Новости


Нағыз ерлер мектебі

Бс, 10/05/2012 - 16:33 — admin

Отан қорғаушылар күні - бұл бұрынғы батырларымызды еске алу күні, отан қорғап жүрген жауынгерлер мерекесі және болашақ отан қорғаушылар –ұлдардың мерекесі. Міне, 1992 жылдың осы 7-мамыры күні Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Қарулы күштерінің құрылуы туралы заңға қол қойды, яғни биыл біздің даңқты әскерімізге 20 жыл (!)

Әдеттегідей, Отан қорғаушылар күні мықты, ақылды, шыншыл, жігерлі, қайырымды Нағыз Ерлердің мерекесі болып саналады. Ол күн Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кішкентай оқырмандарының есінде несімен сақталды?

7 мамырда балалар «Нағыз ерлер мектебінде» болып, осы керемет мерекенің тарихымен, әскери дәстүрлермен, әскери өмірдің ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар ұлдар ерік- жігері, шыдамдылығы, әскери өмір туралы білімі, ептілігі мен мергендігі, қиыннан жол табар ақылдылығы сыналатын байқауға қатысты. Себебі нағыз ер жүрек жігіт қана отан қорғаушы бола алады ғой! Қыздар да шет қалған жоқ, олар әскери викторина сұрақтарына жауап беріп, оқырмандық есте сақтау қабілетін көрсетті, байқауға қатысушыларға қолдау жасады.

Сөз соңында біз болашақ отан қорғаушылар- оқырман ер балаларға оқуда тек қана алда болып, қандай жағдайда да өздерін нағыз ер жігітке лайық ұстауларына тілектеспіз.



Біз бір-біріміз жайлы не білеміз?

Жк, 29/04/2012 - 11:02 — admin

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қостанайдан мыңдаған шақырым жердегі өзге елмен осылай оп-оңай хабарласа аламыз деп кім ойлаған? 2009 жылдан бастап Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында бейне конференциялар өткізіліп келеді. Біздің балалармен болған виртуалды кездесулерге қазақстандық (Қарағанды, Шымкент қ.) балалар ғана емес, Ресей (Челябі қ.) және Украина (Севастополь қ.) оқырмандары да қатысты. Негізінен бұл кездесулер Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, оқу мәселесі, жазушылар мен кітаптардың мерейтойлары сияқты тақырыптарды қамтыды.

Мысалы, 24 сәуірде Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары украиндық құрдастарымен «Ақпараттық кеңістіктегі диалог: бір-біріміз жайлы не білеміз» веб-марафонында әңгімелесуге мүмкіндік алды.



Жан әлемі

Ср, 11/04/2012 - 16:00 — admin

10 сәуір Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың акт залында ұлы орыс жазушысы Ф. И. Тютчевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жан әлемі» атты әдеби кездесу өтті. Бұл әдеби кездесу Қостанай автокөлік колледжінің студенттерінің қатысуымен өтті.

Алғашқы сәттен-ақ балалар шараның ерекше лирикалық атмосферасын сезініп, өткен XIX ғасырдың әуесқой, биязы дәуіріне тап болғандай болды. Сонымен қатар оқушылар романтик-ақынның шығармашылығынан, өмірбаянынан және оған поэзия әлемінде тамаша өлеңдер жазуда күш қуат берген сүйікті әйелдері жайында қызықты деректермен танысты:

Я встретил вас - и все былое
В отжившем сердце ожило;
Я вспомнил время золотое -
И сердцу стало так тепло...
Как поздней осени порою
Бывают дни, бывает час,
Когда повеет вдруг весною
И что-то встрепенется в нас,-
Так, весь обвеян духовеньем
Тех лет душевной полноты,
С давно забытым упоеньем
Смотрю на милые черты...
Как после вековой разлуки,
Гляжу на вас, как бы во сне,-
И вот - слышнее стали звуки,
Не умолкавшие во мне...
Тут не одно воспоминанье,
Тут жизнь заговорила вновь,-
И то же в нас очарованье,
И та ж в душе моей любовь!..

Осы кездесуден кейін балалар Фёдор Иванович Тютчевтің тамаша өлеңдер жинағын қайта-қайта оқып, сол әлемді бірталай қызықтайды деп үміттенеміз.

 

 



У нас в гостях невролог

Сс, 13/03/2012 - 14:20 — admin

Биылғы жылы «Жанға жайлы сырласу» ата-аналар клубының шеңберіндегі қызықты әңгімелесу барлығына үйреншікті уақытта – әр айдың соңында жалғасты. Және де, көптеген ата-аналар оған мүше болуға ниет білдіреді. Осы жолы да ең тұрақты және адал қатысушылардан басқа отырысқа балаларының тәрбиесіне және уақытылы дамуына абыржыған бес жаңадан келген аналар және бір әке келді.

Өткен жұмада көтерілген тақырып көптеген ата-аналарды қатты толғандыратын балалардың аса белсенділігі болды. Әрине, мұндай маңызды мәселені талқылау маманның қатысуымен өтті.

Бала жүргізіліген моторша үнемі үздіксіз, ал көбінесе мақсатсыз қозғалыста болады, өзінің құрдастарымен тыныш ойнай алмайды, ал оның назарын тек бір сәтке ғана аулай алу мүмкін болған жағдайда не істеу керек? Ұщқалақ балаға сабақта отыру қиынға соғады, және мұғалімдер оның тәртібіне, одан болған үлгермеушілікке наразылықтарын үнемі білдіріп отырады. Осындай тынымсыздықтың артында не тұр, және аса белсенді балаға дәрігерлердің көмегі қажет пе – қатысушылардың осы және де көптеген басқа сұрақтарына Ж. З. Мұхамбетова, қалалық балалар арнайы емханасының неврологы тыңғылықты жауап берді.



Мерекесімен құттықтаймыз!

Ср, 07/03/2012 - 15:50 — admin

8 наурыз көктем мерекесімен сүйікті оқырмандарды және әріптестерімізді құттықтаймыз!

Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.

ОБЖК ұжымы



Что такое МЭРЦИШОР?

Бс, 01/03/2012 - 17:06 — admin

Балалар! «Мэрцишордың» не екенін білесіңдер ме? Мэрцишо́р ( рум. martie — март) — Молдавия мен Румыния елдерінің дәстүрлі көктем мерекесі. Оны 1 наурыз күні тойлайды. Бұл күні адамдар бір-біріне ақ және қызыл жіптен жасалған гүл бейнесіндегі кішкентай бутоньеркалар сыйлайды. Ол да мереке сияқты мэрцишор деп аталады.

Мэрцишорларды жүрек тұсы сол жаққа тағып бір ай бойы жүреді де, 31наурыз күні шешіп ағашқа байлайды. Мэрцишорды ағашқа байлап тұрып тілеген тілек орындалады деген ырым бар. Сәуірдің басында Молдавияның көптеген ауылдары мен қалаларында мэрцишор байланған ағаштарды көптеп кездестіруге болады. Бұл ғажап емес пе!

Достар! Көктемді бірге қарсы аламыз ба? 2 наурыз сағат 12.00 өнер секторының кітапханашылары сіздерді «Достық шұғыласы» фольклорлық сағатына шақырамыз.

Ешкім де мэрцишорсыз бос кетпейді!



Жан жылуы

Ср, 15/02/2012 - 16:57 — Айжан К

Қыстың қаһарлы күндерінде табиғатта қатты ұйқыға кетіп, жарық күндерде қысқарады. Сол себептен шамның көмегіне көп жүгінеміз.

№21 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары 10 ақпан күні «Жан жылуы» атты әдеби-музыкалық шараның қоңақтары болды. Балаларды шарадағы сиқырлы және романтикалық жағдай таң қалдырып, олар өздеріңе көп мәлімет ала алды. Мысалы, туған күн кешіндегі тәтті пирог үстіндегі шамның қойылу тарихын, сонымен қатар шамның көмегімен болашағына көз жүгіртуіңе болатынын және шаруашылықта шам қалай дайындалатыны жайында біле алды. Айтпақшы келіп қалған Валентина күніңе өз қолдарыңмен безендірілген шам тамаша сый болар еді. Егер біздің ақыл кеңесімізге жүгініп, шамды жақсылап жасаймын десең, оны безендіруге «Шам туралы кітап» атты кітабы сізге көмектесе алады.

Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК кітапханашылары Тыщенко Раиса Кирилловна және Третьяк Нина Григорьевнада шамды ерекше сәнді етіп жасауға көмектеседі.



Өнер секторында кездескенше!

Сс, 24/01/2012 - 16:12 — admin

Құрметті оқырмандар!

Ұлы суретшілермен, танымал сахна тарландарымен, әншілермен танысқыларың келе ме; ұлы классикалық туындылармен, заманауи музыкамен сусындағыңыз келе ме; өнер мен сәулет тарихының білгірі болғыңыз келе ме?.. Мүмкін, сіз сән әлемін қадағалап, боди-артпен айналысатын боларсыз немесе гитара тартып үйренуге талпынып, шығыс биін билеуге қызығушылығыңыз оянған болар...? Онда Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер секторына келіңіз. Біз сізге көмек көрсетеміз!

Студенттер мен оқушылар әлемдік кескіндеме, графика, сәулет пен мүсін, музыка, театр және кино тарихы мен теориясы бойынша әдебиеттің мол қазынасына кездеседі.

Сәндік-қолданбалы өнер табынушыларының біздің кітапханамызда іштері пыспайтынына сөз береміз. Квиллинг, изонить, киригами техникасының шеберлері олармен тың ойларымен, ақыл-кеңестерімен бөліседі, шеберлік сабақтарын өткізеді.

Жаңа жылда сіздер, әдеттегідей, өнер әлемінің ғажап туындыларымен танысып, білім шыңын бағындыруға ұмтыласыздар. Бір сөзбен айтқанда, уақыттарыңызды тамаша өткізесіздер.



Орман әншісі

Сс, 24/01/2012 - 14:47 — admin

25 қаңтарда орыс суретшісі, пейзаждың хас шебері, отанға деген сүйіспеншілігін, орыс табиғатының сұлулығын ғасырдан ғасырға жеткен керемет туындыларында паш еткен Иван Иванович Шишкиннің туғанына 180 (!) жыл.

«Дубовая роща», «Утро в сосновом лесу», «На севере диком…», «Рожь» туындыларын бір көргеннен кейін күзгі егістіктің, күміс қар жамылған орманның жанынан бейғам өту мүмкін емес. Ал табиғат сұлулығын жанымен түйсінген адам қашан да жақсылыққа жақын болады.

На севере диком

Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК өнер секторының кітапханашылары кесіндеме өнерінің табынушыларын ұлы орыс суретшісінің репродукциясын тамашалауға шақырады.



Қолғап мерекесі

Сс, 17/01/2012 - 11:10 — admin

Жаңа жылдық демалысты көңілді өткізу керек! Рождество қарсаңы 6 қаңтарда өнер секторында қызыққа толы Қолғап мерекесі өтті. Осы мерекеде оқырмандарымыз бұрыннан келе жатқан қолғапты сәнді бес саусақты басқа қолғаптардан жақын тартатынына куә болдық.

Мерекеде болған балалар қолғапты тоқу тұтас бір өнер екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар бұл қолғаптың 30 дан астам түрі бар екен, ал тарихы мыңдаған жылдан бастау алады. Аязды күндері жылу беретін де осы қолғап емес пе?

P.S. Айтпақшы, Николай Носов қолғапқа «Қолғаптар күні» әңгімесін арнаған, онда Күн қаласындағы Дымбілместің кішкентай достарын қолғаппен достастырады. Басты оқиға Күн қаласы тұрғындарының шатырдан өз қолғаптырын лақтырып, екі қолғаптың жұптарын іздеуден басталады. Ал тапқанда қолғаптарымен алмасып, «Күн ағайындары» атанады.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 101 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана