Новости


Бар! Ал! Оқы!

Жм, 21/07/2017 - 14:37 — julia

20 шілде күні қала орталығы мен демалыс паркінде Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ға жаңа оқырмандарды тарту үшін «Бар. Ал. Оқы» атты библио-десант ұйымдастырылды. Бұл акцияда «Қыздар әлемі» атты әдеби отырыс волонтерлерінің үлкен белсенділік танытқандарын айта кеткен жөн: олар кітапхана және оның көрсететін қызметтері туралы нақты және сауатты ақпарат бере білді. Барлығы 56 визитка үлестірді. Көпшілігі қызығушылық танытып, көрсетілетін қызметтердің әртүрлілігіне (ойын бөлмесі, библио-ұзартылым, «Ашық кітапхана» үйірмесі, аптасына екі рет тегін интернет) және әрине, әдебиеттің сан алуан көптігіне таңғалды: «қорқынышты» кітаптар, детективтер, қыздар мен ұлдарға арналған кітаптар, энциклопедиялар, ата-аналарға көмекке келетін балғындарға арналған кітаптар. Кітапхананың қала орталығында орналасқандығына қарамастан, көпшілік ол жайлы біле бермейтін болып шықты. Іс-шара соңында қыздар өз пікірлерін жазды: «Өте жақсы әсер алдық! Адамдар біздің библио-десант акциясына бей-жай қарамағандарына біз ризамыз, кітапханада көптеген жаңа оқырмандар пайда болады деп үміттенеміз!» Адамдардың қызығушылық танытып қойған сұрақтары бойынша библио-десант акциясы жаңа тұтынушыларды тартады деген үміттеміз.



Ағылшынша оқимыз

Ср, 19/07/2017 - 14:31 — julia



Мамандық әлемі

Жм, 14/07/2017 - 15:01 — julia

1-6 сынып оқушылары мен мектепке дейінгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Мамандық әлемі» атты көрме-қойылым өз жұмысын жалғастыруда. Оқырмандар назарына түрлі мамандар туралы бағдар беретін танымдық кітаптар ұсынылған. Көркем әдебиет кітабындағы әдеби кейіпкерлермен бірге ғажайып мамандық әлеміне қызықты саяхат жасауға мүмкіндіктеріңіз бар. Мұнан басқа, қалаушыларға «Ата-анамның мамандығы» және «Менің болашақ мамндығым» сияқты сұрақтарды талқылауды ұсынамыз.



Мамандық әлемі

Жм, 14/07/2017 - 15:00 — julia

В читальном зале отдела обслуживания дошкольников и учащихся 1-6 классов продолжает работать круглогодичная выставка-экспозиция «Мир профессий». Вниманию читателей представлены познавательные книги, повествующие о самых разных профессиях. А на страницах художественных книг вместе с литературными персонажами у вас есть возможность совершить увлекательное путешествие в мир удивительных профессий. Кроме этого, всем желающим мы предлагаем поразмышлять на такие вопросы как: «Профессия моих родителей» и «Моя будущая профессия».



Мамандық таңдаудың өзі өнер

Жм, 14/07/2017 - 14:53 — julia

11 шілде күні ОБЖК-да «Қыздар әлемі» әдеби клуб қатысушылары мен 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің оқырмандары үшін «Мамандық таңдаудың өзі өнер» атты сторителлинг болып өтті, шараға Қостанай облыстық орыс драма театрының әртісі Анна Эдуардовна Удесиани шақырылды. Анна Эдуадовна өз мамандығының қиындықтары туралы, әртістердің сахнада және сахна сыртындағы түрлі қызықты оқиғалары туралы түсінікті етіп, әсерлі айтып берді. Бұның барлығын қатысушы балалар тез қабылдап, әртіске деген ойларындағы сұрақтарын жаудырды, әртіс әр сұраққа толық жауап берді. Қыздар қызықты рөлдері туралы, оқып ұнатқан кітаптары мен фильмдер жайлы сұрады, сонымен қатар Анна Эдуардовнаның демалыс уақытын қалай өткізетіні де қызықты болды. Тек қыздар жиналған біздің компанияға кесдейсоқтықтан келген кітапхана оқырманы Арыстан қонаққа өзінің қызықты сұрақтарын қойды. Кездесуде позитив пен әзіл көп болды, әрі емін-еркін жағдайда өтті. Кездесуге екі жақтың да көңілдері толды: Анна Эдуардовнаның да, балалардың да.



Туған күніңмен Астана

Ср, 05/07/2017 - 12:27 — julia

Астана күнін мерекелеу аясында біздің оқырмандардың қатысуымен «Туған күніңмен Астана» атты флеш-құттықтау түсірілді. Балалар өлеңдерін оқып, астанамызға өркендеу мен бейбітшілік тіледі. Астанаға деген жылы сөздері арқылы құттықтау сөздерін аяқтады.



Мен өз елімді, өз Астанамды мақтан тұтамын

Ср, 05/07/2017 - 12:26 — julia

04.07.2017 ж. Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да Астана күніне орай «Мен өз елімді, өз Астанамды мақтан тұтамын» атты іс-шара болып өтті. Біздің медиа саяхатқа «Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталығының» балалары қатысты.
Балалар қызыға видеоны қарап, Астананың құрылысы жайлы ақпаратты тыңдады. Интеллектуалды ойында сұрақтарға жауап беруге тырысып, викторина сұрақтарына жауап берді. «Сәлеметсің бе, Астана» өлеңін қосылып айтты.



Поздравляем

Сс, 04/07/2017 - 11:24 — julia



Толқында бол

Сс, 20/06/2017 - 10:44 — julia

«Толқында бол» - кітап оқы» деген ұранмен Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК-да әдеби «Шығармашылық алаңы» студия аясында тағы да бір кезекті кездесу өтті. Біз «Кітап ғаламы» бойынша маңызды және қызықты саяхатқа аттандық. Өйткені Ғаламда жұлдыз саны шексіз ғой, ал әрбір жақсы кітап сол қолжетпес жұлдызға тең. Балалар ең сүйікті кітаптары туралы қуана-қуана мазмұндап берді, ал қатысушылар бойында сол кітаптарды оқуға деген қызығушылық пайда болды. Студия қатысушыларының толық жиналмағанына қарамастан, достық, жылы жағдайда өте бейнелі де қызықты әңгіме болды.

ФОТО



Табиғаттың досы бар

Жм, 16/06/2017 - 15:55 — julia

15 маусым күні Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да №1 Затобол ОМ-нің МДС (17 бала) және арнайы түзету мектебінің (29 бала) балғындары үшін «Табиғаттың досы бар: ол — сен және мен» атты экологиялық ассорти өтті. Оқушылардың табиғатты тану білімдерін кеңейту және тереңдету, табиғатқа деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыру — шара мақсаты болды.

Іс-шара барысында қимыл-қозғалыс ойындары, сондай-ақ зейінділік пен тапқырлыққа арналған ойындар жүргізіліп, экология тақырыбы бойынша бірнеше викторина болды. Балалар үшін табиғат туралы тақырып қасиетті, сондықтан олар берілген ақпаратты қызыға тыңдап, сұрақтарға толық жауап берді. Ойындар мен викторинаға белсене қатысты.

Балалар осы тақырып бойынша өз білімдерін көрсете білді. Олар көптеген кітаптар мен «Геоленок», «В мире животных», «Тошка» журналдарын қарап, экологтердің әнұранын тыңдады және қоршаған ортаны қорғау туралы әлеуметтік роликті тамашалады.

Іс-шара қорытындысында балалар түймедақ гүліне «Жер әрқашан гүлденіп тұрсын, ұзақ өмір сүр, жануарлар азаймасын» деген Жерге арналған тілектерін жазып, жеріміздің қағаз макетін мейірімді тілектер жазылған гүлдерге толтырды.

ФОТО


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 130%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 138 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана