Денисовка ауданы

Денисовка селосының негізін, 1903 жылы Тобылдағы Түйемойнак алқабына Ресей мен Украпнаныц орталык губернияларынан коныс аударғандар калаған. Қарпык. пен Әлімбай ауылдары жанындагы берекелі де шүрайлы жерде Антоновка, Яковлевка, Спиридоновка, Симоновка, Петровка, Гришенка, Минославка атты кенттер пайда болды. Көшпелі мал шаруашылығымен шүгылданатын өлкеде орыс түргындарымен бірге егіншілік мен отырыкшылык келді.

Қазіргі Денисов ауданының аумағы — 6,7 мың шаршы шакырым. Түрғындар саны 24,9 мың адам. Денисовкадан К,останайга дейін — 167 шакырым. Аудан орталыгы облыс орталығымен темір жол аркылы да байланысады.

Аудан экономикасында ежелден ауыл шаруашылығы үлесі басым. 2004 жылы бұл сала еңбеккерлері 2123 миллион теңгенің өнімін өндірді. Ауыл шаруашылык алқабының жалпы көлемі — 622 мың гектар. Бұл жерде 222 ауыл шаруашылык күрылымдары, оның ішінде 26 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 192 шаруа қожалык,- тары жүмыс істейді. Жеке түрғындардаың қосалкы шаруа- шылыктары - 7506, мал басы: ірі кара - 43,5 мың, жылкы — 2,5 мың, кой — 7,5 мың, шошқа - 12,6 мың бас.
Ауданда 37 орта оку орындары. 12 клуб, 37 кітапхана жүмыс істейді.

Денисов аудандык тарихиөлкетану мүражайы сан түрлі жэдігерлерге бай. Олар олкенің кызыкты, маңызды окиғаларға толы тарихы туралы толык мағлүмат береді. Ал бүл тарих оте ежелгі замандардан бастау алады. Аудан аумағында 113 археологиялык казба бүйымдары табылған — олардың ішіндегі ең бірегейі - Комаров калашығы. Комаровка селосынан алты шакырым жердегі Қамысты Аят озені жағасында табылған тарихи ескерткіштер кола дәуіріне жатады.

1906 жылы Денисовка үлкен болыс орталығы атанып, оның күра.мына казіргі Денисов, Камысты, Жітіқара аудандары. Таран ауданының бір болігі, және Орынбор губерниясының Орск үйезінің бір болігі кірді. Жыл сайын бо¬лыс орталығында жәрмеңке өтетін. Оған аймактағы барлык қалалар - Челябі, Орынбор, Орск, Қостанайдан копестер келіп, сауда жасайтын.

1919 жылы болысты Колчак әскері басып алды. Халыктың Ак Армия катарына жасак жинауға карсы наразылығы Львов көтерілісіне ұласты. Алайда ол катігездікпен басып-жаншылды. Тобыл жағасындағы ескерткіш сол канды кырғын соғыстың касіретті оқиғалары және ақ гвардияшылар қолынан каза болған Денисов селосының 12 түрғыны туралы бүгінгі үрпактың есіне салғандай.
1919 жылы өлкенің кезекті аумақтық әкімшілік кайта құруы болып өтті. Сол кезде Челябі облысының Қостанай үйезі күрамына кірген Денисов ауданы күрылды. Алғашкы үжымшарларға жерлер бөлініп беріле бастады. 1938 жылы аудан аты Орд¬жоникидзе болып өзгерді. Соғыс алдында онда ак тас өндіру зауыты, диірмендер, МТС болды. Бүл жерде алтын кен орындары ашылды, аудан аумағы аркылы темір жол жүргізілді.

Үлы Отан соғысының барлык майдандарында Денисов ауданынан 2431 жауынгер соғысты, олардың 1164-і үрыс даласында каза болды. Соғыс жылдары аудан түрғындары 6,6 миллион сомға әскери займның облигацияларын сатып алды, өз жеке каражаттарынан 2,2 миллион сомды Кеңес Одағының батыры костанайлық Иван Павлов атындағы танк колоннасы мен үшактар эскадрильясын жасактау үшін жинап берді.

Денисовка тарихында аса маңызды із калдырған тың дәуірі болды. Сол жылдары жаңа кеңшарлар қүрылды, мектептер, ауруханалар, клубтар мен кітапханалар, балалар бакшалары салынды. Астык өндіру мен мал бордакылауда биік табыстарға кол жеткізген Денисовка түрғындарының атағы бүкіл аймакка тарап кетті. Олардың тоғызы - А. Айтмүхамбетов, В.Р.Петраков, Ф.П.Кухтин, С.Мүстафин, М.А.¬Зайцев, Ф.В.Левченко, А.В.Лукьянов, А.Н.Савчук, Н.Н.Лисицалар Еңбек Ерлері атанды. Де¬нисов ауданы кай кезде болмасын мал және егін шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша рес¬публика аумағында алғашкы орындарға ие болып, көшбасшылар қатарында жүрді.

1955 жылы Орджоникидзе ауданы күрамынан Камышнин ауданы бөлініп шыкты. 1997 жылдың 17 маусымында Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орджоникидзе ауданы Денисов ауданы болып өзгертіліп, Орджоникидзе селосына оның бүрынғы тарихи аты Денисовка кайтарылды.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 176 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана