сс, 30/10/2018 - 15:09 — admin

25 қазан мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған қызмет көрсету бөлімінде «Бір ел - бір кітап» акциясы шеңберінде «Бауыржан Момышұлы - аңыз адам» атты іс-шара өткізілді. Кездесуде оқушылар Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы жайында түсіндіріліп, отбасы тәрбиесі, ұлттық салт дәстүрі туралы өз ойларымен бөлісіп, батылдық, ерлік, жүректілік тақырыптарындағы Бауыржан атамыздың мақал-мәтелдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ, оқушылар Бауыржан атамыздың игерген өнерлерін жан-жақты танып, Бауыржан Момышұлы атамыздың өз даусымен жазылған естелік бейнебаянын тамашалап, батыр атамыздың ерлігін өздеріне үлгі етіп қайтты. Қатысушылар «Сап түзейік» деп аталған әскери жарыста өздерінің бір сәт әскери өнерлерін көрсетті. Биыл 108 жасқа толған Бауыржан Момышұлының ерлігін мәңгі сақтау біздің қасиетті борышымыз және оны болашақ жас ұрпаққа танытып, білдіру біздің міндетіміз.

Фото


Синдикатты контент

Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 100 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана